Эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыруға жалпы міндеттемелер нұсқаулар

Клиникалық тәжірибе анықтамасына бейімделу керек

Үнемі микробиологиялық лабараторияда және бөлімшелерде өтілуі тиіс.

Науқастың диагнозын, жасын, бөлімшесін, түскен және шыққан уақытысын, аурудың барысын, инфекция түрін және оның қоздырғышын жазып толтыру керек

Надзордың нәтижелері қарапайым формада берілген, клиникаға жіберілуі керек

Эпидемия пайда болғанда жалпы нұсқаулар

Эпидемия төтенше жағдайлар қатарына жатады: соған сәйкес шаралар тез арада қолдану керек.

Эпидемияны бақылаудағы алғашқы қадам бөлімшедегі стандартты шараларды күшею болып табылады.

Жаңа инфекцияның пайда болуын алдын алуы үшін мед персоналдарға арнайы нұсқаулар жасау керек

Спецификалық факторлардың пайда болуына қайталап бақылау жүргізу.

Бөлімшенің мед персоналымен үнемі байланыста болып, барлық анализдардың нәтижесін айтып отыру.

Бірақта, университеттерде 1923 ж дейін инфекционды аурулар курсын терапевтикалық кафедра профессорлары оқыған болатын, сол жерде сонымен қатар тәжербиелік сабақтарда өткен. 1923 ж. Мәскеу университетінің медицина факультетінде инфекциялық аурулар кафедрасы ашылған болатын.

Гигиена санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ғылыми тұрғыдан негіздеумен айналысады. Гигиеналық іс-әрекеттердің практикалық жағы - санитария деп аталады (латын сөзінен «sanitas» -«денсаулық»). Жалпы алғанда, санитария – бұл, гигиеналық нормативтердің, талаптардың, ережелердің сақталуын бақылайтын жүйе, оны санитарлық –эпидемиологиялық қызмет іске асырады. Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен мекемелер жүйесіне кіретіндері: ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің қарамағына кіретін Қазақ Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, қалалық департаменттер мен басқармалар, аудандық сан-эпид бақылау басқармасы. Әрбір басқарма өздеріне тиісті сан-эпид сараптау Орталықтарымен қатар жұмыс істейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеті санитарлық заңнамалардың сақталуын және

· қоршаған табиғи ортаның – атмосфералық ауаның, су көздерінің және топырақтың ластануының алдын алуға және оны жоюға;

· елді мекендердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, тұрғын үйлердің, мәдени-тұрмыстық және емдеу-алдын алу мекемелерінің құрылысын салу және абаттандыру кезінде санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге;

· жалпы және кәсіби аурушаңдықтың алдын алу және оны азайту мақсатында халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істейтіндердің жұмыс жағдайын сауықтыруға;

· балалар мен жасөспірімдердің дамуы, оларды оқыту және тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасауға;

· халықтың тұрмысын санитарлық қорғауға және халықты санитарлық ағартуға;

· халықтың әр түрлі топтары үшін ұтымды тамақтануды ұйымдастыруға, тамақтану жағдайын сауықтыруға, алиментарлық аурулардың, оның ішінде, тамақтан уланулардың да алдын алуға;

АІИ алдын-алу.

Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ)– бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру».

АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастарың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) –осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.

АІИ өсуі мен таралуыныңсебептеріөтекөп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.

Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

Инфекциялық бақылау жүйесі қызметін үйлестіруді медициналық ұйымның бірінші басшысы қамтамасыз етеді.

Инфекциялық бақылау жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін әрбір медициналық ұйымда осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қолданыстағы Медициналық ұйымдарды инфекциялық бақылау комиссиясы туралы үлгілік ережеге сай инфекциялық бақылау комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады.

Комиссияның құрамына төраға - медициналық ұйымның басшысы немесе оның орынбасары, осы медициналық ұйымның қызметкерлерінен тұрақты мүшелері: (госпитальдық эпидемиолог, инфекциялық бақылау мейірбикесі, дәрігер-хирург, дәрігер-инфекционист, дәрігер-терапевт, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, дәрігер-бактериолог, дәріхана меңгерушісі, бас мейірбеке) кіреді. Медициналық ұйымдардың бейініне байланысты басшының шешімі бойынша басқа бейіндегі мамандар: дәрігер-паталогоанатом (АІИ-дан өлім-жітім жағдайы тіркелген жағдайда, инженерлік бейіндегі маман (ғимараттарды пайдалану мәселелерін талқылау кезінде), экономист (АІИ жағдайларынан болған экономикалық залалды есептеу үшін), басқа мамандар тартылады.

