Амбулаторлы-емханалық жағдайда ішкі аурулар 1 страница

51. Цефалоспориндердің 2 қатарына қандай дәрілер жатады:

1.цефазолин

2.+цефуроксим

3.цефтриаксон

4.клафоран

5.цефотаксим

52. Төмендегі аускультация нәтижесінен жүрек ақауын анықтаңыз: жүрек ұшында 1 тон қатты шапалақпен естіледі, митральді клапаннан қосымша тонның ашылуы (перепел ырғағы), өкпе бағанының үстінен 2 тон акценті естіледі, жүрек ұшында диастолалық шу естіледі, науқасты вертикальді жағдайда жатқан кезде жақсы естуге болады:

1.Митральді жетіспеушілік

2.+Митральді стеноз

3.Аорталық жетіспеушілік

4.Аорталық стеноз

5.Үшжармалы клапан жетіспеушілігі

53. Науқас Ж., 42 жаста, іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 40С-қа дейін жоғарлауы, айқын интоксикациялық синдром. Объективті және рентгенологиялық мәліметтерінде жұқа қабырғалы сұйықтықсыз қуыстың түзілуімен өкпе тінінің іріңді –деструктивті ыдырауы анықталды. Осы симптомдар мына пневмонияға тән:

1.микоплазмалы

2.клебсиеллалы

3.аденовирусты

4.пневмококкты

5.+стафилококкты

54. Көп жылдар бойы бронхообструктивті синдроммен 65-жастағы науқаста тұншығу ұстамасы, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, зәр мөлшерінің азаюы байқалады.Объективті: акроцианоз, мойын веналарының білеуленуі, эпигастрий аймағында пульсация, өкпе артериясында II тон акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да қандай өзгеріс анықталуы мүмкін:

1.қарыншаішілік блокада

2.сол қарынша гипертрофиясы

3.сол жүрекше гипертрофиясы

4.+оң қарынша гипертрофиясы

5.Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

55. Науқас Г., 30 жаста кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқас қандай тексеруді қажет етеді ?

1.эхокардиография

2.вентрикулография

3.коронароангиография

4.электроэнцефалография

5.+тәуліктік мониторлеу ЭКГ

56. Науқас, 55 жаста соңғы жылдары 15 минут бойы созылатын төсінің жоғарғы 3/1 бөлігіндегі ауырсыну сезімдеріне шағымданады, нитроглициерин қабылдағаннан кейін ауырсыну сезімдері басылады; АҚ – 120/80 мм с.б. пульс – 62 рет, ЭКГ – де патологиялық ауытқу жоқ. Физикалық жүктемеден кейін, жоғарғы толерантылық байқалмайды. Ауырсыну кезінде ЭКГ-да кеуде тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылағанын байқауға болады. Сіздің диагнозыңыз қандай:

1.Кардиалгия

2.Нейроциркуляторлы дистония

3.Күш түсу стенокордиясы

4.+Вариантты стенокардия

5.Обструктивті кардиопатия

57. Науқас 45 жаста, оң жақ табанның бірінші саусағындағы қатты ауырсынуға, тері түсінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезі бойынша: жақында алкоголь қабылдаған. Осы көрініс артиттің қандай түріне тән:

1.Туберкулезді

2.Ревматикалық

3.Деформирлеуші

4.Ревматоидты

5.+Подагралық

58. Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, шіріген жұмыртқа кекірушағымдары пайда болды. Науқаста қандай асқынулар байқалады:

1.Перфорация

2.Пенетрация

3.+Стенозирлеу

4.Малигнизация

5.Қан кету

59. Қараудан кейін науқаста өңеш веналарының кеңеюі,асцит байқалған.Болжам диагноз

1.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

2.Созылмалы гепатит

3.Сзылмалы оң жақ қарынша жетіспеушілігі

4.Нефротикалық синдром

5.+Бауыр цирозы

60. Науқас Н., 67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:

1.+АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

2.АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3

3.АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

4.АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4

5.АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4

61. Науқас В., 47 жаста жүрек тұсындағы тыныс алумен байланысты ұзақ, сыздап ауырсынуға шағымданады. Бұл шағымдарын екі күн бұрын салқын тиюмен байланыстырады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия, сол жақ қырымен жатқанда барлық систоламен диастоланы алатын және денесін алға еңкейткенде күшейетін, тембрі бойынша «қар сықырына» ұқсайтын шулар естіледі. АҚ-110/70 мм .с.б. Қанда: лейкоциттер- 10,5 мың., ЭТЖ - 18 мм /сағ. ЭКГ-да: купол тәрізді STI, II, III, V3-V6 сегментінің көтерілуі. Науқасқа қандай препарат қарсы көрсетілген?

