Амбулаторлы-емханалық жағдайда ішкі аурулар 5 страница

* 600 мл. қоспа, 20 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

* 700 мл. қоспа, 20 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

* 800 мл. қоспа, 50 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

*+ 900 мл. қоспа, 50 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

* 1000 мл. қоспа, 50 мл. шырын, 50 мл. жидек пюресі

! Фолий қышқылының ұрыққа әсер ету механизмі:

* Жүрек-қан тамыр жүйесі даму ақауларын ескертеді

*+ Жүйке түтігінің ақауының дамуын ескертеді

* Өкпе жүйесі ақауларының дамуын ескертеді

* Асқазан-ішек жолдары ақауларының дамуын ескертеді

* Зәр шығару жүйесі ақауларының дамуын ескертеді

! Мешелдің 2–ші дәрежесімен ауыратын 6 айлық бала «Д» - 3000 МЕ/тәу дәруменін, кальций глицерофосфатын, цитрат қоспасын қабылдайды, бірақ анасы балаға қажетті мөлшерін сақтамаған. Ем фонында дене қызуы 37,3°С дейін жоғарылап, селқостық дамыған, дене салмағының қосылулар болмаған. Сулкович сынамасы ++++. Сіздің диагнозыңыз:

* дәрумен-Д- резистентті мешел

* Спазмофилия

* дәрумен -Д-тәуелді мешел

* дәрумен -Д-тапшылық мешел

*+ Гипервитаминоз «Д»

! 2,5 айлық балада тұрақсыз нәжіс, дене салмағының қосылуы жоқ. Жетіліп туылған, дене салмағы – 2600 кг, бойы 49 см, салмақ-бой көрсеткіші - 53. Омыраумен 1,5 айына дейін емізген, содан кейін сиыр сүтімен қоректенген. Объективті: тері жабындылары құрғақ, жұмсақ тіндер тургоры төмендеген, тері асты шел қабаты ішінде және төменгі аяқтарда азған. Қарау кезінде дене салмағы 2880 кг (салмақ тапшылығы 28%). Бауыры қабырға доғасынан +1,5 см шығып тұр. Зәрді аз шығарады. Диагноз қойыңыз:

* дистрофия гипотрофия түрі бойынша I дәределі., пренаталды, аралас этиологиялы, үдеу кезеңі

*+ дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі, пренатальды және постнатальды, алиментарлы этиологиялы, үдеу кезеңі

* дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі., постнатальды, алиментарлы этиологиялы, стабилизация кезеңі

* дистрофия гипотрофия түрі бойынша III дәрежелі., постнатальды, алиментарлы этиологиялы, бастапқы кезең

* дистрофия гипотрофия түрі бойынша III дәрежелі., пренатальды және постнатальды, алиментарлы этиологиялы, стабилизация кезеңі

! 1 жас 2 айлық бала, салмағы 10,5 кг. Дене қызуының 38,5 С дейін жоғарлауы байқалады, тері жабындылары шамалы қызарған, ұстағанда ыстық. Аяқ-қолдары ыстық. Литикалық қоспаны қандай есеппен енгізгу қажет?

*+ 50%-к 0,1 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,1 мл димедрол б/е

* 50% -к 0,1 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,2 мл димедрол б/е

* 50%-к 0,2 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,3 мл димедрол б/е

* 50%-к 0,3 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,4 мл димедрол б/е

* 50%-к 0,4 мл анальгин ерітіндісі + 1%-к 0,5 мл димедрол б/е

! 2 айлық бала. Омыраудан бас тартады. Қарау кезінде кеуде клеткасының тартылуы байқалады, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ИВБДВ сәйкес дәрігердің әрекеті:

* антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, үлескелік дәрігер бақылауында қалдыру

*+ антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, шүғыл түрде стационарға бағыттау

* антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, қайта қарау екі күннен соң

* антибиотиктің бірінші мөлшерін беру, тексеруге жолдама беру

* антибиотик керек жоқ, үйде бақылау

! Гингивит – бұл ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы:

