ПайдаланҒан ӘдебиеттіҢ тізбесі
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Атопиялық дерматит этиологиясы, патогенезі
Клиникалық көріністері, балалардағы ерекшеліктері
Ажырату диагностикасы мен емдеу тәсілдері
III Қорытынды
Кіріспе
Атопиялық дерматит (АД) — бұл созылмалы аралықта тұқым қуалаушылыққа бейімделген, бөртпе шығумен және терінің қышынуымен айқындалатын, терінің иммундық (қорғаныш) қызметінің төмендеуімен сипатталатын ауру түрі. Атопия, әртүрлі мәліметтер бойынша тұрғындардың 3-15% тіркелген. АтД таралуы балалар арасында 5-20%, үлкендер арасында — 2-10%, АтД ауруының ең үлкен көрсеткіштері урбанизацияланған (үлкен және өнеркәсіп қалаларында) өңірлерде анықталуда. Асқазан-ішек жолдары органдарының патологиясы, әсіресе атопиялық дерматитке шалдыққан 80-90% балаларда ішек дисбиозы анықталуда. Мамандар терідегі дисбиоздың айқындалу мен АтД клиникалық ауыртпалықтарының көріну дәрежелері арасында өзара байланыс бар екендігін анықтады.
Атопиялық дерматиттің патогенезінде организмнің реактивтілігінің өзгеруі иммунологиялық және иммунологиялық емес механизмдерімен жүреді .Дермотология тәжірибесінде психикалық бұзылыстардан бірінші орынды аффективті патология алады. Тері-венерологиялық деспансерлерде науқастардың 1/3-де депрессия байқалады. Депрессия қышыма дерматозды созылмалы түрге ауыстыратын фактордың бірі болып табылады.
АД–пен ауыратын науқастарда терідегі бөртпелердің болуы, қышу сезімі, экскориациядан ғана азап шекпейді, сонымен қатар әлеуметтік, физикалық белсенділігінің төмендеуі де байқалады. Оларда ұйқының бұзылуы, эмоционалды жағдайлар (үрей, жабырқау)жиі кездеседі, асқыну тригерлерінің әсеріненде қашқақтау қажеттілігі туындайды (суық, ыстық ауа, әртүрлі химиялық заттармен қатынас және т.б.). Осылардың барлығы өмірдің сапасын төмендетеді.
Атопиялық дерматит - терінің зақымдануы, бұл баланың ерте шағында, сатыланып, аурудың қайта өршуі оның негізгі тұқым қуалау жағдайындағы бейімделушілігінде жəне Ig Е-ауру механизміне тəуелді, ол қарқынды қышыма, жайылмалы бөртпе лихинделген түрде білінеді.
Біз бүгін балаларда жиі кездесетін атопиялық дерматит жайлы сөз етпекшіміз. Бұл – диатез, балалар есекжемі, созылмалы аллергиялық, яғни ауық-ауық қайталанып тұратын ауру. Асқынған кезінде жазылмай, тұрақтап қалуы да мүмкін. Тұқым қуалайды. Әке-шешесінде осы кесел болса, балаларының бұл ауруға шалдығу қаупі 80 пайыз шамасында.
БЕЛГІСІ. Тері құрғап қабынуға ұшырайды, қышиды. Қол мен аяқтың буын тұстарының, беттің, бастың, мойынның терісі кеуіп, дуылдап қышиды. Сәбилерде атопиялық дерматит әдетте беттен, шынтақтан, әйтпесе тізеден байқалады. Дененің басқа тұстарынан да сезілуі мүмкін. Жасөспірімдер мен ересектерде бөрткен көбіне тізе мен шынтаққа, мойынның екі қапталына, мойынға, қолтыққа, алақанға, бетке шығады.
ӨРШУІ. Атопиялық дерматит сәби шақтан басталып, есейген кезде де жалғаса береді. Кейін өрши келе аллергиялық ринитке, кейде қолқа демікпесіне де ұласуы мүмкін.
ҚОЗДЫРҒЫШЫ. Бөбектер бұл ауруға әртүрлі аллергендердің, немесе аллергендер туғызатын заттардың салдарынан шалдығады. Үш жасқа дейінгі сәбилерде азық-түлік аллергендері негізгі рөлді атқарады. Жалпы атопиялық дерматиттің туындауына кез келген тағам себепші болуы мүмкін. Аурудың жиілігі ас-судың сипатына, баланың денсаулық ерекшелігіне байланысты. Бір жасқа дейінгі нәресте үшін атопиялық дерматиттің бастапқы аллергені сиыр сүті болып табылады. Баланы біресе емшек сүтімен, біресе қолдан аралас қоректендіру де себепші болады.
