Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.
Мақсаты-жүкті және босанатын әйелдерден сұрау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.
Көрсетулері- әйелдер консультациясына және акушерлік стационарға жүкті және босанатын әйелдердің алғашқы қаралуы кезінде.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары-жоқ.
Ресурстары – үстел, орындықтар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, қазіргі сұраудың қажеттілігі мен маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:
а) төлқұжаттық мәліметтерін, анықтаңыз(ата-тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жұмыс орны, мамандығы, мекен жайы, үй телефоны, күйеуінің жұмыс орны және оның телефоны). Жасы туралы мәселе- өте жас қызбала және жасы үлкен бірінші жүкті әйелдерде жиі жүктіліктің асқынулары болады, ал ең соңғысында балаларының даму ауытқулары жиі кездеседі.
Б) жүкті және босанатын әйелдердің барлық шағымдарын мұқият түрде тыңдаңыз.
Жүкті әйелдер еттеккірдің тоқтауы және жүктілікке күдікті, жүктіліктің белгілері және басқа бұзылыстар, сонымен қатар жыныс жолдарынан қанды бөлінділер (түсік, жатырдан тыс жүктілік, көпіршікті тығын, плацентаның жатуы және басқалары) болған кезде қаралады. Кейбірде жүктіліктің токсикоздары, жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, асқорыту және тағы басқа бұзылыстар бар болған кездеде қаралады.
в) еңбек және тұрмыс жағдайларын анықтаңыз. Осы мәселелер туралы толық немесе жеткілікті мәліметтер алыңыз.
г) тұқым қуалаушылық және басынан өткізген ауруларын анықтаңыз.Жүкті әйелдің немесе күйеуінің жанұясында тұқым қуалаушылық жолымен берілетін психикалық аурулар, қанның ауруы, зат алмасу бұзылыстары, генетикаға байланысты даму ауытқулары және тағы басқалары болдыма жоқпа. Ата-аналарында маскүнемдік және балалық шақта ауырған аурулары және үлкейген шақта ауырған аурулары, сонымен қатар инфекциялық емес, инфекциялық, соның ішінде гинекологиялық аурулармен ауырдыма жоқпа.
д) етеккірлік функцияның сипатына көңіл бөліңіз.Алғашқы етеккірі (менархе) қай жаста келді, ретті етеккір қашан тұрақталды, етеккірдің сипаты мен түрі, етеккірдің сипаты жыныстық қатынастан, босанғаннан, түсіктен кейін өзгердіме жоқпа, соңғы еттеккірі қашан болды және т.б.
е) секреторлық функцияның сипатына көңіл бөліңіз.Жыныс жолдарынан бөлінділер жоқпа. Патологиялық бөлінділер (көп, іріңді, жалғықты немесе ірің аралас сулы және т.б.) қабыну үрдісін көрсетеді.
ё) жыныстық функцияның сипатын анықтаңыз.Қай жаста жыныстық қатынасқа түсті, нешінші некесі, жыныстық қатынас кезінде қанды бөлінділер және ауырсыну болама жоқпа.
ж) күйеуінің денсаулығы туралы мәлімет алыңыз.Арақ, темекі және есірткелік заттарды қолданама жоқпа, тұқымқуалаушылық аурулары және басқа аурулары барма жоқпа және т.б.
з) бала туу функциясының сипатына көңіл бөліңіз. Қазіргі жүктілігі нешінші, өткен жүктіліктердің ағымы (токсикоздар, гестоздар, жүрек-тамыр жүйесінің, бүйректің, бауырдың және басқа мүшелердің аурулары), өткен босанудың сипаты (өз мезгілінде немесе мезгілінен бұрын, олардың ағымы), ертеде босанғаннан кейінгі аурулары болдыма және т.б.
и) жыныс қатынасынан бастап алғашқы жүктілігіне дейінгі мерзімді анықтаңыз.Жүктіліктің 2-3 жылдай және оданда көп болмауы және ұрық байлауға қарсы заттарды қолдану инфантилизмді дәлелдейді, ал инфантилизм кезінде босанудың ағымы босану күштерінің әлсіздігімен асқынады және т.б.