Әрбір медицина ұйымында бейінді, емдеу-профилактикалық үдерістің спецификалық ерекшеліктерін, қаржылық және материалдық ресурстарды есепке ала отырып, инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленеді.

Бағдарлама мынадай бөлімдерді қамтиды:

1) АІИ-ды толық және уақтылы есепке алуды және тіркеуді ұйымдастыру;

2) АІИ-мен және госпитальдық инфекциялармен сырқаттанушылықты егжей-тегжейлі талдау және олардың пайда болу себептерін анықтау, тәуекел факторларын анықтау, АІИ-ның өршуін тексеру және жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау;

3) жедел эпидемиологиялық талдау, госпитальдық штаммдардың қалыптасуын қадағалау, эпидемиологиялық жағдайды болжау негізінде емдеу және диагностикалық ем-шараларды эпидемиологиялық қауіпсіз орындау алгоритмдерін (технологияларды), санитариялық-эпидемияға қарсы режимді әзірлеу (операциялық және босану блогын өңдеу, қорытынды дезинфекция, күрделі жинау жүргізу, эндоскопиялық жабдықты, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу);

4) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүзеге асыру;

5) антибиотикпен алдын алу бағдарламасын және антибиотикпен емдеу тәсілдерін әзірлеу;

6) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша медицина персоналын оқыту;

7) кәсіптік сырқаттанушылық жағдайларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.

АІИ жағдайларын уақтылы анықтау, тіркеу мақсатында емдеуші дәрігерлер АІИ жағдайларын белсенді анықтауды жүргізеді. Инфекциялық бақылау жөніндегі маман нозокоминальды инфекцияның даму тәуекелі жоғары денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелеріне аптасына кемінде екі рет клиникалық тексеріп аралауға қатысады, зертханалық тексеру нәтижелерін, температуралық парақтар деректерін, ауру тарихындағы антибактериальдық терапияның тағайындалуын (ауысу, күшейту), патологиялық-анатомиялық бөлімше есептерін талдайды.

АІИ-дың жағдайы эпидемиологиялық диагностика деректерінің, науқас адамда болатын (эндогенді факторлар) және медициналық араласу жүргізумен байланысты тәуекел факторларының, ауруханаішілік инфекцияларды анықтау критерийлері ескеріле отырып негізінде комиссиямен анықталады.

Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шығарылғаннан кейін инкубациялық кезең уақытында анықталған инфекциялық аурулар осы медициналық ұйымның АІИ ретінде есепке алынуға жатады.

Медициналық ұйымнан шығарылғаннан кейін 7 тәулік ішінде жаңа туған нәрестелердің тері инфекциясы анықталса, осы медициналық ұйымның АІИ ретінде есепке алынуға жатады, эндметрит - медициналық ұйымнан шығарылғаннан кейін 14 тәулік ішінде.

Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шығарылғаннан кейін 30 тәулік ішінде аңықталған хирургиялық және терапиялық араласудың асқынулары, имплантант болғанда - операциядан кейін 1 жыл ішінде аңықталған асқынулар.

АІИ жағдайын тіркеу туралы мәліметтерді беру кезінде медициналық ұйымға келіп түскен күні, АІИ белгілері пайда болған күні, тоқтату, бұрын болған медициналық манипуляциялар (бөлім, емдеу-диагностикалық ем түрлері) көрсетіледі. Ауруханаішілік сырқаттанушылықтың анықталған әрбір жағдайы инфекциялық ауруларды тіркеу журналына енгізіледі.

Шұғыл хабарландыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5908 болып тіркелген «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 706 бұйрығына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберіледі.

Инфекцияның әкеліну жағдайлары туралы ақпарат жұқтыру болған медициналық ұйымға және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына жіберіледі.

АІИ жағдай анықталған кезде инфекцияның көзін анықтау, оның берілу факторлары мен жолдарын анықтау, АІИ-ның жаңа жағдайларының тіркелуінің алдын алу бойынша шаралар қолданылатын эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.

