Амбулаторлы-емханалық жағдайдағы ересектердегі жұқпалы аурулар

481. Аурудың екінші күнінде науқаста айқын менингиальды симптомокомплекстің көрінуі, жұлын сұйықтықында цитоз-8000 (нейтрофил-95%), белок -1,1 г/л, жұғындыда-диплококк, жасуша ішінде орналасқан. Қандай диагноз болуы мүмкін?

1.Туберкулезді менингит

2.+Менингококкты менингит

3.Субарахноидальды қан құйылу

4.Энтеровирусты менингит

5.Кене энцефалиті

482. Науқас К., 28 жаста. Шағымдары: жүрек айну, құсу, эпигастрии аймағындағы дискомфорт, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоқ . Ауырғанына 5-ші күн, дене температурасы 39°С, ауру белгілері жоғарыда көрсетілген. Қаралған күні таңертең тоқтаусыз құсу болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Склерасы субиктериялық. Тілі ақ өңезбен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ, терең пальпация кезінде оң жақ қабырға астында ауырсынады. Бауыр қабырға доғасы шекарасында пальпацияланады, консистенциясы эластикалық. Зәрдің түсі қара. Төменде аталғандардың қайсысы анықтаудағы келесі қадам болады?

1.Қандағы амилаза құрамын анықтау

2.Қандағы қант мөлшерін анықтау

3.+Қандағы АЛТ мөлшерін анықтау

4.Қандағы креатинин мөлшерін анықтау

5.Қандағы холестерин мөлшерін анықтау

483. Науқас К., 32 жаста. Ауырғанның 5-ші күні . Шағымы бас ауыруы , сол жақ аяғы қатты ауырғандықтан баса алмайды. Қалтырау, әлсіздік, дене температурасы 38°С дейін көтерілуі байқалады. Сосын сол жақ балтыр мен табан аймағында күйдіру мен ауырсыну болған. Табанда көпіршіктер, терінің гиперемиясы байқалған. Эпид.анамнезі: ауырғанға дейін екі күн алдын сол жақ аяғының ұшын жарақаттаған. Объективті: жағдайы орташа қанағаттанарлық, дене температурасы 37,9°С, сол балтыры ісінген, теріде анық жиектерімен айқын гиперемия. Табанының сырт жағында, балтырдың алдыңғы беткейінде – серозды сұйықтығы бар бірен саран көпіршіктер. Қан анализі: лейкоцитоз. Дәрігердің келесі тактикасы?

1.Көпіршікті ашу және мазьді таңғыш салу

2.+Пенициллин қатарындағы антибиотикті тағайындау

3.Дезинтоксикациялық терапия

4.КІ электрофоррез

5.Левомецитин қатарындағы антибиотикті тағайындау

484. Науқаста жоғарғы тыныс жолдарының айқын катары, гранулезды фарингит, көздің шырышты қабығының зақымдануы (фолликулярлы конъюнктивит), ұзақ қызба, бас ауруы, температуралық реакция 1-2 апта бойы толқымалы, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр және көкбауыр үлкеюі байқалған. Төменде көрсетілген аденовирусты инфекцияның клиникалық формасына жоғарыда аталған көрініс сәйкес келеді?

1.Тонзиллофарингит

2.Мезентериальды лимфаденит

3.Пневмония

4.Жоғары тыныс жолдарының катары

5.+Фарингоконъюнктивальды қызба

485. Науқас Н., 42 жаста. Ауырғаннан 15 сағаттан кейін ауыр жағдайда клиникаға түсті. Ауру қайталамалы құсу, жиі сулы көп мөлшерлі нәжіс, бүкіл іш бөлігіндегі ауырсыну, дене температурасы 38,5°С. Түскен кезде әлсіздікке, бас айналуына, аяқ-қолдың қалтырауына шағымданған. Объективті: температура 35,2°С, дене терісінің бозаруы, акроцианоз. Тері тургоры төмен. Жүдеген. Даусы қырылдаған. Шырышты қабықтар құрғақ, тіл ақ өңезбен қапталған. Іш кепкен, шұрылдар, эпигастрии және жіңішке ішек аймағында сезімтал. Төменде аталған емдердің қайсысын ертерек тағайындағанда науқастың қазіргі жағдайының алдын алар еді?

