МСАЖ мекемелерінде хирургия кабинетін, таңу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.

Медициналық –емхана мекемесі халыққа білікті медициналық көмек және ауруды алдын-алуға көмектеседі. Ауруларды алдын-алу, емдеу, диагностикалау емханада және үйде жүргізіледі.

Емханада жүргізіліп жатқан жұмыс көлемі:

Ауруларды анықтау. Науқастарды тексеру, қажнт болған жағдайда диспансерлік бақылау жүргізу. Сонымен қатар,науқастарды емдеу анықталған жағдайда оларға еңбекке жарамсыздық қағазы беріліп, кейде басқа жұмысқа аударылады. Науқастарды жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуында медициналық әлеуметтік-сараптау комиссиясына (МӘСК) жолданады.

Емхананың хирургиялық бөлімшесінің құрылымы:

Бұл хирургия, таңу, операция алды, операция, автоклав кабинеттері. Жалпы тәжірибе дәрігеріне және хирургқа емханада жұмысты қалай ұйымдастыруды білу керек.Емханада хирургия,таңу бөлмелері стерильді және таза, құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы тиіс.

Сондай-ақ емханада хирургиялық науқастарды есепке алғаннан кейін динамикалық бақылауға алады. Бұл науқастарға: әртүрлі оқшауланған жарықтар, аяқ тамырларының варикозды кеңейуі,трофикалық жаралар, лимфостаз,сүт безінің қатерсіз ісіктері жатады.Көрсетілген патологияс бар науқастарда жылына 1-2 рет емдеу, алдын-алу, асқыну мәселелері шешіледі. Рейно ауруы,эндоартрит намесе атросклерозы бар науқастар жылына 2-4 рет қайталап қаралады.

Асқазан резекциясы және кеуде мүшереріне жасалған операциялардан кейінгі науқастар 3 жыл бойы жылына 2 рет қаралады.

Буын таяуында, созылмалы остеомиеолит бар науқастар 4жыл травматолог бақылауында жылына 2 рет тексеріледі. Бұл науқастарды кейде асқынуларды анықтау үшін тексереді әрі қарай емхана мен стационарда емдейді. Науқастарға диспансерлік бақылау картасы жүргізіледі №30/у.

Операция науқастардың келісімімен жасалады. Шұғыл операция жасау кезінде науқас бас тартқан жағдайда, амбулаторлық жеке картасына (нысаны №025/у) қол қойылып толтырылады. Әдетте, емханадан стационарлық емделуге мынандай науқастар жіберіледі:

Емханада толық ем алуға мүмкіндігі жоқ соның ішінде жедел операцияға көрсеткіш кезінде және қарқынды стационарлық ем қажет болған жағдайда жіберіледі.

Іріңді аурулары бар науқастар, көлемі үлкен оперциялар мен ұзақ уақыт стационарлық емді қажет ететін науқастар.

Жіті хирургиялық аурулары бар,құрсақ және кеуде қуыстарының жарақатын алған науқастар, емханадағы жан сақтау бөліміне жатқызылған науқастар динамикалық бақылау үшін жібереді.

Магистральды тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуында немесе олардың зақымдануында (жедел артериялық тарылуда немесе илиофеморальды көктамыр тромбозында).

Емханада емдеу көретілмеген хирургиялық аурулары бар жоспарлы науқастар стационарлық емдеуге жіберіледі. Сондай-ақ, стационарлық емдеуге кіщі хирургиялық емдеуге мұқтаж науқастар жіберіледі.

Емхана дәрігері науқастарды диспансерлеу және асқынуларды алдын-алу мақсатында жүйелі түрде бақылайды. Науқас тексеруге жатады және есепке алуды жүргізе отырып,денсаулық жағдайын бақылайды.

Жалпы тәжірибе дәрігері ,соның ішіне хирург операция және таңу жұмыстарын ұйымдастыру тиіс. Операция бөлмесінде жоспарлы және шұғыл кіші хтрургиялық операиялар жүргізіледі.

