Аздап алақанның тенор және гипотенорының гиперемиясы көкшілденуі
!
Бауыр циррозында бауыр-клеткалық функциясын Чайлд-Пью критериі бойынша А,В,С топтарды көрсеткіштері бойынша сәйкестендіріңіз:
Топтар | Көрсеткіштердің өзгерісі |
А класс | 5-6 балл, билирубин деңгейі қан сарысуында 2мг%-нан төмен, альбумин деңгейі қан сарысуында 3,5г%-нан жоғары, протромбин индексі 60-80, бауыр энцефалопатиясы, асцит, неврологиялық бұзылыстар жоқ, тамақтануы жақсы |
В класс | 7-9 балл, билирубин деңгейі қан сарысуында 2-3мг%, альбумин деңгейі қан сарысуында 3-3,5мг%, протромбин индексі 40-59, бауыр энцефалопатисы І-ІІ дәрежесі, асцит жеңіл емделеді, минимальді неврологиялық бұзылыстар, тамақтануы орташа |
С класс | 9-балдан жоғары, билирубин деңгейі қан сарысуында 3мг%-нан жоғары, альбумин деңгейі қан сарысуында 3,5 мг%-нан төмен, протромбин индекс 39- дан және одан төмен, бауыр энцефалопатиясы ІІІ-ІVдәрежесі, асцит қиын емделеді, кома жағдайында, тамақтануы төмендеген (жүдеген) |
!
Бауырдың созылмалы ауруларындағы негізгі биохимиялық синдромдарды сәйкестігін табыңыз:
Синдромдар | Биохимиялық көрсеткіштердің өзгерісі |
Цитолиз | АсАТ, АлАТ, ЛДГ, ГГТП, ГДГ, Fe, вит В12 |
Холестаз | Сілтілі фосфатаза, ГГТП, ЛАП, холестерин, тікелей билирубин |
Мезенхимальді-қабыну | Белок, гамма-глобулиндер, IgA, IgG, IgM, тұнбалы сынама |
Белокты-синтетикалық жетіспеушілік | Альбуминдер, ПТИ, ХЭ, холестерин |
Бауыр-клеткалық жетіспеушілік | Аммиак, фенол, индикан, хроматикалық аминоқышқылдар |
!
Крон ауруының рентгенологиялық тексерудегі 3 морфологиялық белгілерін сатылары бойынша сәйкестендіріңіз:
Морфологиялық сатылары | Морфологиялық тән белгілері |
1 сатысы | Шырышасты ісінуге байланысты қатпарлардың қалыңдап, тегістелуі, айнала жиектері қабынған, диаметрі 0,1-0,2см көптеген майда, беткейлі жаралардың болуы. Ішек қабырғасының серпімділігі сақталған. |
2 сатысы | Нодулярлы рельефтің, жаралардың болуы, қарама қарсы жиектерінің псевдодивертикулиттәрізді ісінуі. Ішек қабырғасы қалыңдаған, ішек қуысының ені қалыпты. Нодулярлы дефектің өлшемі 1 см ден кішірек. |
3 сатысы | Шырышты қабаттың жара-нодулярлы рельефтің болуы(қатпарлы көпір симтомы), ішек қуысын тарылтатын терең қуысты жаралардың болуы. Ілмектер аралығы ұлғайған, қабырғасы қалыңдаған, ригидті. |
!
Рефлюкс эзофагиттің эндоскопиялық, морфологиялық 5 сатысы (Савари және Милера жіктемесі ) бойынша сәйкестендіріңіз:
Эндоскопиялық сатылары | Эндоскопиялық белгілері |
I сатысы | Өңештің дистальді бөлігінің эритемасы, эрозиялар болмайды немесе бірікпеген, бірең-сараң болады |
II сатысы | Эрозиялар өңеш қабырғасының 20 пайызын алып жатады. |
III сатысы | Эрозиялар немесе жаралар өңеш қабырғасының 50пайызын алып жатады. |
IV сатысы | Көптеген біріккен эрозиялар өңеш қабырғасының 100 пайызын алып жатады. |
V сатысы | Асқынудың дамуы (өңеш жарасы, қабырғасының стриктурасы және фиброзы, қысқа өңеш, Баррет өңеші) |
!
42 жастағы ер адамды, ас қабылдағаннан соң 40-60 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезім, қышқылды ауамен кекіру, кенеттен тәбетінің төмендеуі мазалайды. Ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: терең сипағанда эпигастрий аймағында ауыру сезінеді. Қан анализі: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Эндоскопиялық зерттеуде: асқазанның шырышты қабатының рельефі ми иірімдеріне ұқсайды. Сіздің мүмкін болатын диагнозыңыз:
A) алып гипертрофиялық гастрит
B) созылмалы атрофиялық гастрит
C) асқазанның қатерлі ісігі
D) созылмалы атрофиялық емес гастриттің, өршуі
E) асқазанның майда гиперпластикалық көптеген полиптері
!
34 жастағы ер адам, тағам қабылдағаннан соң 40-50 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезімге, қышқылды кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде асқазан полипі анықталған, операциядан бас тартқан. Сипағанда эпигастрий аймағында ауырсыну. Қан анализі: аздаған гипохромды анемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Қажетті препаратты тағайындаңыз:
A) омепразолды
B) метилурацилді
C) антибиотиктерді
D) ацидин–пепсинді
E) висмут дәрілерін
!
37 жастағы әйел, эпигастридегі ауырлық және толу сезімі, тамақ ішкеннен кейін тез тою сезімі, кейде жүрек айнуына шағымданады. ЭФГДС, УДЗ жүргізгенде ас қорыту жүйесінде айқын өзгерістер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
A) функциональды диспепсияның, дискинетикалық варианты
B) функциональды диспепсияның, бейспецификалық варианты
C) созылмалы атрофиялық емес гастриттің, өршуі
D) функциональды диспепсияның, жаратәрізді варианты
E) Helicobaсter pylori ассоцирленген асқазанның ойық жарасы
!
