ЖМЖ желілі бригада дәрігерінің жауапкершілігі

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақтан мемлекеттік медицина университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедрасы: Жедел және шұғыл меди циналық көмек, нейрохирургиямен

анестезиологии және реаниматология.

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы:­ Қарқынды(арнайы) және желілік жедел жәрдем бригадаларының жұмысы

Орындаған: Максутов Б.Д

Тобы: 513 Б

Тексерген: Каниева К.Н

Ақтөбе қ. 2016жыл

Жоспары:

І. Өзектілігі

ІІ.Негізгі бөлім:

а) Жедел- медициналық жәрдем бригадалары

б) Негізгі міндеттері

ІІІ. Қорытынды

ЖМЖ желілі бригада дәрігерінің жауапкершілігі - student2.ru Өзектілігі:

Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

Жедел және шұғыл медициналық жәрдем көмегі тұрғындарды алғашқы медицина-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету жүйесiнде басым сипат алады. Қоғамдағы қазіргі заманғы радикалды әлеуметтiк-экономикалық қайта құру кезеңінде және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі реформасында медициналық жедел көмектің рөлі ұдайы өсіп келеді. Бұл қызметтiң медицина-әлеуметтiк маңыздылығы тұрғындардың кенеттен алған жарақаттар мен аурулар себебімен негізделеді.

Негізгі бөлім:

Жедел-жәрдем бригадасы – емдік-профилактикалық мекемеге барар жолда науқастарға жедел-медициналық көмек көрсететін жұмысшылар ұйымы.

ҚР төмендегідей бригадаларды ажыратады:

Ø Желілік жедел-жәрдем бригадасы –«жедел медициналық жәрдем» мамандығы бар дәрігермен басқарылатын бригада. Құрамы: 1 дәрігер, 2 фельдшер, санитар және жүргізуші. Медициналық стандарт бойынша көмек көрсетеді.

Ø Арнайы маманданған жедел-жәрдем бригадасы – ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсететін жедел-жәрдем бригада. Бригада құрамындағы дәрігердің «жедел-жәрдем» дәрігері және арнайы мамандығы болады. Осы бригаданың үш типі болады:

1. Реанимация-анестезиологиялық (реанимационно-хирургиялық, кардиологиялық, неврологиялық, интенсивті терапия)бригада

2. Психиатриялық бригада

3. Педиатриялық бригада және т.б.

ЖМЖ желілі бригада дәрігерінің жауапкершілігі - student2.ru ЖМЖ бекетінің желілі бригада дəрігері жөнінде ереже

(ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің 28.08.01ж. #788 бұйрығынан)

-ЖМЖ бекетінің желілі бригада дəрігері «емдеу ісі» ,»педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар , дипломы жəне жедел медициналық дəрігері сертификаты бар маман тағайындалады.

-ЖМЖ бригада дəрігері бекітілген тəртіп бойынша бас дəрігердің бұйрығымен қызметке тағайындалады жəне босатылады.

- Желілі бригаданың дəрігері өзінің жұмысында «ЖМЖ бекеті жұмысының ережелері» ,осы ережені , сонымен қатар əкімшілік пен жоғары денсаулық сақтау мекемелерінің бұйрықтарын орындайды.

ЖМЖ желілі бригада дəрігерінің міндеттері:

-ауруға немесе зардап шегушіге аз уақыт ішінде оқиға орнында немесе ауруханаға тасымалдау барысында соңғы медициналық ғылыми жəне тəжірибелік жетістіктерге байланысты көмек көрсету.

-ауруға немесе зардап шегуші аз уақыт ішінде оқиға орнында немесе ауруханаға тасымалдау барысында соңғы ғылыми жəне тəжірибелік жетістіктерге байланысты көмек беру.Науқастардың жағдайына қарай емдеу жəне ауруханаға жеткізу сұрақтарын шешу.

-балалар мен ересектерде кездесетін шұғыл жағдайларды анықтау жəне емдеу əдістерін игере білу ,аппаратураларды қолдана білу.

-шақырту түсе салысымен, оны орындауға шығу.

-азаматтардың, полиция қызметкерлерінің тоқтатып сұрауы бойынша, науқас немесе зақымданушының тұрған орнында байланыссыз көмек беру.

-жолда автокөлік бұзылып немесе апатқа ұшыраса кідіртпей аға дəрігерге немесе диспечерге хабарлау.

-медициналық жəрдемді тез жəне нақты көрсету.

