Сегізкөз бен құйымшақтың көлденең сынуы.
Сегізкөз аймағындағы ауырсынудан басқа , дефекация кезіндегі ауырсыну мен отырған кездегі ауырсыну байқалады. Қарап тексергенде — зақымдалған жердің ісінуі, пальпаторлы – локальды ауырсыну. Ректальды тексеру кезінде сынған жердің дистальды бөлігін басқан кезде қатты ауырсыну байқалады, кей жағдайларда осы кезде сегізкөз немесе құйымшақтың дистальды бөлігінің патологиялық қозғалысын анықтауға болады. Сегізкөздің дистальды бөлігі алдыға ығысқанда сегізкөз нервін зақымдайды, ал бұл кезде зәрді ұстайалмаушылығы және жамбас бұлшық еті аймағындағы сезімталдық жоғалады.
Қасаға және шонданай сүйектерінің бұтақтарының оқшауланған сынығы.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары: қасаға аймағындағы ауырсынуға (қасаға сүйегінің сынуы кезінде), шап аралығындағы ауырсынуға(шонданай сүйегінің сынуы кезінде). Ауырсыну аяқты қозғалтқанда күшейеді. Габая симптомы тән(зардап шегуші адам арқасынан бүйіріне ауысарда зақымдалған жамбасты сау аяқтың балтыры немесе табанымен сүйемелдейді, бүйірінен арқасына ауысарда фиксацияланған екі аяқтың қалпы сақталады). Мықын сүйегінің қанатына күш түскен кезде, сонымен қатар шонданай мен қасаға төмпешігін пальпациялағанда зақымдалған аймақта ауырсыну байқалады. Кейбір жағдайларда түзу жатқан аяғын тіреуден ала алмайды, бірақ сәл көтерген аяғын өз бетімен ұстай алады. Жиі жағдайларда науқас тіреуден аяғын ала алмайды және көтеріңкі қалпында ұстай алмайды.
Жамбастың алдыңғы жарты сақинасының ажырамауының бұзылуымен жүретін зақымдалуы. Жамбас аймағы және шат аралығындағы ауырсынуға шағымданады. Аяғын қозғалтқанда ауырсыну күшейеді,мәжбүрлік жағдайда болады. Қасаға және шонданай сүйегінің бұтақшаларының жоғарғы бөлігінің сынуы кезінде аяғы жамбас сан және тізе буынында сәл бүгілген, саны екі жаққа ажыратылған – «бақа» қалпында ( Волкович симптомы ). Симфиз аймағының сынуы мен жыртылуында жамбасы бір біріне қосылған және сәл бүгілген,арасын ажырату қатты ауырсыну шақырады. Науқас тіреуден аяғын ала алмайды. Қасаға мен шонданай төмпешігін пальпациялағанда ауырсыну байқалады. Мықын сүйегінің қанатына күш түсіру арқылы жақындатып немесе алшақтату симптомы оң (сынған аймақтағы ауырсыну күшейеді — № 8 сурет). Қасаға сүйегінің екі жаққа ажырауымен жүретін симфиз жыртылуында пальпация арқылы екеуінің арасындағы диастазды анықтауға болады.
Артқы жарты сақинаның зақымдалуынауқастың жағдайы бойынша анықталады: науқас сау жағына қарай еңкейіп жатады. Зақымдалған жақтағы аяқты қозғалту шектелген және ауырсынумен. Зақымдалған аймақта локальды пальпаторлы ауырсыну. Сегізкөз – мықын косылыстардың толық жыртылуы кезінде мықын сүйегінің шетінің артқа қарай ығысуын анықтауға болады.
Сегізкөз – мықын буынының травмалық синдромы(«функциональды блокада»). Сегізкөз — бел аймағының зақымдалуы кезіндегі координациялық емес қозғалыстар мен бұлшық ет ауырсынуы спазмы қозғалыстың шеткі физиологиялық қалпында буынның фиксациясын шақырады. Айқын клиникалық белгімен жүретін сегізкөз – мықын буының буындық беткейлері арасындағы капсула – байламдық жұмсақ тінді түзілістердің қысылуы осы блокаданың иорфологиялық субстракты болып табылады. «Функциональды блокада» Жамбастың алдыңғы жарты сақинасының моно- және билокальды зақымдалуымен қатар жүреді. Емдеу жүргізілмесе бұл блокада ұзаққа созылған ауырсынудың себебі болады, кейбір жағдайларда псевдоқыртыстық симптоматикамен көрінеді. Клиникалық практикада бұндай зақымданудың диагностикасына қарағанда жиі кездеседі.
Сегізкөз – мықын буыны аймағындағы функционалды блокадаға күмәнданған кезде келесі негізгі белгілерді ажыратады:
1. Қозғалыс не статикалық жүктеме кезіндегі сакроилиальды, шап аралық, мықын, жамбас және шонданай төмпегі аймағындағы үлкен ұршық аймағындағы ауырсыну.
2. Ауырсынудың S иннервация аймағына, қыртысқа иррадиациясы.
3. Мықын сүйегі өркештерінің асимметриялы орналасуы.
