Іштің сыртқы жарықтары
#1213
*!70 жастағы әйел, кіндік аймағындағы ауру сезімі бар жарықтың болуына, өздігінен орнына енбеуіне шағымданады. Қарап тексергенде түзіліс үстінде тері жабындыларының көгеруі байқалады. Анамнезінде қантты диабет, жүректің ишемиялық аурулары бар.
Қандай емдеу тактикасын қолданған жөн?
*жедел оперативті ем
*амбулаторлы бақылау
*+шұғыл оперативті ем
*жоспарлы оперативті ем
*хирургия бөлімінде бақылау
#1214
*!68 жастағы ер адам, сол шап аймағындағы жарықтың болуына, зәр шығаруының қиындауына шағымданады. Болжам диагнозы: сырғымалы сан жарығы.
Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ тиімді зерттеу әдісі?
*УДЗ
*+цистография
*ирригоскопия
*колоноскопия
*рентгенография
#1215
*!Жедел жәрдеммен қысылған шап жарығы бар ер адам ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға жетер жолда жарық өздігінен қайтадан орнына келген.
Хирургтың ары қарай қолданатын ЕҢ дұрыс емдік тактикасы?
*амбулаторлық бақылау
*тазартатын клизма жасау
*+стационар жатқызып, бақылау
*диагностикалық лапаротомия жүргізу
*диагностикалық лапароскопия жүргізу
#1216
*!42 жастағы әйел, кіндік жарығымен жоспарлы оперативті ем қабылдауға ауруханаға жатқызылды.
Тізімдегі пластика әдістерінің ішінен ЕҢ тиімдісі?
*Бассини
*+Сапежко
*Шоулдайс
*Кукуджанов
*Спасокукоцкий
#1217
*!21 жастағы ер адам, қиғаш шап жарығымен жоспарлы оперативті ем қабылдауға түсті.
Тізімдегі пластика әдістерінің қайсысын қолданған жөн болып саналады?
*Мейо
*Бассини
*Сапежко
*Кукуджанов
*+Жирар-Спасокукоцкий
#1218
*!35 жастағы әйел кіндік аймағындағы 3,0х3,0 см жарығымен жоспарлы оперативті ем қабылдауға түсті.
Тізімдегі пластика әдістерінің қайсысын қолданған абзал?
*+Мейо
*Жирар
*Бассини
*Кукуджанов
*Спасокукоцкий
#1219
*!67 жастағы ер адамда іштің ақ сызығы жарығы дәлелденген. Оперативті ем жоспарланған.
Тізімдегі пластика әдістерінің қайсысын қолданған абзал?
*Мейо
*Руджи
*Сапежко
*+Напалков
*Кукуджанов
#1220
*! 50 жаста әйел сан жарығымен жоспарлы оперативті ем қабылдауға түсті.
Тізімдегі пластика әдістерінің қайсысын қолданған абзал?
*Мейо
*+Руджи
*Сапежко
*Кукуджанов
*Спасокукоцкий
#1221
*! Хирургия бөлімшесіне 27 жастағы ер адам қиғаш шап жарығымен жоспарлы оперативті емге жатқызылды. Хирург шап өзегін Спасокукоцкий әдісімен пластика жасауды жоспарлады.
Осы әдіс барысында шап өзегінің қайсы қабырғасы күшейтіледі?
*шап өзегінің артқы қабырғасы
*шап өзегінің сыртқы саңылауын тарылту
*шап өзегінің төменгі қабырғасы
*шап өзегінің жоғарғы қабырғасы
*+шап өзегінің алдынғы қабырғасы
#1222
*!65 жастағы ер адамға хирургияның қабылдау бөлімшесінің дәрігері «Қысылған шап жарығының өздігінен ішке енуі» диагнозын қойды.
Науқасты емдеудің ЕҢ тиімді тактикасы?
