Цитопения айқын тромбоцитопениямен

***

189. ЖҚЖ-мен ауыратын, циклофосфан қабылдайтын науқыста лейкоциттер деңгейі 2,9 мыңға дейін төмендеді. Ең тиімді тактика://

циклофосфанды тоқтату//

циклофосфанды азатиопринге ауыстыру//

циклофосфан мөлшерін азайтып, плазмаферез курсын бастау//

циклофосфанды тоқтатып, преднизолонды 1,5-2 мг/кг мөлшерінде тағайындау//

Циклофосфан мөлшерін өзгертпей, преднизолонды бірге тағайындау

***

190. Рецидивтелетін артериалды және венозды тромбоздармен, жүктіліктің ерте үзілуі, тромбоцитопениямен көрінетін симптомокомплекс ең тән://

дерматомиозитке//

системного васкулита//

антифосфолипидті синдромға//

қайталамалы полихондритке//

идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураға

***

191.45 жастағы науқаста соңғы 3 жылда аяқ көктамырларының тромбозы, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы қайталанады. Науқастың әкесінде де қайталамалы тромбоздар болған. Тексергенде кардиолипинге антиденелер титрі екі рет жоғарылаған. Ең мүмкін болатын диагноз://

тромбофлебит//

Бюргер ауруы//

Кезеңдік ауру//

біріншілікті антифосфолипидты синдром//

екіншілікті антифософлипидты синдром

***

192. 38 жастағы науқаста АҚҚ 200/120 мм сын бағ. дейін кезеңді түрде жоғарылайды. Анамнезінде: жүктілік кезінде ауыр нефропатия болып, уақытынан ерте босанумен, өлі туыр\лумен аяқталған. 30 жасында ишемиялық инсульт алған. Қарағанда: торлы ливедо, АҚҚ 180/110 мм сын бағ. Тексергенде: протеинурия 0,23 г/л аздаған зәр тұнбасымен, креатинин 1300 мг/л; антикардиолипинді антиденелер 34,1 МЕ (норма 23 МЕ-ке дейін). Қандай диагноз болуы мүмкін?//

түйінді полиартериит//

созылмалы гломерулонефрит//

криоглобулинемиялық васкулит//

біріншілікті антифосфолипидты синдром//

Екіншілікті антифософлипидты синдром

***

193. Науқас Л., 35 жаста, 5 жыл бойы кеуде клеткасының сол жақ бөліміндегі және сол жақ аяқ-қолдағы жағымсыз сезімге шағымданады. Соңғы 3 жылда дененің сол жақ бөлімі мен сол жақ аяқ-қолда қызғылт қоңыр түсті әртүрлі өлшемді, тері үстінен шығып тұратын, беткейі тегіс және жылтыраған, сау теріден тар көкшіл жиекпен ажыратылатын ошаөтар пайда болды. Мүмкін болатын диагноз://

дерматомиозит//

жүйелі склеродермия//

жүйелі қызыл жегі//

псориаздық артропатия//

Шектелген склеродермия

***

194. 30 жастағы науқаста склеродактилия, тырнақтардың остеолизі, буындар маңы терісінің көптеген кальцинозы, өңештің дистальды бөлімінде моториканың бұзылысы мазалайды. Қандай препарат тағайындаған ең тиімді?//

диклофенак//

преднизолон//

триамцинолон//

циклофосфамид//

D-пеницилламин

***

195. Жүйелі склеродермия кезінде иммунодепрессанттарды тағайындауға ең маңызды белгі://

кардит//

артрит//

васкулит//

пневмонит//

Полимиозит

***

196. Науқас Г., 30 жаста, басынан откерген грипптен соң бұлшықеттерде ауру сезімі, бұлшықет әлсіздігі, қабақтың ісінуі, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігу, дауыстың бұзылуы, дисфагияға шағымданады. Объективті: ебедейсіз жүріс, қабақтарының ісінуі, жоғарғы қабақтарда, бет сүйектерінде, мұрын қанаттарында, декольте аймағында эритематозды бөртпелер. Пальпация кезінде иық белдеуінің, сан бұлшықеттерінде ауру сезімі, қолын жоғары көтеру қиын. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары әлсіз, ЖЖЖ- 100 рет минутына, АҚҚ-140/90 мм.сын.бағ. Қанда: эр-4,5 млн., Нв-110 г/л, лейк-7 мың, СОЭ-66 мм/сағ. Қандай көрсеткішті анықтау ең ақпаратты?//

ЭТЖ//

креатинфосфокиназа//

ревматоидты фактор //

С-реактивті белок//

екі спиральды ДНҚ-ға антиденелер

***

197. Науқас Г., 36 патиялық дерматомиозит диагнозы қойылды. Қандай препаратты тағайындаған ең тиімді?//