68 жастағы науқас тағам қабылдаумен байланыссыз эпигастрийдегі тұрақты тұйық ауыру сезімі, жүрек айну, салмақ жоғалту, тәбетінің төмендеуі, әлсіздікке шағымданып түсті. Соңғы 2 айда 6 кг салмақ жоғалтқан. Объективті: жүдеу, терісі бозғылт, склералары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, эпигастрийде ауыру сезімі. Қанда: анемияның жеңіл дәрежесі, лейкоцитоз – 9,5 мың, ЭТЖ - 55 мм/сағ, билирубин - 58 мкмоль/л. Копрограмма: стеаторея, креаторея. УДЗ ұйқы безі басының ұлғаюы. Диагнозды анықтаңыз:
A) ұйқы безінің қатерлі ісігі
B) Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі
C) созылмалы панкреатит, ауыру сезімді түрі
D) созылмалы тассыз холецистит
E) созылмалы панкреатит, латентті ағымы
!
63 жастағы әйел, эпигастриде және сол жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді емдәмді бұзуға байланысты ауыру сезіміне, лоқсуға, іш қатуға бейімділікке шағымданады. 6 ай бұрын холецистэктомия жасалған. Объективті: іші жұмсақ, ауыру сезімді, ұйқы безі тұсындағы нүктелерде ауырсыну. Қанда: лейкоциттер – 9,8х109/л, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Копрограммада: нейтралды майлар, өсімдік клетчаткасы. Төменде диагноздардың біреуі болуы мүмкін:
A) холециститэктомиядан кейінгі синдром, созылмалы панкреатит, өршу кезеңі
B) ұйқы безінің қатерлі ісігі
C) созылмалы холангит, өршу сатысы
D) созылмалы панкреатит, ауыру сезімді түрі
E) созылмалы гепатит
!
19 жастағы ер адам, бір жыл бойы психоэмоциональді стресстен соң тамақтан кейін эпигастрийдегі ауырлық және толған сезімге, тамағында «бірдеңе тұрғандай» сезімге, ауамен кекіру, әлсіздік, тітіркенгіштікке шағымданады. Объективті: терең сипағанда эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі. Рентген: асқазанның моторлы – эвакуаторлы дискенизиясы. Эндоскопия жасағанда асқазанның тонусының жоғарылауы. Мүмкін болатын диагнозды анықтаңыз:
A) функциональды жарасыз диспепсияның, дискенетикалық түрі
B) созылмалы беткейлік гастриттің, өршу кезеңі
C) функциональды жарасыз диспепсияның, рефлюксті түрі
D) функциональды жарасыз диспепсияның, жаралы түрі
E) функциональды жарасыз диспепсияның, бейспецикалық түрі
!
18 жастағы қыз бала, антацид қабылдағаннан кейін басылатын аш қарындағы және түнгі кезеңдегі эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Эпигастрий аймағын сипағанда ауырады. Рентген: асқазаннан контрасты заттың жылдам өтуі. Эндоскопия жасағанда патология анықталады. Helicobacter pylori анықталынған жоқ. Жоғарыдағы жағдай төмендегі функциональды жарасыз диспепсия варианттарының біреуіне тән болуы мүмкін:
A) жара тәрізді түріне
B) дискинетикалық түріне
C) моторлық түріне
D) бейспецификалық түріне
E) рефлюкс тәрізді түріне
!
64 жастағы әйелге жатырдың денесінің қатерлі ісік ауруына операция жасатып, радиационды терапия курсын алғаннан кейін іші ауырып, жиі болатын сұйық үлкен дәретке шағымданады. Ауру сезімі дефекациядан кейін бәсеңдейді. Объективті: терісі құрғақ, «ауызы ойылған». Сипағанда: кіндік аймағы мен тоқ ішектің бойында сезімталдық. Нәжіс себіндісі ішек таяқшасы, бифидо- және лактобактериялардың жалпы санының айқын азайғаны, шартты-патогенді микрофлораның ассоциациясы титрінің жоғарылағаны анықталды.Төменде көрсетілген диагноздардың біреуі болуы мүмкін:
A) сәулелік колит, 3-дәрежелі ішек дисбактериозы
B) сәулелік колит, 1-дәрежелі ішек дисбактериозы
C) Крон ауруы, 1-дәрежелі ішек дисбактериозы
D) лифоцитарлы колит, 2-дәрежелі ішек дисбактериозы
E) глютенді энтеропатия, 2-дәрежелі ішек дисбактериозы
!
28 жастағы ер адам, қанмен, шырышпен, ащы иісті іріңмен араласқан сұйық күніне 20 рет болатын үлкен дәрет, дефекация актісінің алдында күшейетін және үлкен дәреттен кейін басылатын ішінің бүріп ауруы, буындарының сырқырауы, көзінен жас ағу және ауруына, ауыз қуысының айналасында жаралардың пайда болуына, басының айналуы және дене қызуының жоғарлауына шағымданып түсті. Сіздің болжам диагнозыңыз:
A) спецификалық емес жаралы колит
B) Крон ауруы
C) ишемиялық колит
D) жалғанмембранозды колит
E) дизентерия
!
38 жастағы науқаста тері және шырышты қабаттарының сарғаюы, кешкі уақыттағы тері қышуы, ксантоматоз, фракция әсерінен жалпы билирубин жоғарылауы, сілтілі фосфотаза, холестерин жоғарылауы пайда болады. Өмір анамнезінен гепатит С –мен ауырғандығы анықталды. Осы науқаста мүмкін болатын диагноз:
А. созылмалы гепатит;
В. жедел гепатит;
С. біріншілік билиарлы бауыр циррозы;
D. Жильбер синдромы;
Е. созылмалы опистархоз.
!
Жас жігіт бір ай ішінде салмағының 5 кг төмендегенін, терісінің сарғайғанын байқаған. 1 аптадан кейін терінің қышуы, эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну қосылған. КТ-да холедохтың дистальді бөлімінде өлшемі 2 см түзілім анықталған .Төмендегі диагноз болуы мүмкін:
A) холангиокарцинома
B) бактериальді холангит
C) біріншілік склероздаушы холангит
D) өт қабы дискенезиясының гипомоторлық түрі
E) созылмалы калькулезды холециститтің, өршуі
!
66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. Төменде көрсетілген диагноздың болуы мүмкін:
A) созылмалы өт-тасты емес холециститтің өршуі
B) жедел аппендициттің
C) созылмалы дуодениттің өршуі
D) жедел холециститтің
E) 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі
!
