Терінің жағдайын бағалаудағы инвазивті емес әдістер.

Тері диагностикасының инвазивті емес әдістерінің қысқа классификациясы:

Тері функциясын диагностика әдістері: Тері морфологиясының диагностика әдістері:
Ылғалдылықты өлшеу- импедансты және көлемді әдіс. Ультрадыбысты сканирлеу- тері құрылымын жоғары жиілікті визуализация әдісі. Тері құрылымының 10 мм тереңдікте эпидермистің қалыңдығын дерма және акустикалық тығыздықты басқа да параметрлерді анықтауға көмектеседі.
Май бөлінуін бағалау- адсорбциялық индикаторлық таяқша және фотометриялық әдіс Дерматоскопия, микрофотография, видеодерматоскопия
Тері РН-н бағалау, РН- метрия Тері эластикалығын бағалау- эластометрия
Теріде меланин мен фототиптін мөлшерін анықтау- фотометрия Тері рельефін бағалау- Реплик әдісі және монохромды шкаланы қолдана отырып УФ- сәулемен видеомониторинг.
Эритема мөлшерін бағалау- фотометрия. Тері беткейіндегі судың булануын анықтау.Температурасын анықтау- термометрия, термография.  

Тері эластикалылығы- ең маңызды көрсеткіш, жас келе төмендейді. Оны оптикалық және ультрадыбысты прибормен анықтайды.

Меланин көлемін анықтау( тері пигменті ) және әртүрлі ұзындықтағы жасыл, қызыл және инфрақызыл толқынды фотометр көмегімен меланин санына баға беру.

Кейбір жағдайларда трансэпидермальді суды жоғалтуын және тері микрорельефін(орналасуы және әжім тереңдігі) анықтау. Науқасты фотографиялау және тері беткейін микровидеосьемкаға түсіру дәрігер- дерматокосметологтың негізгі диагностика әдісі.

Инвазивті емес диагностика әдісі, мысалы фигураны коррекциялағанда целлюлит дәрежесі мен суды ұстау деңгейіне баға беру керек.

Соңғы кезде терінің ультрадыбысты сканирлеу қолданады, ол терінің ішін қарауға және әр қабатына баға беруге көмектеседі. Дәрігер мен науқас теріні зақымдамай, бірнеше есе үлкейтіп көруге мүмкіндік береді.

Теріні ультрадыбысты сканирлеу терапиялық косметология мен пластикалық хирургиядағы емнің әсерін бағалауда ең қажетті инсрумент.

Терінің инвазивті емес диагностикасы косметологтарға бірқатар артықшылығымен қамтамасыздандырады:

· Біріншіден, болжамды обьективті диагностика маманға клиентке керекті әдіс пен препарат тағайындалғанына көз жеткізу керек.

· Екіншіден, технология өткізілген әдістің әсерін құжаттық куәлікке тіркеу керек.

· Үшіншіден, жоғарыда аталғандар клиенттің сенімін және адалдығын қамтамасыз етіп, сатуды және шеңберді үлкейту керек.

Инвазивті емес диагностика терінің жағдайын әртүрлі көрсеткіштермен зерттеуге көмектеседі. Ылғалдылық пен эластикалық тестін antiageing программасы қолданады: солярий қызметкерлеріне арнайы «күн» тестісі(фототип, меланометрия және ультракүлгін сәуледегі максимальді экспозиция), сатушыларға фотоқорғаушы препараттар және күюге арналған заттар, ал шаш пен бастың шашты бөлігінің терісін диагностикалау программасы шаштараз бен косметологтарға, сонымен қоса шаш күтімі мен шаш еміндегі заттар дистрибьюторларға. Терінің жағдайын уақытында диагностикалау профессиональді өсуге, ал сән салоны жаңа имидж бен клиенттердің сенімін ақтауда сату көлемін өсіре алады.

Әртүрлі емдік жане косметологиялық процедуралар өзгерістері динамикасын бағалау үшін фотоқұжаттандыру әдісі кең тараған.Теріні суретке түсіру кезінде дұрыс стандартты жарықтандыру қолдану,сонымен қатар алдынан жане жанынан түсіру маңызды.