Аллергия негізінен жұмыртқа, балық, теңіз, цитрус өнімдері, жүзім, қызанақ шырындары, сәбіз, қызылша, саңырауқұлақ сияқты азық-түліктерден туындайды. Соңғы кездері балалардың банан, киви, авокадо, құрма, анар сияқты жемістерден де аллергияға ұшырауы жиілеп барады. Атопиялық дерматит шикілей пайдаланған балдыркөк, желкөк, пияз, ашыған қырыққабат, мал және тауық етінің сорпасынан да еселене түсуде.
Ересектер азық-түлік аллергиясына сирек шалдығады.
Бала өскен сайын оған тағамдағы аллергендердің әсері азайып, ауадағы аллергендердің ықпалы күшейе түседі. Мұндай аллергендерге үй ішіндегі шаң-тозаңда, үй жануарларында кездесетін микроскопиялық кенелер жатады.
Туындау себептері:
· ауа райына және тегіне қатысты факторлар;
· отбасының тамақтану дәстүрі;
· тері күтімі тәртібін сақтамау;
· тұрмыстық қауіптер (бөлме жылуының 23 градустан асып кетуі, ауа ылғалдыгының 60 пайыздан төмендігі, үйде хайуанаттар ұстау,
· балалар отырған жерде темекі тарту;
· торығу;
· вирусты жіті жұқпалар.
Кезеңдері
1-кезеңде бетте, бөкседе, қол және аяқта бөртпе ошағы анықталады. Терідегі аурудың түрі толығымен күшті және азапты бөртпемен еріп жүреді;
2-кезеңде терінің зақымданған ошағы бірте-бірте құрғақтанып, түлейді, қышуы азаяды;
егер жазылмаса, онда ауру 3-кезеңге — ұлғаю кезеңіне ауысады. Бұл кезеңде қолдың және аяқтың бүгілетін жерінде, мойын және төс терісінде өзінің симметриялығымен лихенделу (терінің қатқылдануы) ошағы пайда болады.
Шағымдар мен анамнез:
- тері қышымасы;
- ерте басталу (2 жасқа дейін);
- тері қатпарының зақымдануы, сонымен бірге, 10 жастан кіші балалар ұртының анамнездік көрсеткіші;
- анамнездегі терінің жалпы құрғауы;
- анамнездегі аллергиялық ринит немесе бронхиалды астма, сонымен бірге жақын туыстарындағы (1 дəрежелі туыстығы) 4 жасқа дейінгі кез келген атопиялық ауырулары.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Аллерголог кеңесі.
2. Педиатр кеңесі.
3. Ішек дисбактериозын зерттеу.
4. Гистологиялық зерттеу.
5. Қырынды алу.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі.
1. Стоматолог кеңесі.
2. Невропатолог кеңесі.
3. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
Лабораторлық зерттеулер:Іg Е сарысуының жоғарлау деңгейі, Іg Е –ИФА диагностикасын арнайы анықтау.
Дифференциалды диагноз: микробтық экзема, қызғылт теміреткі, стрептодермия, қотыр, триптофан алмасуының бұзылыстары, себореялық дерматит, иммунтапшылық аурулары жəне басқа аралас этиологиялы өзге де дерматиттермен жүргізеді. Аралас этиологиялы дерматиттер кезінде атопияға тұқымқуалаушылық бейімділік жəне аллергоанамнез болмайды. Сол жəне өзге аллергендер əрекетімен байланыс жоқ.
Аралас этиологиялы дерматиттер инфекциялық агенттермен байланысты, дененің түрлі жерлерінде ассиметриялы орналасады, инфильтативті учаскелер, температуралық реакция байқалады.
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты:
1. Терідегі қабынбалы өзгерістерді жəне терінің қышымасын жою жəне азайту.
2. Тері құрылымы жəне функциясын қалпына келтіру (зақымдану ошақтарында микроциркуляция жəне метаболизмді жақсарту, тері ылғалдылығын қалыпқа келтіру).
