ТамаҚтану жӘне науҚасты тамаҚтандыру Қалі ауыр науҚасты тамаҚтандыру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: төсек тәртібінде жатқан, қал-жағдайы ауыр науқас.

Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, поильникті, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тамақты қандай реттілікпен қабылдайтынын үнататынын науқастан сүраңыз.

2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз

4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабьщыз.

5. Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

6. Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).

7. Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.

8. Науқасты қасықпен аз порңияда немесе поильникпен кішкентай жүтыммен тамақтандырыңыз.

9. Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

10.Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін жэне иегін сүртіп, сосын

сүлгінің қүрғақ шетімен сүртіңіз. П.Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз.

Тосек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз. 12.Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.

Ескерту: егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.

ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ МҮРЫН-АСҚАЗАН СҮНГІСІ АРҚЫЛЫ

ТАМАҚТАНДЫРУ

Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операңиядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз:залалсыздандырылган, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісін, 200 мл қүйғыны немесе Жане шприңін, салфеткаларды, фураңилин ертіндісін, қасқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сүйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жэне туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

3. Енгізетін сүнгінің үзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.

4. Фураңилин ертіндісін лотокқа қүйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.

5. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бүрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

6. Қолғапты киіңіз, мүрын жолдарын қараңыз.

7. Төменгі мүрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мүрын-жүтқыншақтан анықтаңыз жэне жүтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жүтынуын сүраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.

8. 30-40 мл ауаны жане шприңіне сорып алып жэне оны сүнгіге жалғастырыңыз.

9. Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз. Ю.Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз

(дыбысты естіңіз).

П.Сүнгіге қысқышты салып, шприңті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

12.Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз жэне оны науқастын бетінің айналасына жэне басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мүрынның қырына). Жане шприңіне даярланған жылы сүйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

13.Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

14.Құйғыны немесе Жане шприңін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты қүйыңыз, ақырындап қүйғыны көтеріңіз, тек қана қүйғынын ауызында тамақ қалмағанша.

15.Асқазан деңгейіне дейін күйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

16.Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

17.Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, қүйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанганга дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

18.Қолгапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кегітіріңіз.

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай

қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді:

- 1-38-40° су моншасында тамақты жылытады;

- егерде қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

- егерде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бүрылган, жатқан қалыпта болады;

- сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бүл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.

Гастростома- асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке үқсас тесік - еюностома салынады.

Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына - тігіспен немесе үзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден оң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт откен соң үлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан жэне ішек ішіндегі заттар өтеді.

Тану проңесінде түтіктін қалпын үқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында үстап түруды. Егерде түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

ГАСТРОСТОМАНЫ КҮТУ

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейнгі жағдай.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Үзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз жэне науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.

4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, қүрғақ шарикпен мүқият кептіріңіз.

5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындагы теріге жагыңыз.

6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жагы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

9. Пайдаланған қүралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10.Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

П.Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне жэне асқазанга баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе қүйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді қүйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.

Наши рекомендации