Миокард инфарктының қай сатысында лейкоциттердің төмендеуі, ЭТЖ-ның жоғарлауы байқалады?

жедел сатының екінші тәулігінде

+аурудың бірінші аптасының соңында

жеделасты сатысының соңында

аурудың жеделасты сатысының басында

миокард инфарктының жедел сатысында

Науқас әйел 65 жасар. 2 сағатқа созылған төс артындағы ауырсыну ұстамасынан кейін 6 сағаттан соң ЭКГ түсірілді. Ауырсынулардың иррадиациясы асқазан аймағына беріліп, қабаттаса құсу мен іштің кебуі мазалаған. ЭКГ-да QS III, AVF тіркемелерінде, патологиялық Q II, V5-6 тіркемелерінде; осы тіркемелерде S - Т сегментінің жоғарылауы. Болжам диагноз:

артқы жайылма миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

төменгі миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

алдыңғы жайылмалы миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

+артқы бүйірлік миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

алдыңғы-бүйірлік миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

Ренопаренхималық гипертензияға әкелетін аурулар:

+диабеттік гломерулосклероз

біріншілік альдостеронизм

аортаның атеросклерозы

бүйрек артериясының аневризасы

бүйрек артериясының атеросклерозы

56 жастағы ер адамды 2 жылдан бері ентігу, жүрегінің қағып кетуі және басының ауруы мазалайды. Дәрігерлерге қаралмаған. Соңғы 3 аптаның көлемінде ентігуі күшейіп, тыныштық қалыпта мазалайтын болған. Об-ті: акроцианоз, тері жамылғыларының бозаруы. Жүрек тондары басыңқы, ырғақсыз, ІІ тон акценті аорта үстінде. АҚҚ-210/130 мм.с.б. ЖСЖ 130-150 рет минутына. ЭКГ-да жүрекшелер жыбыры тахисистолиялық түрі, сол қарынша гипертрофиясы. Зәрдің жалпы анализінде өзгерістер жоқ. Симптомдық артериялық гипертензияның түрі:

ренопаренхиматозды гипертензия

+реноваскулярлы гипертензия

гемодинамикалық гипертензия

эндокриндік гипертензия

эссенсиальді гипертензия

68 жастағы науқас әйел аздаған физикалық күштемеде пайда болатын, тыныштықта басылатын ентігуге және жүрегінің соғып кетуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 4 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: жүрек шекарасының солға кеңеюі. ЖСЖ – минутына 102 рет. АҚҚ – 110/60 мм.с.б. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Болжам диагноз:

+ЖИА. Постинфарктты кардиосклероз. ЖШ ФК ІІІ (NYHA)

ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК ІІІ. ЖШ ФК ІІ (NYHA)

ЖИА. Жүрек ырғағының бұзылысы. ЖШ ФК ІІ (NYHA)

ЖИА. Постинфарктты кардиосклероз. ЖШ ФК ІІ (NYHA)

ЖИА. Үдемелі стенокардия. ЖШ ФК ІІІ (NYHA)

Жастағы науқас жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында PQ интервалы 0,4 с ұзаруымен QRS комплексінің түсіп қалуы анықталды. Жүрекшелердің толқыны QRS комплексіне 4:1 арақатынасындай, ЖСЖ 40 рет минутына. Болжамды диагноз?

атриовентрикулярлық блокада II дәрежесі, II типі

ІІ дәрежелі І типті жүрекшеішілік блокада

толық емес І дәрежелі жүрекшеішілік блокада

+атриовентрикулярлық блокада II ші дәрежесі, I типі

атриовентрикулярлық блокада II ші дәрежесі, IІІ типі

68 жастағы науқас әйел горизонтальді қалыпта күшейетін ентігуге, жүрегінің лүпілдеп соғып кетуіне, басының айналуына, жалпы әлсіздікке шағымданып қалалық аурухананың кардиология бөліміне түсті. Ауру тарихынан: 5 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткізген. Об-ті: АҚ – 110/60 мм.с.б. Пульс – 112 рет минутына. ЭКГ: Жыбыр аритмиясы тахисистолиялық түрі. Жүрек жеткіліксіздігімен негізделген тахиаритмияны жоюға арналған таңдау препараты:

верапамил

атропин

+дигоксин

пропранолол

дилтиазем

Климакс кезеңіндегі остеопороз белгілерімен қатар АГ-сы бар науқас әйелге мына төмендегі антигипертензивті дәрмектердің қайсысын тағайындау тиімді:

+ААФ ингибиторларын

тиазидті диуретиктерін

b-адреноблокаторларды

a-адреноблокаторларды

кальций антагонистерін

Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның IІІ дәрежесі деңгейі сай келеді:

140/90-149/94 мм.сын.бағ.

