Балалардағы гломерулярлық аурулар. Клиникалық синдромдар. Жедел постстрептококкты гломерулонефрит. Минималды өзгерістер ауруы.

Курс студенттеріне арналған

Балалар аурулары» пәні бойынша

№6 «Балалар нефрологиясы» блогының

Тест тапсырмалары

Тесттік тапсырмалардың барлығы: 250, соның ішінде құқықтық – 13

Бір дұрыс жауаппен: 225

Бірнеше дұрыс жауаппен: 25

1 деңгей 45 – 20%

2 деңгей 110 – 50%

3 деңгей 70 – 30%

Алматы, 2016

Пән: «Балалар аурулары», №6 блок «Балалар нефрологиясы»

Курс: 4

Мамандық: «Жалпы медицина»

Оқу тілі: Қазақ

Оқу жылы: 2016-2017

Несеп шығару жолдарының инфекциялары. Жедел пиелонефрит. Емі және алдын алу. Қуық-несепағар рефлюксі 1-3 дәрежесі. Этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу тәсілдері.

*1*9*1*

#1

*!3 жасар қызға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Несепті бак.сепкенде шынайы бактериурия анықталды. Оның санын көрсетіңіз (1 мл зәрдегі микроб денелері):

*1000

*5.000

*10.000

*+100.000

*1000.000

#2

*!Қант диабетінен зардап шегетін 5 жасар ұл балада симптомсыз бактериурия анықталды. Осы жағдайға сай келетін МЕЙІЛІНШЕ дұрыс жауапты көрсетіңіз:

*тек лейкоцитурия болғанда

*клиникасыз бактериурия 103 және гематурия болғанда

*басқа белгілерсіз 1 мл зәрде м.д. 102 бактериурияның болуы

*+басқа белгілерсіз 1 мл зәрде м.д. 105 бактериурияның болуы

*басқа белгілерсіз 1 мл зәрде м.д. 105 бактериурияның және лейкоцитурияның болуы

#3

*!НШЖИ-мен 8 жасар балаға несепті флораға бактериологиялық себу тағайындалды. Несепті жинаудың МЕЙІЛІНШЕ дұрыс әдісі:

*тәуліктік несептен

*несептің кез келген несеп сынамасы

*қуықтың пункциясы арқылы

*қуықты катетеризациялау арқылы

*+стерильді ыдысқа несептің ортаңғы порциясынан

#4

*!3 жасар балаға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Емдеу үшін антибактериалды препаратты таңдау байланысты:

*бактериурия дәрежесіне

*лейкоцитурия дәрежесіне

*+антибиотикке микроорганизм сезімталдығына

*несеп жолдарының обструкциясының болуына

*несеп жолдарының обструкциясының болмауына

#5

*!13 жасар қыз балаға емханада жедел цистит диагнозы қойылды. Ішек таяқшасының себілу ықтималдығы:

*30%

*60 %

*50 %

*3-5 %

*+80%

#6

*!12 жастағы қыз бала. Шағымдары: жиі ауру сезімімен несеп шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚТ өзгеріссіз, ЖНТ-да – Лейк 20-30 к/а, бактериялар +++. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?

*+цистит

*жедел пиелонефрит

*несеп-тас ауруы

*симптомсыз бактериурия

*тубулоинтерстициалдық нефрит

#7

*!1 айлық балада дене қызуы 40 С-қа дейін жоғарылады, тәбеті төмендеп, құсу байқалды. ЖҚТ: лейк -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., ЖНТ-да пиурия. Ауруының 3-ші күні жағдайы нашарлай түсті – интоксикация өршіп, отит, терісінде іріңді бөртпелер пайда болды. Төменде аталған талдаулардың қайсысы диагнозды сенімді түрде дәлелдейді?