*+ Жақтың қызыл иек қыры

* Қызыл иек емізікшесі

* Тіл

* Таңдай

* Ерін

! Жиі ауыратын балалар емханалық сатыда тағайындауларды қажет етеді:

* Антиоксиданттарды, гомеопатиялық препараттарды

* Дәрумендерді, метаболиттерді

* Дәрумендерді, протеолиздің лизоцим-ингибиторларын, гормондарды

*+ Дәрумендерді, антиоксиданттарды, пробиотиктерді, иммуномодуляторларды

* Дәрумендерді, гомеопатиялық препараттарды, протеолиздің лизоцим-ингибиторларын, метаболиттерді, антиоксиданттарды, пробиотиктерді.

! Қабылдауда 3 айлық бала. V2-АКДС, ОПВ, Hib екпелерін алуға байланысты келді. Алдыңғы жоспарлы екпе ауыр жалпы рекциямен асқынды. № 636 бұйрыққа сәйкес бала иммунизация жасауға жата ма?

* Жатады, жалпы қабылданған екпе күнтізбесі бойынша

* Жатады, жеке күнтізбе бойынша

* Жатады, көкжөтел компетентісіз, жалпы қабылданған екпе күнтізбесі бойынша

* Жатпайды, дәрігер уақытша мед әкетуді рәсімдейді

*+ Жатпайды, дәрігер тұрақты мед әкетуді рәсімдейді

! Бір жастағы балада екпеден соң анафилактикалық шок дамыды. 0,1% адреналин ерітіндісінің бір реттік мөлшері, шұғыл көмек көрсету кезінде құрайды:

*+ 0,1 мл.

* 0,2 мл.

* 0,3 мл.

* 0,5 мл.

* 1 мл.

! Профилактикалық қарауда 6 айлық бала. Өмір анамнезінен: бала анемия фонында өткен бірінші жүктіліктен, салмағы 3,350 гр. Апгар межесі бойынша бағалау 8-9 балл. 4 айлығында ЖРВИ-мен ауырған. Қан талдауында 2 айлығында гемоглобин - 116 г/л. Бұл баланың резистенттілігін анықтаңыз:

* Жоғары

*+ Қалыпты

* Орташа

* Төмен

* Өте төмен

! 15 күндік бала жиі емізгеннен соң бірден немесе біршама уақыт өткен соң лоқсиды, жиі іріген сүт құсады. Белсенді емеді, нәжісі қалыпты консистенциялы, патологиялық қоспаларсыз, диурезі қалыпты. Анамнезінен: тез босану, Апгар межесі бойынша 6-7 балл. Өмірінің бірінші күнініен бастап лоқсиды. Болжам диагноз:

*+ Пилороспазм

* Пилоростеноз

* Перинаталды энцефалопатия

* Ішек дисбактериозы

* Лактазды жетіспеушілік

! Қабылдаудағы 2 жастағы бала дене қызуының 37,40С дейін жоғарлауына шағымданады. Қарау кезінде өзгермеген тері фонында дақ тәрізді бөртпе жазғыш беткейде көп орналасқан, мұрын-ерін ұшбұрышы «таза». Пальпация кезінде қарақұс және артқы мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Болжам диагноз қойыңыз:

*+ краснуха

* қызылша (корь)

* қызамық (скарлатина)

* энтеровирусты инфекция

* аллергиялық бөртпе

! 1 айлық бала. Баланың салмағы 3500 грамм. Жасанды тамақтанады. Бала тәулігіне тиісті:

* 500 мл. адаптирленген сүт қоспасы

* 600 мл. адаптирленген сүт қоспасы

*+ 700 мл. адаптирленген сүт қоспасы

* 800 мл. адаптирленген сүт қоспасы

* 900 мл. адаптирленген сүт қоспасы

! 4 жастағы баланың білезік-алақан буынының рентгенограммасында ұзын түтік тәрізді сүйектердің метафиздерінің кенеюі, шекара сызығының айқын болмауы, әктелінуі байқалады, остеопороз. Қандағы Са – 2,05 ммоль/л, Р – 0,65 ммоль/л, сілтілік фосфотаза – 2437 Бірлік: Көрсетілген мәліметтерді бағалаңыз:

* Белсенді мешел, гипофосфатемия, Са және СФ қалыпты,

* Жеделдеу мешел, гиперфосфатемия, Са және СФ қалыпты,

*+ Белсенді мешел, гипофосфатемия, Са төмендеген, СФ жоғарылаған,

* Қайталамалы мешел, гипофосфатемия, гипокальциемия, СФ төмендеген,

* Белсенді мешел, гипофосфатемия, гиперкальциемия, СФжоғарылаған,

! Анасы 4 айлық баласының нашар тәбетіне, лоқсуына шағымданады. Бала ерте босанудан, салмағы 3,400 гр. Бір айынан бастап жасанды тамақтануда. Салмағы 4,700 гр. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары боз-сұр, құрғақ, жеңіл қатпарлар жиналады, нашар қалпына келеді. Ауыздың шырышты қабаты ашық қызғылт, құрғақ. Тері асты май қабаты нашар дамыған. Бұлшықеттері дряблые. Іші аздап кепкен. Нәжісі тұрақсыз. Жіктелу бойынша диагноз қойыңыз?

* Дистрофия гипотрофия түрі бойынша I дәрежелі,бастапқы кезең, постнатальды, аралас генезді.

* Дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі, стабилизация кезеңі, постнатальды, алиментарлы генезді

*+ Дистрофия гипотрофия түрі бойынша II дәрежелі, үдеу кезеңі, постнатальды, алиментарлы генезді

* Дистрофия гипотрофия түрі бойынша I дәрежелі, үдеу кезеңі, постнатальды, аралас генезді.

* Дистрофия гипотрофия түрі бойынша III дәрежелі, өршу кезеңі, постнатальды, аралас генезді.

! Қабылдауда 4 жастағы бала. Дене қызуының 380С дейін жоғарлауына, жалпы әлсіздікке, селқостыққа, мұрын арқылы дем алудың қиындауына шағымданады. Объективті: беті ісінген, пальпаторлы алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері 2-3 см дейін ұлғайған. Араны: қызарған, бадамша бездері ұлғайған. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге, көкбауыры 2 см-ге шығып тұр. Клиникалық диагноз:

* инфекциялық мононуклеоз, өшірілген түрі, жеңіл дәрежелі

*+ инфекциялық мононуклеоз, типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта

* инфекциялық мононуклеоз, ауыр дәрежелі ауырлықта, гепатит, лимфаденит

* инфекциялық мононуклеоз, типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта, гепатоспленомегалия

* инфекциялық мононуклеоз, ауыр дәрежелі ауырлықта, гепатит, лимфаденит. Асқынуы - баспа

! 5 жастағы бала, салмағы 20 кг. Эпилепсия ұстама кезінде 0,5%-к седуксен енгізу керек. Енгізу көлемін анықтаңыз.

* 0,5 мл к/к

*+ 1,0 мл к/к

* 1,5 мл к/к

* 2,0 мл к/к

* 2,5 мл к/к

! 2 айлық бала. Тәбеті төмендеген, омыраудан бас тартады. Қарау кезінде кеуде клеткасының тартылуы байқалады, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Ентігеді. ИВБДВ бойынша жіктемесі:

* ЖРА

* Пневмония жоқ. Жөтел немесе суық тию.

* Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс.

*+ Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

* Өте ауыр фебрилді ауру

! 4 айлық қыз бала, анамнезінде үнемі тұрақсыз үлкен дәрет, вакцинациядан кейі ішектік дисфункция дамыған.Төменде келтірілген вакциналардың қайсысы бұндай дағдай шақыруы мүмкін?