3. Науқастың өмір сүру сапасын төмендетуге жəне мүгедектікке алып келетін аурулардың ауыр формасының дамуын алдын алу.
4. Қосарланған ауруларды емдеу (асқазан ішек жолдарын санациялау).
5. Клиникалық-лабораториялық ремиссияға қол жеткізу.
6. Өзін-өзі жақсы сезінуді жақсарту.
Дəрі-дəрмексіз ем
Атопикалық дерматит қалыптасуында тамақтық аллергендердің ролі басымдылық болуына қарай, рационын аллерген көрсеткіші бар тамақ рационынан алып тастау. Жіберілетін факторлар (үйдегі шаң , мал жүні т.б.) əсерін шығару (азайту).
Дəрі-дəрмектік ем
Келесі кезеңге қолданылатын дəрілік препараттарды ендіру: 2-3 ұрпақтық антигистамин препараты (лоратадин 25 мг, эбастин 100 мг, цетиризин 10,0).
Аллергиялық процесстің тұрақтануы үшін, жасуша мембранасының (кетотифен 1 мг/кг) стабилизаторының көрсеткіші пайдаланады.
Препараттар асқорту процессінің реттеуіштері.
Ауыр науқастық жағдайда, жақсартатын кортикостероидты препараттар қолдану тиімді, өйткені 1-4 апта ішінде жағдайды жақсартады (преднизалон 30 мг/мл-1% гидрокортизоның жағындысы, бетаметазон дипропенад 15-20 мг).
Атопиялық дерматиттің ауырлық дəрежесі тері қышымасының үдемелігімен тері процессінің кең таралуына, локализациясы (шоғырлануы) ұйқының бұзылуымен, тері
инфекциясының болуымен анықталады, теріде бөртпе болған жағдайда, организмге аллергеннің келуін тоқтату жəне ішек пен қарынды шаю керек, энтеросорбенттерді қолдануы керек екені көрсетіледі.
Сыртқы терапиялық белгіге үлкен көңіл аударылады: экссудацияда –1% танинмен ылғалдау, одан əрі 3-6 күн ішінде метилен көгі мен өңдеу керек, содан соң глюкокортикостероидты крем, гель, майды сыртына жағу керек, онда глюкокортикостероидтың (метилпреднизалон 250 мг) қабындыруға қарсы əсерін ескеру қажет. Сырттан қолданылатын терапиялық ем, аурудың клиникалық көрінісін, дəрежесіне байланысты, əртүрлі дəрілік формалар пайдаланылады (паста, май, крем, лосьон).
Пиодермиялық қабынуда, антибактериялды терапия курсы жүргізіледі (ол антигистаминдік препараттың болмысында ), сонымен қатар сыртқа (комбинированный) құрама препараттар қолданылады (1%-10,0, тридерм); целестодерм Г 0,5%-10,0; 0,1 адвентан кремі, элоком 15мг, 0,1 май / мазь.
Десенсибилизациялық мақсатта тиосульфат натрий (физиологиялық ертінді дəрілік затқа 1-2 тамшы) қолданылады.
Атопиялық дерматит асқынғанда асқазан – ішек жолында ауруға жиірек патологияның гепатобилиарлық жүйесі белгілі бір роль атқарады, сондықтан бауырдан алынатын сынама, осы топта дисбактериозға нəжісін тексеру, терапиядағы ең маңызды көрсеткіш болады, содан соң гепатопротектор (1 мг 50 мг эссенциале немесе күніне 1-3 рет 50,0 капсула), сонымен қатар ферментті препарат (панкреатин 0,5 мг) белгіленеді.
Кейбір ауруларда ОНЖ – жағынан өзгерістері білінеді, ұйқы бұзылады, ондайда қосымша седация үшін электросон белгілейді,сонымен қатар психотропты препараттар көңіл күй басатын əсерлі препараттар қолданылады (қажетті жағдайда), олар – түнге қарай 10 мг оксазепам немесе 0,0005 г. феназепам белгіленеді.
Профилактикалық шаралар: жоқ.
Әрі қарай жүргізу: Санаторлық-курорттық ем. Родонмен теңіздік ванналар (Алакөл, Ыстық көл, Өлі теңіз).
Негізгі дəрі- дəрмектер тізімі:
1. *Лоратадин 10мг таб; мазь (май) 15 мг.
2. *Цетиризин 10 м таб.