*жалпы несеп талдауы

*несепті бак.себу

*қанның иммунограммасы

*қанның биохимиялық талдауы

*+инфекция ошағынан бак.себу

#8

*!14 жасар қыз бала дене қызуының 39◦С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: жедел ауырған, 3 күннен бері қызба 39◦С дейін, өз бетінше парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Қараған кезде улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы бұзылған, температура 39,5◦С, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., несеп бөлуі еркін. Зертханалық талдау: Қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с/я 72%, лимф. 20, мн. 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; Несеп: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтасымен алып жатыр, бактерия +++. Мыналардың қайсысы осы аурудың дамуының ең ықтимал себебі?

*+E. Coli

*Proteus

*Citrobacter

*Ps. aerouginosa

*Staphylococcus

#9

*!Қыз балаларда несеп шығару жүйесі инфекциясы жиі кездесуінің ықтимал факторлары болып табылады:

*обструктивті уропатияның болуы

*+уретраның қысқа болуы, анустың жақындығы

*қуық дисфункциясының болуы

*іш қату

*дисбактериоз

Несеп шығару жолдарының инфекциялары. Жедел пиелонефрит. Емі және алдын алу. Қуық-несепағар рефлюксі 1-3 дәрежесі. Этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу тәсілдері.

*2*22*1*

#10

*!Бала 4 жаста. 2 жылдан бері қайталамалы несеп шығару жүйесінің инфекциясымен зардап шегеді. Балаға микционды цистография жасалғанда ҚНР IV дәрежесі анықталды.

МЕЙІЛІНШЕ дұрыс жүргізу тактикасы қандай?

*+несеп тазарғаннан кейін оталық ем

*ұзақ уақыт антибиотикотерапия

*қуықты ұзақ уақыт бойы (1,5-2 ай) инстилляциялау

*нитрофуран препараттарын ұзақ уақытқа тағайындау

*антибиотиктер мен фитопрепараттарды кезектестіріп, үздіксіз 6-8 ай бойы тағайындау

#11

*!13 жасар қыз бала, жедел жәрдеммен дене қызуының 39◦С-ға дейін жоғарылауына, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданумен түсті. Анамнезінен: жедел ауырды, 3 күн бойы қызуының 39◦С-ға дейін жоғарылауына байланысты өздігінен парацетамол, бисептол қабылдады, нәтижесіз. Қараған кезде интоксикация симптомдарына байланысты өзін-өзі сезінуі нашар, температурасы 39,5◦С, ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б, қабырға асты аймағында ауру-сезімі анықталды, несеп шығаруы еркін. Зертханалық: ЖҚТ: Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; ЖНТ-да: зәрі лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер жаппай, бактериялар+++. ЕҢ мүмкін болатын диагноз қандай?

*цистит

*уретрит

*+жедел пиелонефрит

*интерстициалды нефрит

*несеп жүйесінің инфекциясы

#12

*!10 айлық балада 3 күн бойы дене қызуы 39°С-ге дейін жоғарылаған, интоксикация белгілері бар, тістері шығып жатыр. Қарағанда: қал-жағдайы орташа, бала мазасыз, тері жабындылары боз, көрінетін ісінулер жоқ. Өкпесінде пуэрилді тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек үндері ырғақты, ЖЖЖ минутына 150 рет. Іші жұмсақ, пальпация жасау баланың мазасыздануына байланысты қиындық туғызды. Зәр бөлгенде мазасызданады, нәжісі сұйық, күніне 2-4 ретке дейін. ЖҚА: Нв – 100 г/л, лейкоциттер – 14,8х109, ЭТЖ – 42 мм/сағ. ЖЗА: лайлы, менш.салм. – 1010, белок – 0,066 г/л, лейкоциттер – к/а тұтас алып жатыр, эритроциттер – 2-5 к/а. Бүйрек УДЗ: оң бүйрек 6,0х3,1см, сол бүйрек 5,7х3,0см. АТЖ тығыздалған, кеңейген. ЕҢ мүмкін болатын диагноз қандай?

