Диагностика әдістері

Зерттеу әдісі анамнез жинаудан басталады. Аурудың ұзақтығы және етеккірмен байланысы анықталады. Мұнда мүмкін болатын эндогенді және экзогенді факторларды анықтау керек.

Қарау іш терісінен, шап аймағынан, қасаға аймағынан және перианальді қатпардан басталады. Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда түсіне, ісінуне, бөлініске көңіл аудару керек. Бартолинді бездерін сипап қарағанда, уретра ернеулері қаралады.

Уретрадан, цервикальді каналдан, қынаптан жұғынға және егуге материал алынды. Аурудың зертханалық диагностикасы бактериялогиялық, культуральдық және серологиялық зерттеулер кешенінен тұрады. Грам бойынша боялған нативті препаратты зерттейді, сабуро ортасына егеді. Серологиалық зерттеулер ішінде ең маңызды ашықтын тәрізді антигенмен комплемент байланыстыратын реакция. Оң зертханалық нәтижелерді клиникалық көріністермен бірге ғана бағалайды.

Урогенитальді кандидозды емдеу

Урогенитальді кандидозбен ауыратын науқастардың емі комплексті,кезеңді.Емдеу кезіндегі негізгі шарттардың бірі: кортикостероидтерді,цитостатиктерді,антибиотиктерді қабылдамау

№ 2 таблица

Урогенитальді кандидоздың жалпы және жергілікті емі

Препарат Бірліктік мөшелері Тәуіліктік мөшелері Курстық мөшелері
Полиенді Антибиотиктер      
нистатин 500 000.бірл. 1000000 млн.бірл. 2 000000.бірл. 4 000000.бірл. 10-14-20 күн 40-56-8000000 бірлік
Леворин 500 000.бірл. 10-,5 000000. бірл. 10-15 күн 15-22,5000000 бірлік
Микогептин 500 000 бірл. 500 000 бірл. 10 күн 5000000 бірлік
Амфоглюкомин Амфотерецин В Кок тамыр 1 тамшы/1 кг    
Имидазолдар Кетоконазол Миконазол 0,2 г 0,4г 2-4 г 5-10 күн
Интраконазолдар Орунгал Клион 0,2г 0,2-0,4 г 0,2 г күніне 2 рет -10 күн
Флюканазолдар Дифлюкан Дифлюкан 150 мг 1 ретті 50 мг күніне 1 рет 7 күн   1 ретті 50 мг күніне 1 рет 7 күн

Жергілікті ем үшін қолданылады

Жергілікті ем

Клотримазол - вагинальды таблетка, крем 2 % , мазь 1% 1 рет күніне интравагинальды 7-10 күн.

Нистатин - вагинальды свеча күніне 1 рет интравагинальды 7-10 күн.

Клион Д 100 - вагинальды таблетка күніне 1 рет интравагинальды 7-10 күн

Гино - тровоген - вагинальды шариктер интровагинальды бір ретті.

Пимафуцин - вагинальды таблеткалар 0,025 , вагинальды свеча 0,1 г түнде 1 таблетка немесе свеча 6-10 күн аралығында.

Жүктілердегі урогенитальді кандидозда қолданылады

Жергілікті ем

Клотримазол - қынаптық таблеткалар күніне 1 рет интравагинальді 7-10 күн.

Нистатин - қынаптық свеча күніне 1 рет интравагинальді 7-10 күн.

Гино-травоген - Қынаптық шариктер интравагинальді 1 ретті.

Пимофуцин - қынаптық таблеткалар 0,025 г, қынаптық свеча 0,1 г түнде 1 таблетка немесе свеча 6-10 күн аралығында.

Микобиоценозын қалпына келтіру

Эпиген интим ( спрей ) - күніне 3-4 рет 6-7 күн аралығында.

Лактобактрим - қынаптық тампондар 10 күн аралығында.

Ацилакт - қынаптық тампондар 10 күн аралығында.

Бифидумбактрим - қынаптық тампондар 10 күн аралығында.

Генитальды ұшық

Генитальді ұшық – жыныстық жолмен жұғатын, кең көлемде таралған ауру. Генитальдық ұшық қоздырғышы Herpesviridae, α-герпесвирус туыстастығына жататын қарапайым ұшық вирусы болып табылады.

Генитальді ұшық бір уақытта жедел қабынудың пайда болуымен сипатталады. Ол шамалы қызарған дақ реңінде, көлемі түйреуіштің басындай, мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.Сұйықтық біртіндеп бұлыңғырланады. Герпестік инфекцияның ерекшелігі болып вирусты өмір бойы тасымалдаушылық болып табылады, ол белгілі бір фактор әсерінен реактивациясы болуы мүмкін.

Қарапайым ұшық вирусі қанның иммунокомпетентті торшаларына тропты, адам ағзасының әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Негізгі жұғу жолы – жыныстық. Гениталийдің біріншілік инфекцирленуі орогенитальдық қатынаста сілекей арқылы, тұрмыстық заттар арқылы (төсек жапқыштары), жеке тазалық заттары арқылы, сонымен қатар әртүрлі медициналық манипуляциялар жасағанда жұғуы мүмкін.

