Госпитализацияға дейінгі этаптағы жедел медициналық жәрдем
401. Ішектің жіті инвагинациясының клиникалық басы:
1.ауырсынудың өршуі
2.+толғақ тәрізді және өте қатты ауырсыну
3.іште тартулы ауырсынулар
4.доғалы мінезді ауырсынулар
5.жаншып ауырсыну
402. 45 жастағы науқасқа шақыру болды. Денесінің жоғарғы бөлігіндегі эритематозды қышыма бөртпеге шағымданады. Анамнезінен: бір тәулік бойы левамицетин дәрісін ішке қабылдаған. Объективті: дене қызуы 370С, іш, мойын, кеуде, төменгі аяқ-қол терілерінде ашық-қызыл бөртпе, терінің қышуы. АҚ 120/70 мм.сб. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:
1.+жайылып кеткен есекжем
2.екіншілік сифилис
3.қызылша
4.қызамық
5.қызғылт теміреткі
403. 36 жастағы К. науқасқа жедел жәрдем шақырылды. Сол жақ қабақтың ісінуіне, оң жақ құлақтың және беттің сырғалығына, мойын аймағының шаншуына шағымданады. Анамнезінен науқастың ЖИА-мен, СЖЖ-мен зардап шегетіні анықталды. Емдеу процессінде дигоксинді қабылдау фонында әйелде жоғарыда аталған шағымдар пайда болды. Жергілікті: сол жақ қабақтың ісінуі, құлақтың және беттің сырғалығы, мойын аймағында қышымалы бөртпе. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:
1.көмейде Квинке ісігі
2.жайылып кеткен есекжем
3.анафилаксиялық шок
4.+көмейде Квинке ісігі есекжеммен жергілікті Квинке ісігі
5.қызғылт теміреткі
404. 33 жастағы Д. науқасқа шақыру болды, эпигастр аймағында ауырсынуға, жеңілдікті болдырмайтын құсуға шағымданады. Анамнезінен іссапарда болғанда жіті ауырғаны анықталды. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, жоғары пальпациялаған кезде эпигастр аймағында кенеттен ауырсыну бар. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:
1.вирусты А гепатиті
2.өт-тас ауруы
3.+жіті панкреатит
4.жіті гастрит
5.өт жолдарының дискинезиясы
405. Гипертониялық кризбен науқасқа медициналық көмек көрсету қажет. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы ауруханаға дейінгі кезеңде гипертониялық кризді медикаментозды емдеген кезде таңдаулы препарат болып табылады:
1.нитропруссид натрия т/і
2.лабетолол т/і
3.ішке Атенолол
4.нитроглицерин т/і
5.+тілдің астына нифедипин
406. Оң жақ бүйрек ұстамасымен жедел аппендицитке салыстырмалы диагностика жүргізу үшін ең нақты әдіс болып табылады:
1.+Бүйректі УДЗ
2.Зәрді лабораторлы тексеру
3.Қанды лабораторлы тексеру
4.Визуальды тексеру әдістері
5.зәр шығару жолын R- логиялық зерттеу
407. Жанұялық амбулаториядағы жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас өзінің жүрек аймағындағы ауырсынуға, жүрек соғуының өзгеруіне шағымданып келді. Тексерген кезде: ЭКГ –де жиі және ретсіз қалыпты комплексті QRS синусті ритмді онымен қоса Р тісшесі өзгерген, PQ интервалы қысқарған және толық емес компенсаторлы үзіліспен. Науқастың шағымдарын және ЭКГ-дағы өзгерістерді немен түсіндіруге болады:
1.синусты аритмия
2.атриовентрикулярлы блокада ІІ кезең
3.+жүрекшелік экстрасистолия
4.қарыншалық экстрасистолия
5.жыпылық аритмиясы
408. Жанұялық дәрігерге 56 жастағы науқас келді. Оның шағымдары: кеуде және эпигастрии аймағындағы қысылып ауырсыну. ЭКГ: RII,III,AVF тісшесін вольтажының төмендеуі, STII, III, AVF интервалының депрессиясы. Диагноз қою үшін ең бірінші қандай тексеруден өту керек екенін көрсетіңіз?
1.Велоэргометрия
2.қандағы холестерин, триглицеридті
3.+Кардиоспецификалық ферменттерді
4.ЭКГ холтерлік монитерлеу
5.ЭхоКГ
409. Науқас М., 35 жаста. Аяқтағы ірі көк тамырлардың тромбофлебитті, кенеттен науқаста ентігу, қан аралас жөтео, жүрек соғуы, айқын әлсіздік пайда болды. Бұндай жағдайдың пайда болу себебі:
1.Спонтанды пневмоторакс
2.Бронх демікпесінің ұстамасы
3.тыныс алу жолындағы бөтен дене
4.Өкпе артериясындағы ауалы эмболия
5.+өкпе артериясының тармағындағы тромбоэмболия
410. Өрт болған жерден 56 жастағы С. атты науқас жеткізілді. Өрт сөндіріп жатқанда кезде, қысқа уақытта есінен тану байқалған, біраз уақыттан кейін ол қозу мен тырысуға ауысқан. АҚҚ 180/100 мм.с.б.б., ЖСЖ 100 рет/мин. Дәрігердің әрекетін анықтаңыз:
1.Асқазанын шаю, к/т бемегрид, кордиамин, оттегі ингаляциясы
2.Ерте және көп мөлшерде оксигенотерапия, сірке қышқылының буына дем алдыру, к/т бемегрид, кордиамин
3.қайталап асқазанды шаю, к/т налоксон, кордиамин
4.+ерте және көп мөлшерде оксигенотерапия, глюкоза 5%, новокаин 0,5%
5.асқазанды шаю, к/т кордиамин, аминазин, оттегі ингаляциясы