*+жедел пиелонефрит

*гидронефроз

*септицемия

*уросепсис

*цистит

#13

*!5 жастағы балада дизурия эпизодтары қайталануда, анамнезінде несептегі өзгерістер. Жоғары температура, интоксикация болған жоқ. Қараған кезде баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура 37, жиі ауру-сезімімен зәр шығару, қасаға үстіндегі ауру-сезімі. ЖҚТ патологиялық өзгерістерсіз, ЖНТ-да Л- 15-20 к/а., эритр.- 3-4к/а, бактериялар+++. Төменде аталғандардың қайсысы ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

*+цистит

*уретрит

*пиелонефрит

*гломерулонефрит

*интерстициалды нефрит

#14

*!1 жастағы ұл бала. Жедел пиелонефриттің екінші эпизоды – температурасы 390С-қа дейін жоғарылаған, интоксикация, лейкоцитурия. Бүйрек УДЗ – тостағаншалар кеңейген, несепағардың дисталды бөлімдері кеңейген. Қандай зерттеу әдісін өткізу қажет?

*+микциялық цистография

*экскреторлық урография

*пункциялық биопсия

*цистоуретерометрия

*цистоскопия

#15

*!1,5 жастағы балада интоксикация, қалтырау. Несеп талдауында – лейкоцитурия. Флораға несептің бактериологиялық талдауы алынды. Төменде аталған тактикалардың қайсысы мейілінше дұрыс?

*цистография

*цистоскопия

*экскреторлы урография

*уросептиктермен емді бастау

*+эмпирикалық антибактериалды емді бастау

#16

*!13 жасар қыз бала жедел жәрдем көлігімен дене қызуының 39◦С-қа дейін жоғарылауына, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданумен түсті. Анамнезінде: жедел ауырып бастаған, 3 күн бойы дене қызуының 39◦С-қа дейін жоғарылауы байқалып, өзі парацетамол, бисептол қабылдаған, нәтижесі болмады. Қараған кезде өзін-өзі сезінуі интоксикация белгілеріне байланысты бұзылған, дене қызуы 39,5◦С, ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б., оң жақ қабырға астында ауру сезімі байқалады, несеп шығаруы еркін. Зертханалық талдауларда: ЖҚТ: Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с/я 72%, л 20%, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; ЖНТ: несеп лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериялар +++. Төменде аталғандардың қайсысы ауру дамуының ЕҢ мүмкін болатын себебі болып табылады?

*+E. Coli

*Proteus

*Citrobacter

*Ps. aerouginosa

*Staphylococcus

#17

*!2,5 жасар бала дене қызуының 39оС дейін жоғарылауымен ауруханаға түсті. Бала енжар, тәбеті төмендеген, несеп бөлгенде жылайды. Мейілінше дұрыс стартты ем:

*кефзол

*ровамицин

*левофлоксацин

*+амикацин

*азитромицин

#18

*!Бала 4 жаста. 2 жылдан бері қайталамалы несеп шығару жүйесінің инфекциясымен зардап шегеді. Балаға микционды цистография жасалды. Несеп талдауларында белок 0,099 г/л, лейкоциттер көп мөлшерде, бактериялар+++, эритроциттер 8-10 к/а. Қандай микроб емге төзімді, ауруханаішілік жағдайда дамитын ең мүмкін болатын патоген болып табылады?

*клебсиелла

*стрептококк

*ішек таяқшасы

*+көкіріңді таяқша

*b-гемолитикалық стрептококк

#19

*!Жетіліп туылған 25 күндік ұл бала, ана сүтімен тамақтандырылады. Жедел ауырған: t-390С, емшектен бас тартты, құсты, 2 рет сұйық нәжіс, шырышы жоқ. Несепте – пиурия. Жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Мына зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жүргізіледі?

*цистография

*+бүйрек УДЗ

*экскреторлы урография

*цистоскопия

*несепті бак.себу

#20

*!Жетіліп туылған 25 күндік ұл бала, ана сүтімен тамақтандырылады. Жедел ауырған: t-390С, емшектен бас тартты, құсты, 2 рет сұйық нәжіс, шырышы жоқ. Несепте – пиурия. Жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Науқаста пиелонефрит дамуының мейілінше ықтимал себебі қандай?