*шұғыл түрде операция жасау
*+хирургиялық бөлімшеге жатқызып, бақылау
*тазалау клизмасын жасап, колоноскопия жасау
*шажырақайлық артерияларға ангиография жасау
*қарап тексерген соң ауру сезімін басып, амбулаторлық емге жіберу
#1223
*! Хирургияның қабылдау бөлімшесіне операциядан кейінгі лапаротомды тыртық бойында 10,0х15,0х15,0см көлемді жарығы бар 52 жастағы әйел түсті. Пальпация кезінде ауру сезімі күшейеді, іш қуысына енбейтін, тері жабындыларының түсі көкшіл. Түскен кезде гликемия 15,0ммоль/л. Анамнезінде қант диабеті болмаған.
Осы жағдайда қолданатын ЕҢ тиімді емдеу әдісі?
*амбулаторлы бақылау
*+шұғыл оперативті ем
*жоспарлы оперативті ем
*хирургия бөлімінде бақылау
*гликемия коррекциясы, эндокринолог бақылауы
Тік ішек аурулары
#1224
*! 30 жастағы әйел, дефакация актісінен кейін ауру сезіміне және қан кетуіне шағымданады. Аналды аймақты қарап тексергенде сфинктердің спазмы анықталады.
Қандай зерттеу әдісін ЕҢ алдымен қолдану керек?
*+аноскопия
*колоноскопия
*ирригоскопия
*фистулография
*ректороманоскопия
#1225
*!47 жастағы ер адамға жедел теріастылық парапроктит диагнозы қойылған.
Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай емдік әдіс жүргізіледі?
*физиоем
*+оперативті ем
*антибактериалды ем
*иммуностимуляторлар
*дезинтоксикациялық ем
#1226
*! 54 жастағы әйел, артқы өтістің қышуына, бөгде зат тұрғандай сезіміне, дефекация кезінде қан кетуіне шағымданады.
Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай зерттеу әдіс жүргізіледі?
*аноскопия
*ирригоскопия
*ректороманоскопия
*тік ішекті саусақпен қарау
*+перианалды аймақтың сыртқы қарауы
#1227
*!55 жастағы әйелге «Созылмалы парапркотит» диагнозы қойылған.
ЕҢ тиімді қандай операция қолданылады?
*Тирш операциясы
*Гартман операциясы
*+Габриэль операциясы
*Миллиган-Морган операциясы
*Зеренин-Кюммелль операциясы
#1228
*!Емхананың хирургы қараған 25 жастағы әйелде босанғаннан соң геморроидалды түйіннің тромбозы анықталады. Комплексті консервативті ем тағайындалған.
Жергілікті емге ЕҢ тиімді қандай мазь тағайындалады?
*Ихтиол
*Элоком
*+Гепарин
*Левомеколь
*Метилурацил
#1229
*!Емхана хирургында 27 жастағы әйел дефекациядан кейін қан кетуге, артқы өтіс аймағында қышыну пайда болуына шағымданады. Зерттеу барысында «Геморрой» диагнозы анықталған.
Тізімдегілер ішінен ЕҢ тиімді қандай дәрілік зат тағайындалады?
*Гордокс
*Колдрекс
*Ампиокс
*Сефадекс
*+Детралекс
#1230
*!Емхана хирургына 32 жастағы әйел келіп, дефекация кезінде қан кетуге, 2-3 сағатқа созылатын интенсивті ауру сезіміне шағымаданады. Сыртқы қарау кезінде сфинктердің спазмы анықталған.
Дефекациядан кейінгі спазмды азайту үшін нені қолданған тиімді?
*мұз басу
*физиоемдеу
*тұзды ванналар
*тазартқыш клизма
*+жылы марганцовка ванналары
#1231
*!50 жастағы ер адам ауруханаға дефекация кезінде қан кетуге, жалпы әлсіздікке, бас айналуына шағымданып келді. 2-3 сағатқа созылатын интенсивті ауру сезіміне шағымаданады. Қарау кезінде пациентте жалғасып жатқан геморроидалды қан кету анықталды.
Науқасты емдеудің ЕҢ тиімді тәсілі тактикасы?