-барлық конфликті жағдайларды басшылыққа хабарлау.

-науқас ауруханаға жатудан бас тартса , аға дəрігерді ескертіп, шақырту картасына тіркеу.

-жол бойы автокөлік ішінде науқастың қасында отыру.

-аурудың өмірлік көрсеткіштері бойынша, профиліне қарай жақын орналасқан ауруханаға жеткізу.

-ес-түссіз немесе мас болып жатқан науқасты, өлі денені сол орнында қарап тексеріп, құжаттарын , ақшалаларын, бағалы заттарын куəгерлердің қатысуымен тіркеу.Куəгерлердің құжаттық мəлімдемелерін шақырту картасы мен ілеспе қағаздарын тіркеу.

-əр ауруханаға жатқызылатын науқасқа жолдама қағаздары толығымен толтырылып, құжаттары, ақшалары мен бағалы заттары жазылады. Оны қабылдап алған аурухананың қабылдау бөлімінің , мəйтхананың , айықтыру мекемелерінің қызметкерлеріне шақырту картасына, ілеспе қағазға қолын қойғызып алу.

-науқасты немесе жарақаттанғанды аты-жөнін көрсетіп үйде қалдырғанда, оған барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп, нақтылы кеңес беру.

-науқастың сұрауы бойынша аты-жөні, жедел жəрдем бригадасының нөмірін айту.

-егер науқас медициналық көмектен жəне ауруханаға жатудан бас тартса жəне ол əрекетсіз болса, оның заңды өкілі немесе туыстарына жазбаша түрде «шақырту картасына» қол қойғызып, бекітіп алу.

-апат болған жерге бірінші болып барған бригада, зардапшыларға білікті медициналық көмек ұйымдастырып, кейін келген бригадаларды өз басшылығына алып, жұмысқа жұмылдыру.

-науқаста жұқпалы ауру анықталса, қажетті медициналық жəрдем көрсетіп, аға дəрігерге оның клинико-эпидемиологиялық жəне құжаттық мəліметтерін хабарлау, нақтылы ұсыныстар бойынша əрекеттер жасау.Бригада мүшелері жəне автокөлікті залалсыздандыру.

-алкогольды мас адамға медициналық көмек көрсеткенде науқасты толық қарап-тексеру.

-қылмыстық жəне өз өміріне қол салған жағдайларда мед.көмек көрсету кезінде арнайы ережелерді қолдану.Өз өміріне қол салған адамдарды денсаулық жағдайына, туыстарының қарсылығына қарамай, арнайы ауруханаға жақызы.Егер ауруханаға жатудан бас тартса, ішкі істер мекемелерінің көмегіне жүгіну.

-бекетке қаралуға келген науқастарға медициналық жəрдем көрсетіліп, журналға тіркеп қою.

-автокөлік ішінің санитарлық жағдайын, күнделікті залалсыздандыру мен бригада қызметкерлерінің халат ауыстыруын қадағалау.

- медиициналық конференция мен мəжілістердің жұмыстарына қатысу.

-шақыртуға келіп бара жатқан жүргізушінің жанында отырып мекен-жайды, қысқа жəне ыңғайлы жолды табуға көмектесу.

-шақыртуға түсінбеген жағдайда мамандардың кеңесін немесе арнайы ЖМЖ бригадасын шақырту ұйымдастыру.

-медициналық жəшіктің уақтылы толтырылуын қамтамасыз ету.

-өзінің қызметтік біліктілігі мен мамандық білімін үнемі жоғарылатып отыру.

ЖМЖ желілі бригада дәрігері құқылы:

Ø Егер науқас медициналық көмектен және ауруханаға жатудан бас тартса және ол әрекетсіз болса, оның заңды өкілі немесе туыстарына жазбаша түрде «шақырту картасына» қол қойғызып, бекітіп алуға;

Ø Науқастың және жарақаттанушының туыстарына, таныстарына санитарлы автокөлікке мініп ілесуіне рұқсат беруге;

Ø Апат,көлік апаты немесе көпшілік зардаптанған жерлерде медициналық қызметкерлерді жұмысқа жұмылдыруға;

Ø ЖМЖ бригадаларының жұмысын жетілдіру сұрақтары бойынша ұсыныс енгізуге;

Ø ЖМЖ маманы ретінде өзінің біліктілігін 5 жылда 1 рет жетілдіруге, белгіленген тәртіпте мамандығы бойынша аттестация және қайта аттестациядан өтуге;

Ø Өндірістік мәжілістерге ,ғылыми – тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға.

