Атқарушылық іс жүргізудегі прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру

Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалаудың міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық және өзге заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сот актілерінің міндеттілігі принципін бұлжытпай сақтау, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықты алдын алу болып табылады. Нақтыланған заңдылықты қадағалау атқарушылық іс жүргізу органдарының және олардың лауазымдық тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) тексеру және олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізу, соттардың атқарушылық іс жүргізу саласындағы азаматтық істерді қарауына қатысу, сот актілерінің заңдылығын тексеру және олар заңсыз болған жағдайда наразылық келтіру арқылы жүзеге асырылады.

"ҚР-сының Прокуратурасы туралы" ҚР-сы Президентінің жарлығына сәйкес, прокуратура органдары ҚР-сы аумағында зандардың мемлекеттік билік және басқару, жергілікті, өзін-өзі басқару органдары, министрліктер мен ведомстволар, кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар мен азаматтар делме-дәл және бірыңғай қолданылуын, қызметінін жоғары қадағалауын жүзеге асырады.

Заңдардың жергілікгі өкімет, аткару билік және басқару, қадағалау органдарымен, заңды тұлғалармен, қоғамдык бірлестіктермен, лауазымды адамдармен орындалуын, сондай-ақ олар шығарған құқықтық актілердің заңға сәйкестігін бақылау прокуратура органдары қызметінінің негізгі бағыттарының бірі болып, жалпы бақылау деп аталады.

Жалпы бақылау мәнінің негізін мемлекеттік басқару өрісінде және органдарында заңдардың дәлме-дәл және бірыңғай орындалуын бақылау құрайды. Дәл осы ретте прокуратура органдарына қарсылық көрсетіліп, олардың қызметіне араласу, заң бұзушылықтар жиірақ кездеседі. Жалпы айтқанда, прокуратуралардың жалпы бақылау іс-әрекеті ең күрделі әрі қиын. Бұған қоса, заманамыздағы экономикалық процестерді, кәсіпкерлік даму процестерін есепке алу талап етіледі. Демек, жалпы бақылау прокуратура органдарымен жүзеге асырылуы азаматтардың қажеттіктерін барынша қанағаттандыру, мемлекетпен қоғам алдында қойылған мәселелерді шешу мүмкіндігін береді. Басқа сөзбен айтқанда, прокуратура органдары - жалпы бақылау өрісінде -басқа органдармен қосыла саяси, мемлекеттік,экономикалық, әлеуметтік болып табылады.

Қорытындылай келе:

· мемлекеттік кәсіпорын

· агро өнеркәсіптік компонентті жою бойынша алдын алу шара,

· өндірістік зақымданумен күресу;

· аумақта табиғи pecypстар;

· азаматтардын еңбекті , мүліктік және мүдделерін қорғау;

· алкоголизм, наркоманияменкуресу жөніндегі зандардың орындалуын кадағалау болып келеді.

Бұл саланы басқару прокуратура органдарындағы арнайы бөлімшелері мен лауазымды адамдарына жүктелгін. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыруда прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары:

· атқарушылық іс жүргізу барысында денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты дербес қорғай алмайтын жеке тұлғалардың және мемлекеттің конституциялық құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қадағалайды;

· атқарушылық іс жүргізу органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен, жеке сот орындаушыларымен атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы дәлме-дәл әрі біркелкі қолдануын қадағалайды;

· атқарушылық іс жүргізу органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы, атқарушылық іс жүргізу саласындағы басқа да істер, оның ішінде сотпен банкрот деп танылған ұйымдардың конкурстық өндірісі шеңберіндегі істер бойынша, сот актілерінің заңдылығын қадағалайды.

Демек, қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайда осы тармақта көрсетілген прокурорлар, оларды, сондай-ақ, заңды бұзуға әкелген себептер мен жағдайларды жоюға және кінәлі тұлғаларды заңда көзделген жауапкершілікке тарту туралы шаралар қолданады. Прокурор азаматтық істер бойынша мынадай қорытынды береді(7-кесте).

Кесте-7

Прокурорлар келесі жағдайларда азаматтық процеске түседі және істер бойынша қорытынды береді:
прокурордың арызы немесе прокурорлық қадағалаудың басқа да актісі бойынша шығарылған сот актісінің негізінде қозғалған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық әрекеттерге дау айтылғанда атқарушылық іс жүргізудің бір жағы денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өзінің құқықтары мен заңды мүддесін дербес қорғай алмайтын жеке тұлға немесе мемлекеттік мекеме болғанда өндіріп алушымен немесе борышкермен, сонымен қатар, үшінші тұлғалармен және прокурормен атқарушылық іс жүргізу органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының актілері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтылғанда

Азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларында аталмыш істерге қатысқан прокурорлар өздерінің ұстанымын қатаң заң талаптарына, істің материалдарына сәйкес анықтайды, оны, заңдылық, барлығының заң және сот алдында теңдігі принциптерін басшылыққа ала отырып, дәйекті қорғайды. Іске қатысушы прокурор істің материалдарымен танысу нәтижелерін жоғары тұрған прокурорға немесе оның орынбасарына алдын-ала баяндайды, және соңғылар іс бойынша қорытынды береді және ол қорытындыны жазбаша түрде рәсімдеп, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

· істің атауы;

· тараптар;

· мәлімделген талаптардың мәні;

· талапкер мен жауапкер сілтеме жасайтын мән-жайлар;

· прокурордың тараптар ұсынған дәлелдер бойынша олардың қатыстылығы, жол берілетіндігі, растығы және жеткілігі тұрғысынан пікірі;

· қолданылуға жататын материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары;

· мәлімделген талаптардың мәні, сот шығындарын бөлу бойынша прокурордың тұжырымы.

Сонымен қатар, аппеляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде қарауға жататын іс бойынша қорытындыда келесі мәліметтер көрсетіледі:

· судья (баяндамашы, алқа құрамы), қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, соттың ұстанымы

· қатысқан прокурорлар және қорытындылардың қысқаша мазмұны;

· шағым (өтініш) иесінің дәлелдері;

· істі зерделеу нәтижелері;

· шағымның (өтініштің) мәні бойынша тұжырымдар.

Қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, прокурор соттың алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды, қосымша тексеру жүргізуге және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында шаралар қабылдау үшін жазбаша түрде жоғары тұрған прокурорға хабарлайды және прокурорлар апелляциялық, кассациялық тәртіпте атқарушылық іс жүргізу немесе азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот шешімін, қаулысын орындау және сотпен банкрот деп танылған ұйымдардың конкурстық өндірісі барысындағы шығарылған заңға сәйкес келмейтін сот актілеріне наразылық келтіреді.

Осындай істер бойынша апелляциялық наразылық ҚР АІЖК-нің 364- бабының бірінші бөлігінде белгіленген сот шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіздер болған жағдайда ғана келтіріледі. Кассациялық наразылық келтіру үшін негіздер болып табылатын бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын бұзуы, дұрыс қолданбауы ҚР АІЖК-нің 365, 366-баптарында белгіленген. Аппелляциялық және кассациялық наразылықтар ҚР АІЖК-нің 335, 383-5-баптарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Прокурорлар жеке және заңды тұлғалардың ҚР- Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (әрі қарай САОК), оның жергілікті органдары лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының актілеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот актілеріне келтірілген өтініштерін сапалы және белгіленген мерзімде қарайды да, оны шешеді. Өтініш атқарушылық іс жүргізуді, қажет болғанда азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етумен шешіледі. Сонымен қатар, заңда белгіленген орындау мерзімі аяқталмаған атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізулер прокуратураға келіп түскен сәтінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде зерттеледі.

Прокурор атқарушылық іс жүргізуді зерттеу барысында сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерінің, мемлекеттік бажды, атқарушылық санкцияны бюджетке өтеп алу шараларының заңдылығын, уақтылығын және толықтығын, борышкердің әрекетінде ҚР- Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 524-бабындажәне 29-тарауының басқа да нормаларында белгіленген құқық бұзушылықтар белгілері көрінетін жағдайда сот орындаушысының борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауының, сот шешімін орындаудан қасақана жасырылатын тұлғаларға қатысты материалдарды, қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін қылмыстық қуғындау органдарына берудің заңдылығын, уақыттылығын және толықтығын тексереді. Істі зерттеу нәтижесінде, оны зерттеген прокурор дәлелді қорытынды және арызданушыға жауап дайындайды. Қорытындыны бекіту және жауапқа қол қою тәртібі Бас прокуратураның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Сот немесе сот орындаушысының актісіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілген жағдайда атқарушылық іс жүргізу (іс) бойынша қорытынды жасалмайды. Атқарушылық құжатының орындалу мерзімі аяқталмаған атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушының немесе борышкердің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне едәуір зиян келтірілуі мүмкіндігіне әкеліп соғатын анық заң бұзушылықтары және атқарушылық әрекеттердің толық емес екендігі анықталғанда, мемлекеттік сот орындаушысына немесе сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің жетекшесіне прокурор өз құзіретінің шеңберінде заң бұзушылықты жою туралы, ал қажеті болған жағдайда, нақты атқарушылық әрекеттер жасау туралы ұйғарым енгізеді.

Мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысы заңсыз қаулы шығарған жағдайда прокурор өз құзыретінің шеңберінде тиісінше сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің жетекшісіне, жеке сот орындаушысына оны бұзу туралы талаппен наразылық келтіреді. Атқарушылық іс жүргізу заңсыз тоқтатылған жағдайда наразылықта оны тез арада қайта жаңғыртып, атқарушылық құжатын орындауға шара қолдану туралы мәселе қойады.

Мемлекеттік сот орындаушысының, атқарушылық іс жүргізу органының басқа да лауазымды тұлғасының немесе жеке сот орындаушысының тарапынан анық және дөрекі заң бұзушылық анықталған жағдайда прокурор өз құзыретінің шеңберінде кінәлі тұлғаны тәртіптік немесе заңда көзделген басқа да жауапкершілікке тартуға бағытталған шаралар қолданады. Прокурорлық қадағалау актісінің орындалуы оны енгізген прокурордың бақылауында болады.

Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттің пайдасына, денсаулығына немесе жасына байланысты өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін дербес қорғай алмайтын тұлғалардың пайдасына, прокурорлардың талап арыздары бойынша ақшалай және өзге де өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттары бойынша бөлек негіздемелермен республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті, сондай-ақ, сот тәртібімен алынған тыйым салынған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу қызметін заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға уәкілетті органның, оның филиалдарының және басқа мамандандырылған ұйымдардың қызметінің заңдылығын тексереді.

Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына қадағалау қылмыстық жазаның, өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының орындалуы кезінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару, әкімшілік заңнамаларының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларының қолданылу заңдылығын, ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамауға алынғандардың, сотталғандардың, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандардың, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленген адамдардың қонституциялық құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, арнайы және түзеу мекемелерінде ұстаудың тәртібі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ қуғын-сүргіннен ақталған адамдарға ақшалай өтемақыларды төлеу мен жеңілдіктерді берудің тәртібін реттейтін заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жаза және басқа да сотпен тағайындалған мәжбүрлеу шараларын өтеу кезіндегі бақылау, яғни сот үкімдерін атқару - қылмыстық процестің аяқтаушы сатысы болып, мәні бойынша заңды күшіне енген үкімдерді жүзеге асырудан түрады. Осы сонғы саты жүзеге асырылуымен іс бойынша сот ісін жүргізу аяқталды деп. есептеледі.

Дәл осы сәтте атқару сатысында қылмыстық сот ісін жүргізудің негізгі мақсаты - сотталғанды түзету, қылмыстың алдын алу максаты жүзеге асырады. Үкімнің өз уақытында және тиісті орындалуы қылмыстық жазаның тиімділігін асырады.

Прокурор бұл сатыда үкімдерде белгіленген жазаны тағайындауын жариялап қана қалмай, оларды атқаруға бағытталған бақылауды да жүзеге асырып отырады.

Прокуратура туралы жарлықтың IX таруында бүл ережелер төмендегідей белгіленген:

Прокурор:

· сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де аткарылуы кезінде адамдарды бас бостандығынан айыру шараларында болуының зандылығын;

· аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың занда белгіленген шаралары мен шарттардың сақталуын, олардың құкыктары мен құдылықтарының корғалуы;

· бас бостандығынан айруға катыссыз жазаларды аткарудын маңыздылығы;

· азаматтык, шаруашылық және өзге істер жөніндегі сот шешмдерін қадағалауды жүзеге асырады(43-бап).

Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына кадағалауды жүзеге асыра отырып,прокурор өз құзыреті шегінде :

· адам қүқыктары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандык карау жөнінде Конституцияның, заңдардың және ҚР-сы «атқарушылық шарттарының дәл және бірыңғай колданылуын талап етуге;

· азаматтың, мемлекеттің қүқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша,сондай-ак прокурордың талабы мен өтініштері бойынша аткарушылык істер жүргізіліуін талап етуге және тексеруге;

· сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айру орындары мен мекемелерінде айырумақсатымен кез келген уақытта болуға;

· ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандардан мен мәжбүр етуі шаралар колданылган адамдардан жауап алуға;

· Осы адамдарды үстауга, қамауға, жазасын өтеуге , сондай-ак оларға мәжбүрлі ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болып түрған құжаттарды талап етуге;

· мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығанан айру орындарда мекемелерінде заңсыз отырған әр бір адамды қаулысымен дереу қайтаруға;

· бас бостандығынан айру орындарда жазасын өтеп жатқан адамдарға тәртіптібүза отырып, колданылатын тәртіптік шаралардың күшін жоюға , оларды қаулысымен айыптық изолятордан , камералык үлгідегі орындардан немесе қамаудан босатуга;

· заңда белгіленген жағдайларда жазалауды аткарушы мекемелер әкімшілігінің актілерін санкциялауға құқылы.(44-бап).