1.Аевит

2.Кетонал (кетопрофен)

3.Мовалис (мелоксикам)

4.+Гепарин

5.Милдронат

62. Науқас М. 65 жаста, соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет/ минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 50-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Науқасқа дәрі енгізудің әрекетін анықтаңыз.

1.Амиодарон+калий препараттары

2.Калций антоганистері + АПФ ингибиторлары

3.+Жасанды ритм беруші имплантациялар

4.Коронаролитиктер, аорто-коронарлы шунтирлеу

5.Бета-блокаторлар+жүрек гликозидтері+диуретиктар

63. Науқас М., 40 жаста әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің нашарлауына, аяғының ісінуіне шағымданады. 8 жыл бойы бүйрек ауруларымен ауырады. Объективті: тәбетінің төмендеуі, тері түсінің бозаруы. Қан анализінде: Нв-80 гр/л, эр – 3,2 млн., лейк – 6,8 мың, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Зәр анализінде: үд.салмағы – 1015, белок – 1,8 г/л, лейк – 6-7 к/ай, эрит – 3-4 к/ай. Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі қажет болып табылады:

1.Хромоцистоскопия

2.+Бүйректің пункциялық биопсиясы

3.Бүйректің жалпы рентгенографиясы

4.Бенс-Джонс белогын анықтау

5.Зәрді бактериологиялық зерттеу

64. Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Диагноз:

1.Бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия

2.Аутоиммунды генездегі цирроз

3.Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация

4.+Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия,декомпенсация

5.Бауырдың холестатикалық циррозы

65. Сульфониламидтердің қантты төмендетуші әсері неге негізделген:

1.+β жасушаларында инсулиннің секрециялануының жогарылауы

2.Бүйректік глюконеогенездің тежелуіне

3.Эндогенді инсулин әсерінің артуына

4.ішекте глюкоза резорбциясының бәсеңдеуі

5.Глюкагон секрециясының тежелуі

66. Науқас 27 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы, қан аралас сұйық нәжістің күніне 8-9 рет болуына шағымданып келді. Ауырғанына бірнеше күн болған. Ректороманоскопия жүргізілді:онда ішектің қуысы тарылған, шырышты, ісінген, қызарған, эрозирленген, кей жерлерде қанталаған диметрі 0,9 смдейінгі жаралар анықталды. Науқасты жүргізу әрекетіңіз:

1.Күндізгі стационар жағдайында емдеу

2.Үйде 5-10 күн бойы бақылау

3.Жедел хирургия бөліміне жатқызу

4.Жедел инфекция бөліміне жатқызу

5.+Жедел гастроэнтерология бөліміне жатқызу

67. Жүрек және бүйрек ісіктері кезіндегі тұрақты түрде жүргізілетін терапияның жалпы емдеу принциптерін анықтаңыз:

1.+Бүйрек перфузиясын жақсарту

2.Жүрек лақтырысын төмендету

3.Осмотикалық диуретиктерді өолдану

4.Біріншілік гиперальдостеронизмді қолдану

5.Қандағы плазманың онкотикалық қысымын жоғарлату

68. Анамнезінде пансионат, қонақ үйде душпен, кондиционермен қолданған; айқын интоксикациямен фебрильді қызба, миалгиямен, артралгия, жөтел, абдоминальды ауырсыну, диарея;қанда - лимфоцитопения лейкоцитозбен, ЭТЖ 50 мм/сағ.Осы симптомдар мына пневмонияға тән:

1.Хламидиялы

2.+Легионеллезды

3.Микоплазмалы

4.Пневмококкты

5.Стафилококкты

69. Гломерулонефириттің салыстырмалы диагностикасы үшін зерттеу әдісі болып табылады.

1.+Бүйректің пункциялық биопсиясы

2.Экскреторлы урография

3.Радиоизотопты зерттеу

4.Клиника- лабораторлы зерттеу

5.Бүйректің компьютерлі томографиясы

70. Науқас Е.., 45 жас.Дене қызуының 39 градусқа жоғарылауына, қалтырауына, сол жағының шаншып ауырсынуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тыныс алу кезінде кеуденің сол жақ бөлігі қалыс қалады. Жүрек – ЖСЖ 102 рет минутына, АҚ 120/60 мм.с.б. R-граммада: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді қараю, кеудеаралық мүшелері оң жаққа ығысқан. Қандай ауру туралы ойлауға болады.