28 жастағы әйел, оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауыру сезімі, ауыздағы қышқыл дәм, жалпы әлсіздік, аздаған сарғаюға шағымданып түсті. Емдәмді бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамаларының мазалағанына 10 жыл болған. Көк тамырішілік холангиографияда: жалпы өт жолы аздап ұлғайған. Өт қабы ұлғайған, төмен орналасқан, қатпар түзбей толады, түбінде үлкен тас бар. Диагноз анықтаңыз:
A) созылмалы калькулезды холециститтің, өршу фазасы
B) созылмалы дуодениттің өршуі
C) өт қабы дискинезиясының гипотониялық түрі
D) созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі
E) өт қабы ісігінің
!
74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тамақ жегеннен кейін пайда болатын және оң жақ жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюссе симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Диагнозды анықтаңыз:
A) созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі
B) созылмалы дуоденит, өршу сатысы
C) өт қабы дискенезиясының гипотониялық түрі
D) жедел аппендицит
E) созылмалы токсикалық гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі
!
Асқазанның ойық жарасымен ауыратын ер адам эпигастрии аймағындағы ауырсыну және тойған сезімге, алдында ішкен тағаммен жағымсыз иісті құсық, жүдеуге шағымданады. Айқын шолпыл шуылы мен асқазан аймағында көзге көрінетін перистальтика байқалады. Төменде көрсетілген диагноздың болуы мүмкін:
A) асқазан ойық жарасы, 12-елі ішекке кіре беріс стенозымен асқынуының
B) асқазан ойық жарасы, пенетрациямен асқынуының
C) асқазан ойық жарасы, перфорациямен асқынуының
D) асқазан ойық жарасы, қан ағумен асқынуының
E) 12 елі ішектің ойық жарасының
!
64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Соңғы 3-4 айда тамақтанумен байланысты ұстама тәрізді ауырсыну сипатты тұйыққа ауысқан. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Сіздің диагнозыңыз:
A) асқазанның жаралы қатерлі ісігінің
B) Менетрие ауруының
C) асқазан полипінің
D) асқазан ойық жарасының
E) асқазан ойық жарасының пенетрациясының
!
72 жастағы әйел тез әлсіреу, іштегі тұйық ауырсыну, тәбетінің жоғалуы, соңғы жарты жылда 10 кг салмақ жоғалтқанына шағымданады. Обьективті: іші жұмсақ, сипағанда эпигастрии аймағында ауырсыну байқалады. Мойынның сол жағындағы бұғана үстінде және кіндік маңындағы лимфа түйіндері үлкейген. Қанда эритроциттер - 2,1 млн, Нв - 82 г/л, ЭТЖ - 58 мм/сағ. ЭФГДС: асқазан денесінде, түбі тығыз ақшыл, шеттері биік тегіс емес, жиектері жыртылған, асқазан керілгенде өзгермейтін диаметрі 0,8х1,0 см жара анықталады. Төмендегі диагноздың болуы мүмкін:
A) асқазан ісігі, IV клиникалық тобы
B) созылмалы атрофиялық емес гастрит, өршу сатысы
C) созылмалы субатрофиялық гастрит, өршу сатысы
D) асқазан жара ауруы, өршу сатысы, асқазан денесінің жарасы
E) асқазан жара ауруы, өршу сатысы, жиі қайталанатын асқазан денесінің жарасы
!
Науқас 39 жаста, дефекациядан кейін басылатын іштің төменгі бөліктеріндегі толғақ тәрізді ауырсынуға; тәулігіне 3-4 ретке дейін үлкен дәреттің жиілеуіне, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде, әсіресе сол жағына таман, аздап ауырсынады. Анализінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) тітіркенген ішек синдромы
B) Гиршпрунг ауруы
C) тоқ ішектің дивертикулезі
D) псевдомембранозды колит
E) созылмалы дизентерия
!
Науқас 40 жаста тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтімді, кардиальды бөліктің кеуде қуысына шығуы және контрастты заттың асқазаннан өңешке қарай керу өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
B) кардия ахалазиясы
C) өңештің дивертикулі
D) өңештің пептикалық жарасы
E) өңештің қатерлі ісігі
!
Қабыну инфильтрациясы, бөлік аралық (портальды) және септальды өт түтікшелері құрылымдарының деструкциясы, перипортальды гепатациттердің сатылы өлі еттенуі және өт тромбтарымен перипортальды кеңістіктікте пайда болатын холестаз, өт өзекшелерінің жаңадан пайда болуы және олардың әрі қарай деструкцияға ұшырауы, бауыр паренхимасындағы өт өзекшелерінің кенеттен азаюы салдарынан болатын холестаз барынша тән ауруды атаңыз:
/
бауырдың біріншілік билиарлы циррозына
/
бауырдың майлы дистрофиясына
/
созылмалы токсикалық гепатитке
/
некроздан кейінгі бауыр циррозына
/
созылмалы аутоиммундық гепатитке
!
36 жастағы ер адамды күніне 35 ретке дейін болатын шырыш, ірің, қан аралас, сұйық нәжіс, дене қызуының жоғарылауы, ауыз қуысындағы ойық жаралар, көзінің ауруына шағымданады. Эпидемиологиялық анамнез ерекшеліксіз. Спецификалық емес жаралы колит диагнозы қойылған. Қажетті емді тағайындаңыз:
A) сульфасалазинді
B) сульфаленді
C) сульгинді
D) сульфафлоксацинді
E) сульфадиметоксинді
!
33 жастағы ер адам, жиі ішінің өтуі, метеоризмге шағымданады. Екі ай бұрын командировкада жедел гастроэнтеритпен ауырған. Амбулаторлы ем қабылдағаннан бері тұрақсыз үлкен дәрет мазалайды . Соңғы 3-4 аптада іштің өтуі жиілеген. Қарап тексергенде іші кепкен. Нәжісінде лямблияның жұмыртқалары табылған. Қажетті емді тағайындаңыз:
A) метронидозолды
B) тетрациклинді
C) левомицетинді
D) бисептолды
E) амоксициллинді
!