Операция бөлмесі жарық, аумағы 18-20 м2 болуы тиіс,қабырғалары майлы бояумен боялған,еден тегіс, оңай жуылатын болуы тиіс. Температура 21-24С.Операциялық үстел стерильді құрал –жабдықтарен жабдықталуы тиіс. Құралдарға арналған шкаф,бактериоцидттік шам болуы керек. Таңу және онда жұмыстың ұйымдастырылуы дұрыс, таңу бөлмесінде таза,іріңсіз таңулар, жедел хирургиялық аурулар және жарақаттар жүргізіледі.

Емханада хирург:

Ø Жедел хирургиялық аурулармен жарақаттарда шұғыл көмек көрсетіледі.

Ø Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенше науқастарды стационарға тасымалдауды ұйымдастырады.

Ø Кейбір хирургиялық ауруларға ем жүргізеді

Ø Кейде үйде ем жүргізеді.

Орындалатын шұғыл операциялар:

Ø Реанимациялық іс-шараларды (жасанды тыныс алуды, кеңрдек интубациясы, трахеостомия)

Ø Қан кетуді тоқтату

Ø Беткей абсцесстерді ашу

Ø Парафимоз кезінде операция

Жоспарланған:

Ø Гистологиялық зерттеуге жолдай отырып, шағын ісіктерді (папилома, липома) жою.

Ø Өскен тырнақты алып тастау

Ø Диагностика

Ø Буындарға емдік пункция

Ø Бөгде денелерді жою,екіншілік тігістер салу

Стационардан шығарылатын науқастарды ВКК кеңесімен қорытындысын жүргізе отырып, МӘСК-ге жіберіледі. Уақытша (1 жылға дейін) тұрақты мүгедекті анықтау үшін .

Шұғыл госпитальдауға көрсесткіш:

1. Стационарда жедел хирургиялық аурулардың операциясын жасауда.

2. Мүшелердің зақымдануында.

3. Жедел хирургиялық және (үлкен көлемді оперциялармен бақылауды талап етуде)

4. Жедел хирургиялық аурулардың динамикалық бақылауында.

5. Магистральды қан тамырларының зақымдануында (жедел артериалды тарылуда)

Жоспарлы госпитализация:

1. Оперция жасауды қажет еткенде.

2. Созылмалы ауруларды емдеуде, егер емханада әсері болмаса

3. Арнайы аппаратпен тексеру үшін

Емханада:

Диспансерлеу жүргізіледі, жүйелі түрде сау науқасты дәрігерлік бақылауда қарау.

Іріктеу тексерістерде,дер кезінде науқасты емдеу кезеңдік бақылаудан өткізіу

Емханада жансыздандыру:

І. Контакты анестезия.

1. 2-5 % новокоин, 10% лидокаин және т.б (аз мөлшерде пайдалану қажет, улылығы жоғары болмас үшін)

2. Тіндерді салқындату хлорэтил 30-50 см қашықтықта, 10-15 сек сезімталдығы жоғалады.

ІІ. Инфильтратты анестезия 1-2 % новокаин (5-10 мл) немесе 1% лидокаин

Асқынулар: Аяқ-қолдың операцияларында жергілікті анестезиядан асқынулар,көбіне анестетиктерді мөлшерден тыс қолдану немесе анестетикке сезімталдықтан .

Сұрақ.

