Аяқ-қол артерияларының аурулары.

1. Лериш синдромына қай симптомдар тән емес?

2. Тез үдемелі табанның ылғалды гангренасы кезінде облитерациялаушы атеросклероз аясында жасау қажет:

3. Аяқтың облитерациялаушы атеросклерозына тән:

4. Лериш синдромын хирургиялық емдеу кезінде ең жақсы әдіс:

5. Қантамыр қуысын 2/3 тарылтатын жалпы мықын артериясының 2 см бойы стенозымен ауыратын науқасты емдеу кезінде таңдау әдісі:

6. Коллатеральдар мүмкіндігі жақсы балтырдың барлық магистральды артерияларының окклюзиясымен облитерациялаушы тромбангиит кезінде таңдау әдісі болып табылады:

7. Лериш синдромы жәневазоренальды гипертензиямен бүйрек артериясының стенозы бар 48 жастағы науқаста емдеу әдісі болады:

8. Сан аретриясының сегментарлы атеросклероздық окклюзиясы, аяқтың созылмалы ишемиясының II Б сатысы кезінде таңдау әдісі болып табылады:

9. ІІ Б сатысындағы облитерациялаушы тромбангиитпен ауыратын 38 жастағы науқаста тізеасты артериясының окклюзиясы кезінде таңдау операциясы болып табылады:

10. Облитерациялаушы тромбангииттің ангиографиялық белгілеріне барлық аталғандар жатады, тек:

11. IV сатыдағы аяқтардың созылмалы артериялық жетіспеушілігі, табан гангренасы бар 83 жастағы науқаста сан, тізеасты және асықты жілік артерияларының атеросклероздық окклюзиясы кезінде таңдау тәсілі болады:

12. Сан артериясының атеросклероздық окклюзиясы кезінде сан-тізеасты шунттың тиімді материалы бола алады:

13. 55 жастағы науқас жүрген кезде пайда болатын сан және бөксе бұлшықеттеріндегі ауырсынуға, жыныстық потенция төмендеуіне шағымданды. 8 жыл бойы науқастанған. Соңғы кезде тоқтаусыз тек 70 метр жүре алады. Тексеру кезінде екі аяқта да сан артериясының пульсациясы жоқ екені анықталды. Жүрек патологиясы жоқ. Жоғарыда аталған симптоматика қандай аурумен байланысты?

14. 58 жастағы науқас жыныстық потенция төмендеуіне және жүрген кезде сан мен бөксе бұлшықеттерінде пайда болатын ауырсынуға шағымданады. 6 жыл бойы ауырады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтың тері жабындылары бозғылт, ұстағанда суық. Буындардағы белсенді қозғалыс толық көлемде. Табанда аздаған сезімталдық төмендеуі. Артериялар пульсациясы екі аяқтың бүкіл бойында анықталмайды. Берілген клиникалық сурет қандай ауруға байланысты екенін көрсетіңіз:

15. 58 жастағы науқас жыныстық потенция төмендеуіне және жүрген кезде сан мен бөксе бұлшықеттерінде пайда болатын ауырсынуға шағымданады. 6 жыл бойы ауырады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтың тері жабындылары бозғылт, ұстағанда суық. Буындардағы белсенді қозғалыс толық көлемде. Табанда аздаған сезімталдық төмендеуі. Артериялар пульсациясы екі аяқтың бүкіл бойында анықталмайды. Берілген жағдайда қандай ем қолданған жөн?

16. Сол аяқтың қантамырларының облитерациялаушы атеросклерозымен ауыратын 62 жастағы науқаста ангиография кезінде гюнтеров каналында 20 см-ге созылатын сол жақ сан артериясының окклюзиясы анықталды. Санның жалпы, беткей және терең артериялары өтімді. Коллатеральдар арқылы өзгермеген тізеасты және балтыр артериялары контрастіленеді. Аяқтың қан айналымын қалпына келтіру үшін ең бастысы не жасау керек?

