Дифференциалды диагностика.

ВГА, ВГС, ВГД, ВГЕ.

Вирусты гепатит С- С (HCV) вирусты гепатитпен шақырылатын,парентеральды жолмен жұғатын. Көбіне сарғаюсыз түрімен өтетін, созылмалы түрге ауысуға бейім (75– 85%), антропонозды вирусты ауру.

Этиологиясы:Қоздырғыш – вирусты гепатит С,құрамына РНҚ кіреді.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – HСV жұқтырған адамдар. Берілу механизмі – парентеральді. Берілу жолдары: гемоконтактты,жыныстық, вертикальді

Клиникасы.

- Инкубациялық кезең 2-26 апта ( орташа 6-8 апта)

- Продромальді (сарғаю алды) кезең шамамен 2-3 апта

- астеновегетативті (әлсіздік, тез шаршағыштық, күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысының бұзылуы, қозғыш, басының айналуы),

- диспепсиялық (жұрек айну, құсу, тәбетінің төмендеуі немесе болмауы, эпигастрии аймағында ауырсыну сезімі),

- артралгиялық (буындардағы ауру сезім),

- аралас синдромдар.

Продромальді кезеңінің соныңда гепатомегалия, холурия, нәжістің түссізденуі, кейде терінің қышуы байқалады.

Сарғаю кезені 1-3 апта. Сарғаю синдромы (тері және шырыш қабаттарының сарғаюы, зәрдің түсінің қоңыр түске ауысуы, нәжістің түссізденуі), интоксикация (әлсіздік,тез шаршағыштық), гепатомегалия, спленомегалия

Нәтижесі: жазылу, созылмалы түрге айналуы, бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлы карцинома.

Диагностикасы

- ЖҚА: лейкопения немесе нормоцитоз, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ –ң төмендеуі

- ЗҚА : өт пигменттіне - оң

- Қанның биохимиялық анализі:- билирубинің жоғарлауы тікелей фракциясына байланысты

- АЛТ,АСТ жоңарлауы (гиперферментемия,цитолиз)

- тимол сынамасының жоғарлауы (мезенхиматозды- қабыну синдромы)

- сілтілі фосфатазаның жоғарлау (холестаз)

- протромбино индексінің төмендеуі (ДВС синдром, бауыр клеткалық жетіспеушілік)

Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ: Бауыр тінінің диффузды өзгерістері.Гепатомегалия, спленомегалия

ИФА - anti HCV IgM-жедел вирусты гепатит С

- anti HCV IgG-созылмалы вирустыгепатит С

ПЦР – RNK HCV(+)

Асқынуы:жедел бауыр жетіспеушілігі, геморрагиялық синдром (ДВС-синдром), өт жолдарының зақымдануы (функциональды бұзылыстар), екіншілік бактериальды инфекциялардың қосылуы (холангит, холецистит және т.б.)

Вирусты гепатит Д (дельта) –перкутанды (тері арқылы) механизм арқылы таралатын, ко- немесе суперинфекция түрінде өтетін, вирусты В гепатитпен бірге жүретін вирусты антропонозды инфекция.

Этиология:Қоздырғышы–Deltavirus «кезбелі» тегінің дефектті РНҚ-геномды вирусы.Вирус D өзіндік түрде көбе йе алмайды: вирусты компоненттердің синтезі В вирусының қатысуын талап етеді.

Эпидемиология: Инфекция көзі – HBV+HDV инфицирленген адам. Таралу механизмі: перкутанды. Таралу жолы: парентеральді (гемоконтактты), жыныстық, вертикальді.

Маусымдылық – тән емес. Қабылдаушылық – В гепатит вирусымен инфицирленген адамдар қабылдағыш болып келеді. Иммунитет – жедел Д гепатит реконвалесценттерінде тұрақты, өмір бойы сақталатын.

