Метилен көгі 2% ерітіндісі

2. 20% сутек асқын тотығы ерітіндісі

3. 5% нистатин суспензиясы

Ацикловир 50 мг\кг тәулігіне

5. Дифлюкан 5 мг 1 кг дене салмағына

378. 2 апталық қыз бала. Емшек емген кездегі мазасыздыққа шағымданады. Анасы антибиотик қабылдаған. Объективті: ұрттың, тілдің, қатты таңдайдың, еріннің шырышты қабатында гиперемия фонында ірімшікті, кейбір жерлері пленкалы жабындымен байқалады.

Келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы ең маңызды? :

1. Жалпы қан анализі

2. BL аңқадан жағынды алу

3. Райт бойынша жағындыны бояу

+4. Бактериологиялық себінді

6. Иммунофлюоресцентті зерттеу

379. 6 жасар ұл бала. Дене қызуының 38˚С дейін көтерілуіне, тамақ ішкендегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: ұрттың, тілдің, қатты таңдайдың, еріннің шырышты қабаттары қызарған, ісінген, бірен-саран папула мен көпіршіктер, еріннің шеткі жиектерінде қою қоңыр түсті массивті қабыршықтар көрінеді. Гиперсаливация айқын, ауыз бұрышы мацерацияланған.

Келтірілген дәрілік заттардың қайсысын қолданған жөн? :

Калий перманганаты ерітіндісін сыртқа

+2. Ацикловир 0,25х 4 ішке

3. Итмұрын майы 3 рет сыртқа

4. Флуконазол 5мг/кг ішке

5. Преднизолон 2мг\кг ішке

380. Төменде келтірілген температура қисықтарының қайсысы безгекке тән?:

1. Тұрақты (febris continua)

2. Қалжырататын (febris hectica)

3. Ремиттеуші (febris remittens)

4. Ауыспалы (febris itermittes)

+5. Қайтпалы (febris recurrens)

381. 13 жастағы қыз бала. Дене қызуының жоғарлауына, қалтырауға, түндегі тершеңдікке, буындардағы ауырсынуға шағымданады. Қарап-тексергенде: дене қызуы 39,20С, терісі ылғалды, қолтық асты лимфа түйіндері ІІІ-ші дәредеге дейін ұлғайған, геморрагиялық бөртпелелер анықталады. Жүрек тондары тұйықталған,ритмі дұрыс емес,жүрек ұшында шу естіледі , пульсі 102 рет минутына, артериальды қан қысымы 85/60 мм.с.б.б. Іші оң жақ қабырға астында ауру сезімді, бауры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы.

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?:

+1. Инфекциялық эндокардит

2. Ревматикалық қызба

3. Вирусты гепатит

4. Геморрагиялық васкулит

5. Лимфогранулематоз

382 11 жастағы қыз бала. Екі күн бойы дене қызуының жоғарлауына, жұтыну кезіндегі тамақтағы күрт ауырсыну сезіміне шағымданады. Қарап-тексергенде: дене қызуы 390С , таңдай бадамша бездерінің айқын гиперемиясы мен ұлғаюы, аралшықтары сары-ақ түсті, бадамшалар борпылдақ жабындымен жабылған, ауру сезімді, склералары инъецирленген, артериальді қан қысымы 85/60мм.с.б.б., пульсі 102 рет минутына.

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ? :

1. Аңқа күлі

+2. Лакунарлы баспа

3. Симановский баспасы

4. Паратонзиллярлы абсцесс

5. Инфекционды мононуклеоз

383. 12 жасар ұл бала. Қатты басының аурына, құсуга, көздің жасауратуына, тітіркенгіштікке шағымданады. Бір апта бұрын респираторлы инфекцияны өткерген. Қарап-тексергенде: делсал, тері жабындылары ыстық, денесінің барлық бөлігінде жұлдызшалы геморрагиялық бөртпелер бар, дене қызуы 39,8°С, фотофобия, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский белгілері оң. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, қан қысымы 90/60мм.с.б.б.

Келтірілген болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?:

1. Энцефалит

+2. Менингококцемия

3. Геморрагиялық васкулит

4. Инфекционды эндокардит

5. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

384. 3 айлық қыз бала. Шағымдары: дене қызуының 39,3оС дейін жоғарлауына, ұйқышылдық, тамақ жеуден бас тарту, енгтігу, мазасыздық. Қарап-тексергенде: тері жабындылары бозғылт, мәрмәр суретімен, аяқ-қолдары құрғақ, суық. Тыныс алу жиілігі 67 рет 1 минутына, пульсі 120 рет 1 минутына. Өкпесінде әлсіреген тыныс, жергілікті крепитацияланатын сырылдар. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин 105 г/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ АЛДЫМЕН жүргізу қажет?:

Рентгенография

2. Электрокардиография

3. Компьютерлі томография

4. Бронхография

5. Қанның газдық құрамын анықтау

385. 12 жастағы ұл бала. 1 ай бұрын төменгі жақтың операциясын өткерген. Шағымдары: дене қызуның жоғарлауы, ентәігу, түнгі тершеңдік, көруі нашарлаған. Қарап-тексергенде: арықша келген, тері түсі «сүт қосылған кофе» тәрізді, алақан және табанда қызыл дақтар. Дене қызуы 39,3оС . Жүрек тондары тұйық, аритмді. Артериальды қан қысымы 90/60 мм.с.б.б. Окулисттің қарауы: көз түбінде торлы қабыққа ақ орталығы бар қан құйылу ошақтары бар.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын ЕҢ АЛДЫМЕН жүргізу қажет? :

+1. Бактериологиялық себінді

2. Коагулограмма

3. С- реактивты белок

4. Жалпы зәр анализі

5. Жалпы қан анализі

386. 9 айлық ұл бала. Шағымдары: аяқ қолдарының тырысулық тартылыстары. Қарап тексергеде: балада психомоторлы даму артта қалған, микроцефалия.Терісі толық дермит элементтерінен айырылған, науқастан тышқан иісі шығады. Аяқтарында еріксіз тырысулар байқалады .

Келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?:

1. Эпилепсия

2. Галактоземия

+3. Фенилкетонурия

4. Гликогеноз 1 типті

5. Перинатальді энцефалопатия

387. 5 айлық ұл бала. Шағымдары: жылаған кезде бетінің тырысуымен басталып,денесі мен аяқ-қолдарына тараған тырысулар.Объективті: айқындалған маңдай және шүйде төмпешіктері қабырғалардағы таспиықтар. Үлкен еңбегі 2,5-2,5 см, шеттері тығыз.Кеуде қуысы төмеңгі бөлімдерінде бұрылған. Биохимиялық қан анализінде: кальций 1,2 ммоль/л, фосфор 0,9 ммоль/л.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?:

+1. Рахит

2. Эпилепсия

3. Спазмофилия

4. Фосфат-диабет

5. Гипервитаминоз

388. 6 айлық қыз бала.Шағымдары: Кенеттен пайда болған қиындатылған шулы тыныс.Объективті: бала үрейленген,ашық ауызбен «ауаны ұстайды».Терісі цианозды,беті мен денесінде суық тер.Маңдай және төбе төмпешіктері шамалы айқындалған,қабырғаларында таспиықтары бар.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?:

1. Рахит

2. Эпилепсия

+3. Спазмофилия

4. Фосфат-диабет

5. Гипервитаминоз Д

389. 1 жас 5 айлық ұл бала.Шағымдары:АКДС-4 егуінен кейін пайда болған қысқа мерзімді клонико- тоникалық тырысулар .Алдыңғы егуге ондай реакция болмаған.Объективті: дене қызуы 38,70С.Өкпесінде тынысы бұзылмаған.Пульсі 140 рет минутына.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?:

+1. Фебрильді тырысулар

2. Гипервитаминоз Д

3. Спазмофилия

4. Эпилепсия

5. Рахит

390. 2 жастағы ұл бала. Жедел ауырды. Шағымдары: қайталамалы құсу,қысқа мерзімдік тырысулар,ес жоғалту.Объективті: бала ұйқышыл,басын артқа шалқайтумен мәжбүрлі қалыпта,ыңырсиды. Температура 390С. Терісі сұр түсті, кеудесінде,ішінде,аяқ қолдарында мөлшері 3тен 7 мм дейін геморрагиялық бөртпелер бар.Өкпесінде қатаң тыныс . Пульс- 130 рет минутына.Іші жұмсақ,бауыры қабырға доғасынан І см шығып тұр.

Келтірілген диагностикалық зерттеудің қайсысы маңызды ?:

1. Жалпы қан анализі

2. Стернальді пункция

+3. Жұлын пункциясы

4. Серологиялық зерттеу

5. Бактериологиялық зерттеу

391. Бала 5 жаста, салмағы 20 кг. Эпилепсиялық ұстама кезінде 0,5% седуксен еңгізу қажет.Қандай дәрі көлемі еңгізу үшін ЕҢ тиімді?

1. 0,5 мл в/в

+2. 1,0 мл в/в

3. 1,5 мл в/в

4. 2,0 мл в/в

5. 2,5 мл в/в

392. 9 айлық ұл бала. Дене қызуының 38,80С дейін көтерілуіне,құрғақ иттің үргеніндей жөтел, мұрыннан шырышты бөліністерге шағымданады. Объективті: дене қызуы 38,20С дейін жоғарлаған. Дауысы қарлыққан. Аңқасы айқын емес гиперемияланған. Тыныс алу жиілігі 60 рет минутына. Өкпесінде қатаң тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсі минутына 130 рет. Кеуде қуысының рентгенограммасында: тамырлық сурет күшейген.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?:

1.Қызылша

2. Грипп

+3. Парагрипп

4. Реовирусты инфекция

5. Аденовирусты инфекция

393. 4жасар ұл бала. Дене қызуының 390С дейін жоғарлауына, құсу, тәбеттің болмауына шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, жақасты лимфа түйіндері үрмебұршақ мөлшеріндей. Аңқасы гиперемияланған, аңқаның артқы қабырғасы ісінген, дәнді. Қабағы ісінген, көз конъюнктивасы гиперемияланған іріңсіз фолликулдармен. Тыныс алу жиілігі минутына 35 рет. Өкпесінде қатаң тыныс. Пульсі минутына 120 рет. Жүрек тондары тұйықталған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?:

1. Паратұмау

2. Қызылша

3. Реовирусты инфекция

4. Тұмау

+5. Аденовирусты инфекция

394. Балабақшадағы жүзу бассейніндегі жаттығулардан үш күннен кейін бірнеше балалар ауырып қалды. Барлығында субфебрильді температура, тұмау, жөтел, конъюнктивит бар. Екі балада қабақ ісінуі, көзден іріңді бөліністер, қабақтағы тығыз ақ-сұр жабынды байқалады.

Келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ маңызды?:

1.Жалпы қан анализі

2. Биохимиялық қан анализі

3. ВL аңқа мен мұрыннан бак себінді алу

+4. Иммунофлюоресценции реакциясы

5. Көздің іріңді бөліністерін микроскопиялау

395. 7 айлық ұл бала. Жөтел, тұмауға шағымданады. Объективті: дене қызуы 38,30С, қабағы ісінген, конъюнктива гиперемияланған. Төменгі қабақтарында оңай алынатын ақ жабын бар. Аңқаның артқы қабырғасындағы миндалина мен фолликулдар ұлғайған, аңқасы гиперемияланған. Мұрынмен тыныс алу қиындаған. өкпесінде қатаң тыныс, өткізгішті сырылдар. Жүрек тондарының ритмі дұрыс. Пульс 132 рет минутына. Кеуде клеткасының рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі.

