Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
Мария Павловна Осколкова Пермь стоматология институтының
түлегі, оны 1948 жылы бітірген. 1961-1963-ші жылдары Мәскеу қаласында аспирантурада оқиды. Ал 1963 жылы «Туа пайда болған ерін жырықтарына жасалған операциядан кейінгі мұрын және жоғарғы ерін ақаулары» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.
1974-1980 жылдары Мария Павловна Осколкова Республикалық стоматологтар ұйымының ұйымдастырушысы және төрайымы және Бүкілодақтық стоматологтар ұйым басқармасының мүшесі болды.
Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин - Пермь стоматология институтының
түлегі, оны 1964 жылы бітірген. Республикалық стоматологиялық емхана-ның бас дәрігері және Қазақ ССР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бас стоматологы болып қызмет атқарды. 1970 жылы «Жарақатты оқтан болған төменгі жақ сүйегінің қабынуының клиникасы мен емі» атты тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғайды. 1977-1980 жылдары арасында стомато-логия факультетінің деканы, ал 1989 жылдан бастап 1999 жылға дейін ҚазММУ-дің клиникалық жұмысы жөнінде проректор қызметін атқарады. 1986 жылы «Төменгі жақ сүйегі сынығын емдеу көмегін жетілдіру сұрақтары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Көп жылдар бойы профессор Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин Республикалық стоматологтар ұйымының төрағасы және Бүкілодақтық стоматологтар ұйым басқармасының мүшесі болды.
Кафедрада медицина ғылымдарының докторы, профессор, Төлеуов Қалдан Төлеуұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Русанов Владимир Петрович, медицина ғылымдарының докторы, доцент, Ибрагимова Роза Сафиулина, медицина ғылымдарының докторы, доцент, Мырзақұлова Ұ.Р. және көптеген медицина ғылымдарының кандидаттары, доценттер мен білімді де білікті ұстаздар қауымы қызмет атқарады.
Медицина ғылымдарының докторы., Медицина ғылымдарының докторы.,
профессор Төлеуов Қ.Т профессор Русанов В.П.
Осы жылдар арасында Қазақстан Республикасында хирургиялық стоматология және бет-жақ аймағы хирургиясы саласының дамуында өзінің елеулі еңбегімен танылған тұлғалардың көшін бастайтын білікті маман-ғалым бұл медицина ғылымдарының докторы, профессор, Сағатбаев Жамбыл Сағатбайұлы.
Ол көп жылдары бойы Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру инсти-тутында хирургиялық стоматология және бет-жақ аймағы хирургиясы бас-қарды. Оның бет-жақ аймағындағы ақауларды пластикалық жолмен қалына келтіру саласында қолданған әдістері әлемде теңдесі жоқ жетістік болып саналуда.
Қазақстан Республикасында хирургиялық стоматология және бет-жақ аймағы хирургиясы саласының дамуында атақты ғалым ретінде танылған тұлғаның бірі медицина ғылымдарының докторы, профессор, Құрашов Аманкелді Ғалымжанұлы.
Медицина ғылымдарының докторы.,
профессор Құраш А.Ғ.
Қарағанды мемлекеттік медицина акдемиясының хирургиялық стома-тология және бет-жақ аймағы хирургиясы кафедрасын басқарды. 250-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Бет-жақсүйек аймақтары ауруларын
нақтамалау және хирургиялық емдеу әдістерінің 21 патентінің иесі.
Бет-жақсүйек аймақтарын қалпына келтіру және пластикалық хирургия-сының еліміздегі білікті де тәжірибелі мамандардың бірі.
Қазақстанның орталық аймағында хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру өте маңызды және күрделі мәселелер болып бүгінгі күннің күн тәртібіне түспей тұр. Бұл маңызды мәселелерді шешуде белсенді қызмет атқарып жатқан ғалымдардың бірі Астана Медицина Университетінің хирургиялық және терапиялық стоматология кафедрасының доценті медицина ғылымдарының кандидаты Батыров Төлеутай Оразұлы.