Генитальді ұшықта зақымдалған жыныс мүшелерінің кілегей қабаттарының терісі АИВ және т.б. венерологиялық аурулар үшін кіру қақпасы болуы мүмкін. Қайталанбалы генитальді ұшықта науқастарының қалыпты жыныстық қызыметі бұзылады.

Ұрықтың іштен гематогендік жолымен және босану барысында зақымдалуы неонатальдық кезеңде летальді аяқталуы мүмкін.

Жіктелуі

Ι. Қабыну сипатына байланысты:

1. Жедел.

2. Созылмалы.

ΙΙ. Ағымы бойынша:

1. Біріншілік.

2. Қайталамалы.

ΙΙΙ. Орналасуына байланысты:

1. Генитальды ұшық.

Әйелдерде:

А. Үлкен және кіші жыныс ернеулері.

Б. Вульва.

В. Клитор.

Г. Қынап.

Д. Жатыр мойны.

Ер адамдарда:

А. жыныс мүшесінің басы.

Б. шеткі тән.

В.уретра.

Г.тері.

3. Герпестік проктит

Біріншілік ұшық

Инкубациялық кезеңнен кейін 1-10 күн басталады және келесі қайталамалар ауырлығымен және ағымының ұзақтығымен сипатталады. Науқастарда субфебрильді дене қызуы, жалпы әлсіздік, шап аймағының лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауырсынуы байқалады.

Біріншілік ұшықтың типтік клиникалық көрінісі жыныс мүшелеріде, кілегей қабаттарнда эритематоздық фонда струпты элементтердің пайда болуымен сипатталады. 1-2 күннен кейін көпіршіктер жарылып эрозияға айналады. Науқастарды қышу, ашу сезімі, зақымдалған аймақтардың ауырсынуы мазалайды. Біріншілік ұшықта жедел кезең ұзақтығы 3-5 аптаға созылуы мүмкін.

Қайталамалы генитальды ұшық

Қарапайым ұшық вирусы инфекциясымен зақымдалғандардың көбінде үрдіс қайталамалы сипатқа алады.

Қайталамалы генитальді ұшық үшін көпіршіктердің ерте жарылуы және субъективті көріністердің айқындылығы тән.

Манифестті түрі кайталамалы көпіршікті бөртпелермен сипатталады. Қайталамалы генитальді ұшықтың жиі өршуі науқастардың жалпы жағдайының бұзылуымен жүреді.

Асқынуға дейін 12-48 сағат бұрын жалпы және жергілікті көріністер пайда болуы мүмкін: қышыну, ашу сезімі, қабыну орындарында ауырсынулар, регионарлық лимфаденит, интоксикация көріністері, вирусемия (бас ауруы, қалтырау, субфебрильді дене қызуы). Жеке жағдайларда инфекциялық үрдіске жүйке жүйесінің өзгерістері қосылады.

Қайталамалар сан және балтыр терісінің парестезиясымен жүреді. Генитальды ұшыққа бел-сегізкөз аймағында, кіші жамбас мүшелерінің ауырсыну сезімдерінің болуы тән. Көпіршік сұйықтығын вирусологиялық зерттегенде ЖҰВ анықталады.

Абортивті түрінде зақымдалу ошағы эритематоздық фонда папулезді элемент түрінде, эрозия, ісінген дақ ретінде болуы мүмкін.

Генитальді ұшықтың атипті түрінде тері және кілегей қабаттарда зақымдалу ошақтары болмауы мүмкін. Бұл жағдайда клиникалық көрініс вульваның гиперемиясымен және диффуздық ісінуімен сипатталады.

Қайталамалы генитальді ұшықтың қышымалы түрі болуы мүмкін, бұл үшін айқын қышыну тән.

Субклиникалық түрімикросимптоматикамен көрінеді, аз уақытта (1-3 тәулік) пайда болған жарылулардың қышынумен бірге жүреді. Кейде субъективті сезімдер болмайды, осының салдарынан науқастардың емдеу мекемелеріне қаралуы төмен.

Эпидемиологиялық аспектте атипті және субклиникалық формалар герпес инфекциясының таралуына қауіпті факторлар болып табылады. Бұл түрлерінде клиникалық көріністер фонында қоршаған ортаға ЖҰВ белсенді бөлінуі жүреді.

Шықтық уретрит

Зәр шығару кезінде ауырсынулармен және дизуриялық көріністермен сипатталады. Қараған кезде уретраның сыртқы тесігінің гиперемиясы және кілегейлі бөліністер байқалады. Уретроскопия кезінде уретраның алдыңғы бөлігінде ұсақ беткейлік эрозиялар табуға болады.

Шықтық проктит

Науқастарды қышу, ашу және ауырсыну сезімі, ұсақ эрозиялар, кілегейлі бөліністер мазалайды. Ректоскопия кезінде катаральдық қабыну, кейде эрозия анықталады.

Әйелдерде ішкі жыныс мүшелерінің герпестік зақымдалуы эндоцервицит, жатыр мойнының эрозиясы, вагинит түрінде болады. Көбіне науқастар қынаптан әртүрлі сипаттағы және интенсивтегі бөліністердің болуына шағымданады. ЖҰВ – эндоцервит, ЖҰВ –сальпингоофорит диагнозы дәрігерлермен қойылады.

Генитальді ұшық кезіндегі ауырсыну синдромы маңызды орын алады.

Наши рекомендации