ПерзентханадаҒы нӘрестелерді тамаҚтандыру

Жаңа туылған нәрестелерді күн тәртібі бойынша емес – нәрестенің талабы бойынша тамақтандыру керек. Емшек сүтінен басқа ешбір сусын бермеу керек, әрине, медициналық көрсеткіштер болмаса. Анасы мен нәрестенің бір бөлмеде болуын іске асыру қажет. Емшек еметін нәрестелерге ешбір тыныштандырғыш дәрілер, болмаса, емшекті ауыстырушы заттар (емізік және т.б) беруге болмайды. Арнайы дайындалған медицина қызметкерлері анасына емізудің артықшылығы туралы ақпарат беріп, емізудің тәсілін үйретулері қажет.

Анасы жағынан нәрестені ерте емізуге болмайтын көрсеткіштерге операциямен босандыру, көп мөлшерде қан кету жатады.

Нәресте жағынан ерте емізуге болмайтын белгілерге Апгар шкаласының 7 ұпайдан (баллдан) төмен көрсеткіші, нәрестенің тұншығуы, бас сауытының ішінің босану жарақаты жатады.

Нәрестені бірінші рет емізу тәсілі.Бірінші сатыда, кіндіктің соғуы біткенге дейін, нәрестені жалаңаш күйінде анасының ішінің үстіне салып, стерильді жаялықпен жабады. Кіндіктің соғуы тоқтағаннан кейін, кіндікті алғашқы өндеуден өткізіп, нәрестені қайтадан анасының ішінің үстінің жоғарғы бөлігіне салады. Анасының кеудесі мен іші физиологиялық ертіндімен ылғалдандырылған стерильді жаялықпен жабылады. Біртіндеп, нәрестеде іздеуі рефлексі пайда болып, ему, басын бұру және аяқ-қолының еңбектеу қимылдары пайда болады.

20-30 минут ішінде көптеген нәрестелер өз бетімен, анасының көмегісіз, анасының емшегін тауып алып, оның ұшын ауызына салады. Нәресте емшекті қуатты «сүзу» тәрізді, емшекті жоғары көтеретін қимылмен ауызына алуы керек. Сору тиімділігі сол қысым пайда болуына байланысты емес, баланың тісі жасайтын ырғақты массажбен, яғни емшекті айқын механикалық «сауыумен», анықталады. Бірінші контакттан кейін бала ембесе, оны бір сағаттан артық ұстаудың пайдасы жоқ. Ол ұйықтап қалады. Сонымен қатар, туылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң терілік қатынас тәсілін қолдану пайдасыз болады. Ал, келесі күндері удайы бұл әдісті қайталап отыру керек.

Бірінші күннен бастап баланы аштықтың кез келген белгісі немесе мазасыздану пайда болған сайын, арнайы мерзімді күтпей емізе беру керек.

Аштықтың белгісі болып ерінінде сору қимылдарының, басын жан-жағына қозғау, әртүрлі дыбыс шығару (жылағанға дейін) есептелінеді.

- Баланы, бекітілген күн тәртібісіз, жиі емізу керек. Баланы емізу 24 сағат ішінде 8-12 реттен кем болмауы керек.

- Жиі сору және жиі сүт безін босату лактацияның жақсы және тез қалыптасуына, сүттің жеткілікті, баланың мұқтаждығын қанағаттандыратын мөлшерде түзілуіне ықпал етеді.

- Ему мерзіміде шектелмеу керек. Тіптен іштеңе сормай, анасының емшегінде қалғып жатса да, ему мерзімін баланың өзі шешуі керек.

- Емізу аралығында басқа сусындар беріп, нәрестенің тағамдық мазасыздануын баспау, өте маңызды болып келеді.

- Уыз бен сүттің мөлшерінің ұлғаю және сәбидің емуге үйрену барысында
емізу жиілігі бір балаларда көбірек, кейбіреуінде азырақ сирей түседі.

- Түнде емізудің сүт мөлшерін көбейтуде маңызы үлкен (пролактин түнде көбірек түзіледі).

- Бала ұзақ жақсы еміп, сүт безін толық босататын болса, екінші емшекті беру дұрыс. Келесі емізгенде сол екіншісінен бастап емізу керек.

- Лактация қалыпты болса, сауудың қажеті жоқ.

- Екі емшекті де емізгенде, сүттің қиын сорылатын, бірақ, қажетті бірінші емшектегі «артқы» сүтті толық іше алмай қалады, сондықтан екі емшекті жиі ауыстырмаған жөн.

Емшекті бергенде сәби емшекті бірден алмаса, емшектің ұшын баланың ерніне тигізіп, 1-2 тамшы сүтті аузына сауу керек. Емізу арасында емшектің ұшын стерильді сулықпен (салфетка) жауып қойған дұрыс.

перзентханадаҒы нӘрестелерді тамаҚтандыру - student2.ru Босанғаннан кейінгі алғашқы күндері баланы бір қырынан жатып емізу.

Наши рекомендации