Клиникалық көріністері: ВГВ және ВГД вирустарымен бір уақытта инфицирленген жағдайда (коинфекция) аурудың жедел түрі дамиды. Аурудың ауыр түрлерінің жиі кездесуімен, фульминантты ағымның дамуымен және өліммен аяқталуымен сипатталады.

Инкубациялық кезең– 50-180 күн.

Продромальді (сарғаю алдындағы) кезең: 4-10 күн, кейде 1 айға дейін.

Тән синдромдар: - астеновегетативті (әлсіздік, шаршағыштық, күндізгі ұйқышылдық, түнгі ұйқысыздық, тітіркенгіштік, бас айналуы),

- диспепсиялық (жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі),

- артралгиялық (буындардың ауыру сезімі),

- аралас синдромы (варианты).

Продромальді кезеңнің соңында гепато- және спленомегалия, холурия, нәжістің ахолиясы, кейде терінің қышуы байқалуы мүмкін.

Өршу кезеңі (сарғаю кезеңі): 2-6 апта, кейде бірнеше айға дейін (созылыңқы ағымында).

Науқастардың жағдайы жақсармайды, кейде нашарлайды. Бауырлық улану белгілері: әлсіздік, бас айналуы, тітіркенгіштік, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы, жүрек айнуы, құсу (кейде қайталамалы). Сарғаю синдромы: Шырышты қабаттардың, терінің сарғыштығы, холурия (зәр түсінің қоңырлануы), нәжіс ахолиясы (нәжістің түссізденуі), терінің қышуы.Гепатомегалия. Бауыр улануы симптомдарының және сарғаюдың күшеюімен қатар жүретін бауыр өлшемдерінің кішіреюі жедел бауыр жетіспеушілігің дамуын көрсетеді. Кейбір науқастарда спленомегалия байқалады.

Ауыр ағымында – геморрагиялық синдром: қызыл иектің қанталауы, мұрыннан қан кетулер, етеккір циклінің бұзылуы, терідегі петехиялар, инъекция орындарындағы геморрагиялар.

Сарғаюдың төмендеу кезеңі бауырлық улану белгілерінің азаюымен қатар жүреді.

Реконвалесценция кезеңі: 2-12 ай.

Суперинфекция кезінде Д гепатиттің созылмалы В гепатитке қосылуы бауырдағы патологиялық үрдісінің өршуіне, науқас жағдайының нашарлауына, созылмалы гепатиттің өршуіне, бауырлық жетіспеушілік белгілерінің және бауыр циррозының дамуына әкеп соғады.

Асқынулары: жедел бауыр энцефалопатиясы, геморрагиялық синдром (ТШҚҰ-синдромы), өт-шығару жолдарының бұзылыстары (функциональді бұзылыстар), екіншілік бактериальді инфекцияның қосылуы (холангит, холецистит және басқалары)

Диагностика:

- Қанның жалпы анализі (лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз),

- Зәрдің жалпы анализі(өт пигменттеріне оң реакциясы),

- Нәжіс – стеркобилинге «теріс»

- Қанның биохимиялық анализі

Цитолиздік синдром –АЛТ, АСТ деңгейінің жоғарылауы (гиперферментемия)

Холестаздық синдром – билирубиннің тікелей фракциясының есебімен жоғарылауы, сілтілі фосфатаза, гамма-глутамил-транспептидазаның жоғарылауы.

Мезенхимальді қабыну – тимол сынамасының жоғарылауы.

Коагулограмма – протромбин индексінің, фибриногеннің төмендеуі – ТШҚҰ-синдромы, бауыр-торшалық жетіспеушілік.

УДЗ – бауыр паренхимасының диффузды өзгерістері, гепатоспленомегалия.