*+стационарда оперативті ем
*үйінде динамикалық бақылау
*стационарда консервативті ем
*гемостатиктермен амбулаторлық ем
*хирургиялық бөлімшеге жатқызып, бақылау
#1232
*!Емхана хирургына 37 жастағы ер адам артқы өтіс аймағындағы бөгде затты сезінуіне шағымданып келді. Қарау тексеру кезінде «Геморройды» анықтады.
Тізімдегілер ішінен ЕҢ тиімді қандай дәрілік затты тағайындауға болады?*+свечи Релиф
*свечи Осарбон
*свечи Виферон
*свечи Гексикон
*вечи Эффералга
#1233
*!Емхана хирургына 25 жастағы 28-29 апталық жүктілігі бар әйел, артқы өтіс аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексеру барысында «Геморроидалды түйіндердің тромбозы» анықталған.
Осы жағдайда қандай емді қолданған жөн?
*мұз басу
*жылы грелка басу
*тазартқыш клизма
*+майлы бальзамдық таңғыштар
*тромбыланған түйінге гепарин енгізу
#1234
*!Емхана хирургына 40 жастағы әйел артқы өтіс аймағындағы дфекациядан кейінгі 3-4 сағатқа созылатын интенсивті ауру сезіміне шағымаданады. Анамнезінде: іш қатулар байқалады. Қарап тексеру кезінде «аналды сызат» анықталған.
Науқасты бақылаудың ЕҢ қолайлы тактикасы қандай?
*сифонды клизма
*гипертониялық клизма
*дефекациядан кейін мұз басу
*дефекациядан кейінгі тұзды бұлау
*+дефекациядан кейінгі жылы марганцовкалы бұлау
Жедел ішек түйілуі.
#1235
*!Жедел ішек түйілуіне байланысты операция кезінде қарайған ішек ілмегі мен геморрагиялық сұйықтық анықталды. Қандай хирургиялық тактика орындалуы қажет?
*+некрозданған ішек бөлігінің резекциясы
* айналмалы анастомоз орнату
* ваготомия
* колостома шығару
* іш қуысын дренаждау
#1236
*!72 жастағы науқас копростаз клиникасымен түсті. Анамнезінде: созылмалы колитпен ауырады. 7 күннен бері үлкен дәреті жоқ. Ректальды тексеру барысында тығыз массалы нәжіс анықталды. Емдеу іс әрекетін неден бастау қажет?
*ішек перистальтикасын күшейтетін препарат енгізу
* спазмолитиктер
*іш жүргізетін дәрілерді беру
*№10 емдәмді тағайындау
*+сифонды клизма
#1237
*!Жедел ішек түйілу кезіндегі аспаптық зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты болып табылады?
* құрсақ сабауы артериясының ангиографиясы
*ФГДС
*КТ
*+ іш қуысының жалпы шоу рентгенографиясы
*МРТ
#1238
*!57 жастағы науқас механикалық ішек түйілуінің клиникасымен келіп түсті. Анамнезінде: соңғы 2 айда 10 кг дейін арықтаған. Пальпация кезінде оң мықын аймағында қозғалмайтын, тығыз консистенциялы, беті тегіс емес ісік тәрізді түзіліс анықталды.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет?
*+ирригоскопия
*ФГДС
*КТ
*іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
*іш қуысының УДЗ
#1239
*!Ішекте түйін түзілу кезінде хирургтың тактикасы қандай?
*сифонды клизма қою
*+шұғыл операция
*жоспарлы операция
*динамикалы түрде бақылау
*ішек перисталтикасын күшейтетін препараттарды тағайындау
#1240
*!57 жастағы науқаста паралитикалық ішек түйілуінің клиникасы бар. Сұрау кезінде 10 жыл бойы қорғасын зауытында жұмыс істегенін айтты. Іштің жалпы шолу рентгенограммасында ісінген ішек ілмектері анықталады, сұйықтық деңгейі жоқ. Қандай емдеу тактикасы оңтайлы болып табылады?
