AVR – оң қолдың күшейтілген тіркемесі

AVZ – сол қолдың күшейтілген тіркемесі

AVF – аяқтың күшейтілген тіркемесі

A - күшейтілген

V - потенциал айырмашылығы

R – оң жақ Z – сол қол F – аяқ

Кеуде тіркемелері: Жүрек көлемді мүше болғандықтан оның биопотенциалы жан-жаққа және әр-түрлі жазықтық арқылы тарайды. Аяқ қол тіркемелері жүрек биотегінің тек бір жазықтықта – фронтальды жазықтықта тарағанын жазуға ғана мүмкіндік туғызады. Кеуде тіркемелері арқылы жүректің электр көлденең және сагитальды жазықтықтар бойынша тарауы жазылып алынады. Кеуде тіркемелері V әрпімен белгіленеді.

V - 1 – төстің оң жақ ІV қабырға аралығына

V –2 тіркемеде төстің сол жақ шетін ала ІV қабырға аралығына

V – 3 тіркемеде V-2 және V-4 тіркемелер аралығына

V - 4 тіркемеде сол жақ бұғана ортақ сызығымен V қабырға аралығының қиылысқан жеріне

V -5 сол жақ қолтықтың алдындағы сызығы бойындағы V қабырға аралығына

V - 6 сол жақ қол тықтың ортаңғы сызығы бойындағы V қабырға аралығына қойылады

V-1-V-2–тіркемелерінде қарыншалар аралық перде мен жүректің

оң жағының биотоғы.

V - 3 көшпе зонаның биотоғы.

V - 4 – жүрек ұшы мен сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының биотоғы,

V-5-V-6 – сол қарыншаның алдыңғы және бүйір жағының биотоғы жазылып алынады.

Алыпты ЭКГ

Қалыпты ЭКГ-да P, Q, R, S, T – тісшелері болады.

P – тісшесі жүрекшелер биопотенциалын ұзақтығы бейнелейді ұзақтығы 0,06 - 0,1 секунд, биіктігі 0,05 – 2,5 мм

РQ – аралығы жүрекшелердің қозу бастамасынан жүрек қарыншаларының қозуына дейінгі арадағы уақытты қамтиды. Ұзақтығы 0,12 – 020 сек

Q – тісшесі, қарынша аралық перденің биопотенциалын бейнелейді.

Ұзақтығы 0,03 секунд

R – тісшесі қарыншалардың субэндокардиалды зонасына, жүрек ұшына және эпикардқа қарай тарауын бейнелейді. Биіктігі – 5 – 20 мм

S – тісшесі – сол қарынша түбіне қарай тарауын көрсетеді.

Ұзақтығы – 0,03 секунд

QRS – комплексі жүрек қарыншаларының электр тоғымен толық қозған кезін бейнелейді. Ұзақтығы 0,06 – 01 секунд

ST – жүректің толық деполяризация кезін бейнелейді. Ұзақтығы 00,15

секунд

T – тісшесі реполяризация процесіне сәйкес келеді.

Ұзақтығы 0,05 – 0,25 секунд. Биіктігі – 2 – 7 мм

QRST – комплексі жүректің электр систоласы деп аталады және жүрек соғу жиілігіне тәуелді. Тахикардия кезінде қысқарады, брадикардия кезінде ұзарады. Патологиялық жағдайда ЭКГ-да өзгерістер пайда болады. Мысалы: жүрек гипертрофиясында (сол жақ, оң жақ гипертрофиясында) жүректің ишемия ауруында(стенокардия,миокард инфарктісі) жүрек аритмиясында т.б.

