Цитология. Зақымдаушы әсерлерге жасушалардың реакциясы. Жасушаның қартаюы және өлуі.

2. Мақсаты:зақымдаушы факторлардың әсері кезінде қайтымды және кайтымсыз өзгерулердің морфологиялық айқындалуын оқып үйрену бойынша білімді бекіту; жасуша некрозы мен апоптозы айырмашылық белгілерін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту.

3. Тапсырма:1.1. Зақымдаушы факторлардың жасушаларға әсері кезіндегі жасушалық құрылымның бейімделу өзгерістерін көрсететін кестені дайындау.

Тақырыпша 1.1. Кесте «Зақымдаушы факторлардың жасушаларға әсері кезіндегі жасушалық құрылымның бейімделуі».

Жасушалық құрылым Жасушалық құрылымның өзгеруі
Ядро  
Ядролық қабық  
Плазмолемма  
Митохондриялар  
Эндоплазмалық торлар  
Гольджи кешені  
Лизосомалар  

Тапсырма 1.1. жеке орындалады.

Тапсырма 1.2. Жасушалардың некрозы мен апоптозы айырмашылық белгілері бойынша салыстырмалы кестені дайындау.

Тақырыпша 1.2. Кесте «Жасушалардың некрозы мен апоптозы айырмашылық белгілері»

Белгі Некроз Апоптоз
Ұғымды анықтау    
Процестің таралуы    
Процестің жылуға тәуел- ділігі    
ДНК күйі    
Жасуша ядросының өзгеруі    

Тапсырма 1.1. жеке орындалады.

4. Орындалу үлгісі:

тақырыпша 1.1. кестені толтыру;

тақырыпша 1.1. кестені толтыру.

5. Орындау белгісі(тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.

6. Өткізу мерзімі:№1 аралық бақылаудан 3 жұма бұрын.

7. Бағалау белгісі:

Бағалау баллына әсер ететін шарттар:

- тапсырманы өткізу мерзімі;

- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;

- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;

- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;

Цитология. Зақымдаушы әсерлерге жасушалардың реакциясы. Жасушаның қартаюы және өлуі. - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

- тапсырылған көлемнен бет сандарының артуы.

Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,

1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;

2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;

3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

Қазақ тілінде:

1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.

2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.

3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.

Қосымша әдебиет:

1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.

2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.

3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.

4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.

Орыс тілінде:

Негізгі

1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б

2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.

3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.

4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.

5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.

6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.

9. Бақылау:

Сұрақтар: 1. Жасушалардың бейімделуі, өзгерген жағдайда тіршілік ететін жасушалардың өмір тіршілігін сақтау үшін маңызы.

2. Зақымдаушы әсері кезінде жасушалардың қайтымды өзгерістері, олардың морфологиялық айқындалуы.

3. Зақымдаушы әсері кезінде жасушалардың кайтымсыз өзгерулері. Жасушалардың өлуі. Некроз және апоптоз. Жасушалардың өлуіне әкелетін факторлар мен стимулдар. (некроз. апоптоз).

Цитология. Зақымдаушы әсерлерге жасушалардың реакциясы. Жасушаның қартаюы және өлуі. - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Жасушаларға зақымдаушы факторлардың әсері кезінде жасуша ядроларының қайтымды және қайтымсыз өзгерістерін атаңыз.

2. Жасушағаларға зақымдаушы факторлардың әсері кезінде жасуша цитоплазмасында қандай қайтымды өзгерістер байқалады?

3. Зақымдалған жасушалардың митоздық белсенділігі өзгере ме?

4. Жасуша ішілік репарация дегеніміз не?

5. Қартаю кезінде жасуша қалай өзгереді?

6. Апоптоз дегеніміз не?

7. Некроз дегеніміз не?

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттер:

1. Әр түрлі антигендер әсерінен пайда болған цитоплазманың спецификалық емес қалпына келмейтін өзгерістерінің бірігіп аталуы:

1) некроз

2) апоптоз

3) паранекроз

4) дистрофия

5) жасуша аралық регенерация

2. Жасуша ішілік құрылымның қалпына келуінің аталуы:

1) некроз

2) апоптоз

3) паранекроз

4) дистрофия

5) жасуша аралық регенерация

3. Жасуша апоптозы кезінде ядрода қандай өзгерістер жүреді?

1) тек кариолизис

2) тек кариопикноз

3) тек кариорексис

4) кариопикноз және кариорексис

5) кариопикноз, кариорексис және кариолизис

Наши рекомендации