Бұл жағдайда ЕҢ дұрыс емді таңдаңыз?

1. Амброксол 2,5 мл х 3 ішке

2. Амоксиклав 25 мг\кг х2 ішке

3. Эхинацея сироп 5 тамшы х 3 ішке

+4. Көп мөлшерде жылы сұйықтық, парацетамол 0,025 х3 ішке

5. Гриппке қарсы иммуноглобулин 400 АГЕ\мл

396. 5 жасар қыз бала. Шағымдары: құрғақ жөтел, іштегі ауырсыну сезімі, қайталамалы құсу. Объективті: дене қызуы 400С . Бет, мойын терісінде петехиальды бөртпелер, склералары инъекцияланған, мұрыннан шамалы шырышыт бөліністер. Аңқасы қызарған, тыныс алу жиілігі 48 рет минутына. Өкпесінде бірен-саран құрғақ сырылдар. Қан анализі : эритроциттер 3,5х1012/л,гемоглобин 120г/л, лейкоциттер 7,0 х109/л; таяқшаядролылар 3%, сегментядролылар 41%, эозинофилдер 2%, лимфоциттер 45%, моноциттер 9%, ЭТЖ - 10 мм/сағ.

Қайсы лабораторлық зерттеу ЕҢ ақпаратты?

1. Риноцитоскопия

2. жалпы қан анализі

3. Лейкоциттердің цитохимиясы

4. Биохимиялық қан анализі

+5. Иммунофлюоресцентті реакция

397. 5 жасар ұл бала тұмаумен ауыруда. Алтыншы күні қайтадан дене қызуы 39 градусқа жоғарлаған, жалпы жағдайы нашарлаған, бас ауруы, құсу, тырысулар пайда болған. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,2х1012/л,гемоглобин 120г/л, лейкоциттер 3,0 х109/л; таяқшаядролылар 1%, сегментоядролылар 23 %, эозинофилдер 2%, лимфоциттер 66%, моноциттер 8%, ЭТЖ 6 мм/сағ.

Қандай зерттеулер Ең маңызды?:

1. Риноцитоскопия

+2. Жұлын пункциясы

3. Лейкоциттердің цитохимиясы

4. Вирусологиялық зерттеу

5. Иммунофлюоресцентті реакция

398. ЖРВИ болған 7айлық балада аурудың 4-ші күні жағдайы нашарлаған,дене температурасы қайта көтерілген 37,80С –қа дейін,экспираторлық ентікпе, оральды сырылдар пайда болған. Аускультацияда–тыныс шығару ұзарған, екі жақты құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.Қанның жалпы талдауында– Лейк – 5,8х109 \л, э – 14%, т\я – 1%, с – 48%, л- 29%, м- 8%, ЭШЖ – 3 мм\сағ.

Науқаста төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

1. Бронхиолит

+2. Обструктивті бронхит

3. Рецидивтеуші бронхит

4. Пневмония

5. Плеврит

399. 3жастағы бала. ОРЗ-дан кейін денесінде көгеру, петехиялар,мұрын және қызыл иектен қанағыштық пайда болған. ҚЖТ-да : эрит-4,6х1012/л, Нв-130г/л, ТК-0,9 лейкоц-7,4х109/л, тромб-50мың., СОЭ-5мм/сағ.

Науқаста төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?:

+1.Идиопатиялық тромбоцитопения

2. лейкоз

3. тромбоцитопатия

4. геморрагиялық васкулит

5. Виллебранд ауруы

400. Төменде көрсетілген қай ауру тұрмыстық заттардан жұғады?:

Гименолепидоз

2. Трихинеллез

3. Тениоз

4.Дифилоботриоз

+5. Описторхоз

401. 7 жасар ұл бала. Мектепке рәсімдеу үшін емханаға келді. Шағымдары жоқ. Тері жабындылары таза, түсі қалыпты, аңқасы өзгеріссіз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин 105 г/л, лейкоциттер 6,7х109/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 0,033%о, жалпақ эпителий 1-2 көру алаңында, лейкоциттер 2-3 көру алаңында , оксалаттар ++. Үш қайта перианальді жағындыда - острицалар .

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ болжамды?:

Тениоз

2. Аскаридоз

3. Описторхоз

+4. Энтеробиоз

5. Гименолепидоз

402. 9 жасар ұл бала. Шағымдары: тәбетінің төмендеуі, мезгілмен бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, кейде құсу, мерзімді іштің тұйық және сыздап ауруы. Қарап-тексергенде: баланың дене қалпы астеникалық, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систоликалық шу. Іші жұмсақ, кіндік аймағында шамалы ауырсыну сезімі, бауыры қабырға доғасынан 1,0 см шығыңқы. Нәжісі сұйық, шырышпен. Нәжіс анализінде- ергежейлі цепень жұмыртқасы.

Қандай ем тағайындаған ЕҢ тиімді?

:+1. Никлозамид

2. Вермокс

3. Декарис

4. Асқабақ тұқымы

5. Укроп тұқымы

403. 8 жасар қыз бала мен анасы жанұялық дәрігерге келді. Шағымдары: арықтау, бас ауруы, бас айналу, көп мөлшерде сілекейдің бөлінуі, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі, нәжісінің тұрақсыз болуы және іштегі ауырсыну сезімі. Қарап-тексергенде физикалық дамудың артта қалуы, көзге көрінеітн шырышты қабаттар мен тері жабындылары иктериялық, теріде бөртпелер, шамалы гепатомегалия байқалады. Нәжіс анализінде-кошачья двуустка жұмыртқалары.

