Жылдарға ҚР жеделдетілген индустриалды-инвестициялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Мақсаты: Өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру

Міндеттер: 1) өңдеуші өнеркәсіпті озыңқы дамыту;

2) басым секторларда тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту;

3) шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту;

4) өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту;

5) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын технологияландыруды жаңа деңгейге көтеру және инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз жасау;

6) өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті ынталандырып, шағын және орта бизнесті дамыту.

Іске асыру мерзімі 2015-2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы мына экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

1) өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43 %-ға ұлғайту;

2) өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайту;

3) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайту;

4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту;

5) өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 2012 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 15 %-ға азайту;

6) өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемі Бағдарламаны 2015 - 2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 643 909,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

2015 жылы - 327 506,3 млн. теңге*

2016 жылы - 111 324,6 млн. теңге*

2017 жылы - 74 464,6 млн. теңге*

2018 жылы - 64 785,3 млн. теңге*

2019 жылы - 65 828,8 млн. теңге*

Инвестициялық жобаны талдаудың әдістері. Жобаның тәуекелділігін талдау

Инвестициялық жоба – шектеулі ресурстар мен шектеулі уақыт мерзімінде нақты бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты ұйымдық, техникалық және инвестициялық шаралар жиынтығын үйлестіру. Кез келген жобаның қаржылық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да жетістіктерін жүйелі бағалауға мүмкіндік беретін әдісті жобалық талдау деп атайды. Жобалық талдау барысында , мүмкіндігінше, жобаның барлық пайдасы мен шығындары ақша түрінде көрсетіледі, сондықтан, сарапшының басты міндеті әділ инвестициялық саясат жүргізу үшін шығындар мен пайдалардың құрылымын жете , толық жүргізуіне келіп тіреледі.

Жобаларды қаржылық және экономикалық бағалау үшін қазіргі кезде жоба талдауында концепциялар мен құралдар пайдаланылады. Олардың барлығы да әрбір жобаға қолдануға келе бермесе де, қаралатын жобаның ерекшеліктерін есепке ала отырып, жоғары нәтижелерге жету үшін құралдар мен концепциялардың комбинацияларын пайдалану тиімді болып табылады.

Түрлі экономикалық концепциялар мен құралдар жобаның да түрлі аспектілеріне бағытталғандықтан, жобаларды бағалау әдістемелігінің бірлігін қамтамасыз ету үшін жобалық талдаудың төмендегі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1. Техникалық талдау

2. Коммерциялық

3. Ұйымдық

4. Әлеуметтік

5. Экологиялық

6. Қаржылық талдау

7. Экономикалық талдау

8. Қатер талдауы

Жобаның тәуекелділігін талдау.Қаржылық-экономикалық есептеулер кезінде «қатер» түсінігі туралы түрлі көзқарастар бар. Жалпы алғанда, қатер дегеніміз – болашақ шығындардың мүмкіндігі немесе болжаудағы нұсқаумен салыстырғанда жобаны іске асырудың сәтсіз аяқталуы. Сондықтан, қатерді талдаудың мәні жоба көрсеткіштерінің өзгергіштігін өлшеуге алып келеді. Оны бастапқы мәннен эндогенді параметрлердің ауытқуына және қатер мен сәтсіздіктің деңгейін төмендететтін шаралар тізбесін анықтайтын жауап ретінде қабылдауға болады.

Инвестициялық жобаның өмірлік циклы.

Инвестициялық жоба – шектеулі ресурстар мен шектеулі уақыт мерзімінде нақты бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты ұйымдық, техникалық және инвестициялық шаралар жиынтығын үйлестіру.

Әрбір инвестициялық жобаны іске асыру кезінде алға қойылған міндеттерді шешу бірнеше сатылардан тұрады. Бұл жобаның өмірлік циклі деп аталады. Инвестициялық жобаның өмірлік циклі келесі сатылардан тұрады:

1. Жоба алдындағы бағалау немесе инвестиция алдындағы кезең;

2. Жобаны іске асыру немесе инвестициялық кезең;

3. Жүзеге асырылған жобаны бағалау кезеңі.

Өз кезегеінде әр кезең өзінің ерекшеліктеріне қарай бірнеше сатылардан тұрады. Бірінші кезең мына қадамдардан тұрады:

1. Жаңа идеяны анықтау, жобаға деген сұранысты талдау, нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтап, олардың қоғам мүддесіне сай келуін бағалау.

2. Жобалық талдау – бұл кезде жобаға қажет мәліметтерді реттеу және талдау, соның негізінде ең қолайлы шешім қабылдау.

3. Жобаны дайындау кезеңінде – мерзімі көрсетілген жобаны іске асыру әдістерін анықтау, сонымен бірге бұл кезеңде жоба жүзеге асырылып жатқан ел аймағының әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Екінші кезеңде жоба циклі құрылыстың салына басталуы мен салынып бітуімен, және оны пайдалануға беру кезеңін қамтиды. Бұл кезде мемлекеттің бақылау органдары тарапынан жобамен байланысты барлық қызмет түрлеріне бақылау жүргізіледі.

Үшінші сатысы жобаның пайдалануға берілуінен басталып, өмірлік циклдің аяқталуымен бітеді. Бұл сатыда жүзеге асырылған жобаның қоғамға әсері тиді ме, алға қойған мақсатқа қол жеткізілді ме деген сұрақтарды анықтып, онымен қоса келесі жобаларды дайындауға тәжірибе жинақталады.

Наши рекомендации