73 жастағы ер адам, оң қабырға астындағы ауыртпалық сезімге, мезгіл-мезгіл мұрнынан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде миокардит. Қарағанда: аяқтары іскен. Пальмарлы эритема. Ентігу. Бауыры қабырға доғасынан 5 см төмен, тығыз, ауыру сезімді. Көкбауыр 6 см ұлғайған. Қанда: ЭТЖ - 21 мм/сағ, тимол сынамасы - 10 бірл., АЛТ - 3,3 мкмоль/л, АСТ - 3,9 мкмоль/л. ЭхоКГ: миокардтың жиырылу қабілеті төмендеген. Патогенетикалық емнің мақсаты мынау болуы мүмкін:
A) қанайналым жеткіліксіздігін реттестіру
B) цитолизды болдырмау
C) электролиттік бұзылыстарды реттестіру
D) мезенхимальді қабынуды тоқтату
E) детоксикация
!
29 жастағы әйел ұзақ мерзім жыныс жолымен берілетін ауруға байланысты антибактериальды препараттарды қабылдады. Нәжістің бактериальды анализін жүргізгенде Candida тұқымды саңырауқұлақтар анықталған. Емдеу шаралары жоспарын құрыңыз:
Флуконазол
Хилак-форте
Энтерол
клацид
линек,
бактисубтил
амоксиклав
смекта
имодиум
!
Науқас В. 38 жаста, тамақты көп қабылдағанда, салқындағанда, жүргенде, селкілдегенде іштің сол жақ бөлігіндегі және бел аймағында пайда болатын және но-шпа, баралгин қабылдағаннан кейін азаятын лоқсу, ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тілі ақ жабындымен қапталған, іші жұмсақ, сипағанда сол жақ қабырға асты, сол жақ қабырға-омыртқалық бұрышында ауру сезімі (Мейо-Робсон симптомы). Төменде келтірілген диагноздардың біреуі болуы мүмкін:
/
созылмалы панкреатит, ауырсыну түрі
/
зәр тас ауруы, бүйректік ұстама
/
асқазанның ойық жара ауруы
/
созылмалы пиелонефрит
/
он екі елі ішектің ойық жара ауруы
!
68 жастағы науқас тағам қабылдаумен байланыссыз эпигастрийдегі тұрақты тұйық ауру сезіміне, жүрек айнуға, салмақ жоғалтуға, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданып түсті. Соңғы 2 айда 6 кг салмақ жоғалтқан. Объективті: жүдеу, терісі бозғылт, склералары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, эпигастрийде ауру сезімі. Қанда: анемияның жеңіл дәрежесі, лейкоцитоз – 9,5 мың, ЭТЖ - 55 мм/сағ, билирубин - 58 мкмоль/л. Копрограмма: стеаторея, креаторея. УДЗ ұйқы безі басының ұлғаюы. Төменде келтірілген диагноздың біреуі болуы мүмкін:
/
ұйқы безінің қатерлі ісігі
/
Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі
/
созылмалы панкреатит, ауру сезімді түрі
/
созылмалы тассыз холецистит
/
созылмалы панкреатит, латентті ағымы
!
Науқас С 56 жаста, механик, клиникаға эпигастрийдегі, екі жақты қабырға астындағы ауру сезіміне, сарғаю, зәрдің қараюы және нәжістің түссізденуі, терінің қышуы, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті: терісі аздап сарғайған, тырнақтың іздері бар. Қанда: ЭТЖ - 50 мм/сағ, аздаған анемия (Нв - 100 г/л), жалпы билирубин - 90 мкмоль/л, тікелей - 65 мкмоль/л, тимол сынамасы - 5 Б, АЛТ – 0,65 мкмоль/л. Холангиографияда 12-елі ішектің үлкен (Фатеров) емізікшесінің аймағында контрасты заттың өткізгіштігі бұзылған. Төменде келтірілген диагноздың біреуі болуы мүмкін:
/
Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі
/
созылмалы гепатит
/
ұйқы безінің қатерлі ісігі
/
созылмалы тасты холецистит
/
созылмалы псевдотуморозды панкреатит
!
Науқас Ш,. 63 жаста, эпигастирийде және сол жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді емдәмді бұзуға байланысты ауру сезіміне, жүрек айнуға шағымданады, іш қатуға бейім. 6 ай бұрын холецистэктомия жасалған. Объективті: іші жұмсақ, ауру сезімді, ұйқы безі тұсындағы нүктелерде ауырсыну. Қанда: лейкоциттер – 9,8х109/л, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Копрограммада: нейтралды майлар +++, өсімдік клетчаткасы ++. Төменде диагноздардың біреуі болуы мүмкін:
/
холециститэктомиядан кейінгі синдром,созылмалы панкреатит,өршу кезеңі
/
созылмалы гепатит
/
ұйқы безінің қатерлі ісігі
/
созылмалы панкреатит, ауру сезімді түрі
/
созылмалы холангит, өршу сатысы
!
38 жастағы науқас, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, мұрнынан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде вирусты гепатит В. Қарап тексергенде: телеангиэктазиялар, гепатоспленомегалия. Қанда: ЭТЖ - 22 мм/сағ, тимол сынамасы - 9 бірл., АЛТ - 3,2 мкмоль/л, АСТ - 3,8 мкмоль/л. Төмендегі диагноздардың біреуінің болуы барынша мүмкін:
/
белсенділігі орташа созылмалы вирусты В гепатит
/
Жильбер ауруы
/
созылмалы аутоиммунды гепатит
/
некроздан кейінгі бауыр циррозы, декомпенсация
/
өт жолы дискинезиясының гипотониялық түрі
!
Бауырдың пункциондық биопсиясы кезінде портальды жолдардың кеңеюі мен аздаған гистиолимфоцитарлы инфильтрациясы, купфер жасушаларының пролиферациясы, гепатоциттердің дистрофиялық өзгеруі (дәнді, баллонды, майлы) барынша мынаған тән:
/
созылмалы гепатитке
/
гепатозға
/
Жильбер ауруына
/
Вильсон-Коновалов ауруына
/
некроздан кейінгі бауыр циррозына
!