Төменде берілген қандай дәрілік заттарды тағайындаған ЕҢ тиімді?:

Хлоксил

2. Пирантел

+3. Мебендазол

4. Никлосамид

5. Немозол

404. 10 жасар қыз бала. Бөртпеге, дене қызуының жоғарлауына, жөтелге, дисфагияға, дауысының қарлығуына, іш ауруына, сұйық нәжіске шағымданады. Қарап тексергенде: терісінде папулезді, домалақ пішінді қасу іздері бар эритематозды бөртпелер. Өкпесінде қатаң тыныс, әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Іші кепкен, ауру сезімді. жалпы қан анализінде: : эритроциттер 3,6х109/л, гемоглобин 90 г/л, эозинофилдер 40%.

Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ болжамды?:

1.Энтеробиоз

+2. Анкилостомоз

3. Трихинеллез

4. Гименолипедоз

5. Аскаридоз

405. 4 жасар қыз бала. Артқы өтіс аймағындағы және аралықтың қышуына, ұйқысының бұзылысына, тісін «қайрауына», тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Балабақшаға барады.

Қарап-тексергенде: аралықтың терісінде қасыну іздері бар. Нәжісі сұйық, шырышпен.

Төменде келтірілген қандай зерттеулер жұқтыруды ЕҢ жақсы анықтайды?:

+1. Перианальды қатпарлардың жағындысы

2. Тампон әдісі

3. Тырнақ асты пластинасынан жағынды алу

4. Нәжісті құрт жұмыртқасына зерттеу
5. Жабысқақ мөлдір таспаны салу

406. Отбасылық дәрігер 4 жасар баланы қарағанда анус аймағындағы тітіркену және қасу іздеріне назар аударған.

Төменде көрсетілген аурулардың қайсысында бұл симптом диагностикалық ЕҢ маңвзды?

1.Аскаридоз

+2.Энтеробиоз

3. Лямблиоз

4.Тениоз

5. Описторхоз

407. Профилактикалық тексерісте 3жасар балада острица жұмыртқалары анықталған.Осы пациентке қатысты дәрігердің ЕҢ дұрыс тактикасы қандай?

1. антибактериалдық препараттар

2. антибиотиктер

+3. пирантел

4. стероидты емес кабынуға карсы препараттар

5. антигистаминдік заттар тағайындау

408. Төменде келтірілген зертханалық әдістердің қайсысы лимфогранулематоз диагнозын қоюда ЕҢ маңызды болып табылады?:

1. Ішастар арты лимфа түйіндерді радиоизотопты сканирлеу

2. Тікелей төменгі лимфография рентгеноконтрасты затпен

3. Кеуде клеткасының томографиясы

4.Сүйек кемігінің стернальді пункциясы

+5 .Лимфа түйіндерді гистологиялық зерттеу

409. 9 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, құрсақ пен аяқта ауру сезімі. Объективті: дене қызуы 37,80С. Бозарған, барлық топ лимфа түйіндері фасольдің мөлшеріне дейін ұлғайған. Құрсақ жұмсақ, бауыр өлшемдері 7-8-12 см, көкбауыр кіндік тұсында .ЖҚТ: эр. - 2,0 х1012/л, Hb - 72 г\л, ТК- 0,9, лейкоц. 44,4 х 109/л, базофильдер - 3, эозинофильдер - 5, миелобластар - 6,промиелоциттер - 3, миелоциттер - 10, жас - 4, таяқшаядролы 9, сегментоядролы 35, лимфоциттер -21, моноциттер 4, ЭТЖ 48 мм/ч, тромбоциттер 120 х109/л. Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?:

1. Сепсис

2. Лимфогранулематоз

3. Апластикалық анемия

+4. Созылмалы миелолейкоз

5. Гоше ауруы

410. 12 жасар қыз. Шағымдары: тамақта ауру сезімі, артқы – мойындық, шүйделік лимфа түйіндердің ұлғаюы. Объективті: дене қызуы 37,90С. Артқы – мойындық, шүйделік лимфа түйіндер орман жаңғағының көлеміндей ұлғайған, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Аңқа қызарған, жұмсақ таңдайда аздаған петехиялар. Көкбауыр қабырға доғасынан 4 см-ге шыгып тұр.

Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?:

+1. Инфекционды мононуклеоз

2. Жедел лейкоз

3. Жүйелі қызыл жегі

4. Созылмалы тонзиллит

5. Лимфогранулематоз

411. 12 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, аяқта ауру сезімі. Объективті: айқын улану белгілері байқалады. Терісі бозарған, аяқтарында көптеген экхимоздар көрінеді. Шеткі лимфа түйіндердің барлығы пальпацияланады, мөлшері 1,5 см, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Бауыр+4 см, көкбауыр+2 см қабырға доғасынан төмен. Қан анализінде: эритроциттер - 3,2х1012/л, Hb – 86 г/л, лейкоциттер - 27х109/л, бластар - 76%, таяқшаядролы -1%, сегментоядролы - 4%, лимфоциттер - 19%, СОЭ - 64 мм\час, тромбоциттер - 25х109/л.

Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?:

1. Лимфогранулематоз

2. Тромбоцитопениялық пурпура
3. Созылмалы миелобласты лейкоз

4. Инфекционды мононуклеоз
+5. Жедел лимфобласты лейкоз

412. 14 жасар қыз. Шағымдары: 2 ай бойы субфебрильді температура , бетте эритема, мойын және қолтық асты лимфа түйіндердің ұлғаюы, арықтау, полиартралгия. Объективті: бетте бет доғасы мен кеңсірікте эритематозды бөртпелер. Қолтық асты мен мойын аймағындағы лимфа түйіндер бұршақ көлеміндей ұлғайған, ауру сезімінсіз, айналасындағы тіндермен жабыспаған, консистенциясы эластикалы.

