Обаға қарсы костюмді кию-шешу.

Интерннің шифрі _______________________________________

  Қадамдарды бағалау критериі Балл түрінде бағалау
Пижаманы киіді, куртканы шалбардың ішіне салып, резеңкелі етіктерді киді.      
Басына үлкен орамал киді, орамалды маңдайға жабыстырып,шашты орамалдың астына жинады. Орамалдың ұштарын иек астынан айқастырып,желке жақтан сол жағынан байлады.      
Халаттың жағасынаң бауларын, белдікті сол жақтан, алдынан байлады. Халаттың жеңдеріндегі бауларды білезікте тығыздап айналдыра байлады.      
Мақта-дәкелі маска ауыз бен мұрын құысын жауып, масканың жоғарғы бауын желкеде, төменгі бауын төбеге айқастырып байлады. Масканың жоғарғы бөлігі төменгі орбита деңгейінде, төменгі шетін иектің астына кіргізіп байлады.      
Көзілдірік кию алдында ішкі бетін терлемеу үшін арнайы қаламмен сүрту керек. Көзілдірікті орамалға және маскаға тығыз тигізіп тақты.      
Қолғапты кию алдында ауа жіберу арқылы бүтіндігін тексереміз. Резеңкелі қолғапты байланған жеңнің үстінен киді.      
Сүлгіні халаттың белдігінің алдына, оң жақтан ілді.      
Шешү. Әр процедура алдында қолғапты залалсыздандыру қажет. Сүлгіні шешті. Қолды жүді. Екі қолмен көзілдірікті алға қарай, жоғары және артқа тартып бетке тигізбей шешті.      
Масканы бетке тигізбей шешті. Қолғаптарды халаттың жеңдерінен түсіріп, жендерінің бауларын шешіп, халатты шешті,Қолды жуды. Орамалды шешті.      
10. Резеңкелі қолғаптарды шешті.Етікті таза бөлмеде шешті. Сосын шұлықтарды, пижаманы шешті.      
  Барлығы:      

Кезең бойынша максимальды балл – ____________

Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 5 минут

Жинаған баллы_____________( _______% )

Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________

EN-1500 еуропалық стандарт бойынша қол жуу техникасы

Интерн шифрі _______________________________________

  Қадамдарды бағалау критериі Балл түрінде бағалау
Су құбыры кранын ашты. Қолдарды сумен сулады.      
Ылғалды қолдарға сабынды жақты.      
3. Бір алақанды екінші алақанға қайтарымды-үдемелі қозғалыспен уқалады. Әр қозғалысты 5 рет қайталады.      
4. Оң алақанмен сол қолдың сыртқы жағын уқалады. Әр қозғалысты 5 рет қайталады. Қолды ауыстырды Әр қозғалысты 5 рет қайталады.      
Бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ арасындағы аралығына біріктірді, саусақтардың ішкі беттерін жоғары және төмен қозғалтып ысқылады. Әр қозғалысты 5 рет қайталады.      
Саусақтарды «құлыпқа» біріктірді, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алаканын ысқылады Әр қозғалысты 5 рет қайталады.      
Сол қол буынының бас бармағының түбінен оң қол буынының бас бармағымен және сұк саусағымен қапсыра ұстап, айналдыра ысқылады. Әр қозғалысты 5 рет қайталады. Білекте қайталады. Әр қозғалысты 5 рет қайталады. Қолды ауыстырды Әр қозғалысты 5 рет қайталады.      
8. Сол қолдың алақанын оң қол саусақтарының ұштарымен айналдыратын қозғалыспен ысқылады. Әр қозғалысты 5 рет қайталады. Қолды ауыстырды. Әр қозғалысты 5 рет қайталады.      
Қолдарды шайды, бір рет қолданылатын майлықпен құрғатты. Бір рет қолданатын майлықпен кранды жапты.      
10. Қолданылған майлықты қалдықтар жинауға арналған сыйымдылыққа тастады.      
  Қорытынды:      

Кезең бойынша максималды балл - __________

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин

Жинаған балл ______ (_______%)

Емтихан қабылдаушының аты - жөні _____________________________________

Стерильді қолғапты дұрыс кию техникасы

Интерн шифры_______________________________________________________________

  Қадамдарды бағалау критериі Балл түрінде бағалау
Қолғаптар тұрған қаптаманы столдың үстіне қойды.    
Оң қолға арналған қолғапты сыртқы жағына тигізбей ұстды      
3. Оң қолдың саусақтарын жинап, қолғаптың ішіне кіргізді.      
4. Оң қолдың саусақтарын ашып, сол қолмен қолғаптың сыртқы жағын бұзбай тартты.      
5. Оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарымен қолғапты алды.Сол қолдың қолғабын оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарымен вертикальді түрде ұстды. Сол қолдың саусақтарын біріктіріп, қолғаптың ішіне кіргізді.      
6. Сол қолдың саусақтарын ашып, оң қолмен қолғаптың сыртқы жағын бұзбай тартты.          
7. Алдымен сол қолдың сосын оң қолдың қолғаптарының сыртқы жағын дұрыстап, 2, 3 саусақтармен тартып жөндеді.      
  Қорытынды      
               

Кезең бойынша максималды балл - __________

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин

Жинаған балл ______ (_______%)

Емтихан қабылдаушының аты - жөні _____________________________________

Наши рекомендации