плаквенил//

преднизолон//

индометацин//

циклофосфамид//

D-пеницилламин

***

198. Пурпуралы эритемамен периорбитальды ісіну, ентігу, құрғаұ жөтел, үдемелі бұлшықет әлсіздігі, иық және жамбас белдеуі бұлшықеттеріндегі ауру сезімі тән://

дерматомиозике//

Жүйелі васкулитке//

ревматоидты артритке//

жүйелі склеродермияға//

жүйелі қызыл жегіге

***

199. Саусақтар ісінуі, синовит, миозит, Рейно синдромы, акросклероз тән://

Фелти синдромына//

Уиппл ауруына //

Такаясу ауруына//

Шарп синдромына//

Шегрен ауруына

***

200. Науқас Г., 56 жаста, көзінде құм тұрғандай сезімге және ауыз құрғауына шағымданады. Объективті: тістердің көптеген кариестері, көз бен ауыздың шырышты қабықшасының айқын құрғауы, оң жақта құлақ маңы мен сілекей безі ұлғайған. Шиммер және бенгаль қызғылтымен тест оң. Рентгенограммада спецификалық емес пневмонит белгісі. Гематокрит - 35 %, лейкоциттер 3,2 мың, ЭТЖ 47 мм/сағ. IgG және IgM концентрациясы жоғарылаған. Ревматоидты фактор 1:640 және антинуклеарлы антиденелер титрі 1:256 біркелкі емес формалы. Аталған диагноздардың қайсысы ең мүмкін?//

Шарп синдромы//

Фелти синдромы//

Шегрен ауруы//

Уиппл синдромы//

Такаясу ауруы

***

201. Вегенер гранулематозы ауруымен ауыратын науқаста біріншілікті таңдау препараты болып табылады://

кризанол//

метотрексат//

циклофосфан//

сульфасалазин//

метилпреднизолон

***

202. Науқас И., 24 жаста сол тізе буынының ауруы және ісінуіне, температураның 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 апта бұрын зәр шығару кезінде ауру, көздің қызаруы мен ашып ауруы мазалаған. Қараған кезде: таңдайдың шырышты қабатында кішкентай ауырмайтын жара бар; сыртқы жыныс мүшесінің басында және зәр шығару каналының саңылауы аймағында беткей жаралар табылған, шап лимфа түйіндері пальпацияланады. Сол жақ тізе буыны үлкейген, ұстаған кезде ыстық, 300 –та фиксацияланған. Аяқ табанында папулезды бөртпелер бар. Реактивті артрит диагнозы қойылған. Көрсетілген аурулардың ішінен қайсысымен ең бірінші ажыратпалы диагностика жасау керек?//

Бехчета ауруы//

Бехтерев ауруы//

Вегенер гранулематозы//

Псориазды артритпен//

Стивенс-Джонсон синдромымен

***

203. 16 жастағы В., науқаста суықтанудан кейін есекжем, жамбас терісінде, аяқтарда, кейбір жерлерінде ортасы некроздалған, симметриялы папуллезды-геморрагиялық бөртпелер, 39°С дейін дене температурасының көтерілуі анықталған. 1 аптадан кейін белдің ауруы, зәрдің қараюы пайда болған. Қанда: лейк-18 мың, ЭТЖ-54 мм/сағ., диспротеинемия, гиперфибриногенемия, Виллебранд факторы деңгейі 3 есе жоғарылаған, криоглобулиндер мөлшері жоғары. Зәрде- протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Қандай препаратты тағайындау ең орынды?//

трентал//

викасол//

гепарин//

плавикс//

курантил

***

204. 20 жастағы Т., әйелді вирусты инфекциясынан кейін ірі буындарда ауру сезімі, субфебрилитет, бас ауру, бас айналу, көздің көру қабілетінің жедел нашарлауы, арықтау мазалайды. Объективті: жүректің сол жақ шекараларының ұлғаюы, жүрек негізі аймағында мойын тамырларына берілетін систоликалық шу естіледі. Сол жақ сәулелік артериясындапульсацияның айқын әлсіреуі, АҚ анықталмайды. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау ең орынды? //

азатиоприн//

преднизолон//

индометацин//

циклофосфан//

экстенциллин

***

205. Вегенер гранулематозының жіктемелік критерийлеріне тән://

полинейропатия, торлы ливедо//

эозинофилия, анамнезінде аллергия//

пальпацияланатын пурпура, жастық шақ//

әр түрлі систоликалық АҚ, ауыспалы ақсақтық//

Наши рекомендации