*ҚІИ болуы

*дисбактериоз

*ЖІИ

*+қуық-несепағар рефлюксі

*нәрестелік кезеңдегі несеп шығару жүйесінің АФЕ

#21

*!15 күндік ұл бала, өмірінің 5-ші күнінен бастап жасанды тамақтандырылады. Әкесінде – таға тәрізді бүйрек; анасында пиелонефрит. 15 тәулікте жағдайы нашарлады: тамақтан бас тартты, дене қызуы көтерілді, іші өтті, үлкен дәреті сұйық, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз. Бүйрек УДЗ-де – оң жақты пиелоэктазия. Пневмония жоққа шығарылды. Қандай тактика науқастың білікті медициналық көмек алу құқығына сәйкес келеді?

*+жедел жәрдеммен шұғыл нефрология бөлімшесіне жатқызу

*жедел жәрдеммен шұғыл жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

*роцефин көктамырға

*ЖҚА, ЖЗА, несепті бак.себу

*зинацеф бұлшық етке

#22

*!12 жастағы қыз 7 жыл болды қант диабетімен ауырады. Төменде аталған симптомдардың қайсысы антибактериалды емді тағайындауға көрсеткіш болып табылады?

*полиурия

*глюкозурия

*гиперизостенурия

*артериалдық гипертония

*+симптомсыз бактериурия

#23

*!НЖИ-ң клиникалық белгілерінсіз жасөспірім қызда жалпы несеп талдауында лейкоциттер к/а 10-12. Дұрыс тактика қандай?

*фурагин тағайындау

*бүйректің УДЗ-і және уролог кеңесі

*экскреторлық урография өткізу

*тез арада б/і цефтриаксон тағайындау

*+несеп талдауын қайта өткізу және бактериологиялық себу

#24

*!10 айлық балада 3 күн бойы дене қызуы 39°С-ге дейін жоғарылаған, интоксикация белгілері бар, тістері шығып жатыр. Қарағанда: хал-жағдайы орташа, бала мазасыз, тері жабындылары боз, көрінетін ісінулер жоқ. Аңқасы гиперемирленген. Өкпесінде пуэрилді тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек үндері ырғақты, ЖЖЖ минутына 150 рет. Іші жұмсақ, пальпация жасау баланың мазасыздануына байланысты қиындық туғызды. Зәр бөлгенде мазасызданады, нәжісі сұйық, күніне 2-4 ретке дейін. ЖҚА: Нв – 100 г/л, лейкоциттер – 14,8х109, ЭТЖ – 42 мм/сағ. ЖЗА: лайлы, менш.салм. – 1010, белок – 0,066 г/л, лейкоциттер – к/а тұтас алып жатыр, эритроциттер – 2-5 к/а.

Бүйрек УДЗ: оң бүйрек 6,0х3,1см, сол бүйрек 5,7х3,0см. АТЖ тығыздалған, кеңейген.

Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы диагнозды нақтылауға мейілінше мүмкіндік береді?

*цистоскопия

*+цистография

*шолу ренгенографиясы

*экскреторлық урография

*компьютерлік томография

#25

*!1 айлық балада дене қызуы 40оС-қа дейін жоғарылады, тәбеті төмендеп, құсу байқалды. ЖҚТ: лейк -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., ЖНТ-да пиурия. Ауруының 3-ші күні жағдайы нашарлай түсті – интоксикация өршіп, энтероколит, менингизм белгілері пайда болды. Мейілінше ықтимал диагноз:

*НШЖИ

*отит

*пиодермия

*пиелонефрит

*+уросепсис

#26

*!14 жасар жасөспірімде асқынған жедел пиелонефрит. Жедел кезеңде қандай аспаптық зерттеу көрсетілген?

