Тапсырма. Ситуациялық есептер щығару
№1.Егеуқұйрықты барокамераға үш минут бойы отырғызып, барометрлік қысым 180 мм. с.б. деңгейіне дейін ауа сорылды. Төмен барометрлік жағдайда болғаннан кейін жануарда 4 минуттан соң тырыспа-селкілдек пайда болды. 5 минуттан соң ақтық тыныс (сирек дем алу) пайда болып, бір бүйіріне қисайып жатты. Кейін тыныс алуы мүлдем тоқтайды. Төменгі барометрлік жағдайда (барометрлік қысым 180 мм. с.б.) өмір сүру ұзақтығы 6минутты құрады.
1. Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне ұшырады?
2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?
3. Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге болады?
4. Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ мен қанның газдық құрамы қалай өзгереді?
№2.10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөнттің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, ұшақ сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.
1. Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қауіп төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?
2. Бұл дерттік үрдістердің туындау себептері мен даму жолдары қандай?
3. Аталған дерттік үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?
№3.Екі жағдайды салыстырып сараптау
А жағдайы
Алпинистер тобының Эвереске шығар жолында теңіз деңгейінен 6500 м биіктікте бір альпинист есінен танды. Оттегі маскасымен дем алдырған соң жағдайы жақсарып, ол есін жиды. Бірақ бұлшық еттееріндегі құрысулар мен ауыру сезімінің әсерінен оның шыңға шығуға мұршасы келмеді және оны теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктегі лагерге апарды, ол жерде оның жалпы жағдайы қалпына келді.
Б жағдайы
10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Осы биіктікте ұшуды жалғастыру үшін ұшқыш оттегі маскасымен дем алды, бірақ оның жалпы жағдайы жақсармады, сол себепті ол жедел жерге қонды.
Сұрақтар
1. Бұл екі жағдайдағы дерттік үрдістің себебі қандай?
2. Не себепті оттегі маскасымен демалдырғанда біреуінің жағдайы жақсарса, екіншісіне тиімсіз болды?
№4.1946ж. Зерттеушілер Хаустон мен Рилей (АҚШ) барокамерада «Эверест операциясы» тәжірибесі жүргізді. Тәжірибеге жастары 19-27 жас аралығындағы төрт ер адам қатынасты. Тәжірибенің жалпы ұзақтығы – 35 тәулік, оның 32 күнін зерттелушілер барометрлік қысымды таудағы биіктікті сипаттайтын, біртіндеп, алдымен 600 м-ден 2400-ге дейін, сосын 300 м-ден 6000м-ге дейін, соңында 150 м-ден төмендетілген барокамерада өткізді. 27 - тәулікте зерттелушілер 6850 м биіктікке жетіп, сол биіктікте бірнеше күн бойы қалды, содан соң шыңды «бағындыру» жасалынды, яғни барокамерадағы қысым 235 мм с.б. дейін төмендетілді – бұл Эверест шыңының шамасына сәйкес келеді.
Алты сағаттық «бағындыру» кезінде екі зерттелушіге оттегі беруге тура келді, ал қалған екеуі өздігінен «шыңға шығып» және сол жерде жарты сағат болды.
1. Тәжірибе жағдайларының қайсысы зерттелушілерде гипоксияға төзімділікті қамтамасыз етті?.
2. Берілген эксперименттік зерттеу жағдайында организмнің гипоксияға төзімділігі жоғарылауының тетіктері қандай?
3. Аталған тәжірибеде зерттелушілерде гипоксияға бейімделу дәрежесі (дені сау адамдарда) әртүрлі?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22-31, 75-80
2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.
3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.
5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б.24-57
Қосымша
1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
3. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.
4. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.
5. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.
СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
1. Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз
A) аурудың ұзақтығына және ауырлығына ықпал ететін жайт
B) аурудың пайда болуына септесетін жайт
C) аурудың арнайы ерекшеліктерін анықтайтын жайт
D) ауру пайда болуы үшін қажет жайт
E) ауру пайда болуының жиілігіне ықпал ететін жайт
2. Ауру пайда болуының жағдайлары – бұл(3)
A) онсыз ауру пайда болмайтын жайт
B) аурудың жиілігіне, ауырлығына және ұзақтығына ықпал ететін жайттар
C) аурудың пайда болуына кедергі келтіретін жайттар
D) аурудың пайда болуына септесетін жайттар
3. Ятрогендік аурулар – бұл (1)
A) науқастың мінез-құлқы теріс болуынан туындайтын аурулар
B) медицина қызметкерлерінің қате әрекеттерінен туындайтын аурулар
4.Тұқым қуалаушылықтың этиологиядағы маңызы (1)
A) тек ауру себебі бола алады
B) тек ауру пайда болуының жағдайы бола алады
C) ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады
D) этиологияда ешқандай маңызы жоқ
5. Сәйкестікті тап:
1)Сыртқы этиологиялық жайттар (4)
2) Ішкі этиологиялық жайттар (4)
A) конституция
B) жас
C) шу
D) тұқым қуалаушылық
E) жыныс
F) вирустар
G) төмен температура
H) ауыр металл тұздары
6. Жұқпалы ауруларды этиотроптық емдеуге қолдануды жатқызуға болады (1)
A) витаминдерді
B) ауыруды басатын дәрілерді
C) бактерияларға қарсы дәрілерді
D) сезімталдықты төмендететін дәрілерді
E) антиоксиданттарды
7. Ауру патогенезін оқып білу мына сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді (1)
A) ауру неге пайда болды?
B) ауру пайда болуының себебі не?
C) ауру дамуына не септеседі?
D) ауру дамуына не кедергі келтіреді?
