Жүкті әйелдің артериялық қысымын өлшеу және пульсін тексеру.
Мақсаты-студентке жүкті әйелдің артериялық қысымын өлшеуге, пульсін санауға, оның ырғағын және соғу күшін (толуы және кернеуі) және жүкті әйелдің жеке картасына алынған мәліметтерді жазып үйрету.
Көрсетулері –жүкті әйелді әйелдер консультациясында тексеру.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.
Ресурстары–тонометр немесе аппарат Ривва-Рочи, стетофонендоскоп, секундомер, кереует, жүкті әйелдің жеке картасы, үстел, орындықтар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Жүкті әйелді үстел жанына отырғызыңыз, оның білегін үстел үстіне көлденең қойыңыз (киім қолды білектен жоғары қыспауы қажет).
3. АҚ-ды жатқызып да өлшеуге болады.
4. Манжетті қысып бекітіңіз, бірақта манжетпен иық арасында 1 саусақ өтетін болсын.
5. Қолды жазып алақанымен жоғары қаратып салыңыз, жүкті әйелден босаңсуын сұраңыз.
6. Манометрді манжетпен қосыңыз.
7. Шынтақ шұңқырының аймағынан пульсті қармалап жүріп табыңыз, осы жерге фонендоскопті қойыңыз.
8. Үрімшенің (грушаның) вентилін жабыңыз және үрімшенің көмегімен ауа айдаңыз, ауаны манжет ішіндегі қысым 20мм.с.б. жоғарылағанша дейін және пульс жоғалып кеткенге шейін айдаңыз.
9. Вентилді ашыңыз, сосын манжеттен ауаны жайлап шығарыңыз, фонендоскоптың көмегімен иық артериясындағы үндерді (тондарды) тыңдай отырып, шкаладағы көрсетулерді анықтаңыз.
10. Иық артериясында дыбыстың пайда болуы кезінде систолалық қысымның деңгейін белгілеп қойыңыз.
11. Иық артериясындағы үндердің жоғалу сәті диастолалық қысымның деңгейіне сәйкес келеді.
12. Манжеттегі ауаны толық түрде шығарыңыз, сосын осы емшараны екінші қолға қайталаңыз.
13. Екі қолдағы АҚ өлшеу кезінде алынған мәліметтерді жүкті әйелдің жеке картасына жазыңыз.
14. Пульсті тексеруді отырғызыпта және жатқызыпта жүргізуге болады.
15. Оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарын кәріжілік артериясының аймағына: бірінші саусақты саусақ білезіктің сыртынан, екінші және үшінші саусақтарды кәріжілік артериясына қойыңыз.
16. Артерияның пульсациясын сезіне отырып, оны сүйекке қысыңыз.
17. Секундомерді қосыңыз, сосын 1 минут немесе 30 секунд ішінде қанша пульстік соққысын санаңыз.
18. Соққының ырғағын және оның айқындығын (пульстің кернеуін) сипаттаңыз және белгілеңіз.
19. Алынған мәліметтерді жүкті әйелдің жеке картасына жазыңыз.
20. Қолдарыңызды сабындап жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.
Мақсаты-шаш шығудың түрлерін, жыныс саңылауының үніреюін және
симметриясын, үлкен және кіші жыныс еріндерінің құрылысын,
бөлінулердің сипатын, патологиялық үрдістердің болуын, зәр шығару
каналының сыртқы тесігін және бартолин бездерінің шығаратын
жолдарының жағдайын, қыздық перденің немесе оның қалдықтарының
түрін, бұтаралықты және артқы өтісті анықтау.
Көрсетулері –алдын ала қарау, гинекологиялық ауруды қарау және жүкті әйелдің
әйелдер консультациясына алғашқы келуі.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.
Ресурстары–гинекологиялық орынтақ, жеке жаялықтар, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы тексерудің маңызын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Әйелдің зәр қуығын босатуына көз жеткізіңіз.
3. Әйелдің гинекологиялық орынтаққа, астына таза жаялық төсеп, аяқтары тізе және жамбас сан буындарында бүгіліп, ашылған күйінде жатқызыңыз.
4. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
5. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
6. Сарпайды қараңыз.
7. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс еріндерін ашып, қынаптың кіреберісін және кіретін жерін, шырышты қабықтың түсін, зәр шығару каналының сыртқы тесігін және бартолин бездерінің шығаратын жолдарының жағдайын, қыздық перденің немесе оның қалдықтарының түрін, бөлінулердің сипатын қараңыз.
8. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз, оны ҚҚҚ салыңыз.
9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
10. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.
Ескерту.Емшараның алдында әйел зәр қуығын және керек десең тік ішектіде босатқаны қажет.