* шұғыл операция
*+ консервативті ем жүргізу
* жоспарлы операция
* амбулаторлы емдеу
* жоспарлы операция
#1241
*!Қабылдау бөлімшесіне 63 жастағы науқас келіп түсті, түскен кездегі шағымдары: ішінің толғақ тәрізді ауыруы, ішінің кебуі, жүрегінің айнуы, құсу, үлкен дәретінің болмауы, газының шықпауы. Қарап тексергенде іші ассиметриялы түрде ісінген, перкуссия жасағанда кей жерлерде металл қосындысымен жоғарғы тимпанит анықталады. Диагнозды нақтылау үшін төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын тағайындау қажет?
*ирригоскопия
* компьютерлітомография
*ФГДС
*+ іш қуысының шолу рентгенографиясы
* іш қуысының УДЗ
#1242
*!15 жасар бала қабылдау бөлімшесіне ішінің ұстама тәрізді ауру сезіміне, жүрегінің айнуына, құсуға, ішінің кебуіне шағымданып түсті. Пальпация жасағанда оң жақ мықын аймағында сопақша тәрізді қатайған түзіліс анықталады. Тік ішекті саусақпен тексергенде сфинктер тонусы сақталған, саусақ ұшында таңқурай желесіне ұқсас нәжіс қалдығы анықталды. Науқасқа «Илеоцекальды инвагинация» болжамалы диагнозы қойылды. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды нақтылауға көмектеседі?
*+ирригоскопия
* компьютерлі томография
*ФГДС
* Іш қуысының шолу рентгенографиясы
* Іш қуысының УДЗ
#1243
*!Қабылдау бөлімшесіне 37 жастағы ер кісі ішінің кебуіне, жүрегінің айнуына, құсуға, газының шықпауына шағымданып түсті. 3 жыл бұрын асқазанның перфоративті ойық жарасына байланысты оперативті ем жасалған. Қарап тексергенде ішінің ортаңғы сызық бойымен қабыну белгілері жоқ 15 см болатын операциядан кейінгі тыртық анықталады. Іші ассиметриялы кепкен, ішке перкуссия жасағанда барлық аймақтарда тимпанит бар. Іш қуысының шолу рентгенограммасында Клойбер тостағаншалары мен Керкринг қатпарлары анықталады. Науқасқа «Жедел жабыспалы ішек түйілуі» болжамалы диагнозы қойылды. Аталған жағдайда көрсетілген емдеу тактикаларының қайсысын қолданған дұрыс?
*+шұғыл операция жасау
*консервативті ем жүргізу
*жоспарлы түрдегі операция
*инфузионды терапия, тазалау клизмасы
*назогастральды зонд арқылы ішектің стимуляциясын жүргізу
#1244
*!50 жастағы науқасты шұғыл түрде механикалық ішек түйілуіне байланысты операцияға алды. Операция барысында сигма тәрізді ішектің бұралуы анықталды, бірақ ішектің өміршеңдігі сақталған. Көрсетілген операциялардың қайсысы осы жағдайда тиімді?
*+сигма тәрізді ішектің деторциясы
*сигма тәрізді тоқ ішектің резекциясы
*колостома шығару
*айналмалы анастомоз орнату
*сол жақты гемиколэктомия
#1245
*!67 жастағы науқас жедел ішек түйілуі клиникасымен түсті. Анамнезінде: жабыспалы ішек түйіліне байланысты 3 рет оперативті ем жасалған. Іш қуысының шолу рентгенограммасында ішек аркалары, Клойбер тостағаншалары және Керкринг қатпарлары анықталды. Науқас шұғыл түрде операцияға алынды. Операция барысында жіңішке ішектің некрозданған бөлігі анықталды. Көрсетілгендердің оперативтік тактикалардың қайсысы орындалуы керек?
*+некрозданған ішек бөлігінің резекциясы
* айналмалы анастомоз орнату
* илеостома орнату
* жабыспаларды ажырату
* ішекті екі қуысты трубкамен интубациялау
Эхинококк. Альвеококк
#1246
*!48 жастағы ер адамға бауырының оң жақ бөлігінің эхинококкозы деген диагноз қойылды.