Бір инкубациялық кезеңде бір медициналық ұйымда тіркелген АІИ-дың 3 жағдайға дейін тіркелген кезде (өлім-жітім жағдайларын қоспағанда) эпидемиологиялық тексеруді медициналық ұйымның госпитальдық эпидемиологы жүргізеді. Бір инкубациялық кезеңде бір медициналық ұйымда тіркелген АІИ-дың өлім-жітім жағдайы, сондай-ақ АІИ-дың 4 және одан да астам жағдайлары тіркелген кезде эпидемиологиялық тексеруді аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары жүргізеді.

АІИ-дың микробиологиялық мониторингі медициналық ұйымының өзінің зертханасы базасында немесе патогендіктің III-IV тобындағы микроорганизмдермен жұмысқа рұқсаты бар зертханамен шарт ретінде жүргізіледі.

Медициналық ұйым мынадай микробиологиялық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді:

АІИ-дың қоздырғыштарының бөлінуі және пациенттер мен персоналдан госпитальдық инфекцияның бөлінуі және сәйкестендіру;

Әдебиет:

1.Внутрибольничная инфекция: учебное пособие/ под ред. В.Л.Осиповой. – М., 2009.

2.Шкатова Е.Ю., Морозкова О.А. Инфекционная безопасность в ЛПУ. Феникс, 2008.

Бақылау:

1. «Эпидемиологиялық бақылау» түсінігі.

2. АІИ эпидемиологиялық қадағалау нені қарастырады.

3. Эпидемиологиялық қадағалау бойынша жалпы кеңестер.

4. Эпидемияға болған кезінде жалпы кеңестер.

5. Күнделікті қадағаулаудың маңызы.

6. Бағытталған қадағалаудың маңызы.

7. МҰ қадағалау нәтижелерін пайдалану.

Дәріс

Тақырыбы: «Инфекциялық бақылау. Медициналық ұйымындағы инфекциялық бақылау түсінігі, негізгі қағидаларыі»

Мақсаты: Студенттерді МҰ «инфекциялық бақылау» түсінігімен таныстыру және қағидаларын ашып көрсету.

Халыққа медициналық көмек беруде науқастардың стационарға қауіпсіз және ыңғайлы жағдайда келуі маңызды критеридің бірі болып табылады. Аурухана ішіндегі патогендерді жұқтыру күрделі факторлардың үйлесімділігімен байланысты, ол тек иесіне ғана жатады. Осыған байланысты нозокоминальды инфекциялардың проблемасы барлық елдерге маңызды болып табылады. Медицицналық технологияның жедел дамуы, стерилизацияның және дезинфекцияның әдістерінің орындалуы,медициналық заттардың ішінен бір рет қолданатын заттр, микроорганизмдер бөліп шығаратын антибиотиктер мен дезинфектантарға резистенттілігін бақылау,осының бәрі емдеу –профилактикалық ұйымда инфнкцияның таралуын төмендетті.

Инфекция (Инфекциялық үрдіс)- Макро- және микроорганизмдердің өзара байланысы болып табылады. Олар инфекционды аурулардың әртүрлі формада пайда болуына әсер етеді: яғни олар: жедел, созылмалы,латентті және т.б.

Инфекицялық үрдістің негізгі жағдайы ол аурудың қоздырғышы болып табылады.

Эпидемия- инфекциялық аурудың таралуы.ол ауруға шалдығудың сатысын жоғарлатады.

Эндемия-Жергілікті жердегі үнемі бір аурумен ауруы. Ол қоғамдық немесе табиғи жағдайларға байланысты.

Пандемия- Ол халықтың белгілі бір бөлігін ғана зақымдайтын инфекциялық аурудың интенсивті түрі.

Инфекциялық бақылаудың жүйесі.Инфекционды бақылаудың жүйесі бойынша тапсырма.

Инфекционды бақылаудың структурасыинфекциялық бақылау бойынша арнайы комитет құрыоуын қадағалайды, оның міндеті бүкіл стационарға беріледі.

Инфекционды бақылау бойынша комитет Аурухана ішіндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды өткізу жөнінде әртүрлі бағдарламамлар жасап табады. Олардың мақсатын және ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде және қаржыллау жөнінде жұмыс атқарады.

Инфекционды бақылаудың Әсерлі бағдарламасы.- ЕПҰ шығынның азаюын қаматамасыз етіп заттарды үнемдеп қалуға мүмкіндік береді.

Инфекционды бақылаудың жүйесі ЕПҰ барлығына ену қажет. Стационардың эпидемиолог-дәрігері маман болып табылады. Ол Эпидемиялық үрдістің және ұйымдастырылатын шаралардың диагностикасына жауап береді.

Наши рекомендации