ЖМЖ бекетінің дәрігері өз жұмысында ҚР Конституциясы «ҚР халқының денсаулығын қорғау туралы заң», денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары немесе жергілікті денсаулық сақтау органдарына сүйенеді.

ЖМЖ желілі бригада дәрігерінің жауапкершілігі

ЖМЖ желілі бригада дәрігері заңмен қарастырылған тәртіп бойынша жауапты:

· ЖМЖ бригадасының жұмысын ЖМЖ дәрігерлері үшін бекітілген салалық өлшемдерге, ережелер мен стандарттарға сәйкес сапалы ұйымдастыруға;

· Науқастың денсаулығына нұқсан келтіретін немесе оның өліміне әкелетін құқыққа қарсы әрекеттер мен әрекетсіздікке.

Әкімшілік жауапкершілік – қылмыстық кодекстегідей емес,бірақ әкімшілік құқықты бұзғаны үшін заңды жауапқа тартылатын заңның түрі.

Тәртіптік жауапкершілік – еңбек құқығын бұзғандарға қолданылатын ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметтен босату сияқты шараларды қолдану түрлері.

Азаматтық немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілік – заң немесе келісімшарт бойынша заңды бұзған тұлғаға белгілі бір шараны қолданатын заңдық жауапкершіліктің түрі.Бұл шараларға шығысты қалпына келтіру,өтемақы,пеня, моральды немесе басқа жасаған зияндылықтарын өтеу сияқты шаралар кіреді.Азаматтық жауапкершіліктің қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы – азаматтық жауапкершілік физикалық тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қатысты.

Қылмыстық жауапкершілік – қылмыстық кодекспен бақыланатын жауапкершіліктің түрі. ҚК жарты баптары медицина және медицина қызметкерлерінің профессиональды жауапкершілігіне тікелей немесе жанама қатысты. Әртүрлі асқыну даму қаупі бар ауруларға диагностика және ем жүргізгенде , науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен құжаттық хаттаманы жасауды талап етеді.Бірақ,жедел көмек көрсетудің көп жағдайларында алдымен көмекті көрсету,кейін барып келісімді науқас немесе туысқандарынан алуға мәжбүр етеді.Науқасты ауруханаға тапсырған кезде кезекші дәрігерді науқас не оның туысқандарынан келісім алынбағандығы туралы ескертуді ұмытпаған жөн,себебі жанжал туындаған жағдайда,мұндай хаттама маңызды болуы мүмкін.

Қорытынды:

Жедел жәрдем қызметі – денсаулық сақтау саласындағы ең негізгі көмек. Жедел жәрдем ауыр халдегі науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, адам өмірінің арашалайды. Жалпы әлемнің әр елінде жедел жәрдем жұмысының маңыздылығын ерекше орынға қояды. Десе де, шұғыл медициналық қызмет жұмысында біршама қиындықтар орын алатыны жасырын емес. Елімізде науқастар тарапынан жедел жәрдемге көңілі толмайтындар баршылық. Жедел жәрдемнің уақытылы келмеуі немесе кез келген шақыртуларды қабылдай бермейтіндігі жайында арыз-шағымдар жиі кездеседі. Медициналық шұғыл қызметке деген қоғамдық пікірдің қалыптасып, халық тарапынан жедел жәрдем қызметін іске алғыссыз етіп, тым үстірт баға беріледі. Әр жұмыста өзіндік ережелер болады, сол іспеттес жедел жәрдем жұмысында да өзіндік қызметтік шектеулі ережелері бар. Оның үстіне жедел жәрдем жұмысына кедергі болатын бірнеше факторлар бар. Біріншіден, жол-көлік мәселелері; екіншіден орынсыз шақырулар. Жедел жәрдемді негізсіз шақырушылармен қалай күресуге болады? Оларға айыппұл салу орынды ма? Өзге мемлекеттерде осындай проблемалармен қалай күреседі?

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи + СД. Под ред. Багненко С.Ф.,

Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г.-М., 2008, 816с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Михайловича В.М., 2007, 808с.

3. Абсадыков Н. Күйіктер және жедел жәрджем: әдістемелік нұсқау. Алматы, 2006,

4. Тоғайбаев А.А.,Мұратханов Е.Ж. Реаниматология және қарқынды емдеу Алматы,2003

5. Тұрланов К.М., Қалқабаева С.А.: Жедел медициналық жәрдем беру Алматы, 2004

Наши рекомендации