Осы жағдайда науқасқа НЕҒҰРЛЫМ радикалды емді анықтаңыз?
*химиотерапия
*сәулелі терапия
*эхинококкоз кистасын пункция арқылы дренаждау
*қанды УФС
*+эхинококкэктомия
#1247
*!52 жастағы әйел адамда бауыр эхинококкозы диагнозына күмәнданады.
Диагнозды анықтау үшін НЕҒҰРЛЫМ мәліметті қандай тексеру әдісін тағайындайсыз?
*+Кацони сынамасын
*лейкоцит денгейін
*Манту сынамасын
*жөтелу толқыны сынамасын
*эритроцит денгейін
#1248
*!43 жастағы ер адамға бауырдың эхинококкозының іріңдеуі деген диагноз қойылды.
Қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*консервативтік ем
*эхинококкоз кистасын пункциялау
*+шұғыл түрде операция жасау
*жоспарлытүрде операция жасау
*УД бақылауымен тері арқылы холецистостомия
#1249
*!36 жастағы ер адамға бауырдың VI-VII сегменттерінің көптеген эхинококкоз кисталары диагнозы қойылған.
Қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*химиотерапия
*консервативті ем
*бауыр кистасын пункциялау
*торакотомия, эхинококкэктомия
*+лапаротомия, эхинококкэктомия
#1250
*!40 жастағы ер адам, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімге шағымданады. Өзінің айтуы бойынша анда-санда терінің бөртпелері мен қышынғаны болатынын айтады. Шопан болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде және УДЗ кезінде бауырдың сол жақ бөлігінде ісік тәрізді түзіліс анықталады.
Диагнозын анықтау мақсатында НЕҒҰРЛЫМ мәліметті қандай қосымша тексеру әдісін жүргізесіз?
*ФГДС
*лапароскопия
*колоноскопия
*+құрсақ қуысы ағзаларының КТ
*гепатобилиарлы жүйесінің сцинтиграфиясы
Варикоз
#1251
*!Көрсетілген операциялардың қайсы түрін аяқтың перфорантты веналарының бұзылысында жасаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*Бебкокк
*Нарат
*Маделунг
*Троянова-Тренделенбург
*+Линтон
#1252
*! Төменде көрсетілген қандай ауру кезінде Линтон операциясын жасаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*аяқ артерияларының бітелуінде
*Рейно ауруында
*беткей веналардың жеделфлеботромбозында
*қант диабетінде
*+созылмалы вена жетіспеушілігінде
#1253
*!Науқас 30 жаста, жүктіліктің 28 аптасында «Оң аяғының тері асты венасының жедел өрлемелі тромбофлебиті» диагнозы қойылды. Анамнезінде: аяқ веналарының варикозды кеңеюімен 5 жылдан бері ауырады, тексерілмеген және емделмеген.
Қандай емдеу әдісін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*+Троянова-Тренделенбург операциясы
*аяқты эластикалық бинтпен байлау
*антикоагулянтты ем
*склеротерапия
*Линтон операциясы
#1254
*!27 жастағы әйелде босанғаннан кейін сол жақ аяғының тері асты веналарының кеңеюі байқалған. Ангиохирургтың қабылдауында болып «Сол жақ аяғының беткей веналарының варикозды кеңеюі» деген диагноз қойылған.
Бұл жағдайда қандай емдеу әдісін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*тоннелдеу тәсілі арқылы тері асты венасын алып тастау
*зонд көмегімен тері асты венасын алып тастау
*+склеротерапия
*аяқты эластикалық бинтпен байлау
*коммуникантты веналарды фасция үстінен байлау
#1255
*!Жас әйелде аяғының варикозды кеңейген веналары бар. Анамнезінде: варикозды кеңейген веналарына бірнеше рет склеротерапия алған. Бірақ әсері болмаған.
Бұл жағдайда қандай емдеу әдісін жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*склеротерапияны жалғастыру
*аяқты үнемі эластикалық бинтпен байлап жүру
*антикоагулянтты терапия
*Линтон операциясы
*+Бэбкок-Нарат бойынша флебэктомия