1.+Регидратационды терапия

2.Антибактериальды терапия

3.Адсорбент тағайындау

4.Пребиотик тағайындау

5.Дегидратационды терапия

486. Ауруханаға 32 жастағы науқас сырқатының 5-ші күнінде жоғары температураға, бастың ауруына, әлсіздікке, оң жақ шап аймағының ісініп, қатты ауырсынуына шағымданып түсті. Сырқаты жедел дене температурасының 39°С-ке қалтыраумен көтерілгенінен басталған, басы ауырған, әлсіздік пайда болып, тәбеті төмендеген. Одан кейін оң жақ шап аймағында қатты ауырсыну сезініп, 1 күннен кейін ісіну пайда болды. 3 күн бұрын аңға барып, суырларды ұстаған.

Жағдайы ауыры. Дене қызуы 39,5С. Айтқан сөзі түсініксіз, науқас адам оң аяғын бүгіп шалқасынан жатыр. Оң жақ шап аймағында диаметрі 5-8 см-ге дейін үлкейген лимфа түйіндер анықталады, пальпация кезінде қозғалыссыз, үстіндегі терісі жылтыр, қызғылт түсті. Жоғарыда көрсетілген клиникалық және эпидемиологиялық көріністер комплексі қай ауруға тән:

A) Туляремия, бубонды түрі

B) Инфекциялық мононуклеоз

C) Оба, бубонды түрі

D) Лимфогранулематоз

E) Аденовирусты инфекция

{Дұрыс жауабы }=C

487. Науқас К., 30 жаста, сырқатының 7-ші күні дене температурасының көтерілуіне, басының ауырсынуына, қалтырауға, тершеңдікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті.Жедел ауырған, дене температурасы 38,0°С –ке көтерілген және тершеңдік, басы ауырған, әлсіздік болған. Екі күн сайын қалтырау, температураның көтерілуі және тершеңдік ұстамалары қайталанып отыр.Үш апта бұрын Африкадан іс сапарынан келген. Жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт сарғыш түсті, бауыр мен көк бауыр әжептәуір үлкейген.Жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б., пульс 86 рет мин. Қай ауруларында осындай клиникалық-эпидемиологиялық белгілер кездеседі?

A) Лептоспироз

B) Вирусный гепатит А, , сарғайған түрі

C) Псевдотуберкулез, гепатит

D) Безгек үш күндік

E) Ішек иерсиниозы, гепатит

{Дұрыс жауабы }=D

488. Келесi клиникалық белгiлер жинағы: жедел басталуы, қалыптағы температурада, тәулiгiне 7-10 рет көп мөлшерде, жиi, сулы, iшiнде ешқандай ауырсынусыз iш өту, нәжiсi сұйық, патологиялық қоспаларсыз, жүрек айнусыз пайда болатын құсық қай ауруға тән:

A) холера, сусызданудың 1-ші деңгейі

B) Жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік форма, орташа ауру дәрежесі

C) Сальмонеллез, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі

D) Псевдотуберкулез, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі

E) Астоксикаинфекция, гастроэнтериологиялық вариант, орташа ауырлық дәрежесі

{Дұрыс жауабы }=А

489. Гриппен ауырған науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезинфекция жасалмайды. Неге?

1.Себебі, грипке қарсы иммунизация белсенді түрде жүргізіледі

2.Себебі, жедел профилактикасында оксалин майы қолданылады

3.+Себебі, грипптің вирусы сыртқы ортада аз тұрақты

4.Себебі, грипптің вирусы ультрафиолетті сәулелерге тұрақты.

5.Себебі; сырқаттану халықтың арнайы иммунитетіне байланысты.Науқас

490. Науқаста (нашақорда), бір ай бойы субфебрильді температура, қайталанған құсу, дене температурасы 39,5 С, ішінің бар жері ауырсынып, сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті, сасық иісті, патологиялық қоспаларсыз нәжістің болуы қалай диагностикаланады:

1.Жедел бруцеллез

2.Іш сүзегі

3.Безгек

4.+АИТВ - инфекция

5.Амебиаз

Наши рекомендации