4. Барлық алынған мәліметтерді жүкті әйелдің картасына немесе босану тарихына енгізіңіз.
Ескерту. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау белгілі бір жоспармен жүргізіледі.
Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
Мақсаты - жүкті және босанатын әйелдерді қарау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.
Көрсетулері -әйелдер консультациясына және акушерлік стационарға жүкті және босанатын әйелдердің алғашқы қаралуы.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.
Ресурстары-акушерлік фантом, тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық,волонтер-әйел
(егерде бұл мүмкін болса), бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын,орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз,қараудың маңызын және оның жүргізу кезараларын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигеналық деңгейде жуыңыз
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Жүкті және босанатын әйелдердің бойына мән беріңіз. Әйелдің бойын өлшеңіз. Бойы аласа кезінде (150 см және оданда төмен) инфантилизм белгілері (жамбастың тарылуы, жатырдың дамымағаны және т.б.) байқалады , ал бойы ұзын әйелдерде-жамбасы кең, еркек түстес болып келеді.
5. Дене бітіміне зейін қойыңыз. Омыртқа бағанасының және аяқтарының өзгерістері (деформациясы), буындардың анкилоздары және сүйек жүйесіндегі басқа өзгерістер жамбастың түрінің және оның тарылуының (мешелдің, полиомиелиттің, туберкулездің салдарынан) өзгерістерін көрсетуі мүмкін. Инфантилизмнің белгілері (сүт бездерінің дамымауы, сарпай аймағындағы жүндердің дұрыс өспеуі), жыныстық сараланудың (кең иық, тар жамбас, жүннің өсуі еркектәріздес) жеткіліксіздігі және т.б.
6. Семіздігіне зейін қойыңыз. Анық арықтау немесе семіздік жиі алмасу бұзылыстарының, эндокриндік және басқа аурулардың белгісі болып есептеледі.
7. Тері жабындысының жағдайына зейін қойыңыз. Беттің, ақ сызықтың, емізіктің және емізік айналасының, жүктіліктің жолақтары жүктіліктің барлығын дәлелдейді. Терінің және көрінетін шырышты қабықтардың бозғылттығы, еріндердің көгергені, терінің және ақ қабықтың (көз алманың қабығы) сарғаюы, ісінулер кейбір маңызды аурулардың белгілері болып табылады.
8. Сүт бездерін қарауды жүргізіңіз.Жүктілік кезінде сүт бездерінде сүт шығаруға оларды дайындайтын өзгерістер жүреді. Жүктіліктің соңында емізікті басып көрген кезде, одан уыз шыға бастайды. Сүт бездерінің қанмен қамтамасыз етілуі күшейе түседі, емізіктер ұлғаяды, емізік маңымен бірге пигментацияға ұшырайды, сүт бездерінің массасы 150-250г-нан (жүктілікке дейін) 400-500г-ға (жүктіліктің соңында) дейін өседі. Қараған кезде сүт бездерінің дамымағаны білінеді, бұл инфантилизм белгісі болып табылады.
9. Іштің түріне және мөлшеріне зейін қойыңыз. Қалыпты жүктілік кезінде және нәрестенің дұрыс орналасуы кезіндеіш овоид (жұмыртқа тәрізді) түрінде болады; көпсулық кезінде ол шар тәрізді; нәрестенің орналасуы көлденең кезінде іш көлденең овал түрінде болады. Іштің түрі тар жамбас кезінде өзгеруі мүмкін.
10. Бел-сегізкөз ромбысын (Михаэлис ромбысы) қараңыз, оның түрі басқа мәліметтердің жиынтығымен бірге жамбас құрылысы туралы білуге болады.
11. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оларды ҚҚҚ салыңыз.
12. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
13. Барлық алынған мәліметтерді жүкті әйелдің картасына немесе босану тарихына енгізіңіз.
Ескерту. Қолдар жылы болуы керек, қарайтын жерде бөтен адамдар болмауы қажет.