Саңырауқұлақ жане инфекциялық аурулар кезінде тән жарықты жане пигментті бұзылыстар жане қабынулық дерматоздар кезінде тері тусі өзгерісін анықтау үшін Вуда фильтрі бар люминесцентті лампамен қарау қолданылады.Қазіргі заманғы приборлар(“Visio Face”,”CK electronic”)көмегімен тері бөліктерін”ақ диапазонда”жане ультракүлгін жарықтандыру кезінде суретке түсіру қолданылады,бул терінің фото зақымдануларын жане пигментті түзілістерін диагностикалау үшін маңызды.Соңғы жылдары қалыпты терімен патологиядағы теріні анықтау үшін оптикалық әдістерді қолданады,тері флюоресценциясы тері май қабаты,порфиндермен.Дерматокосметологияда тері рельефін анықтау маңызды.Тері рельефі оның функционалды жағдайының маңызды параметрі болып келелі.Тері рельефін бағалауда скин-визиометр арқылы оның белгілі нүктеден тереңдігін жане биіктігін анықтау арқылы.Сонымен қатар тері жабындыларынан селеконды жапсырмаларды алу әдісінде жұқа алмаз инелер комегімен іске асады.

Тері микрорельефін меңгеру үшін мүйізді қабаттан беткейлік биопсия алу арқылы жүзеге асады.Бұл әдістің артықшылығы қарапайым,инвазивті емес,аурусынусыз.Бұл әдіс десквомация темпін,активті жане активті емес фолликулдардың қатынасын меңгеруге комектеседі.Тері бетіне арнайы дискілермен жане цианоакрелатты клеймен жағылған қабат кепкеннен кейін оны корнеоциттермен бірге ажыратылады.Клейге жапсырылган материал гистологиялық,микробиологиялық жане гистохимиялық әдістерді бояйды.Қажет болған жағдайда корнеоцит бояуының белсенділігін анықтау үшін хромометрияны қолданады,олардың молшерімен формасын-морфометрия. Қазіргі таңда корнеоцитті анықтауда классикалық әдістермен қатар иммуноморфологиялық, иммуногистохимиялық жане электронно-микроскопиялық әдіс.Сонымен коса соңғы әдіс тері жабындыларының микрофлора жағдайының хабар береді.

Тері суретін жане бөртпелердің ерекшелігін дерматоскапия комегімен анықтайды.Тері болімінің үлкейтілген суреті анализ алуға маниторда корсетіледі,онда анық колемі, шекарасы,тусі,беткейлік элементтері,кейбір тері ішілік құрылымы корсетіледі.Дерматоскапияны терінің қатерсіз жане қатерлі өзгерістерін сонымен қатар, меланомоқауіпті невус, меланом алды жане меланом ерте анықтау диагностикасында қолданады.Тері қышқылдылығын анықтауда бұрын лакмусты парақ қолданған.Бұл әдіс қазіргі танда дерматиттің пайда болуына жоғары қауіп жане күманды нәтижелер алғаннан кейін қолданбайды.рН-метр немесе рНметрия комегімен электрохимиялық әдісті қолданады.Әдіс принципі буферлі ерітіндімен жане гидролипитті мантия арасындығы патенциалдлы өлшеуге негізделген.

Тері ылғалдылығының дәрежесін бағалауда корнеометр приборы арқылы мүйізді қабаттың ылғалдылығын олщейді.Прибордың асер ету принцині электрөткізгіштікті анықтауға негізделген.Электр өткізгіштік жоғары болса,оның ылғалдылығыда жоғары. Өлшеуіш зондтың екі теріс және оң зарядымен электроды бар. Лоардың арасында диэлектрик орнатылған. Электродтар мен теріге жанастырғанда электрикалық ток пайда болады. Оның күшімен электр откізгіштігің және тері ылғалдылығын анықтайды. Бұл әдістің артықшылығына карапайымдылығы,кемшілігі элоктролиттермен жанаскан кезде дерматит даму қаупін пайда болу каупін жатқызамыз. Эвапориметр прибор көмегімен терінің гигроскопиялық және барьерлік құрылымын, терідегі су көлемін есептеу анықтауга мүмкіндік береді. (Суды трансэпидермальды жоғалту- TEWL) бұл процестің интенсивтілігі арнайы сенсорлары арқылы зерттелінеді. Бұл әдістің маңызды кемшілігі болып аздаған ауаның және температураның өзгеруіне байланысты нәтижесінің бұзылуы. Тері эластикалық зерттеуде кутометрия әдісі қолданылады. Арнайы оптикалық өлшеуіш жүйе зонд тесіктерінен корінген тері бөлімдерінен ақрпарат бере отырып нәтижесі мониторингте қисық эластикалық түрінде корінеді. Кутометр сонымен катар коллаген және эластикалық талшықтардың бұзылысын анықтайды. Бұл әдістің кемшілігі тері эластикалық касиетін бір ғана бөлігінің қасиетін анықтау. Тері бетіндегі май бездерінің мөлшерін нақты анықтайтын әдіс- себометрия. Өлшегіш касетаның басында арнайы пластиктен жасалған пленка болады, ол теріде 30 сек қойылады. Кейін касетаны собометр және фотометр аппаратына койып теріден калган май ізі арқылы анықтайды. Спектрофотометрия принципі нәтижесі жарықтық сәуледегі май іздерінің сіңу интенсивтілігіне байланысты.