Төмендегі зерттеу әдістердің қайсысы бірінші жүргізіледі?:

1. Кеуде қуысының рентгенографиясы

+2. LE жасушаларына қан тапсыру

3. Антинуклеарлы антиденелер

4. Миелограмма

5. Лимфа түйіндердің гистологиясы

413. 10 жасар ер бала. Мұрыннан қан кетуге шағымданады. Объективті: түрлі мөлшердегі экхимоздар . Бетте, мойында және қолдарында петехиялы элементтер. Барлық шеткі лимфа түйіндер ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімінсіз.Қан анализінде: эритроциттер - 3,2х1012\л, гемоглобин - 101 г\л, лейкоциттер - 6,4х109\л, таяқшаядролы - 2%,сегментоядролы -59%, эозинофильдер - 3%, лимфоциттер - 28%, моноциттер - 8%, СОЭ - 5 мм\час, тромбоциттер-12х109

Қайсы дәрілік препаратты тағайындаған ЕҢ тиімді?:

1. Ферроплекс 10 мг 3 рет/тәул

2. Гепарин 200бірл\кг\тәул

3. Дицинон 0,25г к\т тәул

+4. Преднизолон 2 мг\кг\тәул

5. Иммуноглобулин 1,0г\кг\тәул

414. Қабылдауда 5 жасар бала шағымдары: әлсіздік, солғындық,тыныс алу және жұтынудың қиындауы. Объективті:жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Температура 38,5°С.Тері қабаттары таза,боздау.Мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз. Аңқасы гиперемияланған,таңдай бездері ұлғайған, ақшыл қапталған.Іші жұмсақ,әлсіз ауырсыну бар, гепатоспленомегалия.

Қандай болжам диагноз ЕҢ ықтимал?

1. Көмей дифтериясы

2. Лимфогранулематоз

+3. Инфекциялық мононуклеоз

4. Аденовирусты инфекция

5. Аденоидтар

415. 3,5 жастағы балаға шақыруда: денесінде майданүктелі бір бірімен ұласқан қалың бөртпе анықталған,арасындағы тері өзгермеген; субфебрильді температура.Ұлғайған шүйде лимфа түйіндері пальпацияланады. Сіздің болжам диагнозыңыз?:

1. Аллергиялық бөртпе

+2. Қызамық

3. Қызылша

4. Күл

5. Жел шешек

416. 8 жаста қыз бала полиурияға, әлсіздікке, аш болу сеізіміне шағымданады. Терісі бозарған, бұлшық ет әлсіздігі. Қанның биохимиялық анализінде: қант – 4,5 ммоль литрге, қалдық азот – 4,8 ммоль литрге. Жалпы зәр анализінде қант 1%. Болжам диагнозыңыз:

1. қант диабеті

2. де Тони- Дебре-Фанкони синдромы

+3. бүйректік глюкозурия

4. рахит

5. қантты емес диабет

417. Нәрестеге 2 апта. Асқынусыз өткен жүктілік пен қалыпты босанудан мерзімінде туылған. Ана сүтімен тамақтанған. Анасы баспамен ауырған. Бисептол қабылдап, аңқасын фурациллинмен шайған. Нәрестеде терісінің сарғаюы пайда болды, бірақ жалпы жағдайы бұзылмаған.

Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

+1. Дәрілік сарғаю

2. Ариес-Люцей сарғаюы

3. Физиологиялық сарғаю

4. Ана сүтінен сарғаю

5. Жильбер синдромындағы сарғаю

418. Қантты диабетпен ауыратын анадан туылған нәрестеде өмірінің 3 тәулігінде мазасыздану, гиперестезия, қолдарының треморы, тахикардия, тахипноэ, тоникалық тырысулар пайда болды. Қандағы глюкоза мөлшері 2,85 ммоль/л, қан РН- 7,35, кальций деңгейі – 1,75 ммоль/л,.

Берілген жағдайды қалай дұрыс бағалауға болады?

1. Гипогликемия

2. Ацидоз

+3. Гипокальциемия

4. Гиперкальциемия

5. Алколоз

419. Бала 11 жас. Әлсіздікке, салмағының төмендеуіне, қызбаға шағымданады. Қарағанда: жоғары және төменгі қабақта қызғылт эритема байқалды. Пальпацияда кенеттен миалгия және білек пен балтыр бұлшық еттерінің тығыздалуы анықталады. Әлсіздік, өзіне-өзі қызмет көрсетуі, төсектен тұруы қиындаған.

Төменде келтірілген қандай ем ЕҢ тиімді?

1. Антиагреганттар

2. Антиоксиданттар

+3. Глюкокортикоидтар

4. АТФ

5. Прозерин

420. Бала 10 жаста, бетінде, аяғында айқын ісіну, асцит, олигурия. ЖҚА - протеинурия - 6 г/л, б/х қан анализінде - гипопротеинемия, гиперлипидемия.

Төменде келтірілген қандай ем ЕҢ тиімді болып табылады?

1. Антибиотиктер

2. Диуретиктер

3. Сульфаниламиндер

4. Жүрек гликозиттері

+5. Кортикостероидтар

Жедел шұғыл кӨмек

421. Жүрек дефибрилляциясын жүргізу төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінде ЕҢ көрсетілген?