160/100-179/109 мм.сын.бағ.

140/90-159/99 мм.сын.бағ.

130/85-139/89 мм.сын.бағ.

+180/110 мм.сын.бағ. жоғары

Жастағы әйел лоқсуға, жүрек қағуына, белінің ауырсыруына, теңертеңгілік беттерінің ісінуіне, әлсіздікке шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: жүктілік кездерінде АҚҚ максимальді көтерілуі 180/110 мм.с.б. болған. Об-ті: АҚ - 200/120 мм с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л. Артериялық гипертония қай аурудың симптомы болып табылады?

эссенциальді гипертония

созылмалы пиелонефрит

бүйрек артериясы аневризмасы

бүйрек атрериясы гипоплазиясы

+созылмалы гломерулонефрит

Жастағы ер адам лоқсуға, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: созылмалы гломерулонефритпен диспансерлік есепте тұрады. Об-ті: АҚ - 180/100 мм с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л. Антигипертензивті препараттардың қайсысын, емдеу жоспарына енгізген тиімді?

б-адреноблокаторларды

кальций антогонистерін

в-адреноблокаторларды

изосорбид динитраттарды

+ААФ ингибиторларын

55 жастағы науқас ер адам аймақтық дәрігерде бір жылдан бері ЖИА.Тұрақты стенокардия ФК ІІ ауруымен «Д» есепте тұрады. Соңғы 5 күнде ауырсыну сезімі күшейген, физикалық күштемеге толеранттылық бірден төмендеген, тыныштық қалыпта ауырсыну сезімі пайда болған, нитроглицеринді қабылдау көбейген. Болжам диагноз:

ЖИА. Алғаш рет пайда болған стенокардия

ЖИА. Тұрақты стенокардия. ФК ІІІ

+ЖИА. Үдемелі күштемелі стенокардия

ЖИА. Тұрақты стенокардия. ФК ІІ

ЖИА. Ұсақ ошақты миокард инфаркты

в-адреноблокаторлардың жанама әсері:

тахикардияның дамуы

АВ-өткізгіштігінің жылдамдауы

қарыншалардың деформациясы

+АВ- өткізгіштігінің баяулауы

фибрилляцияның дамуы

56 жастағы науқас ер адам дене қызуының көтеріліп, қалтырауға, кеуде тұсының ауырсынуына, буындарының ісінуіне шағымданып ауруханаға түсті. 1 ай бұрын жедел миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: жүрек тұсын аускультациялағанда перикардтың шуы естіледі. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ-40 мм/с. ЭКГ-де динамикалық өзгерістер байқалмайды. Төмендегі келтірілген диагнозға сәйкес жауапты табыңыз:

Кернинг перикардиті

Лефгрен синдромы

+Дресслер синдромы

Гудпасчер синдромы

Вегенер синдромы

Науқас 45 жасар ер адам алдыңғы-қалқалық жедел миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. 10 минуттан кейін жүрек соғуының «тоқтап қалғандай» сезімі, әлсіздіктің күшеюі, басының айналуы пайда болды. ЭКГ-да: синусты ритм, ЖСЖ 78 рет минутына. Кезеңімен пайда болатын 2-3-тен ұзақтығы 0,18 сек кеңейген, деформацияланған қарыншалық комплестер, соңынан толық компенсаторлы пауза байқалады. Миокард инфарктының дамыған асқынуы:

атриовентрикулалық блокада

қарыншалық тахикардия

түйіндік экстрасистолия

суправентрикулалық тахикардия

+қарыншалық экстрасистолия

65 жастағы науқас ер адам жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында І дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың жүрекшелік түрі анықталған. Жүрек ырғағы бұзылысының ЭКГ белгісі:

QRS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі

PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы

PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы

+PQ аралығының 0,20 сек артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі

QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі

Синустық тахикардияның ЭКГ-лық сипаттамалары:

R-R аралықтар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық

+R-R-аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0,60 с кем

R-R-аралықтары тыныс фазасына сәйкес қысқарып ұзарады

Р тісше мен QRS комплексі жұптасқан, R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық

Р тісшесінен кейін тұрақты түрде QRST кешендерінің түсіп қалуы

Наши рекомендации