*цистография

*бүйрек КТ

*+бүйрек УДЗ

*экскреторлы урография

*цистоскопия

#27

*!11 жастағы қыз, жедел жәрдем көлігімен әлсіздікке, бас ауруына, оң жақтан белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 38,5°С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға шағымданумен жеткізілді. Ауырғанына бірер күн болды. Қарағанда: терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульс 88 рет минутына, АҚҚ 100/70, 100/70 мм с.б. Іші жұмсақ, несепағар бойымен ауырсынады. Несеп шығару ауру-сезімінсіз. Несеп талдауы: лайлы, салыст.тығ 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер және бактериялар жаппай к/а, оксалаттар. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы ең бірінші кезекте жүргізіледі?

*+қан креатинині+несепті бак.себу

*цистография+қан креатинині

*экскреторлы урография+цистография

*УДЗ+цистография

*несепті бак.себу +бүйрек УДЗ

#28

*!НШЖИ-да мына зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жүргізілуі тиіс, яғни науқастың білікті медициналық көмек алуға құқығына сәйкес келеді?

*қанды бак.себу

*цистография

*цистоскопия

*+бүйрек УДЗ-і+несепті бак.себу

*экскреторлы урография

#29

*!5 жасар қыз балада қуықтың нейрогенді дисфункциясы. ЖЗА-дегі мейілінше ықтимал өзгерістерді көрсетіңіз:

*эритроциттер 10-15 к/а

*белок 1,5 г/л

*лейкоциттер 20 к/а дейін

*меншікті салмағы 1002

*+өзгеріссіз

#30

*!1 айлық балада дене қызуы 40оС-қа дейін жоғарылады, тәбеті төмендеп, құсу байқалды. ЖҚТ: лейк -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., ЖНТ-да пиурия. Ауруының 3-ші күні жағдайы нашарлай түсті – интоксикация өршіп, отит, пневмония белгілері пайда болды. Төменде аталғандардан мейілінше мүмкін болатын диагноз қандай?

*жедел пиелонефрит

*септицемия

*+уросепсис

*туберкулез
*ҚІИ

#31

*!3 жасар балада 4 дәрежелі қуық-несепағар рефлюксі. ҚНР анықтау үшін төменде аталған зерттеулердің қайсысы МЕЙІЛІНШЕ бірінші кезекте жүргізіледі?

*цистоскопия

*+микциялық цистография

*тамырішілік урография

*ретроградты пиелография

*ультрадыбыстық зерттеу

Несеп шығару жолдарының инфекциялары. Жедел пиелонефрит. Емі және алдын алу. Қуық-несепағар рефлюксі 1-3 дәрежесі. Этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу тәсілдері.

*3*14*1*

#32

*!1 айлық балада дене қызуы 40оС-қа дейін жоғарылады, тәбеті төмендеп, құсу байқалды. ЖҚТ: лейк -16000, нейтрофилез, ЭТЖ - 30 мм/сағ., ЖНТ-да пиурия. Балаға бірден антибактериалды ем тағайындалды. Антибактериалды емнің ұзақтығы?

*1-3

*5-7

*7-10

*+10-14

*10-20

#33

*!3 жастағы балада дизурия эпизодтары қайталануда, анамнезінде несептегі өзгерістер. Жоғары температура, интоксикация болған жоқ. Қараған кезде баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура 37оС, жиі ауру-сезімімен зәр шығару, қасаға үстіндегі ауру-сезімі. ЖҚТ патологиялық өзгерістерсіз, ЖНТ-да: белок 0,066 г/л, лейк. 12-15 к/а., эритр. 3-4 к/а, бактериялар+++. Мейілінше қай препаратты тағайындаған дұрыс?

*сифлокс

*имепинем

*+аугментин

*фурагин

*левофлоксацин

#34

*!9 жастағы ұл бала, клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Несеп талдауларында өзгерістер анықталды: зәрі лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Эмпирикалық ем үшін ұсынылған антибактериалдық препараттар:

*+жартылай синтетикалық пенициллиндер

*сульфаниламидтер

*нитрофурандар

*тетрациклиндер

*макролидтер

#35

*!3 жасар балаға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Несеп жүйесінің инфекциясының «эмпирикалық» антибиотикотерапиясы қандай препаратпен жүргізіледі?

