Медициналық симуляцияның сценарийі. Клиникалық жағдай: «Дәрігерлік отбасылық амбулатория жағдайында балалардың рахитінің диагностикасы мен жүргізу
Клиникалық жағдай: «Дәрігерлік отбасылық амбулатория жағдайында балалардың рахитінің диагностикасы мен жүргізу тактикасы».
Ситуациялық есеп:Сіз –жалпы тәжірбиелік дәрігерсіз.Сізге қабылдауға 7 айлық баласымен ана келді.
Ø Сұрау жүргізу: шағымдары мен анамнезін жинау.
Ø Лабораторлы –аспаптық зерттеулерге интерпретация жүргізу
Ø Диагноз қойыңыз
Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Соңғы қорытынды (outcomes):
Ø Сұрау жүргізу, науқасты физикальды зерттеу: шағымдары мен анамнезін жинау.
Ø Қарау жүргізу, болжамалы диагнозды қою.
Ø Рахитпен науқас баланы зерттеу жоспарын тағайындау.
Ø Рахиттің клиникалық ағымының ерекшеліктерін анықтау.
Ø ЖҚА,ЖЗА интерпретация жасау. Емдеу жоспарын тағайындау.
«Дәрігерлік отбасылық амбулатория жағдайында балалардың рахитінің диагностикасы мен жүргізу тактикасы». Клиникалық жағдайға байланысты
бағалау беті (check-list)
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Балмен бағалау | ||
Дұрыс орындады | Дұрыс орындамады | Орындамады | ||
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? | 1,0 | 0,5 | ||
Рахиттің ауырлық критерийлерін анықтады ма? | 2,0 | 1,0 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді – жалпы қарау | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді – тыныс алу жүйесі | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды зерттеуді толық жүргізді –жүрек қантамыр жүйесі | 1,0 | 0,5 | ||
Болжамалы диагноз | 1,0 | 0,5 | ||
Дифференциальды диагностиканың жоспары | 1,0 | 0,5 | ||
Зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
ЖҚА, ЖЗА интерпретациялады, | 2,0 | 1,0 | ||
Биохимиялық қан анализін интерпретациялады | 1,0 | 0,5 | ||
Рентген көріністерін сипаттады | 1,0 | 0,5 | ||
Емдеу жоспарын тағайындады | 2,0 | 1,0 | ||
Базисты емін тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Емнің тиімділігін бақылау | 2,0 | 1,0 | ||
Пациентпен дұрыс қарым қатынас жасады, қорқыныш сезімін басты. | 2,0 | 1,0 | ||
қорытынды БАЛЛ |
Стандартталған актер үшін мәтін сценарийі және оның рөлінің сипаттамасы:
Шағымдары: әлсіздік, тершеңдік, тәбетінің төмендеуі, мазасыздық, терісінің бозаруы.
Сұрақтың мәні | Сұрақтың мәні | Актер жауабы |
Аурудың басталу уақыты | Ауру кашан басталды және оны немен байланыстырасыз? | Анасы баласын 3-4 айынан бері ауру деп санайды. Бала катты терлеп бастаған, тәбеті төмендеген, мазасыз, әлсіз. |
Жүктілік анамнезі | Нешінші жүктілік, калай өтті, калай тамақтанасыз? | Бала бірінші жүктіліктен, жүктілік нефропатия, анемиямен өткен. Уақытына жетіп босанған. Бірінші 7 айлығында анасы солтүстікте тұрған, көбінесе консервімен тамақтанған. |
Өмір анамнезі | Бала қалай өсіп, дамып жатыр? | Бала туылғанда дене салмағы 3.300, бойы 53 см. Басын 2.5 айында ұстаған, отырмайды. 3 айынан бастап нашар салмақ қосады. |
Бала қаншалықты жиі аурады? | Бала жиі (2 ай сайын) ЖРВИ ауырған, таза ауада сирек болған | |
Тамақтану сипаты. | Қалай тамақтандырасыз? | 2 айына дейін емшекпен, 2 айдан кейін жасанды тамақтандырдым, 3 айынан кейін көбіне кашамен тамақтандырдым. |
Витаминотерапия | Қашаннан бастап Д витаминін бердіңіз, дозасы мен ұзақтығы қанша? | Аквадетрим 3-4 айында дәрігердің тағайындауымен берген, бірақ күнделікті емес. |
Объективті:Дене температурасы 36,8°С. Бала отырмайды, бұлшық еттерінің айқын гипотаниясы. Дене массасы 6200 г, бойы 67 см. Терісі құрғақ, бозарған, ауыз шырышты қабатыбоз, тістері жоқ. Басы маңдай және шүйде төмпешіктерімен «олимпиялық маңдай». Кеуде клеткасы деформацияланған - «тауық кеудесі». Баланы отырғызу кезінде омыртқа деформациясы көрінеді (кифоз), өзі отыра алмайды. Кеуденің төменгі апертурасы кеңейген. Іші жайылған. Тынысы везикулярлы, сырыл жоқ, ТЖ - 36 рет 1 минутта. Жүрек шекаралары ұлғаймаған. Аускультативті: жүрек ұшында систолалық шу. ЖСЖ - 136 рет/мин. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Көкбауыры пальпацияланбайды.Үлкен дәреті күн ара, «құмалақ тәрізді». Нервтік-психикалық дамуы : бала селқос, айналасына, ойыншықтарға қызықпайды.
Лабораторлы-инструментальды зертеулер:
Жалпы қан анализі: Hb - 100 г/л, Эр - 3,5х1012/л, Лейк - 7,5х109/л, п/я - 2%, с - 31%, э -1%,л 63%,м -3% ЭТЖ -10мм/сағ.
Жалпы зәр анализі: көлемі - 40,0 мл, тығыздығы – 1,012, лейкоциттер - 2-3 в п/з, эритроциттер -жоқ
Биохимиялық қан анализі: жалпы белок - 65,0 г/л, холестерин - 4,6 ммоль/л, глюкоза - 4,3 ммоль/л, кальций - 2,0 ммоль/л, фосфор - 1,1 ммоль/л, ЩФ - 950 Ед/л (норма - до 600).
Трубкатәрізді сүйек рентгенограммасы: Нақты остеопороз көрінісі
«Дәрігерлік отбасылық амбулатория жағдайында балалардың рахитінің
диагностикасы мен жүргізу тактикасы».