1.Ошақты пневмония

2.+Экссудативті плеврит

3.Өкпе туберкулезі

4.Өкпе абсцессі

5.Өкпе гангренасы

71. Науқас 25 жаста, бір ай бойы қызбаның болуына, 6кг дене салмағының төмендеуіне, тәулігіне 5-6 рет сұйық нәжістің болуына шағымданды. Анамнезі бойынша: ошақты пневмониямен ауырған. Объективті: қолтық асты және шаптағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.Өкпе туберкулезі

2.Сепсис

3.+ВИЧ-инфекция

4.Іш сүзегі

5.Малярия

72. Науқас М., 78 жаста артериальды гипертензиямен ауырады. Қуық безіндегі аденома бойынша урологта есепте тұрады. Науқасқа АҚҚ төмендету үшін және зәр шығару каналының бітелуін азайту үшін аталған дәрілердің қайсысын науқасқа тағайындаған дұрыс?

1.Урегит (этакринді қышқыл)

2.Эсмолол

3.+Кардура (доксазозин)

4.Нолипрел (периндоприл)

5.Верапамил

73. Науқас 35 жаста, 15 жыл бойы ревматоидты артрит диагнозымен тіркеуде тұр. Вирусты инфекциядан кейін жөтел, қақырық, буындарда ауырсыну сезімі күшейген. Объективті: Білезік буынының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түйіндер байқалған. Өкпесінде қатты дыбыс. Құрғақ сырылдар. Қанында: Гемолглабин 102 гр/л., эритроциттер -4,2 х 1012, лейкоциттер 3,6 х 109, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Рентгенограммада өкпе суретінінің күшейгені байқалады, емдеу тактикасы.

1.Цитостатиктер

2.+Кортикостероидтер

3.Алтын препараттары

4.Антибиотиктер

5.Аминохинолин қатардағы дәрілер

74. 52 жастағы әйел адам майлы тағам қабылдағаннан кейін ішінің ауруы, құсу байқалған. Пальпациялауда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады. Амбулаторлы ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарды – ауырсыну сезімдері азайды. Құсу тоқтады. Лабораторлы зерттеулер нәтижесі қалыпты. Осы жағдайда аурудың соңы қандай болады.

1.Перитонит

2.+Сауығу

3.Ұйқы безінде киста қалыптасу

4.Өлімділік

5.Малигнизация

75. Гипогликемиялық команың емінде енгізуге әсерлі болып табылады:

1.К/т 5% глюкозы ерітіндісін енгізу

2.+К/т 40% глюкозы ерітіндісін ақырындап енгізу

3.К/т норадреналин енгізу

4.К/т глюкокортикоидтарды енгізу

5.Тәтті емес чай

76. Қабылдауда науқас 26 жаста,дене қызуының 38,7°C дейін көтерілуіне, іш ауруына,тәулігіне 7─9 рет қан аралас сұйық дәреттің болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде іші ұлғайған,сол жақ мықын аймағында ауырсыну бар, сонымен қатар пальпацияда тоқ ішек тәж тәрізді. Науқаста аурудың қай түрі болуы мүмкін

1.Жедел дизентерия

2.Тік ішек рагы

3.Уиппл ауруы

4.Крон ауруы

5.+Спецификалық емес жаралы колит

77. Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1.+ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

2.ЖИА. Үдемелі і стенокардия

3.ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II

4.ЖИА Күш түсу стенокардиясы ФК III

5.ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV

78. Дәрігерге 63 жастағы М. науқас келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыпылық аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, НКІІБ диагнозымен есепте бақыланып жүр. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағым түсіреді. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформеленген, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистололар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауын бағалаңыз.

1.Гипертоникалық криз

2.+Гликоздті интоксикация

3.Қайталанған инфаркт миокардісі

4.Декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі

5.Ми қан айналымының бұзылуына ауысуы

79. 62 жастағы науқасты эпигастрий аймағындағы ауырсыну, қышқыл кекіру метеоризм, іш-қату мен іш-өтуінің кезектесуі мазалайды. Объективті: тері жабындыларының бозаруы, құрғақ тері, тырнақ сынғыштығы көрінеді. Сіздің әрекетіңіз.