медицина ғылымдарының кандидаты .,
доцент Батыров Т.О.
70-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Бет-жақсүйек аймақтары ауру-ларын нақтамалау және хирургиялық емдеу әдістерінің 2 патентінің иесі.
Оңтүстік өңірде хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру және сапалы мамандар дайындау 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясының құрамында Хирургиялық стоматология кафедрасының ашылуымен байланыстыруға болады. Кафедраның алғашқы ірге тасын қалаған медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты бет-жақ аймағы хирургі, I-ші Ташкент Мемлекеттік Медицина Институтының түлегі Темуров Фазладин Тұрабайұлы.
Ол Орта Азия және Қазақстан Республикасына біріншілерден болып бет-жақ аймағының сынықтарында және де пластикалық оталарда өз қалпын сақтап қалатын никелид-титан қоспасынан жасалған бекіткіштерді енгізу арқылы емдеудің замануи түрлерін қолданып толағай табыстарға қол жеткізді. Ғылыми-зерттеу нәтижесінде 70-тен астам еңбегін жария етті, 2 авторлық куәлікке, 2 патентке ие. Қазіргі кезде хирургиялық стома-тологиялық көмекті ұйымдастырудың жаңаша заман талаптарына жауап беретін әдістерін енгізіп оны докторлық диссертация күйінде қорғау үстінде. Жекешелендіруге халқымыз өте үлкен үміт атқан еді, бірақ бұл үміт ақталмады. Қарапайым халық қол жетім көмекке мұқтаж болып қалды. Жекешеленген мекемелердің қызмет көрсету ақысы артып, қызмет сапасы өте төмендеп кетті. Қазіргі кезде стоматологиялық көмекке 15 млн халқымыздың 75-85%-ы мұқтаж жандар. Осындай көптеген әлеуметтік қайшылық жағдайларға байланысты жекешеленген мекемелерді мемлекетке қайтару мәселелері туындауда және көтеріліпте жатыр. Ауылдарда, аудан орталықтарында кеңес алатын стоматологиялық мекемелер жоқтың қасы.
Солардың 80-85%-ы халық тығыз жайласқан мекен-жайларда орналасқан. Сондықтан бұл көтерілген мәселелер өте көкейкесті мәселелердің өзектісі, әрине шешімі өте күрделі, оны шешу Мемлекетіміз және Үкімет басшы-ларының хұзырында. Жекешеленіп кеткен облыстардағы облыстық стома-тологиялық емханаларды мемлекет меншігіне қайтару және Үкімет басшысының 1996 жылғы шыққан № 240-241 бұйрықтардың өз күшін жою мақсатында көптеген қоғамдық және мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жұмыс атқаруда.
Кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, бірінші санатты хирург-стоматолог Кенбаев Валихан Омарханұлы
Тағайындалды.
Кафедрада көптеген талантты жастар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп кандидаттықдиссертациялар қорғауда. Солардың бірі Шымкент жедел жәр-дем ауруханасында Бет-жақ аймағы бөлімін басқара отырып ғылыми-зерт-теу жұмыстарын ойдағыдай нәтижелі жүргізіп 2009 жылы кандидаттық дис-сертация қорғап медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алған жоғары санатты бет-жақ аймағы хирургі Дюсупов Кенжебек Бөкейұлының айрықша еңбектерін атауға болады.
Хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру және халыққа заман талабына сай қызмет ету мақсатында жаңадан бет-жақ аймағы хирургиясы стационарлық бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Шет елдік озық тәжірибелерді, инновациялық жаңалықтарды пайдалану нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстан халқына мүлтіксіз қызмет ету және заман талабына жауап беретіндей ұлтшыл жас қазақ мамандарын дайындау негізгі мақсатымыз болып қалуда.
II ТАРАУ