Емхана жағдайында операциядан кейінгі асқынулардың алдын алуда жалпы тәжірибелік дәрігердің орыны. (холецистоэктомиядан кейінгі синдром, операция жасалған асқазан ауруы )

Емханада жұмыс жасайтын хирургтың жұмысы операциядан кейінгі науқастардың денсаулығын қалпына келтіру және операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу жөнінде ескерту.Басынан өткерген операциядан соң науқастарда операциядан кейінгі аурулар,операциядан кейінгі асқынулар болуы мүмкін.Егер жарыққа жасалған операциялардан кейінгі мезгілде құрсақішілік қысымның жиі көтерілуі,құрсақ қабырғасының әлсіздігі болатын болса,жарық рецидиві болуы мүмкін. Асқазанға жасалған операциядан кейін пострезекциялық синдром дамуы мүмкін(демпинг синдром,ұзын жетекші ілмек синдромы,агастральды астения синдромы,асқазан-ішек анастомозының жетіспеушілігі,анастомозит).Операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін дәрігер науқастарға қарау жүргізу керек,егер асқынуларды дер кезінде бақыласа,асқынудың негізгі себебін анықтап,стационарға жолдама беру керек.Өт шығару жолдарына жасалған операциядан кейін асқынулар (холедохолитиаз,өт шығару жолының қысылуы)болса науқасты стационарға жолдайды. Хирургиялық ауруларда еңбекке жарамсыздық мерзімі беріледі..Шап жарығына жасалған операциядан кейін 21-23күн.Қысылған шап жарығына жасалған операциядан кейін еңбекке жарамсыздық мерзімі 30-40күн.Панариция кезінде 4-15күн,паронихияда 4-15күн,тырнақ өсуі кезінде жасалған операциядан кейін 4-10күн.Әртүрлі ауруларда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін емхананың емдеуші дәрігері анықтайды.Тұрақты еңбекке жарамсыздық мерзімін беру үшін науқас емхана жанындағы комиссиядан өтеді.

Сұрақ.

Хирургиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру. Жабдықталуы. Инструментті өңдеу және стерилизациялау заңдылықтары.Документация.

Хирургиялық кабинетте қарауды хирург және мейірбике жүргізеді.Хирург науқасты қарайды,негізгі документтерді жүргізеді,ал мейірбике манипуляциялар мен байлам салуды орындайды.Жоспарланған операцияларды белгілі бір күн мен сағатта жасайды.Бұл уақытта басқа науқастарды қабылдамайды.Хирургиялық кабинетте келесі жедел операциялар жүргізіледі:

Реанимациялық шаралар: ИВЛ,трахея инкубациясы,трахеостомия,сыртқы жүрек массажы.

Үлкен емес жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу және қан тоқтату.Липома,атеромаға операциялар.Панариция,іріңді мастит,білезік флегмонасын ашу.Тырнақтың ішке қайырылып өсуі,аяқтың Iсаусағының вальгустық қайырылуы.Құйрық аймағындағы абсцесстерді ашу.Контрактура шынтақ бурситіне араласулар.

Хирургиялық кабинеттің құрал-жабдықтары жедел диагностикалық процедураларды және манипуляцияларды орындау қажеттілігіне байланысты қарастырылады.

Операция бөлмесінің жабдықтары:операция үстелі,инструменттердің қозғалмалы үстелі,медикаменттерге арналған үстел,инструменттер мен медикаменттерді сақтауға арналған шкаф,наркоздық аппарат,наркотизатор үстелшесі,стерилизатор,винтті табуреткалар,жарық жабдықтағышы.

Байлам таңу бөлмесінің жабдықтары:стерильді инструменттер мен таңу материалдары тұратын орташа үстел,кипятильник,таңуға және кішкентай іріңді операциялар үшін үстел,2табуретка, таңу материалдарын,инструменттерді,медикаменттерді сақтайтын шкаф,қол жуғыш,шелек қақпағымен,қолданылған материалдарға арналған полиэтиленді қаптар,наркоз жинағы,наркотикалық заттар(эфир,хлор этил)

Құжаттама

*ауру тарихы және оны жүргізу

*тағайындау қағазы

*регистрациялық журнал

*операциялық журнал

*наркотикалық және қатты әсер ететін препараттар есеп журналы

Сұрақ.

Наши рекомендации