+1. Ұйқы артериясында пульстің болмауы

2. Кейбір бұлшықет топтарының тартылуы

3. Тарылған қарашық

4. Куссмауль тынысы

5. Есінің болмауы

422.47 жасар әйел адам, кенеттен түнде төс артындағы үдемелі басып ауру сезіміне шағымданады. Лезде бозарып, көгеруі күшейіп, суық тер басып, есінен танды. Пульсімен қысымы анықталмайды, қарашығы кеңейген. Электрокардиограммада: түрі мен амплитудасы әртүрлі ретсіз және тұрақты емес толқындар.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Кардиогенді шок

2. Қарыншалардың фибрилляциясы

3. Жүрек тампонадасы

4. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

+5. Жедел жүрек жетіспеушілігі

423.45 жасар әйел адам, физикалық жүктемеге байланыссыз сол жауырынға берілетін төс артындағы күйдірген тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Объективті: Жүректің соғу жиілігі – 90 рет минутына. Тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ритмі синусты, дұрыс, 85 рет минутына, жүректің электрлік осі солға ығысқан. QRS комплексі 0,14 секунд. I, aVL, V5, V6 әкетулерінде R тісінің амплитудасы биік және дискордантты SТ сегментімен Т тісі. II, III, aVF, V1-V3 әкетулерінде R тісінің амплитудасы төмен және S тісі терең.

Төменде көрсетілген блокадалардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Қарынша ішілік блокада

2. Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы

3. Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы

+4. Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы

5. Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес блокадасы

424.53 жасар ер кісі. Шағымдары: 30 минутқа созылатын, мойынға берілетін төс артындағы басып ауру сезіміне. Объективті: терісі бозғылт, акроцианоз, есі анық емес, пульс 49 рет минутына, аз толымды, артериалдық қысым 80/50 мм сбб. ЭКГ-де: ритм синусты, барлық әкетулерде вольтаж 5 мм төмен, жүректің соғу жиілігі 45 рет минутына.

Көрсетілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?

+1. Электрокардиостимуляция

2. Новокаинамид көктамырға

3. Лидокаин көктамырға

4. Өкпенің жасанды вентиляциясы

5. Жүректің жабық массажы

425.59 жасар әйел адам. Кенеттен есінен танды. Дәрігердің айтуы бойынша сол қолға берілетін төс артындағы күйдірген тәрізді ауру сезіміне, ентігуге, лезде әлсіздікке, суық терге шағымданған. Объективті: ұйқы артериясында пульс анықталмайды. ЭКГ-де ретсіз, әртүрлі амплитудалы толқындар.

Төменде берілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?

+1. Электрлік дефибрилляция

2. Жасанды тыныс

3. Жүректің тікелей емес массажы

4. Добутамин 10 мкг/кг/минутына

5. Адреналин 0,1% 0,5 мл

426.Жедел миокард инфарктісі кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде тромболитикалық терапияны бастау үшін ЕҢ оптимальді уақыт қандай?

+1. 1 сағат

2. 2 сағат

3. 3 сағат

4. 4 сағат

5. 5 сағат

427.56 жасар әйел адам. Сол иыққа берілетін төс артындағы күйдірген ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Ұстама 1 сағаттай созылады. Нитроглицерин ауру сезімін баспайды. Объективті: ортопноэ, акроцианоз, тыныс жиілігі минутына 26 рет, пульсі минутына 98 рет, артериалды қысымы 130/95 мм.сбб., тондары тұйықталған. Электрокардиограмма: ритмі синусты, минутына 100 рет, V4-V6 әкетулерінде S-T сегменті изолиниядан 2,5 мм жоғары, Т тісі сүйірұшты.

Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Үдемелі стенокардия

2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

3. Вазоспастикалық стенокардия

4. Алғаш рет анықталған стенокардия

+5. Жедел миокард инфарктісі

428.63 жасар ер кісі. соңғы 2 аптада 5-7 минутқа созылатын, екінші қабаттқа көтерілгенде және 300 метр түзу жолмен жүрген кезде төс артында қысатын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 жылда 2-3 минутқа созылатын, екінші қабаттқа көтерілгенде және 600 метр түзу жолмен жүрген кезде төс артында қысатын ауру сезімі бар. Объективті: акроцианоз, пульсі минутына 75 соққы, артериалды қысымы 130/90 мм.сбб. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамдысы?

1. Алғаш рет анықталған стенокардия

2. Жедел миокард инфарктісі

3. Күш түсу стенокардиясы ФК III

4. Вазоспастикалық стенокардия

+5. Үдемелі стенокардия

429.54 жасар әйел адам. 40минутқа созылатын, физикалық жүктемемен байланыссыз, төс артындағы қысқан ауру сезіміне, ентігуге шағымданады. Өлімнен қорқу сезімі. Объективті: ортопноэ, терісін суық тер басқан, акроцианоз. Тыныс жиілігі минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 115 рет, артериалды қысымы 170/90 мм.сбб. Электрокардиограммада: синусты тахикардия минутына 110 рет. Электр осі горизонтальді қалыпта. I, II, aVL, V3-V6 әкетулерінде Q тістері 0,04 секунд, ST сегменті 7 мм жоғарлаған.

Аталған дәрілік заттардың ішінде ЕҢ маңызды қолданылатыны қайсысы?

+1. Морфин

2. Лидокаин

3. Изокет

4. Стрептокиназа

5. Каптоприл

430.45 жасар ер кісі. Таңға жақын пайда болған 15 минутқа созылған, мойынға берілген, төс артындағы қысқан ауру сезіміне шағымданады. Ауа жетпеумен қосарласқан, жалпы әлсіздікпен жүрек қағуы пайда болыды. Анамнезінде бұл ұстамалар жыл бойында мазалайды. Объективті: жүректің соғу жиілігі минутына 90 соққы. Тондары тұйықталған. Электрокардиограмма: ритмі синусты, жиілігі минутына 85 рет. Электр осі қалыпты орналасқан.

Төменде көрсетілгендер ішінде дәрілік заттың қайсысы ЕҢ маңызды?

+1. Амлодипин

2. Кардикет

3. Бисопролол

4. Верапамил

5. Каптоприл

431.Гипертониялық кризді басу үшін төменде келтірілген препараттардың ішінде β-адреноблокаторлармен қоса қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?

