Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий тексті және оның рөлінің сипаттамасы

Медициналық симуляция сценарийі

Клиникалық жағдай:«Опийлік (героиндық) абстиненция»

Жағдай: Сіз – участкелік дәрігерсіз. Қабылдауға 25 жасар науқас келді.

Ø Анамнез жинаңыз және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Тексеру жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеу қорытындыларын интерпретациялаңыз

Ø Диагноз құрастырыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Сұрау жүргізу (шағымдар, ауру және өмір тарихының толықтығы, нақтылығы)

Ø препараттарды инъекциялық енгізу іздерін анықтау мақсатында науқасты қарап тексеру, шырышты қабаттарын, қасаң қабықты, вегетативті көріністерді қарау (қызарулар, терісінің түсі, гипергидроз).

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеу қорытындыларын интерпретациялау

Ø Опийлік(героиндық) абстиненциямен науқасты жүргізу тактисы

Бағалау парағы (check-list)

Опийлік (героиндік) абстиненция» клиникалық жағдайы бойынша

Қадамдарды бағалау критерийі Баға балл бойынша
Дұрыс орындады Дұрыс орындады Дұрыс орындады
Шағымдарын жинау 1,5 0,75
Анамнезжинау 1,5 0,75
Наркологиялық анамнез жинау 1,5 0,75
Науқастың соматикалықжағдайын зерттеу 1,5 0,75
Мүмкін болатын препарат енгізу орындарын зерттеу 1,5 0,75
Науқастың психикалық статусын зерттеу 1,5 0,75
Болжама диагноз 2,0 1,0
Ажырату диагноз 1,5 0,75
Мүмкін болатын асқынулар 1,5 0,75
Қорытынды клиникалық диагнозды негіздеу 2,0 1,0
Емдеу тактикасын анықтау 2,0 1,0
Науқасты кейінгі емдеу және жүргізу тактикасының дұрыстығы 2,0 1,0
Барлығы БАЛЛ      

Максималды балл - 20

Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы

Шағымы: омыртқадағы, буындардағы, шайнау бұлшық еттеріндегі "бұрғылайтын", тартып ауыру сезімі, жүрек айну және көп реттік құсу, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, тремор, жүрек қағуы және ентігу, сілекей ағу, жылауықтық, 2 тәуліктен бері тұмау, ұйқысыздық, көп мөлшерде терлеу кезінде қозған жағдайда жиі ояну, себепсіз зерігу, сенімсіздік, көңіл-күйдің жиі ауысуы (агрессияға дейінгі ашуланшақтық, мазасыздық, тітіркенгіш).

Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий тексті және оның рөлінің сипаттамасы

Сұрақ мәні Әртіске арналған сұрақты құрастыру Жауап
Шағым сипатын нақтылау Қандай шағымдарыңыз бар? Мені әлсіздік мазалайды, себебі мен 2 күн ұйықтамадым. Қатты үрей және мазасыздық пайда болды. Ұйықтай алмаймын. Маған күшті ұйықтатқыш дәрі керек. Аяқ-қолым бұрайды, «барлығы қақсайды», ішім ауырады. Терең демала алмаймын, ауа жетпейді, жүрегім қатты соғады. "Үрей", іште ауру сезімімен, барлық денем, қолым дірілдейді.
Шағымдар дамуының динамикасы Осы шағымдар қашаннан бері мазалайды? Бірнеше күн болды өзімді нашар сезінем, бүгін жағдайым нашарлап кетті, ішім ауыра бастады.
Жағдайды субъективті бағалау Жағдайыңыздың нашарлауын немен байланыстырасыз? Ештеңемен байланыстырмаймын. Мүмкін суық тигізіп алдым, бірақ үнемі үйде отырдым. Содан кейін үрейлене бастадым және ұйқым жоғалып кетті.
Дәрілік анамнезді нақтылау Қандай да бір дәрілер қабылдадыңыз ба? Парацетомол, аспирин қабылдадым. Нәтижесіз.
Аддиктивті жағдай бар-жоғын анықтау Есірткі қолданасыз ба? Бірнеше ай героин қабылдадым, қоям деп шештім.

Анамнезінде:

Өзін бірнеше күн көлемінде жоғарыдағы шағымдар пайда болғаннан бастап ауру сезінеді (омыртқадағы, буындардағы, шайнау бұлшық еттеріндегі "бұрғылайтын", тартып ауыру сезімі, жүрек айну және көп реттік құсу, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, тремор, жүрек қағуы және ентігу, сілекей ағу, жылауықтық, 2 тәуліктен бері тұмау, ұйқысыздық, көп мөлшерде терлеу кезінде қозған жағдайда жиі ояну, себепсіз зерігу, сенімсіздік, көңіл-күйдің жиі ауысуы (агрессияға дейінгі ашуланшақтық, мазасыздық, тітіркенгіш). Ауру үрей және ұйқысыздықтан басталды, содан кейін іштегі ауру сезімі қосылды. Парацетамол және аспирин қабылдады, нәтижесіз. Жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырды және терапиялық бейімдегі қабылдау бөліміне жеткізілді.

Соматикалық статус: Жалпы жағдайы интоксикация есебінен орташа ауырлықта. Тері жамылғылары бозарған, денесінде аздаған бөртпелер. Шынтақ бүгілісінде инъекция іздері. Дене температурасы 37 о С. ТЖ 14 рет минутына. Жүрек тондары анық, ритмді. АД - 110/70 мм.рт.ст., ЖСЖ - 82 рет минутына. Іші жұмсақ, шамалы кебіңкі, пальпация кезінде ішек бойында сезімтал. Бауыр қабырға доғасынан 1 см шығып тұр, ауру сезімсіз. Зәр шығаруы қалыпты. Үлкен дәреті сұйық.

Неврологиялық статус: қарашықтар кеңейген, жарыққа әсері айқын емес, саусақтар треморы. Ромберг қалпында тұрақсыз. Саусақ-мұрын сынамасын интенциямен орындайды.

Психикалық статус: Науқас келбеті ұқыпсыз. Қозған, бір қалыпта отыра алмайды. Тізесін, маңдайын сүрте береді, біресе маңдайын сүртіп, біресе сіңбіріп отырған сүрткішін саусақтарына орайды. Барлық қозғалыстары жылдам, саусақтарын біресе ашып, біресе жұмады. Жақ сүйегін «тіс арасынан» өткендей дыбыстар шығара отырып, күрт қысады, бетінде аурудан қисаюлар пайда болады. Қозған және талап етіп сөйлейді. озіне жедел көмек, «ұйықтататын және ауырғанды басатын керек» екенін қайталай береді. «Бәрі қақсайды .., іштен бұрайды», «мүмкін бүйректер қабынды немесе тағы басқа», «маған ауыр, жедел көмектесіңдер» дегенді қайталай береді. «Қорқынышты, үрейлі, өліп қалуым мүмкін, жаман бірдеңе болуы мүмкін, мүмкін апат» деп айтады. Нашар ұйықтайтынын қайталай береді және тезірек «ұйықтатқыш» дәрілер тағайындауды талап етеді. Тез тітіркенгіш, к/і дәрілер берут керектігін, оның тиімді екенін айтады. Еңкейіп, ішін ұстап мәжбүрлі қалыпта отырады. Анда-санда орнынан атып тұрып, көмек сұрайды. Аз уақыт ішінде коррекцияға көнеді.

Наши рекомендации