Сабақтың тақырыбы: §33 Иммунитет, иммунитеттің түрлері. ЖИТС(СПИД). ЖИТС-тің алдын алу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иммунитет, иммундық жүйенің мүшелері: иммундық реакция, антигендер және антиденелер жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық:Өз ойын еркін жеткізе алу, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің ағзаларының құрылысымен таныстыра отырып, өз денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, баяндау, әңімелеу.
Көрнекілік құралдар:үлестірмелі материалдар, кесте,тақта
Пәнаралық байланыстар: математика, химия.
Пайдаланылған әдебиеттер:Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева«Биология», 8 сынып. Алматы:«Мектеп»,2012 113-115бет
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (2минут)
II. Үй тапсырмасын сұрау (15минут)
III. Жаңа сабақ (20минут)
IV. Білімді бағалау (2минут)
V. Үйге тапсырма беру (1минут)
I.Ұйымдастыру кезеңі(2 минут)
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау(15 мин)
§32Қан топтары.Қан құю. Резус-фактор.(тест тапсырмаларын беру арқылы уйге берген тапсырманы тексеру және бағалау)
А) Оқушылардың тақырып бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы тест сұрақтары:
1. Қан топтары қай жылы ашылды?
а) 1901ж ә) 1940 ж б) 1865 ж в) 1818 ж
2. Қан топтарын ашқан кім?
а) Мечников ә) К.Ландштейнер б) Пастер в) Эдуард Дженнер
3. Қан қабылдайтын адам -
а) донор ә) сыйлаушы б) реципиент в) қан беруші
4. Екінші топты қанды қабылдайтын топтар
а) 1 және 2 топтар ә) 2 және 4 топтар б) 3 және 1 топтар в) 3 және 2 топтар
5. Қан беретін адам?
а) донор ә) реципиент б) фагоцитоз в) пиноцитоз
6. Универсалды донор деп қандай қан топтарын атайды?
а) І топ ә) ІІ топ б) ІІІ топ в) ІҮ топ
7. Адамдардыңэритроциттерінің қанша % резус – фактор болады?
а) 65,5 % ә) 85 % б) 95% в) 25,5%
8.Резус-фактор бұл?
a) қышқыл ә) қоспа б)ерекше нәруыздық зат в) химиялық реакция
9. К.Ландштейнер Нобель сыйлығын қай жылы алды?
a) 1901 ә) 1931 б)1930 в) 1929
10. Шамамен барлық адамдарда III топ қанша % ?
a) 40% ә) 14% б)6% в) 15%
11. Эритроциттердің бірігіп қалуын не деп аталады?
a) фагоциттер ә) Сүзілу б) гемофилия в) агглютинация
12.Қан ауруын зерттейтін ғылым:
а)кардиология ә) миология б) маммалогия в)гемотология
13. Қан дене салмағының неше % құрайды?
а) 10% ә) 7% б) 15% в)20%;
14.Қан қандай жағдайда бұзылады?
a)резусы теріс адамға резусы оң қанды құйғанда
ә)резусы оң адамға резусы оң қанды құйғанда
б)резусы теріс адамға резусы теріс қанды құйғанда
г)резус-факторы бар адамға резус-факторы жоқ қанды құйғанда
15.К.Ландштейнер резус- факторды ненің қанынан анықтаған?
a) қоян резус ә)макака-резус б)бегимот-резус г) шимпонзе-резус
1. а, 2. ә , 3. б, 4.а , 5. а , 6. а, 7. ә, 8 б, 9.б ,10. ә, 11. в, 12. в , 13. ә, 14. а, 15. ә.
Б) Сергіту сәтіне жұмбақ жасыру:
Жанды мотор сынбайды,
Күні түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды (..Жүрек.......)
Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам (...Қан.......)
III. Жаңа сабақ (20мин)
§33 Иммунитет, иммунитеттің түрлері. ЖИТС(СПИД). ЖИТС-тің алдын алу
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде «Ой қозғау» Біздің ата-бабаларымыздың денсаулықтарының мықты болу себебі неліктен?
Түйін «Құнарлы тағам иммунитетті жақсартады»
Организмнің оған енген жұқпалы және бөгде денелер әрекетін қабылдамауы иммунитетдеп аталады.
Лимфоциттерді таңдап зақымдайды |
Қоздырушысы- Вирус |
ЖИТС Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы |
1983 жылы алдымен Францияда,содан кейн АҚШ-та сипатталған |
Организмнің иммундық жүйелері зақымданатын ауру |
Алдын алу шаралары: · стерильденген медициналық құралдар пайдалану; · Кездесоқ жыныстық қатынастан аулақ болу; · Бір рет пайдалануға арналған шприцтерді пайдалану; |
Ең алғашқы белгілері: *Ұзақ уақыт дене температурасы көтерілуі; * Лимфа түйіндерінің ұлғаюы * Ауыздың сілемейлі қабығының, жыныс мүшелерінің созылмалы қабынуы |
Вирус ауру адамнан сау адамға,ең алдымен, стерильденбеген медициналық құрал арқылы, қан құю кезінде сондай-ақ жыныс жолдары арқылы беріледі |
IV. Сабақты бекіту
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
3. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
4. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
5. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
V.Білімді бағалау(2 мин)
Оқушыларды сабақ үлгеріміне байланысты бағалау
VII.Үйге тапсырма беру(1 мин)
Иммунитет, иммунитеттің түрлері. ЖИТС(СПИД). ЖИТС-тің алдын алу оқу, дәптерге кітаптың артындағы кестені орындап келу. VII Организмнің ішкі ортасы бөлімін қайталау.