*ровамицин

*+уназин

*пенициллин

*азитромицин

*фурагин

#36

*!9 жастағы қыз, клиникаға жоғары Т, белдегі ауру-сезімі, бас ауруы, шаршағыштыққа шағымданумен түсті. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б. тексергенде несеп талдауларында өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Жүргізілген антибактериалды ем фонында жағдайы жақсарып, зәрі тазаланды. Мейілінше қандай препаратпен алдын алу емін жүргізген дұрыс?

*гентамицин

*амоксиклав

*офлоксацин

*ко-тримоксазол

*+нитрофурантоин

#37

*!9 жастағы қыз, жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Әлсіздікке, бас ауруына, оң жақтан белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 38,5оС-қа жоғарылауына, қалтырауға шағымданады. Жедел ауырды. Қарағанда: терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсі 88 минутына, АҚҚ 120/80, 120/85 мм с.б. Іші жұмсақ, несепағар бойымен ауырады. Несеп шығару ауру сезімінсіз. Несеп талдауы: зәрі лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер және бактериялар көру аймағында жаппай, оксалаттар. Көрсетілген антибактериалды емнің қайсысы мейілінше дұрыс болып табылады?

*монурал 3 г/тәул. p/os

*гентамицин 80 мг/тәул., в/м

*+цефтриаксон 1 г/тәул., в/в

* азитромицин 1000 мг/тәул., p/os

*ципрофлоксацин 500 мг/тәул., p/os

#38

*!12 жасар балада қант диабеті. Мына симптомдардың қайсысы антибактериалдық емді тағайындауға көрсеткіш болып табылады?

*полиурия

*глюкозурия

*гипергликемия

*+симптомсыз бактериурия

*ШФЖ төмендеуі

#39

*!3 жасар қыз балада ҚНР 3 дәр. фонында пиелонефрит өтіп жатыр. Несеп жүйесінің инфекциясының рецидивін алдын алу үшін мына препарат тағайындалады:

*амикацин

*амоксициллин

*+фурагин

*амоксиклав

*зиннат

#40

*!3 жасар балаға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Пиелонефриттің «эмпирикалық» антибиотикотерапиясы терминіне қандай препаратты тағайындау сәйкес келеді?

*+цефтриаксон

*пенициллин

*азитромицин

*ципрофлоксацин

*гентамицин

#41

*!3 жастағы қыз балаға уросепсис диагнозы қойылды. Осы науқасқа қандай ем аса маңызды?

*+роцефин+амоксиклав

*ровамицин+роцефин

*амоксиклав+ципрофлоксацин

*фурагин+левофлоксацин

*сумамед+монурал

#42

*!1,5 жастағы ұл балаға НЖИ+ҚНР ІІ-ІІІ дәрежесі деген диагноз қойылды. Антибактериалды ем курсынан кейін клиникалық-зертханалық көрсеткіштер қалпына келді. Науқасты ары қарай жүргізудің қандай тактикасы оның білікті медициналық көмек алу құқығына сәйкес келеді?

*хирургиялық ем

*фитотерапия 6-8 ай бойы

*1-1,5 ай бойы қуық аймағына физиоем жасау

*бір жыл бойы терапиясыз нефрологтың бақылауында болу

*+нитрофурандарды ұзақ уақыт емдік дозаның ½-1/3-ін түнге қарай тағайындау

#43

*!15 жастағы қыз, дене қызуының 38,5оС-қа дейін жоғарылауына, бас ауруына, несеп шығару кезіндегі жағымсыз сезімдерге шағымданды. Анамнезінен: өзін-өзі сезінуі нашар, дене қызуы 38◦С, пальпация кезінде – қабырға асты аймағындағы ауру-сезімі, несеп шығаруы ауру сезімінсіз. Зертханалық талдауларда: ЖҚА: Нв 110 г/л, лейкоциттер 13 мың, с/я 60%, лимф. 30, мн. 10%, ЭТЖ 28 мм/сағ; ЖНТ: лайлы, белок жоқ, лейкоциттер – 20-30 к/а, эритроциттер 4-5 к/а, бактериялар +++. Бүйректің УДЗ-де: ОБ 11,0х3,4см, СБ 11,3х3,6см, паренхима өзгеріссіз, АТЖ кеңеймеген. ЕҢ дұрыс емдеу тактикасы қандай?