* қызылшалық

* Көкжөтелдік

* Туберкулездік

* Паротиттік

*+ Полиомиелиттік

! Қыз бала, 3,5 жаста. Таңертең 39,6 Сº температурамен оянды, аузынан сөл бөлінуде, тамағы ауырады, дисфагия, афония. Отыр, басын артқа шалқайтып алған. Тынысы стридорлы, кеуде торының шұңғыл жерлері керіліп шығып тұр. Кеше кешке бала дені сау болған. Кеуде торының бүйір рентгенограммасында: «бас бармақ симптомы оң»мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

* Жедел обструктивті бронхит

* Стеноздаушы ларингит

*+ Эпиглотит

* Бронх демікпесі

* Көмейдің аллергиялық ісінуі

! Қыз бала, 4 айлық. Шығымы: ылғалды қақырықты жөтел, мұрнынан су ағу. 3 күн бойы ауырады. Бүгін жағдай кенеттен нашарлаған. Температурасы 39ºС, анасын ембейді, дистанционды сырылдар. Объективті: терісі бозғылт, ылғалды, периоральды цианоз, тынысы беткей, ентігу аралас типті, ТЖ 60 рет/мин, бұғана үсті ойығы және қабырға аралықтары көтеріліп тұр, PS 160 рет/мин, аускультативті – өкпенің барлық алаңында әлсіреген тыныс есебінен көптеген құрғақ және ылғалды әр-түрлі калибрлі сырылдар естіледі.МҮМКІН болатын диагнозды көрсетіңіз?

* Жедел жай бронхит, ТЖ I дәрежесі

* Жедел обструктивті бронхит, ТЖ II дәрежесі

* Бронхиолит, ТЖ II дәредесі

*+ Ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II дәрежесі

* Бронх демікпесі, status asthmaticus

! 8 жасар қыз бала, аз мөлшердегі қақырықпен жөтелге , түнде пайда болатын ентігуге шағымданады. ЖРВИ дан кейін 6 бойы өзін аурумын деп есептейді. Обьективті: температурасы 36,8 С, тыныс жиілігі 30минутына, тынысы ысқырықты, құрғақ сырылдар естіледі.Жүрек тондары тұйықталған.Рентгенограммада : екі жақта өкпе суреті күшеюі анықталады.

Берілгендердің ішінде қандай дәрілік препарат тиімді?

* Кромогликат натрия

* Серетид

* эуфиллин

* лазолван

*+ флутиказон дипропионат

! Ер бала, 9 жаста. Шағымы: жиі салқын тиіп ауыру. Рецидивтеуші іріңді бронхит диагнозы қойылған. Көкесінде Картагенер синдромы бар. Объективті: дене температурасы 37,60С, терісі бозғылт, сұр тұр түсті. Кеуде торы бөшке тәрізді, Өкпеде перкуссияда қораптық дыбыс, аускультативті: түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Рентгенограммада: Бронхтардың диффузды деформациясы. Бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу МАҢЫЗДЫ болып табылады?

* Бронхоскопия

* Генетикалық зерттеу

* Қақырықты егу

* Жылувизуальды зерттеу

*+ Мұрынның шырышты қабатының биопсиясы.

! «Муковисцидоз» диагнозына сәйкес тер хлоридінің шешуші деңгейі болып табылады?

* 10-20 ммоль/л

* 21-30 ммоль/л

* 31-50 ммоль/л

* 51-60 ммоль/л

*+ 61-80 ммоль/л

! Бала 8 жаста. Тез шаршауға, бас айналуға, төс артындағы ауру сезіміне , қасаң қабақтың иктериялығына, қан түкіруге, ентігуге шаңымданады. Алғаш рет аурудың ұстамасы 1 жаста болған . Келесі криздер әдетте 2-4күнге созылады. Қарағанда: терісі бозғылт көкшіл түстес, сауасқтары барабан таяқшасы тәріздес. Өкпесінде қатаң тыныс, ылғалды сырылдар. Бауыры мен көкбауыры қабырға доғасынан +1 см шыққан. Қақырық анализінде: гимосидеринге толған макрофагтар.

Ең ықтимал ем қайсысы?

* Антибиотиктер

* Муколитиктер

* Гепатопротекторлар

* Антикоагулянттар

*+ Кортикостероидтар

Наши рекомендации