Липометрия әдісі себометрияға жақын, ол тері беткейі тазаланбаған тері базисті деңгейде май бездерінің санын анықтау. Динамометр тері беткейінің шыныға стандартты қысыммен анықтау. Қалыпты терінің майлылығы 100-200 мg lipid/sm2 , майлы 500 мg lipid/sm2 көп, құрғақ 50 мg lipid/sm2 «sebutape» әдісі адгезивті беткейдегі гидрофобты микропористі полимерден тұратын арнайы қабық қолданады. Таза теріге 20-30 мин аралығында кабықты қоямыз. Май дақтарының көлемі, адгезивті беткейдегі микропораларға сінген липидтер, май бездерінің секрециялық активтілігіне тура пропорционал.қалыптыда май бөлінуінің жаңаруы бұл әдіс бойынша 0,6-2 мg/(sm2* min). Қазіргі уақытта тері диагностикасында ультразвукты дыбысты әдіс кең қолданады ол тері ылғалдылық дәрежесін коллаген жағдайын бағалайды. Тері микроциркуляциясын бағалауда термометрия әдісі қолданады. Бұл тіндердің перфузиялық бұзылысында температураның томен болуына негізделген. Әдістің артықшылығы көп ретті қайталап жүргізу. Кемшілігі қан айналым жоқтығындада температураның өзгеруі инертті. Сұйық кристалды термография целлюлит кезіндегі қанайналым бұзылыс диагностикасында жақсы әдіс болып табылады. Бұл әдіс микроциркуляция интенсивтілігін сол және басқа дене бөліктеріндегі температура аймағы және жылу ағымын өлшеуге және визуализациялауға көмектеседі. Осы кезде гипо және гипертермальді бөлімдер ошақ түрінде термографиялық пластиналарда орналасқан инкапсулалық сұйық кристалдармен тіркеледі.

Тері микроциркуляциясын ультрадыбысты доплерография әдісімен бағалауға болады. Микроциркуляторлы ағымдағы сызықты және көлемді жылдамдығын анықтау арқылы қан ағым динамикасын меңгереді. Әдіс тамыр бойындағы эритроциттер қозғалысын тіркеуге бағытталған. Қабылданған сигнал дыбысты немесе графикалық түрде тіркелінеді. Ультрадыбысты доплерография және лазерлі доплерографиялық флоуметрияны ұзақ уақыт динамикалық бақылауға қолданады. Бұл әдісті пластикалық хирургияда кең қолданады- пластика алдында бос лоскуттың микроциркуляция жағдайын бағалауда.

Кеңінен қолданатын тырнақ жабынның капилляроскопиясы микроциркуляцияны маңызды статикалық, динамикалық параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді. Әдісті жасқа байланысты тері қанайналым өзгерістеріне баға беру үшін қолдана бастады.

Радиоизотопты зерттеу тіндердің қан толуына объективті хабар береді. Пластикалық хирургияда аутотранспланттанттардың өмірге қабілеттілігін анықтауға көмек береді. Импедансты реоплетизмография жұмсақ тіндердің толқу кезінде қан толудың электрлік қарсылығының өзгеруін тіркейді. Пилинг процедурасынан кейін тері жағдайын қадағалауда қолданады.

Микроплетизмография капиллялардың толуын анықтайды. Капиллярлардың функциялық жылдамдығын бағалауда соңғы жылдары немесе мексаметрия немесе капиллярометрияны капиллярлардың толу деңгейіне байланысты қолдана бастады.

4. Иллюстрациялы материалдар:слайдтар.

5. Әдебиет:

1. Скрипкин Ю.К. и др. Кожные и венерические болезни: Учебник – М., ГЭОТАР-Медиа, 2007, 544 с.

2. Уайт Г. Цветной атлас по дерматологии: руководство/пер. с англ. под ред. Н.Г. Кочергина. – М., 2008.

3. В.Соколовский «Дерматовенерология». М. 2005.

4. Ю.К.Скрипкин « Кожные и венерические болезни» - Учебник для студентов медицинских институтов – М. «Триада – Х, » 2000 М.

5. С.Т.Павлов, О.К.Шапошников, В.И.Самцов, И.И.Ильин « Кожные и венерические болезни». 1985. Учебник для студентов лечебного факультета.

6. Ю.К.Скрипкин, Шарапова Г.Я. « Кожные и венерические болезни». М. Медицина, 1979.

Наши рекомендации