Коагулограммада –протромбин индексінің, фибриногенніңтөмендеуі – ҚШҰ-синдромы, бауыр-жасушасының жетіспеушілігі.

Вирусты гепатиттер

Вирусты гепатит А (HAV)- жедел вирусты инфекция, гепатит А (HAV) вирусымен шақырылатын фекальді- оральді механизм арқылы берілетін, гепотоспленомегалия, бауырдың улану синдромдарымен, сарғаюмен сипатталатын ауру.

Этиологиясы:Гепатит А вирусы энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae тобына жатады. Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп атайды.

Эпидемиологиясы: Арудың көзі- адам. Берілу механизмі: фекальді- оральді. Жұғу жолдары: су арқылы, алиментарлы, тұрмыстық- қатынас. Маусымдылығы – жаз-күз айлары.

Қабылдаушы – жиірек балалар, жас адамдар ауырады

Клиникалық көрінісі:

Жасырын кезең – 45-50 күн.

Продромалды (сарғыштық алды кезең): 5-7 күн.

Тән: - грипп тәрізді (дене қызуының 38С дейін көтерілуі, бас ауру),

- диспепсиялық (жүрек айну, құсу, тамаққа тәбетінің төмендеуі немесе жоқ болуы, эпигастрии аймағында ауру сезімі),

- астеновегетативті (әлсіздік, тез шаршағыштық),

- аралас. Продромалды кезеңнің соңында гепотомегалия, зәрдің қоюулануы, кейде терінің қышуы байқалады.

Өршу кезеңі(сарғыштық кезең): 2-3апта.Сарғаюдың пайда болуымен науқастардың жағдайы жақсарады. Бауырдың улану белгілері: әлсіздік, бас айналу, ашуланшақтық,ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбетінің төмендеуі немесе жоқ болуы, жүрек айну, құсу.

Сарғаю синдромы: Сарғаю алдымен шырышты қабаттарда, кейін тері жамылықтарынахолурия (зәрдің қоюулануы), ахолия (нәжістің ағаруы,), терінің қышуы.

Гепатомегалия.

Сауығу кезеңі: 4-6 апта. Симптомдар біртіндеп жоғалады,әлсіздік азайады, бауырмен көкбауырдың размеры қалыппқа келеді.

Диагностикасы:

- ЖҚА (лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз),

- ЖЗА(өт пигменті реакциясы оң),

- қанның биохимиялық анализінде

Цитолитикалық синдром-(АЛТ, АСТ,жоғарлауы,)

Холестатикалық синдром-(жалпы билирубиннің деңгейі тікелей фракциясының әсерінен жоғарлайды)

Мезенхимальді қабыну синдром (тимол сынамасының жоғарлауы),

Бауырдың белоктық-синтетикалық фракциясының төмендеуі (протромбин индексі, фибриноген, жалпы белок, альбумин, глюкоза төмендейді)

-ИФА (вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау):anti HАV IgM +, ПЦР RNA HАV (+)

Гепатит В (HBV- инфекциясы)

Жедел гепатит В (ГВ, Hepatitis B) –гепатит В (HBV) вурусымен шақырылатын, перкутанды механизммен жұғатын, клинкалық тұрғыдан бауырлық интоксикация, гепатомегалия, сарғаю белгілерімен анықталатын вирусты антропонозды инфекция

Этиологиясы.Қоздырғышы –В (HBV) гепатит вирусы– Hepadnaviridae.

Эпидемиологиясы.

Инфекция көзі – HBV жұқтырған адамдар

Берілу механизмі: перкутанды

Таралу жолдары:

- парентералды (гемоконтактілі)

- жынысты

- вертикалды

Маусымдылық– тән емес. Қабылдаушылық – жоғары. Иммунитет – жедел вирусты В гепатитінен жазылған адамдарда тұрақты, өмір бойына созылған.

Клиникасы.

Жедел гепатит циклды ағаммен сипатталады:

1. Жасырын кезең

2. Продромалды (сарғаю алды) кезеңі

3. Өршу (сарғаю) кезеңі

4. Нәтижелер (жазылу, созылмалы гепатит, бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлы карцинома)

Инкубациялық (жасырын)кезең – 30 күннен 180күнге созылады, орташа 2-4 ай

Продромалды (сарғаю алды) кезеңі: 4-10 күннен, кейде 1 айға дейін созылады.

Симптомдары:

астеновегетативті (әлсіздік, шаршағыштық, күндізгі ұйқышылдық, түнгі ұйқысыздық, ашуланшақтық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі)

диспепсиялық (жүрегі айну, құсу, тәбетінің төмендеуі немесе мүлдем болмауы, эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі)

артралгиялық (буындарының ауруы) –HBV инфекция тән

аралас

Продромалды кезеңнің соңында гепатомегалия, холурия (зәрінің шай түстес болуы байқалады

Өршу кезеңі (сарғаю): 2-6 апта, кейде бірнеше ай (сазылыңқы ағымда).

Сарғаю пайда болғаннан кейін науқастардың жағдайы жақсармайды, керісінше нашарлауы мүмкін.

Бауырлық интоксикация симптомдары : әлсіздік, басының айналуы, ашуланшақтық, ұйқысыныңбұзылуы, тәбетінің төмендеуі, жүрегі айну, құсу (кейде қайталамалы).

Сарғаю синдромы: басында шырышты қабаттарының, кейіннен терілердің сарғаюы, холурия (зәрінің түсінің қоюлануы), ахолия (ағарған) нәжіс, терінің қышуы (холестаз).

Гепатомегалия – бауыр қабырға доғасынан шығып тұрады, консистенциясы тығыз-эластикалы.

Спленомегалия 25-30 % науқастарда ауруының бірінші декадасында байқалады.

Реконвалесценция кезеңі, 2-12 айға

Асқынуы: Баурдың жедел энцефалопатиясы, геморрагиялық синдром, БЖЖ, өт қапшығымен өт жолдарының функционалды бұзылыстары, екіншілік бактериалды инфекция (холангит,холецистит және т.б. )

Диагностикасы.

ЖҚА-лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз

ЖЗА-өт қышқылдарына оң реакция

Нәжіс –нәжіс стеркобилинге - теріс

Қанның биохимиялық анализі:

цитолитикалық синдром - АЛТ, АСТ мөлшерінің артуы(гиперферментемия)

холестатикалық синдром - билирубиннің тікелей фракциясы тарапынан көбеюі, сілтілі фосфотаза, гамма-глутамил-транспептидаза мөлшерінің артуы

мезенхималды қабыну - тимол сынамасының артуы

Коагулограммада –протромбин индексінің, фибриногенніңтөмендеуі – ҚШҰ-синдромы, бауыр-жасушасының жетіспеушілігі.

УДЗ – бауыр паренхимасының диффузды өзгерістері, гепатоспленомегалия.

ИФА (жедел вирусты гепатит В-ң маркерлік диагностикасы):

HBsAg – оң

antiHBcore IgM - оң

HBeAg – оң

ПТР –HBV ДНК – оң (вирусрепликациясы)

Наши рекомендации