ЭТЖ тұрақты жылдамдауы, анемия белгілері, тромбоцитопения, g-глобулин мен альбуминнің қалыпты деңгейі, протромбин деңгейінің төмендеуі, тегіс салалы бұлшықеттер, 1 типті бауыр - бүйректік микросомаларға антидененің болуы барынша тән мынаған:
/
созылмалы аутоиммундық («люпоидты») гепатитке
/
бауырдың екіншілік билиарлы циррозына
/
созылмалы токсикалық (алкогольдік) гепатитке
/
созылмалы вирусты гепатит В, орташа белсенділік дәрежесіне
/
созылмалы вирусты гепатит С, минимальды белсенділік дәрежесіне
!
28 жастағы ер адам, қанмен, шырышпен, ащы иісті іріңмен араласқан сұйық, күніне 20 рет болатын үлкен дәрет, дефекация актісінің алдында күшейетін және үлкен дәреттен кейін басылатын ішінің бүріп ауруы, буындарының сырқырауы, көзінен жас ағу және ауруына, ауыз қуысының айналасында жаралардың пайда болуына, басының айналуы және дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Төмендегі диагноздардың біреуі болу мүмкін:
/
спецификалық емес жаралы колиттің
/
дизентерияның
/
Крон ауруының
/
ишемиялық колиттің
/
жалғанмембранозды колиттің
!
В. атты 18 жастағы науқаста балалық кезінен бастап диарея, мальабсорбция синдромы байқалған. Әлсін-әлсін оң әсерлі аглютендік емдәм қабылдаған. Соңғы 6 айда емдәмнің бұзылуына байланысты сұйық нәжіс жиілеген. Тағайындалған емдәмде көрсетілген өнімдердің қайсыларын қосарлаған барынша тиімді:
/
күріш, қара құмық, соя бұршақтары, жүгері, картоп
/
жүгері, соя бұршақтары, күріш, сұлы, арпа
/
қара бидай, соя бұршақтары, күріш, картоп, бидай
/
қара бидай, арпа, жүгері , соя бұршақтары, күріш
/
қара бидай, сұлы, соя бұршақтары, картоп, жүгері
!
25 жастағы ер адамды, ішінің оң жақ жартысындағы сыздап ауыру сезімі, жиілігі тәулігіне 6-8 рет болатын нәжіс, соңғы 2 жылда 8 кг жүдеу, ірі буындардағы ауыру сезімі, ұзақ мерзімге созылған субфебрилитет мазалайды. Зерттегенде: екі балтырында түйінді эритема, оң жақ мықын аймағында айқын ауыру сезімі байқалады. Қанда: лейкоциттер – 12,6 мың, ЭТЖ - 56 мм/сағ, жалпы белок - 49 г/л, альбуминдер - 39%. Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатында саңылаулы терең ойық жаралар анықталды.Төмендегі көрсетілген тиімді препаратты анықтаңыз:
A) сульфасалазин
B) эспумизан
C) азатиоприн
D) координакс
E) бускопан
!
С. деген 34 - жастағы науқас, тағам қабылдағаннан соң бір сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып тұратындай ауыру және ауыртпалық сезіміне, қышқылды кекіруге, ашушаңдыққа шағымданады. 2-3 жылдан бері ауырады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде табылған полип бойынша операция жасау ұсынылған. Об-ті: терең сипағанда эпигастрйи аймағының ауыратыны анықталады. Қан анализі: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иілімінде – алып қатпарлардың ұлтабар қақпасынан өткені анықталды. Қажетті дәрілерді көрсетіңіз:
А. антибиотиктер;
В. ацидин – пепсин;
С. антацидтер;
D. метилурацил;
Е. висмут дәрілері.
!
Науқас К., 33 жаста оң қабырға астындағы ауру сезімге, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, тәбетініңң төмендеуіне, терісінің қышуына, соңғы 4 айда әлсін-әлсін мұрнынан қан ағуға шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезі. Қарағанда: терісі және склералары сарғайған, қасыған іздер бар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасынан 5-6 см төмен, ауру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: билирубин - 118,6 мкмоль/л, АЛТ - 2,8 мкмоль/л, тимол сынамасы - 10 бірл., сілтілі фосфатаза - 7,6 мкмоль/л. Емдеу шараларының қайсысы барынша тиімді:
/
Гептрал
А, е, к витаминдер
Холестирамин
/
креон,
преднизолон
/
гепабене,
фестал,
антибиотиктер
преднизолон
!
Н. атты 76 жастағы науқас, дефекациядан соң жоғалатын іштің төменгі бөлігіндегі сыздаған тұйық ауру сезімі мен бес күнге дейін созылатын іш қатпасына шағымданып түсті. Бұрында іш қату болған, бірақ соңғы жылдары қатпа мерзімі ұзарған. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, тоқ ішектің бойымен ауырсыну байқалады, түйілген. Копрология: көптеген шырыштар, нәжіс құрғақ «қой құмалағындай», микроскопия өзгеріссіз. Колоноскопияда - катаральды проктосигмоидит анықталды. Минеральды сулар мен кебек косылған емдәм тағайындалды. Емдік препараттардың қайсысы барынша ТИІМДІ:
/
Регулакс
Холестирамин
/
но-шпа
церукал
/
форлакс
мотилиум
/
фортранс
/
!
45 жастағы науқас мезогастральді және кіндік маңындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне, дефикациядан кейін азаятын, метеоризмге, іш қатуға шағымданады. Обьективті : жалпы жағдайы қанағттанарлық, іші жұмсақ, мезогастрий аймағында ауру сезімі, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Анализдерде өзгерістер анықталмады. Науқас сұрауы бойынша колоноскопия өткізіліп, өзгерістер анықталмады. Мүмкін болатын диагноз:
/
тітіркенген ішек синдромы;
/
бейспецификалық жаралы колит;
/
тоқ ішек дивертикулі;
/
шырышты қабықшаның терең тар жаралары;
/
нейтрофильді инфильтрация
!
Менопауза кезеңіндегі 52 жастағы әйел, 2 апта бойы айқындық дәрежесі әртүрлі кіндік айналысындағы аурулар мазалайды, үлкен дәретке отырғаннан кейін ауыру басылады, іштің кебуі байқалады. Об-ті: барлық тоқ ішектің ауыруы. Копрологиялық: көп мөлшердегі сілекей. Тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеуде: дискинезия белгілері. Колоноскопияда – түйілуге бейімділік. Төменде көрсетілген диагноздардың біреуінің болуы барынша мүмкін:
/
тітіркенген ішек синдромының
/
жаралы колиттің
/
созылмалы колиттің
/
лимфоцитарлы колиттің
/
псевдомембранозды колиттің
!