E) ауру қалай, қайтіп дамиды?
8. Кез келген ауру патогенезі басталады (2)
A) алғашқы бүліністен
B) салдарлықзақымданудан
C) қорғану-бейімделу әсерленістерінен
D) «зақымданудан»
E) «физиологиялық шарадан»
9. Патогенездің бастапқы тізбегі– бұл (1)
A) алғашқы зақымдану
B) салдарлық зақымдану
C) кері айналып соғу шеңбері
Д) басты тізбек
10. Патогенездің негізгі тізбегі – бұл (1)
A) патогенездің басқа барлық тізбектерін өрістететін тізбек
B) патогенездің бастапқы тізбегі
C) алғашқы зақымдану
D) салдарлық зақымдану
E) патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың қалыптасуы
11. Аурулар патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері– бұл (1)
A) аурудың өршу және ремиссия кезеңдері бар созылмалы түрге ауысуы
B) аурудың үдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы
C) патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың пайда болуы
12. Патогенездік емдеудің негізінде жатады (1)
A) аурудың жекелеген көріністеріне әсер ету
B) аурудың пайда болу себептеріне әсер ету
C) ауру патогенезінің негізгі тізбектеріне әсер ету
D) организмнің реактивтілігіне әсер ету
E) аурудың пайда болу жағдайларына әсер ету
13. Биіктік ауруының себептері (2)
A) барометрлік қысымның төмендеуі
B) атмосфералық ауада рО2 төмендеуі
C) барометрлік қысымның жоғарылауы
D) зат алмасудың бұзылуы
E) гипоксемия
14. Биіктік ауруы патогенезінің негізгі тізбегі (1)
A) зат алмасудың бұзылуы
B) жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы
C) гипоксемия
D) гипоксия
E) ацидоз
5. Биіктік ауруы патогенезіндегі себеп–салдарлық тәуелділік туралы дұрыс түсінік беретін жауапты көрсетіңіз (1)
A) гипоксия →гипоксемия → зат алмасудың бұзылуы → орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) қызметінің бұзылуы
B) ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксия → гипоксемия → ацидоз → зат алмасудың бұзылуы
C) зат алмасудың бұзылуы → ацидоз → гипоксия → гипоксемия → ОЖЖ қызметінің бұзылуы
D) гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ацидоз → ОЖЖ қызметінің бұзылуы
E) ацидоз – ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксия → гипоксемия → зат алмасудың бұзылуы
16. Биіктік ауруы патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері (1)
A) гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксемия
B) гипоксемия → тыныс орталығының қозуы→ гиперпноэ → гипокапния → тыныс орталығының тежелуі → брадипноэ → гипоксемия
C) гипоксемия → эритропоэтин өндірілуінің жоғарылауы → эритроцитоз → гипоксемия
D) гипоксемия → ұан тамырларын қозғалтқыш орталықтың қозуы → тахикардия → гипоксемия
17.Биіктік ауруы кезінде гиперпноэ патогенезі тыныс орталығының, салдарынан, қозуына байланысты (1)
A) қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының жоғарылауы
B) қанда оттегінің үлестік қысымының жоғарылауы
C) қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының төмендеуі
D) қанда оттегінің үлестік қысымының төмендеуі
18.Биіктік ауруына тән организмдегі өзгерістер (4)
A) гипоксемия
B) гипоксия
C) гипокапния
D) газдық ацидоз
E) газдық алкалоз
19.Сәйкестікті тап:
1) биіктік ауруы кезіндегі зақымдану көріністері (4)
2) биіктік ауруы кезіндегі қорғану көріністері (2)
A) гиперпноэ
B) брадипноэ
C) тахикардия
D) цианоз
E) тоқмейілсу
F) қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы
20. Биіктік ауруы кезінде көгеру патогенезі қанда артық болуына байланысты (1)
A) оксигемоглобиннің
B) карбгемоглобиннің
C) карбоксигемоглобиннің
D) дезоксигемоглобиннің (тотықсызданған гемоглобиннің)
E) метгемоглобиннің
№ 3 тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ МЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»
Сабақтың мақсаты:
· Ауру туындауы мен дамуындағы организм реактивтілігінің, төзімділігі мен тұқым қуалаушылықтың маңызын меңгеру
· Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану
· Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
· Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
· Гипоксияға төзімділікте жас ерекшелігінің, жыныстың, ОЖЖ қызметінің, сыртқы орта жайттарының ерекшеліктерін анықтау үшін тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
Оқыту міндеттері:
· Организм реактивтілігі мен төзімділігінің дерттанудағы маңызын зерттеу
· Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
· Тәжірибедегі организм реактивтілігіне қарай тітіркендіргішке организмнің жауап қайтару түрлерін бағалау
· Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
· Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шешкенде қолдануды үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтар:
1. Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері
2. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жайттар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).
3. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуі.
4. Тұқым қуалайтын аурулар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татума және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуалайтын аурулар патогенезінің теориялары.
5. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.
6. Организм конституциясы туралы түсінік. Сиго, Кречмер Э., Павлов И.П., Черноруцкий А.А. бойынша конституцияның жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы. Диатездер туралы түсінік. Диатездер түрлері және олардың сипаттамасы.
7. Реактивтіліктегі адам жасының маңызы. Балалар мен қарттардың реактивтілігінің ерекшеліктері.
8. Реактивтіліктегі адам жынысының маңызы. Ерлер мен әйелдер организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.
9. Организм реактивтілігін бағдарлы түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудің маңызды жолы.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Дискуссия, тәжірибелер жасау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру, тесттілеу.