*фитотерапия

*+левофлоксацин

*циклоспорин А

*фозиноприл

*азитромицин

#44

*!14 жастағы қыз, жиі ауру-сезімімен зәр шығаруға, қасаға үстіндегі ауру-сезіміне, жиі жалған шақыруларға шағымданады. Бұл жағдайлар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалаудаа. Тексергенде ЖҚТ ерекшеліксіз, ЖНТ-да Ле 20-30 к/а, бактериялар+++. Мейілінше қай препаратты тағайындаған дұрыс?

*ципрофлоксацин 500 мг/тәу, в/і

*азитромицин 1000 мг/тәу p/os

*гентамицин 80 мг/тәу, б/і

*цефтриаксон 1г/тәу, в/і

*+монурал 3 г/тәу p/os

#45

*!10 айлық балада қалтыраумен өтетін қызба анықталады. Зерттегенде талдауларында С-реактивті белок жоғарылауы, лейкоцитурия, бактериурия, бүйректің концентрлеу қызметінің төмендеуі анықталады. Төменде аталған препараттардың қайсысы бұл жағдайда мейілінше оңтайлы?

*бисептол 5 күн ауыз арқылы

*гентамицин 5 күн б/е

*фурагин 14 күн ауыз арқылы

*офлоксацин 5 күн ауыз арқылы

*+амоксициллин 7 күн б/е және 7 күн ауыз арқылы

Несеп шығару жолдарының инфекциялары. Жедел пиелонефрит. Емі және алдын алу. Қуық-несепағар рефлюксі 1-3 дәрежесі. Этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу тәсілдері.

*4*5*1*

#46

*!2 жасар балада несеп шығару жолдарының инфекциясы. Пиелонефритті төменгі несеп жолдарының инфекциясынан ажыратуға мүмкіндік беретін симптомдар?

*+фебрилді температура

*бактериурия дәрежесі

*лейкоцитурия дәрежесі

*+интоксикация

#47

*!15 жастағы қыз бала, жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Әлсіздікке, бас ауруына, оң жақтан белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 38,5С-қа жоғарылауына, қалтырауға шағымданады. Күн бұрын ғана ауырды. Қарағанда: терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсі 88 минутына, АҚҚ 120/80, 120/85 мм с.б. Іші жұмсақ, несепағар бойымен ауырады. Несеп шығару ауру-сезімінсіз. Несеп талдауы: зәрі лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер және бактериялар көру аймағында жаппай, оксалаттар. Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы ең бірінші жүргізіледі?

*+бүйрек УДЗ

*+несепті бак.себу

*цистография

*экскреторлық урография

#48

*!5 жастағы ұл балада дизуриялық белгілер қайталануда, анамнезінде несепте өзгерістер бар. Ауру басталғанда жоғары температура, интоксикация болды. «Жедел пиелонефрит» диагнозымен емделді, содан кейін дизурияның қайталама эпизодтары, несепте лейкоцитурия. Қараған кезде баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура – 37оС, жиі ауру-сезімімен зәр шығару, қасаға үстіндегі ауру-сезімі. ЖҚТ патологиялық өзгерістерсіз, ЖНТ-да белок 0,06, Лейк. - 12-15 к/а., Эр.- 3-4к/а, бактериялар+++. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі көрсетілген?

*+құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ

*экскреторлық урография

*микциялық цистоуретерография диагностика жүргізу кезінде

*+микциялық цистография несепті санациялағаннан кейін

#49

*!3 жастағы қыз балада уросепсиске күдік. Уросепсисті дәлелдейтін диагностикалық критерийлерді көрсетіңіз:

*протеинурия

*гематурия

*+пиелонефрит

*+пиелиттік ошақтар

#50

*!13 жасар қыз балада несептің 2 талдауында лейкоцит 8-10 к/а анықталды. Күмәнді лейкоцитурияда науқасты дұрыс жүргізу тактикасы қандай?