1.Сорбифер+алмагель+гепабене

2.Домперидон+креон+бифидум бактерин

3.Циметидин+панзинорм+но-шпа

4.Цизаприд+алмагель+хилак форте

5.+Табиғи асқазан сөлі+ панзинорм+мильгамма

80. Науқаста қантты диабеттің 1-ші типті бар, физикалық жүктемеден кейін науқас есінен танып қалды, гликемия 1.0 ммоль/л. Дәрігер не істеу керек

1.Инсулин енгізу

2.+Глюкагон енгізу

3.10% глюкоза ерітіндісін енгізу

4.Коллоидты ерітінді енгізу

5.Физиологиялық ерітінді енгізу

81. 43 жастағы науқасты дене салмағының артуы,әлсіздік,бетінің ісіуі,терісінің құрғауы, ішінің қатуы, аменорея, есте сақтауының нашарлауы мазалайды. Терісі құрғақ, суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ90/60 мм с.б.б. пульс─52 рет.Т3 және Т4 төмендеген, ТТГ жоғарылаған. Науқасқа қандай ем көрсетіледі:

1.Тиреостатты препараттар

2.+Тиреоидты препараттар

3.Диуретиктер

4.йод препараттары

5.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

82. Қабылдауда 58 жастағы науқас келді. Ұзақ уақыт бойы асқазан және ішек ауруларымен ауырады. ЖҚА: Нв - 73 г/л, ТК – 1,6, Эр. - 2,8х1012/л, макроцитоз. Міндетті түрде қандай ем тағайындау керек?

1.Хеферол 350 мг 2 р/д

2.Эр-масса құю 250 мл

3.Фенюльс қабылдау 150 мг 2 р/к

4.+Цианокобаламин енгізу 500 мкг 2 р/к

5.Аскорбин қышқылын 50 мг 3 р/к

83. Науқас 48 жаста, 2 жыл бұрын холецистоэктомияны басынан кешірген, содан кейін іштің желденуін және іш өтуі тоқтамаған. Осы жағдайда қандай дәріні қолданылады:

1.Креон

2.+фестал

3.Урсосан

4.Маалокс

5.Мезим-форте

84. Қабылдауда 55 жастағы науқас, ол ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, СЖЖ ФК2 диагнозымен Д-есепте тұрады. Анамнез бойынша: стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның диастолалық бұзылысы анықталды. Жүректің функциональдық қызметін жаұсартуда қандай дәріні қолдануға болады?

1.Ілмекті диуретиктер

2.жүрек гликозидтері

3.альдостерон антагонистері

4.+селективті бета-блокаторлар

5.гликозидті емес инотропты дәрілер

85. Науқастардағы ауыспалы немесе интерметирлеуші қызба мына ауруларда кездеседі:

1.Пневмококкты пневмонияда

2.Өкпе абсцессінде

3.Өкпе түеркулезінде

4.Сепсисте

5.+Малярияда

86. Жүкті әйелдердің диффузды токсикалық жемсауында төмендегі препараттардың қайсысы қолданылады:

1.Мерказолил

2.+Пропилтиоурацил

3.Тирозол

4.Левотироксин

5.Калий йодиді

87.60 жастағы ер адам 4 сағ. бұрын басталған жедел миокард инфарктісімен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. ЭКГ –қарыншалық қысқа тахикардия жиілігінің өсуі. Аса тиімді тағайындаманы көрсетіңіз:

1.Амиодарон

2.Флеканид

3.+Лидокаин

4.Хинидин

5.Верапамил

88. Науқас В., 19 жаста. Бас ауруымен бел аймағында ауырсынумен бетінің және аяқ-қолдарының ісінуіне шағымданып келді. Зәр шығаруы сирек. Анамнезінен: 3 апта ангина мен ауырған. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Зәр анализінде: олигурия 500мл/ тәул., гематурия, эр 40, лейкоцитурия, белок тәул 30 гр. Болжам диагноз қойыңыз:

1.Созылмалы гломерулонефрит

2.Созылмалы пиелонефрит

3.+Жедел диффузды гломерулонефрит

4.Зәр тас ауруы

5.Бүйрек амилоидозы

89. Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз.

