Жедел медициналық жәрдем жұмысының жылдамдығы

СӨЖ

Өткізу формасы: глоссарий

Тақырыбы: «Жедел жәрдем шақырғанда статистика нәтижесі. Дәлелдеу медицинасының принциптері»

Орындаған: Болатқазы Айгерім

528 топ ЖМФ

Тексерген: м.ғ.к. Мусабекова Ж.А..

Семей 2015ж.

Жедел медициналық жәрдеммен тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз етілуі

1 бригадаға түсетін орташа тәуліктік жүктеме (бригада түріне байланысты) - тәулік ішіндегі шақыртулар санының тәуліктік бригада санына қатынасы.

Арнайы бригадалардың көмегімен науқастардың шұғыл арнайы көмек күші қажеттілігімен қамтамасыз етілуі – шұғыл арнайы көмек қажетсінетін науқастарға шақырылатын арнайы бригада үлесі (% есебінде).

Бос болмаушылық коэффиценті (бригада түріне байланысты) – бригаданың (бригадалардың) барлық шақыртуға кететін жиынтық уақытының жұмыс істелген сағат санына (% есебінде) қатынасы.

Шығу бригадасы (ШБ) және оның түрлері – емдік-диагностикалық үрдісті тікелей жүзеге асыратын жедел медициналық жәрдем бекетінің (ЖМЖБ) негізгі құрылымдық бірлігі.

Жедел медициналық жәрдем бекетінің қызметінің көлемі

Амбулаторлы шақырту – тікелей ЖМЖ бекетінің аймағында науқасқа медициналық көмек көрсетілу.

Белсенді шақырту:

- ЖМЖ дәрігерінің айтуы бойынша аумақтық дәрігердің қажет жағдайда науқас үйіне шақыртылуы (немесе поликлиниканың басқа маманы);

- «өзіне» белсенді шақырту - диспетчердегі аға дәрігер келісімімен үйде қалған (госпиталиязациядан бас тартқан немесе басқа себептер) науқасқа қайталамалы келуді ЖМЖ дәрігерінің тағайындауы.

Госпитализация:

- ЖМЖ бригадасымен қойылған диагнозымен ургентті патологиясымен науқасты стационарға немесе травмпунктке жеткізілуі;

- Қабылдау бөлімінен науқасты тікелей стационарлық бөлімге госпитализациялау немесе науқасқа бас тарту (емдеу профилактикалық мекеме құзыреті).

ЖМЖ автомобилімен науқастарды, босанушы әйелдерді стационарларға тасу – емдеу профилактикалық мекеме дәрігерінің жолдамасымен науқасты стационарға жеткізілуі. Науқастың ауырлық жағдайына байланысты «дәрігерлік» және «фельдшерлік» тасымалдауды ажыратады.

Қайталамалы шақырту – ЖМЖ бригадасының бірінші келуінен кейін 24 сағат ішінде сол науқасқа шақыртылуы.

Нәтижесіз шақырту – бригаданың науқаспен кездеспеуі кезінде (орнында болмаса, есік ашпаса, берілген мекен жай бойынша тұрмаса), сондай-ақ өлікке шақырту кезіндегі жағдайдың шартты атауы.

Профильді емес шақырту – жедел медициналық жәрдемді көрсетуді қажет етпейтін жағдайлар.

Тұрғындардың қаралуы (берілген тұрғындық пункттің ЖМЖБ-не) – 1000 тұрғынға шаққандағы жедел медициналық жәрдемге жүгінген қаралулар саны (қарқынды көрсеткіш).

Тұтынушылық құрылымы – ЖМЖБ барлық түскен шақыртуларды (бас тартуларды есепке алғанда) түріне, ауру профиліне, оқиға болу орнына және т.б. байланысты бөлу.

Ілеспе шақырту - обращение вызывающего непосредственно к бригаде СМП, имеющей на руках первичный вызов, минуя диспетчерскую.

Жедел медициналық жәрдем жұмысының жылдамдығы

Уақыт параметрлері:

Диспетчерлікте күту уақыты – диспетчерге шақыртудың түсіп, ШБ-на хабарлауға дейінгі уақыт(минут).

Мекен жай бойынша бригаданы орташа күту уақыты (қызмет көрсетуді күту немесе шақыртуды орындау) – ЖМЖ-ге шақыртудың түсуінен науқасқа ШБ-ның келуіне дейінгі уақыт. Диспетчерлікте күту уақыты мен баруына дейінгі уақыт бірге есептеледі.

Науқаста орташа болу уақыты – ШБ-ның науқасқа келуінен қандай шешіммен аяқталғаны жайлы диспетчерге хабарлауына дейінгі уақыт. Аяқталауы: а. госпитализациясыз; б. транспортировка басталуымен (госпитализация).

Орташа жету уақыты – ШБ-ның шақырту алып, науқасқа жетуіне дейінгі уақыт.

Транспортировканың орташа уақыты – транспортировка басталуынан ШБ-ның науқасты қабылдау бөліміне жеткізуін диспетчерге хабарлауына дейінгі уақыт.

Шақыртуда қызмет көрсетудің орташа уақыты - шақыртуға кеткен уақыт: шығу бригадасының шақыртуды қабылдаған уақытынан бастап, оны қызмет етуінің аяқталуын диспетчерге хабарлауына дейін:

- госпитализациясыз (минут);

- госпитализациямен.

Шығудың уақтылы болуы (шақырту категориясының нормативтеріне байланысты) – диспетчерлікте немесе жолда бригаданың шақыртуды алу кезінен анықталады (рация, телефон арқылы).

Наши рекомендации