43 жастағы ер адам стресстен кейін пайда болатын, үлкен дәреттен газ шыққаннан кейін басылатын іштің ауыруына, іш қатуы мен іш өтудің алмасуына, ұйқысының нашарлауына, ашушаңдыққа шағымданады. Об-ті: іші керілген, тоқ ішектің төмендеуші бөлігінде ауырсыну анықталады. Рентгенологиялық зерттеуде – тоқ ішектің дискинезия белгілері анықталды. Колоноскопияда – түйілуге бейімділік анықталынды.
Бұл жағдай, төмендегі ішектің тітіркену синдромдарының қайсы вариантына сәйкес болуы мүмкін:
/
іштегі ауырсынуы және метеоризмге бейімділікке
/
іш қатуға бейімділікке
/
іш өтуге бейімділікке
/
метеоризмге бейімділіке
/
іштегі ауыруынаға бейімділікке
26 жастағы науқас іштің оң жағындағы сыздайтын ауру сезіміне, күніне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, нәжісінде шырыш, ірің және қан болуына шағымданады. 3 айда 8 кг-ға арықтағанына, қызбаға, артралгияға шағымданады. Қараған кезде оң жақ мықын аймағында айқын ауырсыну анықталады. Хирург қарап жедел аппендицит диагнозын жоққа шығарған. Мүмкін болатын диагноз:
/
Крон ауруы;
/
Тітіркенген ішек синдромы;
/
Созылмалы панкреатит;
/
Созылмалы салмонеллез;
/
Созылмалы холецистит.
!
О. деген 46 жастағы науқас, ішінің оң жақ бөлігінің тұрақты, сыздап ауыруы сезіміне, тәулігіне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, соңғы жылы 8 кг арықтаған. Екі рет дәрігерлер жедел аппендицитке күмәнданып ауруханаға жатқызылған. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, іші оң мықын аймағында ауыру сезімді. ЭТЖ-56 мм/сағ. Болжам диагнозыңыз:
/
Крон ауруы
/
созылмалы спецификалық ойық жаралы колит, үздіксіз рецидивті ағым
/
белок жетіспеушілікті созылмалы энтерит, үздіксіз рецидивті ағым
/
созылмалы дизентерядан кейінгі колит
/
жедел аппендицит
!
Бейспецикалық ойық-жаралы колиттің асқынуы кезінде, науқаста тәулігіне 10 рет қан және ірің аралас сұйық нәжіс, фебрилді температура, анорексия, дене салмағының жоғалуы байқалады. Осы жағдайда қандай ем тағайындау керек:
/
Сульфасалазин
/
Антидиареялық препараттар
/
Бай клетчаткалы диета
/
ҚҚСЕД
/
Антибиотиктер
!
51 жастағы әйел 2жыл бойы төс артындағы күйдіру және қышқыл сұйық кекіру сияқты ауру сезімі бар.Кейде түнде жөтелден оянады.Физикалді зерттегенде шамалы семіру табылған.Рентгенологиялық зерттеуде асқазан трактісінің жоғарғы бөлігінде саңылау және өңештің диафрагмалы тесігінде көлемі үлкен емес жарық табылған. Асқазан және 12 елі ішек қалыпты. Қажетті препаратты ұсыныңыз:
/
метаклопромид.
/
жиі антацидтер енгізу;
/
гистаминнің н2 блокаторы;
/
холинолитик;
/
протонды помпа блокаторлары;
!
38 жастағы науқаста тері және шырышты қабаттарының сарғаюы, кешкі уақыттағы тері қышуы, ксантоматоз, фракция әсерінен жалпы билирубиннің жоғарылауы, сілтілі фосфотаза, холестерин жоғарылауы пайда болады. Өмір анамнезінен гепатит С –мен ауырғандығы анықталды. Осы науқаста мүмкін болатын диагноз:
/
созылмалы гепатит;
/
жедел гепатит;
/
біріншілік билиарлы бауыр циррозы;
/
Жильбер синдромы;
/
созылмалы опистархоз.
!
Б. деген 35 жастағы науқас, оң қабырға астындағы ауыру сезімі, мұрнынан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде вирусты гепатит В. Об-ті: телеангиэктазиялар, бауыр қабырға доғасынан 6 см шығып тұр, тығыз, ауру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: ЭТЖ-22 мм/сағ, тимол сынамасы - 9 бірл., АЛТ-3,2 мкмоль/л, АСТ-3,8 мкмоль/л. Гистология: балкалық құрылым бұзылған, көптеген гепатоциттерде ірі үлкен ядролар, ядрошықтар мен вакуольдар көрінеді. Портальды жолдар кеңейген. Сіздің диагнозыңыз:
/
белсенділігі орташа созылмалы вирусты В гепатит
/
некроздан кейінгі белсенді бауыр циррозы
/
созылмады персистирлеуші гепатит
/
Жильбер ауруы
/
некроздан кейінгі белсенді бауыр циррозы
/
өт шығару жолдарынң дискинезиясы
!
30 жастағы ер адамда қан аралас диарея, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, қызба пайда болған. Проктосигмоскопия кезінде шырышты қабаттың қансыраған, борпылдақтығы анықталды. Төмендегі дәрілердің біреуін тағғайындау тиімді:
/
салофалькті
/
смектаны
/
ванкомицинді
/
фуразолидонды
/
метронидазолды
!
25 жастағы әйел, құрсақтың бүйір және төменгі бөлімінде газ шыққаннан және дефекациядан соң басылатын сыздап ауырсыну, ертеңгілік уақытта немесе тамақтанғаннан кейін іштің өтуіне шағымданып түсті. Колоноскопияда – гиперемия, шырышты қабат ісінген және қансыраған, бактериологиялық зерттеуде: амеба трофозоидтары табылған штаммы, бифидобактериялар азайған. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған тиімді:
/
интетриксті
/
сумамедті
/
микомаксты
/
левомицитинді
/
амоксициллинді
!
