Тақырып. нӘруыз жӘне май алмасуларыныҢ бҰзылыстары. ашыҒу

Сабақтың мақсаты:

· Нәруыз және май алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлері және бұл бұзылыстардың көптеген аурулардың қауіп-қатер жайты бойынша білімін қалыптастыру

· Пікірсайыс жүргізгенде коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

· Берілген тақырып бойынша 3 тілдегі глоссарийді қолдана білу машығын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· нәруыз алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін жетілдіру

· май және нәруыз алмасуы бұзылыстарымен байланысты ситуациялық жағдайды патофизиологиялық сараптау жүргізу дағдысын жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.

2. Аминқышқылдары алмасуының бұзылыстары. Қанның аминқышқылдық құрамының бұзылыстары; гипераминоацидемия.

3. Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.

4. Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.

5. Подаграның этиологиясы мен патогенезі. Балаларда пуринді негіздер алмасуы бұзылыстарының ерекшеліктері.

6. Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары, себептері, салдарлары.

7. Гиперлипидемиялар, түрлері, даму тетіктері. Холестерин мен фосфолипидтер алмасуының бұзылыстары. Гиперхолестеринемия

8. Майлардың аралық алмасуының бұзылыстары. Кетоз туралы түсінік, патогенездік факторлары.

Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Оқытушы мен студент арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, дискуссия, мультимедиялық көрсетілімді қарау, ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тестілеу.

Сабақтың хронометражы

Сабақтың кезеңдері Уақыт
Ұйымдастырулық бөлім. Студенттерді түгендеу. Сабақтың мақсаты мен тапсырмаларымен танысу, көрсетілім материалдарын тарату 5 мин
Тақырыптың № 1-5 сұрақтары бойынша пікірсайыс 20 мин
Кейс-стади 1-4 есептер
Үзіліс 10 мин
№ 6-8 сұрақтары бойынша пікірсайыс 15 мин
Кейс-стади 5-8 есептер
Тестілеу 10 мин
Сабақты қорытындылау, компетенцияны бағалау 5 мин

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

Кейс-стади

Кейс-стади

1-есеп. Науқас Л. үлкен күйікпен ауруханаға түсті. Қан құрамындағы жалпы нәруыз-50 г/л, альбумин- 24%, α1- глобулин – 6,3%, α2-глобулин-6,5%, β- глобулин – 8,7%, γ- глобулиндер – 54,5%

Қан құрамындағы плазма нәруыздарының өзгерістері қандай? Оларды қалай түсіндіруге болады?

2-есеп. 60 жастағы науқас аяқ - қол буындарының ауыратынына шағымданды. Науқасты қарап тексергенде қолдың және тізе буындары аймағының жуандағаны байқалады. Анамнезінен дене қызуының көтерілуі кезінде буындардағы ауыру сезімі дамитындығы мазасызданумен қатар жүретіні анықталды, бұл уақытта буындары ауырсынады, қызарады. Қан анализін тексергенде зәр қышқылы - 520 мкмоль/л мөлшерде екені анықталды.

Науқас қандай аурумен сырқаттанады? Осы жағдайдың этиологиясы мен патогенезі қандай?

3-есеп. 45 жастағы науқас, қант диабетінің 1- түрімен ауырады. Ұзақ уақыт бойы табандағы ойық жара жазылмады, «диабеттік табан». Қантты диабет кезінде жараның ұзақ жазылмауының патогенезін түсіндіріңіз. Осы науқасқа қандай ұсыныс бересіз?

4-есеп. 28 жастағы науқас дене салмағының артықтығына байланысты екі апта бойы ашығумен емделді, нәтижесінде дене салмағы 1,5 кг азайды. Бұрынғыдай тамақ ішуін жалғастырғанымен (төмен калорийдағы диета) тез арада дене салмағы 2 кг өсті. Осы науқастың азоттық теңгерімі ашығу кезінде және одан кейінгі жағдайын түсіндіріңіз.

5-есеп. 15 жастағы жасөспірім күш түскен уақытта, күшейетін жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Ангиографиялық тексерілуде тәж артериялары саңылауының стенозы анықталды. Қарап тексергенде: қол бұлшықеттері сіңірінің бойымен сарғыш, тығыз, аса үлкен емес төмпешіктер байқалады (сіңірлік ксантома), қан плазмасында ТТЛП мөлшері көбейген. Лимфоциттерді қосымша арнайы зерттегенде ТТЛП-га рецепторлар саны азайғаны анықталды.

Сұрақтар:

1. Науқастағы гиперлипопротеинемия қай түрге жатады?

2. Миокард инфаркты мен атеросклероз даму қаупі жоғары ма? Егер болса, неге?

3. Анықталған патологияда тұқым қуалаушылықтың маңызы бар ма?

6-есеп. Жануарларға тәжірибе жасағанда, ұзақ уақыт майсыз емдәм жүргізудің салдары жағымсыз екендігі анықталды. Жануарларда бой өсуінің кідірісі, жүндерінің түсуі, терінің қабынуы, қанағыштық байқалды. Осы симптомдардың тетіктерін түсіндіріңіз.

7-есеп. Емханаға жас жігіт жалпы әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің төмендігіне және соңғы ай ішінде дене салмағының азаюына байланысты шағымдармен тексерілуге келді. Тексерілу кезінде жоғарылаған: гипергликемия, гиперлипидемия (холестерин, БМҚ,ҮГ) анықталды. Қойылған диагнозы: қантты диабеттің 1-түрі. Дене салмағының азаюын және май спектрінің өзгеруін түсіндіріңіз.

8-есеп. Ересек адамдарға қарағанда, балаларда майға мұқтаждық әлдеқайда жоғары. Жасөспірім мен өсіп келе жатқан организмдерде жануарлар мен өсімдік майларының арақатынасы 2:1 болуы керек. Егде жастағы адамдарда 1:1 болу керек.

Жасына байланысты неге әртүрлі емдәм болуы керектігін түсіндіріңіз? Бронхөкпелік аурулар кезінде майлы тағамға бай емдәм қолдану тиімді екені бұрыннан белгілі. Неге, түсіндіріңіз?

Глоссарий

Липиды плазмы крови

Наши рекомендации