1.Созылмалы эзофагит

2.өңештің пептитті жарасы

3.Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы

4.+Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру

5.Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

90. Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған.Диагноз:

1.Бауырдың билиарлы циррозы

2.Аутоиммунды гепатит

3.+Созылмалы гепатит

4.Коновалов ауруы

5.Жильбер ауруы

91. Науқас 25 жаста. Шағымдары:жүрек айнуға, құсуға, дене қызуының 38* С дейін жоғарлауына,тәулігіне 5─8 рет жасыл түсті, сұйық нәжістің болуына шағымданды. Болжам диагноз қойыңыз:

1.Арнайы емес жаралы колит

2.Крон ауыруы

3.ащы ішектің дивертикулезі

4.+Сальмоннеллез

5.дизентерия

92. Бала 10 жаста, шөлдейді, зәр шығаруы жиі, әсіресе түнгі уақыттарда, терісі қышиды. Қантты диабет диагнозын қою үшін жүргізу керек:

1.Тәуліктік зәр анализінен глюкозаны анықтау

2.Таңғы зәр порциясынан ацетонды анықтау

3.+Қан анализінен аш қарынға глюкозаны анықтау

4.Зәрден глюкоза мен ацетонды анықтау

5.Жатарда қаннан глюкозаны анықтау

93. Науқас К., 23 жаста, құрғақ жөтелге, қалтырауға, дене қызуының 38º градусқа жоғарылауына, артралгия мен миалгияға, терісінің бөртуіне шағымданады. Объективті қарағанда: лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. Рентгенологиялық өкпе суретінің күшеюі, қкпенің төменгі бөлігінде шекарасы айқын емес қараю. Пенициллин және цефалоспоринмен ем нәтижесіз. Қай қоздырғыш аурудың дамуына себепші?

1.пневмококк

2.стафилококк

3.+микоплазма

4.гемофильді таяқша

5.көкіріңді таяқша

94. 29жастағы науқаста сирек экспираторлы тұншығу ұстамалары байқалады, тұншығуды басу үшін аптасына бір реттен кем емес сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ұстама аралық кезеңді зерттегенде болу керек шамадан ЖФТШ1 (ОФВ1) 80-85 %.Осы клиникалық жағдайға қай диагноз сәйкес келеді?

1.бронх демікпесі, жеңіл персистирлеуші

2.бронх демікпесі, орташа дәреже

3.+бронх демікпесі, жеңіл интермиттирлеуші

4.созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағым

5.созылмалы обструктивті бронхит, орташа ауырлықта

95. Ер адам 26 жаста, дене қызуының бірнеше күн бойы 38,5о-қа дейін жоғарлауына, басының ауруына, жалпы әлсіздікке, тізе және тобық буындарындағы «қатты ауырсынуға», аяқтарының тырысып қалуына шағымданды. Жалпы қан анализі бойынша: лейкоциттер – 3,4 мың, лимфоциттер – 42%, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Рентген сурет бойынша екі жақ тізе буынындада субхондральды пластинкалардың тығыздалуы. Емдеу әрекеті қандай:

1.ампициллин

2.цефазолин

3.цефтриаксон

4.метронидазол

5.+ципрофлоксацин

96. Науқас И. 16 жаста, тізесінің ауруына, балтырының, білезік буынының ауырсынуына, дене температурсының 38 0С, жүрек қағысының күшеюіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 2 жұма бұрын фарингитпен ауырған. Объективті: денесіндегі сақиналы эритема байқалады. Буындары дефиргурленген, ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде қатты ауырады. Жүрек шекараларв ұлғайған тондары әлсіреген. ЖЖ – 58 рет/минутына. Қан анализінде: эр – 5,2 млн., Нв – 135 г/л, л – 18 мың. ЭТЖ – 35 мм/сағ. Осы жағдайды емдеу тактикасы.

1.Диклофенак+преднизолон+конкор

2.Амоксицилин+диклофенак+дигоксин

3.Амоксицилин + диклофенак+гипотизид

4.+Амоксицилин + диклофенак+пренизолон

5.Амоксицилин +пренизолон + АПФ ингибиторлары

97. Науқас С., 52 жаста оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға оның оң жақ қолына берілуіне, өт аралас құсуға шағымданады. Объективті: тәбетінің жоғарылауы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейкоциттер – 9 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Өтті тексеру нәтижесі бойынша: үш порциясындада – сұйықтық, лейкоциттер 4 –ші порцияда лямблиялар анықталған. Емдеу әреткетіңіз:

1.Амоксициллин

2.Гентомицин

3.Левомицитин

4.Эритрмицин

5.+Трихопол

98. Науқас 14 жаста стационарға коматозды жағдайда Жедел жәржем машинасымен келіп түсті. Диабетпен 4 жыл бойы ауырады. 40 ед инсулинтерапия қабылдайды. Жалпы жағдайының нашарлауы 3 күн бұрын болған .Зеттеу кезінде қандағы глюкоза мөлшері ─28.2ммоль/л, зәрде ацетон ─++++. Бұл науқастың ауыр жағдайын анықтаңыз:

Наши рекомендации