Науқас 32 жаста 2 апта бұрын жедел дизентериямен ауырған. Құрсақтың төменгі бөлігіндегі тамақ қабылдаған соң 5-7 сағаттан кейін күшейетін сыздап ауру, сүт тағамдарын қабылдағаннан кейін іш өтуге шағымданады. Колоноскопияда – эрозивті өзгерістер, атрофиялық үрдіс және шырышты қабат жұқарған және бозарған. Төмендегі диагноздардың біреуі болуы мүмкін:
/
спецификалық емес жаралы колит
/
Крон ауруы
/
ишемиялық колит
/
псевдомембранозды колит
/
тітіркенген ішек синдромы
!
Науқас Э., 34 жаста, тамақ қабылдаған соң 7-8 сағаттан кейін күшейетін құрсақтың бүйір және төменгі бөлімінің сыздап ауруы, тұрақсыз нәжіс, кезектескен іш өту мен іш қатуға шағымданып түсті. Іш өту сүт қабылдағаннан кейін пайда болады, қатпадағы нәжісі бұршақ тәәрізді бөлшектелген. Қарағанда: тоқ ішектің ауруы және шұрылдауы. Ирригоскопияда тоқ ішек саңылауының тарылуы, ішек контурынан шығып тұратын көптеген гаустрациялар анықталған. Төмендегі диагноздардың біреуі болуы мүмкін:
/
спецификалық емес жаралы колит
/
шигеллез
/
Крон ауруы
/
ишемиялық колит
/
псевдомембранозды колит
!
К. атты 25 жастағы науқасты ішінің оң жақ жартысындағы сыздап ауру сезімі, жиілігі тәулігіне 6-8 рет болатын нәжіс, соңғы 2 жылда 8 кг жүдеу, ірі буындардағы ауру сезімі, ұзақ мерзімге созылған субфебрилитет мазалайды. Зерттегенде: екі балтырында түйінді эритема, оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезім байқалады. Қанда: лейкоциттер – 12,6 мың, ЭТЖ - 56 мм/сағ, жалпы белок - 49 г/л, альбуминдер - 39%. Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатында қуысты терең ойық жаралар анықталды. Емдік шаралар жоспарларының қайсысы барынша тиімді:
/
преднизолон + сульфасалазин
/
дебридат + эспумизан
/
преднизолон + азатиоприн
/
сульфасалазин + бускопан
/
координакс + сульфасалазин
!
А. деген 68 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Об-ті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ. жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз:
/
бауырдың үдемелі алкогольдік циррозы, портальды гипертензия
/
белсенділігі минимальды созылмалы гепатит
/
бауырдың біріншілік билиарлы циррозы
/
жасырын алкогольдік, портальды гипертензиясы жоқ, бауыр функциясы сақталған, көп түйінді цирроз
/
екіншілік бауырдың билиарлы циррозы кеңейген веналары, қан кету, спленомегалия
!
Науқас Б., 29 жаста, толғақ тәрізді ауру сезіміне, патологиялық қоспасыз сұйық нәжіске шағымданады. Жағдайының нашарлауын психоэмоционалды стреспен байланыстырады. Колоноскопия жүргізгенде - жуан ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Тиімді препараттарды тағайындаңыз:
/
имодиум + грандаксин
/
креон + де-нол
/
дицетел + дюфалак
/
дюфалак + имодиум
/
интетрикс + хилак-форте
!
46 жастағы әйел адам тері мен склерасының сарғыш түске интенсивті боялуына, күшті тері қышуына, сүйектердегі ауру сезіміне, күндізгі ұйқышылдыққа шағымданады.Тексергенде қабақтарда, шынтақта және алақанда ксантомалар, тамырлық жұлдызшалар, бауыр мен көкбауыр ұлғаюы анықталды. Анализінде Алт мен Аст –ның әлсіз жоғарлауы, сілтілі фофатаза мен ГГТП айтарлықтай жоғарылаған. Ең мүмкін болатын диагноз:
/
біріншілікті бииарлы цирроз;
/
аутоиммунды гепатит;
/
вирусты гепатит;
/
бауырдың майлы дистрофиясы;
/
гемохроматоз.
!
Науқас 49 жаста, ұзақ уақыт бойы алкогольді шектен тыс қолднатын, диспансеризацияланғанда бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұрғаны, тығыз эластикалық консистенциялы, пальпациялағанда ауыратындығы анықталды. Көкбауыр пальпацияланбайды, ұзындығы 10см. Тамырлық жұлдызшалар, пальнарлы эритема жоқ. Нв 134 г/л, лейкоциттер 605 мың 1 мкл-де, ЭТЖ 25 мм/сағ, қанның жалпы билирубині 16 ммоль/л, Алт - 1,25 ммоль/л, мүмкін болатын диагноз:
/
бауырдың майлы дистрофиясы;
/
гемолитикалық анемия;
/
Дабин – Джонс синдромы;
/
Жильбер синдромы;
/
бауыр циррозы.
!
А. атты 68 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л. Төменде аталған диагноздың біреуі болуы барынша мүмкін:
/
бауыр циррозы, декомпенсация сатысы, қақпалық гипертензия.
/
бауырдың циррозы, компенсация сатысы
/
бауырдың біріншілік билиарлы циррозы
/
бауырдың екіншілік билиарлы циррозы
/
созылмалы гепатит, минимальды белсенділік дәрежесі
!
С. атты 66 жастағы науқас соңғы екі ай бойы ентігуге, әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, эпигастрий аймағындағы ауыртпалықа, ішінің кебуіне, зәрінің бөлінуінің азаюына шағымданады. Бір жыл бойы терісінің қышуы мазалаған. Қарағанда: жағдайы ауыр, жүдеу. Тері және шырышты қабаттары аздап сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см төмен, тығыз, ұшы үшкір. Көкбауыры 2-3 см ұлғайған, тығыз. Қанда: Нв - 108 г/л, тромбоциттер – 182 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Бұл дерттің барынша ерте белгісі:
/
терінің қышуы
/
асцит
/
спленомегалия
/
дене салмағының төмендеуі
/
диспепсиялық көріністер
!