Күзету мекемесі әкімшілігінің бұйрықтары, ережелері, нұсқаулары басшылығын тексереді, заңға қайшы келетін актілерді анықтаған жағдайда прокурор оларға наразылық келтіреді және заңға сәйкес өзгертілуін талап етуге құқылы.

Егер заң бұзушылық анықталған кезде прокурор түзету мекемесі әкімшілігінің кызметкеріне қарсы іс қозғап, немесе оның әкімшілік, материалдык жауакершілікке тарту мәселелері қарастырылады.

Демек, аумақтық немесе арнайы прокуратурасының прокуроры зандылықты тұрақты түрде қадағалап отырады, ол үшін түзету мекемелерде болады, және сол кезде сотталғандарды олардың шағым арыздарын есту ушін қабылдау өткізеді.

Атап айтатын болсақ, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалауды ұйымдастырған кезде прокурорлар өз қызметтерінің негізге бағыттарына:

· құқық қорғау органдарының арнайы және түзеу мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы, ұйымдасқан, терроризм мен діни экстремизм, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарына қарсы күрес жұмыстарының үйлестірілуі;

· ұсталғандардың, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың, ЖӨМБШБ және әкімшілік қамауға алынғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;

· азаптауларға қарсы бағытталған заңнамалардың сақталуын, сондай-ақ ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды 1955 жылғы 30 тамыздағы БҰҰ бірінші Конгресінде қабылданған Қамаудағыларды қараудың ең төменгі стандарттық ережелеріне жақын ұстау жағдайларымен қамтамасыз етілуі;

· жазаны өтеу орындарынан босатылған адамдардың бейімделуіне бағытталған заңнаманың сақталуы;

· ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды ұстауға бөлінеген бюджет қаражаттарын пайдалану заңдылығын қарайды.

Демек, прокурорлық қадағалау ІІМ ҚҚБ, ҚАИ, арнайы және түзеу мекемелеріндегі заңдылықтың жағдайына тоқсан сайын жасалатын талдау негізінде қамтамасыз етіледі, сонымен бірге арнайы және түзеу мекемелерінің, ҚАИ, ІІМ ҚҚБ, халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықтың жағдайын тексеру жұмыс жоспарына сәйкес, Бас және облыстық прокуратуралардың тапсырыстары мен тапсырмалары, төтенше жағдайлардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру тағайындау туралы қаулының негізінде жүргізеді. Сонымен қатар тексеру барысында қадағалауға аясындағы органдардың қызметіндегі заңдылықтың жағдайына және прокурорлық қадағалаудың тиімділігіне баға береді. Прокурор өз құзыреті шегінде, заңдылықтың, ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің анық бұзылуына дереу ықпал ету мақсатында, тәуліктің кез келген уақытында ІІО ҚҚБ, ҚАИ, арнайы және түзеу мекемелерін тексереді.

Елгіленген ережелердің бұзылғаны анықталған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылады да, арнайы және түзеу мекемелерінде, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шаралары мен арнаулы құралдардың негізсіз қолданылғаны туралы хабарламалар немесе өтініштер келіп түскен кезде, дербес немесе прокурор, қылмыстық қудалау органдары процессуалдық шешім қабылдау туралы тексеру жүргізеді. Қорытындылай келе, арнайы құралдардың қолданылу орны, уақыты, жағдайы, сондай-ақ оларды қолданған қызметкерлер туралы деректер, арнайы құралдардың қолданылуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтенеді.
Басқа елді мекендерде орналасқан УҰИ және арнайы қабылдағыштарда тексеру заңдылықтың жағдайы мен ұсталғандардың, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байланысты жүргізіледі. Арнайы мекемелерде тексеру жүргізгенде ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды және қызметкерлерді жеке сұрақтары бойынша қабылданады.

Төтенше оқиғаларды және ұсталғандарға, тергеумен қамалғандарға және сотталғандарға қаруларды, арнаулы құралдарды қолдану, арнайы және түзеу мекемелерінен қашуға оқталу, өзін өлтіру және өзіне дене жарақатын салудың барлық фактілерін есепке алып, бір сағат ішінде хабарлап, прокурорлармен бірге тексеру тәжірибесін қолданады.

Өзін-өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Атқарушылық іс жүргізудегі қадағалаудың негізгі бағыттарын атаңыз?

2. Мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысы заңсыз қаулы шығарған жағдайда қандай наразылық келтіреді?

3. Аппеляция кезінде сот шешімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға қандай негіздерге сілтенеді?

4. Жазаны орындауда прокурорлардың ұстанымдары қандай?

5. Прокурор өз қызметі шегінде арнайы орындарды қай уақытта тексереді?

6. Төтенше оқиғаларды және ұсталғандарға қарсы қандай шаралар қолданылады?

Наши рекомендации