Уақытша және тұрақты тістердің тіс жегісінің клиникасы
2 жасқа дейінгі балаларда уақытша тістердің тіс жегісі негізінен антенатальды кезеңде қалыптасқан тістің бетінде шоғырланады (жоғарғы және төмеңгі жақ сүйектерінің жылтыр беткейлері) және әсіресе қандай-да бір жағымсыз әсері болса (этиологиясы әр түрлі гипоксия, гипотрофия, анасының созылмалы экстрагенитальды аурулары, анемиялар, жүктілік токсикозы).3 жастан кейін молярлардың шайнау беткейлері зақымданады және 4 жастан кейін – уақытша молярлардың жанасу беткейлері.3 жасқа дейінгі балаларда уақытша тістердің тіс жегілерінің жиі кездесетін түрі – циркулярлы, жазықты. Циркулярлы тіс жегі мойын аймағында тіл беткейінде басталады, жазықтығы бойынша сауытты толық айнала тараладаы, себебі фронтальды тістердің минералдану кезеңіне байланысты. Тіс жегінің бұл түрінде қандай да бір өзіне тән қуыс болмайды, процесс кеңінен таралады (тістің мойын айналасымен).Жазықты түрінде – кариозды қуыстар ұсақ, жазық, кіреуке қырлары нәзік, дентин ылғал, кариозды процесс тіс сауытына қарай кеңінен таралады. Мұндай тістерде асқынулар жылдам пайда болады (пульпит, периодонтит).4-4,5 жастан бастап кариозды қуыстар апроксимальды беткейлерде қалыптасады, әсіресе егер балалар жеткіліксіз шайнамаса, қатты тағамнан аулақ болса, бұл кезде физиологиялық тремалар қалыптаспайды, сілекей аз бөлінеді, өздігінен тазару тежеледі және ауыз қуысы гигиенасы толық жүргізілмейді. Қуыстары – кіре берісі кішкентай, кіреуке қырлары салбырап тұрады, дентин әртүрлі тығыздықта (тіс жегінің белсенділік дәрежесіне байланысты), бірақ шектелуге бейімділігі барлық уақытта анықталады.
Клиникалық ағымды негіздейтін факторлар:
1 – жүктіліктің патологиялық ағымы кезінде жүретін антенатальды кезеңде уақытша тістердің қатты тіндерінің алғашқы минералдануының бұзылуы; минералдану екі кезеңге бөлінеді:
а) уақытша күрек тістердің минералдануы және уақытша молярлардың минералдануының бастапқы көріністері
б) күрек тістер (мойын айналасынан басқа) мен молярлардың барлық беткейлерінің минералдануы
Жүктіліктің 1 жартысында уақытша тістердің минералдануына әсер ететін патологиялық жағдайлар, кіреукенің құрылысының толық қалыптаспауына және кіреукеде физико-химиялық алмасу деңгейінің бұзылыуына әсер етеді де, бұл тістердің тіс жегіге резистенттілігін төмендетеді. Жүктіліктің 2 жартысының токсикозы уақытша тістердің минералдануын бұзады және тіс жегі мен гипоплазияның қарқынды дамуына әсер етеді. Кариозды қуыстардың шоғырлану мерзіміне қарай 2,5 жасқа дейін негізінен антенатальды минералдану орындарында байқалады (екі жақ сүйектерінің күрек тістерінің жылтыр беткейлері), ал үш жастан кейін шоғырлану, уақытша тістердің жарып шығу кезеңінде жеке бөліктердің минералдану дәрежесіне байланысты болады.
Баланың тууы кезеңінде азу тістердің фиссуралары мен жанасқан беттері және күрек тістер мен ит тістердің мойын тұсы минералдандырылған болады, олардың минералдануы баланың бірінші 2,5 жасында болады. Осы кезеңде қолайсыз факторлардың әсері, келешекте кариозды процеске ұшырататын, кіреукеде нашар минералданған бөлімдердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Яғни 3 жастан кейін тіс жегімен азу тістердің шайнау және жанасқан беттері мен күрек және ит тістердің мойын тұсы бұзылады.
Тістің жетілуінің 3 дәрежесі, уақытша тістердегі тіс жегінің ағымына әсерін тигізеді. Яғни түбірлердің физиологиялық сорылу кезеңінде, ұлпа өзінің регенераторлық және қорғаныш қызметінің қабілеттілігін жоғалтады және орташа тереңдікте пульпит дамуы мүмкін.
Сондай-ақ, уақытша тістердің тіс жегісінің клиникалық сипаты баланың денсаулығына байланысты (денсаулық топтары). 1 топтағы балаларда тісжегінің компенсирленген түрі кездеседі (белсенділіктің 1 дәрежесі), ал созылмалы аурулары бар балаларда суб- және декомпенсациялы түрлері. Уақытша тістерде тіс жегінің қарқындылығының жоғары болуы органикалық заттардың құрамының көп болуымен, уақытша тістерде кіреуке мен дентиннің көлемінің аз болуымен түсіндіріледі. Көбінесе уақытша молярлар, сосын күрек тістер мен ит тістер жиі зақымданады, әсіресе жоғарғы жақ сүйектерінің тістері.
Сүттістердің тіс жегісінің негізгі ерекшелігі тістің дамыған дәрежесіне, жегі қуыстың белгілі бір жерде орналасуына, тістің тіндерінің бұзылуы жылдалуығына, ұлпа реакциясына байланысты. 2,5 жасқа дейінгі уақытта жегіленген ошақтар антенатальды талшықтану орындарында орналасады – жоғарғы және төменгі жақтың күректістерінің тегіс беткейлері. 3 жастан кейін азу тістердің шайнау беткейлері мен 4 жастан соң уақытша азу тістердің жанасу беткейлері тіс жегісімен зақымданады. Уақытша тістердің эмаль мен дентинде, тұрақты тістердге қарағанда органикалық заттары көп, сондықтан уақытша тісте жегі қуыстың пайда болу мүмкіндігі жоғары. Түбірлердің айқын резорбциясы кезеңінде жегіленген шоқырда қышқылдан, тәттіден, ащыдан ауырсынулар сирек болады. Оның қабырғасын өңдегеннен кейін ол зодталғанда да жұмсақ болып, орташа тереңдікте де тіс қуысы ашылып, пломбаланған кейін пульпит дамуы мүмкін. Сүт тістерде тіс жегісінің ғылымының ерешеліктері болады: соның бастысы – патологиялық процестің тез дамуы. Процесс дентинге тез жетеді – ол сүт тістердің эмалінің жұқа болып, дентин мөлшері аз минералданған зоналармен ерекшеленіп, ұлпа шекарасына жетіп, процесс өрши түседі. Эмаль мен дентин құрылымында органикалық заттар пайызы жоғары, ол да тіс жегісін тез дамуға үлесін қосады. Кең дентинді өзекшелер арқылы инфекция тіс ұлпасына өтіп, оның қабынуын тудырады. Сүт тістердегі ұлпаның белсенділігі төмен болуы баланың иммунды жүйесінің толық қалыптасып болмауымен байланысты. Уақытша тісте түбірлердің физиологиялық резорбциясы кезеңінде ұлпада инволютивті сипатты өзгерістер болып, ол оның реактивті және қорғаныс қызметтерінің жойылуымен сипатталып, соның салдарынан мөлдір және орынбасар дентин түзілмейді. Түбірлердің айқын резорбциясы кезеңінде қышқылдан, тәттіден, ащыдан болатын шағымдар сирек жүреді.