1. Дилтиазем

2. Верапамил

3. Бензогексоний

4. Пентамин

+5. Нифедипин

432.42 жасар әйел, жүрек қағуына, бүкіл денесіндегі дірілге, мазасыздану сезіміне, жылағыштыққа, әлсіздікке шағымданады. Объективті: тері жабындылары қызарған, экзофтальм, склера тамырларының инъекциясы, аяқ-қолдарының треморы, тыныс жиілігі минутына 23 рет, пульсі минутына 110 рет, кернелген, қысымы - 220/90 мм.сбб., жүрек тондары ырғақты, аортада ІІ тонның акценті, жүрек ұшында және аортада систолический шу.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

+1. Диффузды токсикалық жемсау

2. Климактериялық синдром

3. Артериалды гипертензия

4. Феохромоцитома

5. Аорта қақпақшасының стенозы

433.55 жасар әйел адам. Сол аяқ-қолының кенеттен әлсіздігіне, бас ауруына, бас айналуына шағымданады. Бүгін төсектен тұрып, құлады. Объективті: есі анық, оң мұрын ерін қыртысы тегістелген, жоғарғы оң қабақтың птозы. Сол аяқ-қолының бұлшықет күші қатты төмендеген. Жүрек тондары тұйықталған, аортада ІІ тонның акценті, артериалды қысымы 190/100 мм.сбб. Өкпесінде артқы-базальді бөлімдерінде бірлі-жарым сырылдар, тыныс жиілігі минутына 22 рет.

Аталған алдын ала диагноздары ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Энцефалопатия

+2. Ишемиялық инсульт

3. Гипертониялық криз

4. Субарахноидалды қан құйылу

5. Вертебро-базилярлы жетіспеушілік

434.37 жасар ер кісі. Жүрек қағуына, көрудің нашарлауына, белдің ауруына шағымданады. Объективті: қысымы 240/120 мм.сбб., пульсі минутына 64 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, аортада, V нүктеде систолалық шу. Эпигастрийде сан артериясының проекциясына берілетін систолалық шу естіледі. Көз түбінде: торлы қабаттың ісінуі, «мақталы фокустар», қан құйылулар.

Келтірілген зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ әсерлісі қайсысы?

+1. Тамырлардың ангиографиясы

2. Изотопты ренография

3. Сцинтиграфия

4. Эхокардиография

5. Ультрадыбысты зерттеу

435.44 жасар әйел адам. Әлсіздікке, бас ауруына, көрудің нашарлауына шағымданады. 10 жыл бүйрек ауруын байқады. Объективті: боз, беті ісінген, қысымы 210/120мм.сбб. Қанда: эритроциттер 2,9х1012 /л, Hb 87 г/л, лейкоциттер 7х109 /л, ЭТЖ 45 мм/сағ. Зәр анализінде: лейкоциттер 4-5 көру алаңында, эритроциттер 5-8 көру алаңында. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 800 мл, тығыздығы 1007-1015.

Аталған зерттеулер ішінде ЕҢ маңыздысы қайсысы?

1. Изотопты ренография

2. Көз түбін зерттеу

3. Плазмада рениннің деңгейі

4. Ультрадыбысты зерттеу

+5. Реберг сынамасы

436.Инфекционды эндокардит үшін қандай температура қисығы тән?

+1. Қалжырататын

2. Ауыспалы

3. Ремиттеуші

4. Тұрақты

5. Толқын тәрізді

437.12 жасар қыз. Қалтырауға, түнгі терге, салмағының азаюына, буындарының ауруына, тәбетінің нашрлауына шағымданады. Бір ай бұрын екі тісін жұлдырған. Объективті: температурасы 38,6, терісі ылғалды, геморрагиялық бөртпелер, алақандары мен табандарында ауыратын экхимоздар. Пульсі 102 рет, артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. жүрек тондары тұйық, сол жақ 3 қабырға аралықта диастолалық шу. Іші оң қабырға астында ауырады, бауыры 13х10х9см, ұшы домалнған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

+1. Инфекционды эндокардит

2. Ревматикалық қызба

3. Ревматикалық емес миокардит

4. Геморагиялық васкулит

5. Марфан синдромы

438.9 жасар ұл. Үйінде қаралды. Екі күнде температураның көтерілуіне, жұтынғанда ауру сезіміне шағымданады. Объективті: дене температурасы 390С, бадамшалары айқын қызарған, бадамшалардың шұңқырларында борпылдақ сары-ақ түсті аралшықты жағынды, үлкейген, ауыратын таңдай бадамшалары, склера тамырларының инъекциясы, қысымы 90/60 мм.сбб., пульсі минутына 94 соққы.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1.Аңқа күлі

+ 2. Лакунарлы баспа

3. Симановский баспасы

4. Паратонзиллярлы абсцесс

5. Инфекционды мононуклеоз

439.9 жасар қыз бала. Қалтырауға, тез шаршауына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, дене температурасы 37,80С, тері жабындылары сұр түсті, көз астында «қараюлар». Барлық топтарда майда, тығыз лимфа түйіндері пальпацияланады. Тынысы минутына 20 рет, пульсі минутына 90 рет, артериалды қысымы 100/60 мм.сбб. Өкпеде оң жақ бұғана үсті және жауырын үсті аймақтарында әлсіреген везикулярлы тыныс, майда көпіршікті сырылдар естіледі.

Аталған диагностика шараларының ішінде ЕҢ тиімдісі қайсы?

+1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы

2. Лимфа түйіннің пункциясы

3. Жалпы қан анализі

4. Кох таяқшаларына қақырық анализі

5. Компьютерлік томография

440.3 жастағы ұл бала, жедел 2 күн бұрын ауырып қалды. Айқын әлсіздікке, дауысының қарлығуына, тамағының ауруына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: дене температурасы 380С, бадамша лакуналарында ақшыл жабынды, шпателмен қиын алынады, шырышты қабаты қызарған, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген. Перкуторлы өкпелік дыбыс, тынысы пуэрильді, бірлі-жарым ылғалды сырылдар, тыныс жиілігі минутына 30 рет.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістері ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсы?