4. «бүйірімен жүру» симптомы (кішкене адыммен бүйірімен жүргенде ауырсыну мазалайды)
Жамбастың артқы және алдыңғы жарты сақиналарының бүтіндігінің бұзылуымен жүретін зақымдану.Шокпен қоса жүретін өте ауыр зақымдану. Зақымдалған аймақтың ауырсынуымен қатар, аяқ функциясының күрт бұзылуы байқалады. Зақымданудың алғашқы бірінші сағатынан кейін ұмаға, шат аралыққа және пупортовый байламынан қан ағысы күрт жоғарылайды. Қарап тексеру кезінде жамбастың асимметриялығын, жоғарғы жартысының 2-3 см жоғары ығысу байқалады, ол екі жақтан да семсер тәрізді өсіндіден алдыңғы жоғарғы остьке дейінгі аралықты салыстыру арқылы анықталады
жамбастың асимметриялығын анықтау
Мықын сүйегіне әкелуші және әкетуші жүктеме түсіргенде сынған жердегі ауырсынудан басқа, жамбас жартысының қозғалуы анықталады.
Ұршықты ойыстың зақымдануы.Клиникасында: әртүрлі дәрежедегі жамбас сан буынының аймағындағы басым ауырсынуы және функциясының бұзылуы. Сан сүйегіне осьтік жүктеме түскен кезде және үлкен вертельді ұрғылағанда ауырсыну күшейеді, егер, сан сүйегінің сынуы оның шығуымен бірге жүрсе, онда жамбас сан функциясының бұзылуы шамалы болады және үлкен вертельдің төбесі Розер- Нелатон сызығынан жоғары орналасады. Аяқ шыққан аяқтың қалпында болады. Сан сүйегінің орталық шығуы кезінде үлкен вертельдің шығуы анықталады.
Радиологиялық диагностика.Зақымдану сипатын жамбас рентгенограммасы арқылы анықтауға болады. Рентгенограмма алдыңғы, артқы проекцияда жүргізіледі, науқас аяғын созып арқасымен жатады. Осындай рентгенограмманың түзу проекциясында төменгі бел омыртқалары сегізкөз және құйымшақ және жамбас сүйектері, сегізкөз- мықын байламдары және симфиз, сонымен қатар жамбас сан буыны санының проксимальды бөлігімен бірдей көрінеді. Сегізкөз бен құйымшақ ортасы арқылы жүргізілген сызықты дұрыс зерттеу үшін қалыпты жағдайда жамбасты екіге бөліп симфиздің ортасымен жүргізеді.
Қасаға байламдарының жағдайын бағалаған кезде, оның енінің жасқа байланысты өзгереетінін есеру керек яғни 18 жаста 6 мм тең ал кейін келе 2 мм ге деін қысқарады. Кейбір жағдайларды сынықты анықтау үшін бүйірімен түсірген проекциядағы суреттер қажет (мысалы, сегізкөзбен сегізкөзді-мықын буынының дистальді бөлігінің немесе құйымщақ жарақаты кезіндегі сынық диагностикасы үшін)
Ұршықты ойыстың сынығына күмәнданған кезде және оны анықтау үшін қиғаш проекциядағы 45º — ты бұрышпен рентгенограммалық зерттеу жүргізеді (мықын және тіреуші).
Сегізкөз – мықын буындарын нақтылап зерттеу үшін , қиғаш проекциядағы суреттерге түсіреді (салыстыру үшін 2 симметриалы сурет), жамбас 15-25º — қа бір жаққа қарай қарама-қарсы еңкейтілген. Бақылау рентгенограммасында мықын сүйегінің және сегізкөздің ығысуы, сегізкөз – мықын байламдарының физиологиялық қозғалысы кезінде көрінеді (егер рентгенограммада алдыңғы, артқы проекцияда сүйектің бағытталуының ығысуы 6 см жоғары болса, сегізкөз-мықын буынының байламдарының жыртылуына күмәндануға болады )
Рентгенологиялық суреттерді бағалағаннан соң, жамбастың КТ сынған сызықтың орналасуын нақты анықтауға көмектеседі, әсіресе ұршықты ойыстың зақымдануы кезінде. Сынықтың нақты суретін үш өлшемді көлемді реконструкция береді. Жамбастың және оның байламдарының жұмсақ тіндерін детализациялау мақсатындаМРТ не сцинтигрофияны қолдануға болады.
Госпитализацияға дейінгі көмек.Көпшілік жағдайда жамбастың сынуы кезінде травмалық шок, сонымен қатар жамбасішілік қан кетулер анықталады. Соған байланысты науқастыорыннан орынға ауыстырып, қалыпының өзгеруі максимальды түрде шектелуі керек.
Травмалық шок болса, шокка қарсы терапия міндетті түрде жүргізіледі. Оның құрамына негігі мынадай компоненттер кіреді:
§ Ауырсынуды басу – бұлшық етке не тамыр ішіне наркотикалық не наркотикалық емес анальгетиктерді енгіземіз.
§ Ерітінділердің тамырішілік инфузиясы – жоғарымолекулярлы декстрандар(полиглюкин, стабизол), жоқ болса – физиологиялық ерітінділер, глюкоза
§ Гормонтерапия – 60-90 мг преднизолон
§ Оксигенотерапия – ылғалданған О2 ингаляциясы
Тасымалдау науқасты Волкович қалпында щитте жүгізіледі.