ИФА (маркерлік диагностика):

HBsAg – оң

antiHBcore IgM - оң

HBeAg – оң

anti HDV IgM – оң

anti HDV total– оң

ПЦР –ДНҚHBV және РНҚ HDV– оң (вирустың репликациясы)

Вирусты гепатит Е (HЕV)- жедел вирусты инфекция, гепатит Е (HЕV) вирусымен шақырылатын фекальді- оральді механизм арқылы берілетін, жүкті әйелдерде қолайсыз өтумен сипатталатын ауру.

Этиологиясы:Гепатит Е құрамында РНК бар вирус.

Эпидемиологиясы: Арудың көзі- адам. Берілу механизмі: фекальді- оральді.

Жұғу жолдары: су арқылы, алиментарлы, тұрмыстық- қатынас. Маусымдылығы: жаз-күз айлары.

Қабылдаушылық – жиірек үлкен адамдар, әсіресе 15-29 жаста адамдар ауырады.

Патогенезі:

1. Вирус организмге энтералді жолмен енеді.

2. Вирус қанға түсіп вирусемия дамиды.

3. Вирус қан арқылы бауырға барады

4. Вирус гепотациттерге тікелей цитопатикалық әсер етеді.

5. Жасушалардың метоболизмі бұзылады. Гепатоциттердің мембранасының өткізгіштігі жоғарлайды. Жасушалардың гипергидратациясы. Гепатоциттердің аутолизы- цитолизі- некробиозы.

Клиникалық көрінісі: Е гепатитінің ерекшелігі жүктіліктің екінші кезеңінде ауыр ағымен және аурудың жиі қолайсыз жағдайда аяқталуымен сипатталады.

Жасырын кезең – 45-50 күн.

Продромалды (сарғыштық алды кезең): 5-7 күн.

Тән: - грипп тәрізді (дене қызуының 38С дейін көтерілуі, бас ауру),

- диспепсиялық (жүрек айну, құсу, тамаққа тәбетінің төмендеуі немесе жоқ болуы, эпигастрии аймағында ауру сезімі),

- астеновегетативті (әлсіздік, тез шаршағыштық),

- аралас. Продромалды кезеңнің соңында гепатомегалия, зәрдің қоюулануы, кейде терінің қышуы байқалады.

Өршу кезеңі (сарғаю кезеңі): 2-3апта. Сарғаюдың пайда болуымен науқастардың жағдайы жақсарады. Бауырдың улану белгілері: әлсіздік, бас айналу, ашуланшақтық,ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбетінің төмендеуі немесе жоқ болуы, жүрек айну, құсу. Сарғаю синдромы: Сарғаю алдымен шырышты қабаттарда, кейін тері жамылықтарынахолурия (зәрдің қоюулануы), ахолия (нәжістің ағаруы,), терінің қышуы. Гепатомегалия.

Сауығу кезеңі: 4-6 апта.

Диагностикасы:

- ЖҚА (лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз),

- ЖЗА(өт пигменті реакциясы оң),

- қанның биохимиялық анализінде

Цитолитикалық синдром-(АЛТ, АСТ,жоғарлауы,)

Холестатикалық синдром-(жалпы билирубиннің деңгейі тікелей фракциясының әсерінен жоғарлайды)

Мезенхимальді қабыну синдром (тимол сынамасының жоғарлауы),

Бауырдың белоктық-синтетикалық фракциясының төмендеуі (протромбин индексі, фибриноген, жалпы белок, альбумин, глюкоза төмендейді)

-ИФА (вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау):anti HАV IgM +ПЦР RNA HАV (+)

Емі:

1. Ауруханаға жатқызу клиникалық эпидемиологиялық көрсеткішіне қарай.

2. Төсектік режим(10 күнге дейін)

Базистік терапия

3. Диета – стол № 5.

4. Дезинтоксикациялық терапия (көп мөлшерде сұйықтық тәулігіне 3- литргедейін)

Алдын алу:

1.Вакцинация

2. Жеке бас гигенасын сақтау.

3. Санитарлық-ағарту жұмысы.

Наши рекомендации