1.Кеуде клеткасының рентгенографиясы

2. Лимфа түйіннің пункциясы

3. Жалпы қан анализі

+4. Аңқадан себу

5. Қақырық анализі

441.Спонтанды пневмотораксы бар науқасты тасымалдау үшін ЕҢ ыңғайлы қалып?

1. Щитке жатқызып

2. Арқасын тіреп жартылай отырып

3. Жатқызып, яяқтарын көтеру

+4. Зақымданған бүйірінде

5. Зақымданбаған бүйірінде

442.57 жасар ер кісі. Ентігуге, әлсіздікке, аз бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Ұзақ уақыт шылым шегеді. Он жыл бойы таңертең аз қақырықты құрғақ жөтел мазалайды. Объективті: мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, тыныс жиілігі минутына 28 рет. Перкуторлы қораптық реңмен өкпелік дыбыс, аускультативті әлсіреген тыныс фонында құрғақ, ысқырықты сырылдар. Қанда: эритроциттер 5,2х1012/л, Hb 155 г/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Тондары тұйықталған, ырғақты.

Аталған әдістердің ішінде ЕҢ ақпаратты қайсысы?

1. Бронхоскопия

2. Спирография

3. Электрокардиграфия

+4. Компьютерлі томография

5. Кеуде клеткасының рентгенографиясы

443.63 жасар ер кісі. Тұншығу ұстамасына, аз қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: терісі ылғалды, көгерген, сырылдар ара қашықтықта естіледі, қолдарына сүйеніп отыр. Тыныс жиілігі минутына 26 рет. Аускультацияда өкпесінде көптеген құрғақ сырылдар. Пульсі минутына 100 соққы.

Төменде көрсетілген дәрілік препараттың ішінде ЕҢ бірінші берілетіні қайсысы?

1. Кетотифен

2. Теофилин

3. Ипратропиум бромид

+4. Беклометазон пропионат

5. Сальбутамол

444.62 жасар әйел. Тыныштық жағдайында кенет ентігуге, жүрек қағуына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Объективті: диффузды цианоз. Аяқтарында веналардың варикозды кеңеюі. Тыныс жиілігі минутына 35 рет. Өкпесінде жауырын астында тұйықталу және тыныстың әлсіреуі анықталады. Пульсі минутына 110 рет, қысымы 90/60 мм.сбб. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясында 2 тонның акценті.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістері ішінде ЕҢ маңыздысы қайсысы?

1. Ангиопульмонография

+2. Электрокардиография

3. Дуплексті сканирлеу

4. Радионуклидті зерттеу

5. Кеуде клеткасының рентгенографиясы

445.49 жасар ер кісі. Іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданады. Соңғы 4 жылда таңертең ауызды толтырып, жағымсыз иісті, кейде қан араласқан тәулігіне 300 мл қақырық тастайды. Объективті: акроцианоз, беті ісінген, тырнағы «сағат әнектері» сияқты, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Тыныс жиілігі минутына 26 рет. Перкуторлы қораптық реңмен өкпелік дыбыс. Аускультацияда өкпесінде әлсіреген тыныс, оң жағында жауырын астында көбірек ірі және орташа көпіршікті сырылдар.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Өкпе рагі

2. Өкпе абсцессі

3. Өкпе туберкулезі

+4. Бронхоэктатикалық ауру

5. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

446.Рефлекстері сақталған ес-түссіз жағдай аталады:

1. Ступор

+2. Сопор

3. Прекома

4. Кома

5. Естен тану

447.69 жасар әйел адам. Көшеде ес-түссіз жағдайда анықталды. Объективті: терісі құрғақ қасу іздерімен, ішінде инъекциялардың іздері, қарашығы тарылған, көз алмаларының тонусы төмендеген, бұлшықеттердің гипотониясы. Аузынан «ашыған алманың» иісі шығады. Куссмауль тынысы. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс емес, пульсі минутына 102 рет, артериалды қысымы 60/30 мм.сбб. Іші кіндік аймағында ауырады.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Гипогликемиялық кома

+2. Кетоацидті кома

3. Гипотиреоидты кома

4. Гиперосмолярлы кома

5. Алкогольді кома

448.43 жасар ер кісі. Шөлге, ауыздың құрғауына, жалпы әлсіздкке шағымданады. Объективті: сөзі түсініксіз, тірісі ылғалды, суық, беті көгерген, қарашығы тарылған, алкогольдің иісі, бұлшықеттедің гипотониясы. Пульсі минутына 120 рет. Артериалды қысымы 70/40 мм.сбб. Тынысы беткей. Жүрек тондары тұйықталған.

Ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмектің қай түрі ЕҢ бірінші кезекте жасалады?

+1. Тілді фиксациялау

2. Ауыз қуысын жуу

3. Нашатыр спиртін искеу

4. Асқазанды жуу

5. Кофеин-бензоат натрия

449.22 жасар ер кісі. Үйінде ес-түссіз жағдайда анықталды. Құсқан. Тынысы сирек, беткей. Аузынан алкогольдің иісі. Дене температурасы 35,80С, терісі көгерген, қарашығы кеңейген, бұлшықеттердің тонусы төмендеген. Жүрек тондары қатты әлсіреген, тұйық, аритмиялық, пульсі минутына 102 соққы. Артериалды қысымы 60/30 мм.сбб.

Төменде көрсетілген препараттардың ішінде ЕҢ әсерлісі қайсысы?

1. Преднизолон 60 мг көктамырға

+2. Налоксон 2,0 көктамырға

Наши рекомендации