3. *Преднизолон мазь (май) 0,5 %.
4. *Гидркортизон 1% мазь (май), крем.
5. *Тридерм 15 мг таб.
6. *Целистодерм Г 15-30 мг табл.
7. *Адвантан мазь (май) 15,0.
8. *Тиосульфат натрий 30% 10 мл ертіндісі.
9. *Метилпреднизолон 4 мг табл ; 40 мг 125мг, 250мг, 500мг, ине мен салатын ертінді дайындау.
10. *Панкреатин табл, 4500 ЕД, кем емес липазасы бар капсула.
11. *Бетаметазон дипропенад 1 мл ертінді амп.
Қосымша дəрі – дəрмектер тізімі:
1. *Оксазепам 0,01 мг таб.
2. *Феназепам 0,01 мг таб.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- терілік синдромды басу;
- қышынудың жоғалуы;
- бөртпелердің регрессиясы;
- ұйқының қалыпқа келуі;
- клиникалық-лабораториялық ремиссияға қол жеткізу.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Ауруханаға жатқызудағы көрсеткіші: терінің қабыну процесі, қышу.
Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызудағы қажетті тексерілу:
1. Педиатр консультациясы.
2. Аллерголог консультациясы.
3. Жалпы қан анализі (6 параметр).
4. Жалпы зəр анализі.
5. АЛТ, АСТ анықтау.
6. Глист жұмыртқасына қырынды.
Орытынды
Қазіргі кезде экология, стресстік жағдайлар атопиялық дерматитке әкеледі. Сондықтан әкелуші факторларды шектеп, өз денсаулыгымызды сақтауымыз керек.
Ағзаға аллергендердің енетін негзгі жерлерінің бірі ішек сілемейі болып табылады. Сондықтан, ас қорытудың бұзылуы және дисбактериоз болғанда ішектің сілемейлі қабығын қорғау ағзаға аллергендердің көптеп енуі және сенсибилизациялаудың ұзақ және тұрақты қалыптасуына жағдай туғызады. Аллергиялық ауруларды кешенді емдеу ішек дисбактериозын түзетудіқосқанда, ол ағзаға аллергендердің енуінен және аурудың жағдайын нашарлатудан қорғауға көмектеседі.
Терінің міндетті күтіміТеріні дұрыс күту АтД өршуінен сақтап қалуға көмектеседі және ремиссия кезеңін ұзартады. Құрғақ, сезімтал теріні күту үшін емдеу косметикасының арнайы құралдары әзірлеген.
Ерте анықтап, емдеу, аурудың ауыр түрге ауысуының, аскынуының алдын алады. Ауруды қоздыратын компьютер, кілем, теледидар сияқты шаң жиналатын заттарды, бөлменің еденін, жасау-жабдықтарын ылғал шүберекпен жүйелі түрде сүртіп тұру, мал не құс жүнінен жасалған төсек орын пайдаланбау керек. Сондай-ақ күш-қуатты сарқитын ауыр жұмысқа жегілмеген жөн.
Әрине осы күні дәрі-дәрмектің атопиялық дерматитті тез арада жоятынын не бақылауда ұстауға мүмкіндік беретінін ұмытпау керек. Бірақ ол үшін тек дерматолог-дәрігердің ақыл-кеңесіне жүгінген абзал.
АтД болғанда «элиминациондық емдәм» тағайындалады, онда аллерген болып табылатын тағамды рационнан алып тастайды. Мұны жасауға Сізге Сіздің дәрігеріңіз және тамақтану күнделігіңіз көмектеседі. АтД науқастанған адамның тағамына төмендегіні енгізеді:
өсімдік немесе зәйтүн майы араласқан сүтсіз көкөністерден әзірленген ботқалар (қарақұмықтан, күріштен, сұлы жармасының, тарының, жүгерінің, ұнтақ тан басқалары);
көкөністер (қырық қабат, картоп, кәді, самсар, шалқан);
ет (сиыр, күркетауық, қоян, тұздалмаған доңыз);
жеміс-жидектер (ашық түсті емес қышқыл-тәтті алмалар, қара өрік, алмұрт).
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ
I. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
1. 12. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, 2-е издание. ГЭОТАР-МЕД, 2002, С. 909-911. 2. Аtopic eczema. Dominic Smethurst and Sarah Macfarlane, May 2002. http: www.guidlines.gov.