Науқас О. 58 жаста, эпигастрийдің оң жақ бөлігіндегі ауру сезімне, іштің ұлғаюына, ентігуге, іш қатуға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Жағдайының нашарлағанына 2-3 ай болған: біртіндіеп іші ұлғайып, ауру сезім пайда болып, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету эпизодтары байқалған. Қарағанда: склералары сарғайған. Іші ұлғайған, асцит. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, сезімтал. Айқын спленомегалия. Емдік шаралардың қайсысы барынша тиімді:
/
альдостерон антагонисттері + гепатопротекторлар + эубиотиктер
/
эубиотиктер + прокинетиктер + витаминдер
/
витаминдер + интерферон индукторлары + ферменттер
/
гепатопротекторлар + ілмектік диуретиктер + прокинетиктер
/
вирусқа қарсы препараттар+ витаминдер + прокинетиктер
!
А. атты 48 жастағы алкогольді көп ішетін науқас оң қабырға астындағы ауру сезіміне, сарғаюға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Бір апта бұрын асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кеткен. Қарағанда: терісі мен склерасы сарғыш, телеангиоэктазия. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 5-6 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанында: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ. Жалпы билирубин - 68 мкмоль/л, тікелей фракция есебінен. Тиімді емдеу шараларын тағайындаңыз:
/
гепатопротекторлар, жаңадан мұздатылған плазма, С, К витаминдері
/
кортикостероидтар, өт айдағыш препараттар, ферменттер
/
гепатопротекторлар, эритромасса, өт айдағыш препараттар
/
кортикостероидтар, гепатопротекторлар, өт айдағыш препараттар
/
ферменттер, темір препараттары, кортикостероидтар, өт айдағыш препараттар
!
38 жастағы науқас эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімге, ішінің кебуіне, ұйқысыздыққа, жалпы әлсіздікке, есінің төмендеуіне шағымданады. Бұрын наркотикалық заттарды тамырішіне қабылдаған. Жағдайы соңғы 3 айда нашарлаған. Қарағанда: жүдеу, телеангиоэктазиялар. Тері және склералары сарғайған. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, сезімтал. Аздаған спленомегалия. НСV-ға ПЦР оң. Емдік шаралардың біреуі барынша тиімді:
/
вирусқа қарсы препараттар + гепатопротекторлар + ферменттер
/
эубиотиктер + прокинетиктер + витаминдер
/
витаминдер + интерферон индукторлары + ферменттер
/
гепатопротекторлар + ілмекті диуретиктер + прокинетиктер
/
вирусқа қарсы препараттар + витаминдер + прокинетиктер
!
Ш. атты 56 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң жақ қабырға астында ауру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты В гепатиті. Қарағанда терісі мен склералары сарғайған, телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші кепкен, асцит есебінен ұлғайған. Гепатоспленомегалия. Емдік шаралардың біреуі барынша тиімді:
/
өңештің баллонды тампонадасы + жаңадан мұздатылған плазма
/
гептрал + эритроцитарлы масса
/
гептрал + аминокапрон қышқылы
/
эритроцитарлы масса + плазмаферез
/
вазопрессин + В, Е, А, С топтарының витаминдері
!
61 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрийдегі ауырлық сезімге, терінің қышуына шағымданады. Соңғы 1,5 жыл бойы терінің қышуы мазалайды. Тері және склералары сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен, ұшы үшкір. Спленомегалия. Терінің қышуын емдеу үшін қолдануға барынша тиімді:
/
холестирамин
/
аллохол
/
хофитол
/
холензим
/
хологогум
!
С атты 54 жастағы науқас, әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, соңғы 2 апта бойы зәрінің бөлінуінің шектелуіне шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүдеу. Тері және шырышты қабаттары сарғайған. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 5-6 см төмен, тығыз. Айқын спленомегалия. Тиімді препаратты тағайындаңыз:
верошпирон
/
арифон
/
маннитол
/
фуросемид
/
гипотиазид
!
Көрсетілген препараттың біреуі бауырдың біріншілік билиарлы циррозымен ауыратын науқаста аурудың дамуын баяулатып, өмір сүру уақытын ұзартып, өңеш веналарының варикозды кеңеюі қаупін төмендетіп, бауыр трансплантациясына дейінгі уақытты ұзартуы барынша мүмкін:
/
урсофальк
/
гептрал
/
хофитол
/
эссенциале
/
холестирамин
!
Алкогольді бауыр циррозымен ауыратын науқаста айқын ісінулік- асциттік синдром дамыған. Төсектік режим, тұзсыз емдәм және тәулігіне сұйықтықты 1000 мл-ге дейін шектеу. Науқаста 3 күн ішінде ісіктің азаюына әкелген.
Қажетті препаратты тағайындаңыз:
/
верошпирон жоғарлатылған мөлшерде;
/
гипотиазид ішу;
/
парацентез;
/
лазиксті тамыр ішіне енгізу;
/
урегит ішу.
!
38 жастағы Г. атты науқасты эпигастрий аймағындағы күшті ұстамалы ауырсыну, терісінің сарғаюы, дене қызуының 390С жоғарылауы мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісінің түсі сарғайған, бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, сипағанда ауырсынады. Зертханалық анализде: лейкоциттер – 15 мың, ЭТЖ - 28 мм/сағ., УДЗ - холедохтың 9 мм кеңеюі. Қажетті емдеу шарасын тағайындаңыз:
/
оперативті ем жүргізу
/
гепатопротекторларды тағайындау
/
ерімейтін антацидтер қосу
/
наркотиктік емес анальгетиктер
/
спазмолитиктер-холинолитиктерді қолдану
!
41 жастағы науқас, тамақ қабылдаған соң 7-8 сағаттан кейін күшейетін құрсақтың бүйір және төменгі бөлімінің сыздап ауруы, тұрақсыз нәжіс, кезектескен іш өту мен іш қатуға шағымданып түсті. Іш өту сүт қабылдағаннан кейін пайда болады, қатпадағы нәжісі бұршақ тәәрізді бөлшектелген. Қарағанда: тоқ ішектің ауруы және шұрылдауы. Ирригоскопияда тоқ ішек саңылауының тарылуы, ішек контурынан шығып тұратын көптеген гаустрациялар анықталған. Сәйкес диагнозды таңдаңыз:
/
спецификалық емес жаралы колит
/
шигеллез
/
Крон ауруы
/
ишемиялық колит
/
псевдомембранозды колит
!