17. 47 жастағы науқасты тексеру барысында жалпы сан артерияларының 7 см-ге атеросклероздық стенозы анықталды. Қанның биохимиялық талдауында төмен тығыздықты липопротеидтер және холестериннің жоғары деңгейі анықталды. Науқасқа жақсы клиникалық нәтижемен стеноздардың эндовазальды дилятациясы жасалды. Араласудан 6 айдан кейін қорытынды тексеру кезінде жалпы сан артерияларының рестеноздары анықталды. Аурудың жылдам рецидив беруінің себебеі неде?

18. Аяқтардың облитерациялаушы атеросклерозымен ауыратын 70 жастағы науқасты тексеру кезінде сан артериясының сол жақ сыртқы мықындық бетінің стенозы анықталды. Берілген жағдайда қандай емдеу әдісін қолданған жөн?

19. 63 жастағы науқас емханаға жүрген кезде күшейетін сол табан және балтырдағы ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсынусыз 60 метрден артық жүре алмайды. Емханада тексеру кезінде ангиографияны қоса, гунтеров каналында 20 см-ге созылатын сол сан артериясының сегментарлы атеросклероздық окклюзиясы анықталды. Санның жалпы, беткей және терең артериялары жақсы контрастіленеді. Коллатеральдар арқылы тізеасты және балтыр артериялары толады. Берілген жағдайда қандай операциялық араласу көрсетілген?

20. Құрсақ қуысындағы пульсациялаушы түзіліске шағымданып түскен 65 жастағы науқаста ангиографиялық зерттеу кезінде мықын артерияларының екеуіне де таралатын қолқаның инфраренальды бөлімінің аневризмалық кеңеюі анықталды. Аяқтардың магистральды артериялары өтімді. Бұл клиникалық жағдайда тиімді емдеу әдісі:

21. Сан артериясының эмболиясы, III-В дәрежелі ишемиясы (аяқ контрактурасы) кезінде таңдау әдісі:

22. Наиболее совершенным инструментом для эмболэктомии из магистральной артерии является:

23. Тізеасты артериясының жедел тромбозы, І-А дәрежелі ишемия дамыған кезде геморрагиялық инсульты бар науқасқа жасау керек:

24. Аяқ артерияларының жедел тромбозының аса жиі себебі болып табылады:

25. Сан артериясының эмболиясы нәтижесінде дамыған аяқтың ІІ-Б дәрежелі жедел ишемиясына тән емес симптомды атаңыз:

26. Сан артериясының эмболиясы, ІІ-Б дәрежелі аяқ ишемиясы кезінде таңдау әдісі болып табылады:

27. Сан артериясының эмболиясы және сирақ-табан және тізе буынында дамыған аяқ контрактурасы кезінде таңдау әдісі:

28. Бұрын миокард инфарктын басынан өткерген 60 жастағы науқаста госпитализациядан 6 сағат бұрын кенеттен сол аяғында ауырсыну, оның сууы, сирақ-табан буынындағы белсенді қозғалыстардың шектелуі пайда болды, аяқ артерияларының тамыр соғысы тек пупарт байламы деңгейінде ғана анықталады. Қандай диагноз қою керек?

29. ЖИА және жыпылық аритмиямен ауыратын 70 жастағы науқас 7 күн бұрын пайда болған аяқтағы күрт ауырсыну, айқын ентігуге шағымданады. Науқас жағдайы аса ауыр, өкпе ісінуі белгілері бар, артериялық гипертензия 190/100 мм с.б. Екі аяқ және бөксе суреті айқын мәрмәрлі, ұстағанда суық. Белсенді қозғалыстар жоқ, енжар – сақталған. Аяқтың толық анестезиясы анықталады. Сан артериясының пульсациясы жоқ. Бұл жағдайда қандай тактикалық шешім дұрыс болады?

30. Аяқтардың жедел ишемиялық синдромы көріністеріне қандай симптом жатпайды?

Наши рекомендации