Электрокардиографияның клиникадағы маңыздылығы, бұл тәсіл жүрек қан-тамырлар жүйесін зерттеудегі қосымша тәсілдердің ішінде басты орын алады. Электрокардиография жүрек ырғақтылығының бұзылыстарын анықтауда, жүрек тәж қан айналымының бұзылыстарының диагностикасына үлкен көмек жасайды. Электрокардиограмма жүректің бөлек қуыстарының кеңеюін көрсетеді. Миокард гипертрофиясы және жүрекше қуысының кеңеюіне байланысты болатын жүрекшенің үлкеюі кезінде Р сермесі өзгереді. Үлкейген жүрекшенің қозуы жай болады, сондықтан Р сермесінің ұзақтығы да артады (0,1сек. ұзағырақ). Р-сермесінің амплитудасы жоғарылайды, себебі миокардтың қозуы кезінде жоғары потенциал туады. Егер миокардта дистрофиялық немесе склеротикалық өзгерістер дамыса, Р- сермесінің пішіні өзгереді, ол серме жарықшақтанған екі фазалы болып тіркеледі. Сол жақ жүрекшенің үлкеюінен Р-сермесі I және II стандартты шықпаларда, оң жүрекшенің үлкеюінен II және III шықпаларда өзгереді. Кейбір қарыншалардың гипертрофиясы ЭКГ-де келесі өзгерістерге әкеліп соғады: 1) Электр осінің орналасуы езгереді; сол қарыншаның қалыңдауыңда жүрек осі солға, оң қарыншаның қалындауында оңға ауысады; 2) қарынша комплексінің амплитудасы жоғарылайды және оның ұзақтығы ұзарады, яғни қарыншалардың қозу уақыты көбейеді; 3) миокардтың қайта қалпына келу үдерісі бұзылады, бұл ЭКГ-де қарыншалық комплексінің соңғы аяқ бөлігінің өзгеруімен көрінеді S-Т аралығы орын ауыстырып, Т- сермесі өзгереді; 4) сол жақ қарыншаның қалыңдауында, оң жақ кеуде шықпаларындағы R- сермелерінің амптлитудасы жоғарылайды, оң жақ қарыншаның қалындауында, S және R сермелерінің ара қатынасы осының алдындағы сипатталғаннан кері, яғни оң жак, шықпаларындағы биік R сермесі, ал сол жақта - терең S-сермесі пайда болады. Электрокардиография миокардтағы дистрофиялық және склеротикалық өзгерістерді анықтауға көмектеседі. Әр түрлі улы заттардың, кейбір дәрі-дәрмектердің әсерінен (дигиталис, хинидин т. б.) электролиттер алмасуыньң бұзылуы нәтижесінде ЭКГ өзгереді. Электрокардиография әдісінің құндылығын, маңызын айта келіп, мынаны ескеру қажет ЭКГ-ні тек клиникалық мағлұматтардың есебінде бағалау керек, себебі әр түрлі патологиялык өзгерістер осыған ұқсас бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Клиникалық мағлұматтарды ескермеу және электрокардиография әдісін тым артық бағалау, үлкен диагаостикалық қателікгерге әкеліп соғуы мүмкін.

Рентгенологиялық зерттеулер Жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеуде инструменталды әдістер, оның рентгенологиялық зерттеу әдісі үлкен орын алады. Қарапайым рентгенологиялық зерттеуге рентгеноскопия мен ренттенография жатады. Рентгенологиялық зерттеулерде тікелей проекция жүргізеді, яғни ауру адам бетін экранға, ал арқасын рентгендік түтікке қаратып тұрады. Сонымен бірге қиғаш жағдайда да, яғни науқас экранға 45° бұрыштық жасап алғашында оң иығымен алға, кейін сол иықпен тұрады.Рентгенологиялық зерттеулерде жүректің әр түрлі бөлімдерінің жиырылуының тереңдігі мен сипаттамасына көңіл бөледі, ол миокардтың жиырылғыштық қабілетін бейнелейді. Одан кейін жүрек пішіні ығысуларының жүрек қызметінің фазасына сәйкестігін анықтайды. Систола кезідде жүрек пішіні орташа бағытқа, ал диастола кезінде шеткері бағытқа жылжиды. Егер қандай да жүрек пішінінің бөлімі систола кезінде орташа бағытқа жылжымағаны байқалса, яғни шеткері бағытқа жылжыса, оны парадоксальды пульсация деп атайды (аневризмада). Рентгенологиялық зерттеулерден басқа жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын анықтауда қосымша әдістер қолданылады.

Эхокардиография Жүректің әр түрлі құрылымдарынан (қақпақшаларынан, қарыншаларынан миокардынан, қарыншааралық перделерден, т. б.) ультрадыбыстың әсерін қолдануға негізделген жүректі зерттеу әдісін -эхокардиография деп атайды. ЭхоК-ның жүрек ақауларының диагностикасында үлкен маңызы бар, себебі ол жүрек қуысындағы қақпалар аппаратының жағдайын, қалыңдауы мен кеңеюінің орын алу мүмкіңдігін бақылауға көмектеседі. Ол қос жармалы қақпақшаның ақтарылуын (пролапс), ишемиялық ауру кезіндегі миокард жағдайын, миокардитті, іркілген кардиомиопатиясын (застойная), қолқадан тыс тарылуын (субаортальный) диагноз үшін анықтау кезінде перикард қуысында сұйықтықтың барын, т. б. білу үшін де маңызы зор.

Митральды қақпақшаның зақымдану синдромы (стенозы және жетіспеушілігі) Себептері. Гемодинамикасының бұзылуы. Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы. Қолқа қақпақшасының зақымдалу синдромы (тарылуы және жетіспеушілігі). Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі. Себептері. Гемодинамикасының бұзылуы. Симптомдары, олардың механизмдері.

Наши рекомендации