*бүйрек УДЗ

*цистография

*экскреторлы урография

*+ЖНТ қайталау

*+несепті бак.себу

*+гинеколог кеңесі

Балалардағы гломерулярлық аурулар. Клиникалық синдромдар. Жедел постстрептококкты гломерулонефрит. Минималды өзгерістер ауруы.

*1*9*1*

#51

*!Науқаста рецидивирлеуші гематурия. Төменде аталған әдістердің қайсысы гематурияның гломерулалық сипатын МЕЙІЛІНШЕ дәл анықтау үшін қолданылады?

*ЖНТ

*протромбин индексі

*протеомдық талдау

*допплерография

*+фазалық-контрасты микроскопия

#52

*!Айқын ісінулермен, гипоальбуминемиямен, гиперхолестеринемиямен, протеинуриямен (1,5 г/л) науқаста қандай зерттеулер жүргізгенде нефротикалық синдром диагнозы толықтырылады?

*бүйрек УДЗ-і

*коагулограмма

*липидтер фракциясы

*+тәуліктік протеинурия

*несеп тұнбасының микроскопиясы

#53

*!Клиникаға 7 жастағы ұл жедел нефритикалық синдромға күдіктенумен түсті. Жедел нефритикалық синдром үшін қандай көрсеткіштер тән

*анемия

*+макрогематурия

*гипопротеинемия

*протеинурия 3,5 г/л

*лейкоцитурия

#54

*!5 айлық балада пневмония фонында несеп талдауында – белок 0,165‰, эритроцит 3-4 к/а, лейкоцит 3-5 к/а пайда болды. Несептегі өзгерістердің мейілінше ықтимал себебі болып табылады:

*IgA-нефропатия

*тұқым қуалаушы нефрит

*туа біткен нефротикалық синдром

*+температура жоғарылауымен байланысты транзиторлық протеинурия

*БЖЗ

#55

*!Қандай клиникалық симптомдар және зертханалық көрсеткіштер жедел постстрептококкты гломерулонефритке МЕЙЛІНШЕ тән болып келеді?

*артритпен басталуы және гематурия

*протеинурия және массивті ісінулер

*артериалық гипертензия және гематурия

*қайталамалы ағыммен және лейкоцитурия

*+жедел басталуы, гематурия, циклдық ағым

#56

*!Тәуліктік протеинурияны белок/креатинин қатынасын тексеру арқылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда несеппен белоктың шығуын қандай сандық әдіс мейілінше анық көрсетеді?

*таңғы несептегі

*+тәулік бойы жиналған несептегі

*6 сағат бойы жиналған несептегі

*2 сағат бойы жиналған несептегі

*12 сағат бойы жиналған несептегі

#57

*!10 жасар қыз балада нефритикалық синдромға күдік. Осы кезде дамыған артериалды гипертензияның даму механизмі қандай?

*жүрекшелік натрийурездік пептид өндірілуінің төмендеуі

*антидиурездік гормонның дұрыс емес өндірілуі

*белок өндірілуінің төмендеуі және гипопротеинемия

*простагландиндер жүйесінің белсенуі

*+РААЖ белсенуі

#58

*!10 жасар қыз балада нефритикалық синдромға күдік. Қандай несептік синдром осы синдромға мейілінше тән?

*гематурия, лейкоцитурия

*гематурия, балауызды цилиндрлер

*гематурия, гиалиндік цилиндрлер

*гематурия, лейкоцитарлық цилиндрлер

*+гематурия, эритроцитарлық цилиндрлер

#59

*!3 жасар балада анасарка. Нефротикалық синдром кезіндегі анасарканың даму механизміне заманауи көзқарас:

*+гипопротеинемия протеинуриямен, натрий мен судың ұсталуы

*белок синтезінің төмендеуі және гипопротеинемия

*ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

*антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

*жүрекшелік натрийурездік пептид синтезінің төмендеуі

Наши рекомендации