КлиникалыҚ фармакологияныҢ міндеттері мен алҒа ҚойҒан маҚсаттары
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
С.К.Жауғашева, А.Н.Ихамбаева
КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқу құралы
Арағанды 2009
ОЖ 615.5
КБЖ 52.81 я7
Ж 35
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Мажитов Т.М. – «Астана медицина университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор.
Мулдаева Г.М. – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, амбулаторлы–емханалық терапия және шұғыл медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д.
Кемелова Г.С. – Қарағанды мемелекеттік медицина академиясының жалпы фармакология кафедрасы, клиникалық фармакология және фармакотерапия курсының ассистенті, м.ғ.к.
Ж 35Жауғашева С.К. Ихамбаева А.Н. Клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері. – Қарағанды, 2009. – 87 бет.
Оқу құралы клиникалық фармакологияның жалпы сұрақтарына арналған. Бұл оқу құралында дәрілік заттардың жанама әсерлері өзара әсерлесуі және оларды ұтымды қолданудың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық аспектілері толық ашылып көрсетілген.
Оқу құралы медициналық ЖОО студенттері мен интерндеріне арналған.
ҚММА Әдістемелік кеңесінде талқыланып, ұйғарылды
Хаттама № 9 2009 жыл.
ҚММА Ғылыми кеңесімен бекітіліп, баспаға ұсынылды
Хаттама № 9 2009 жыл.
©С.К.Жауғашева, А.Н.Ихамбаева,2009
ЫСҚАРТУЛАР
ААФ – ангиотензин айналдырушы фермент
АГ – артериалды гипертензия
АІТ – асқазан ішек трактісі
БДҰ – бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Г-6-ФДГ– глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа
GCP – good clinical practice
GLP – good laboratory practice
GMP – good manufacturing practice
ДЗ – дәрілік заттар
МАО – моноаминооксидаза
ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі
СЕҚҚДЗ – стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар
FDA – Food and Drug Administration – Управление по контролю и качеству пищи и лекарств – тағам мен дәрілік заттардың сапасын бақылау басқармасы
АЛҒЫ СӨЗ
XXI ғасырға медицина дәрілік заттардың (ДЗ) күшті арсеналымен аяқ басуда. Қазіргі таңда әлемдік фармацевтикалық өндіріс он мыңдаған препараттар шығаруда. Бірақ, сол дәрілік заттардың тиімділігі өте жоғары және оларды кеңінен қолдануға болады деп айта алмаймыз.
1930-40 жылдары ДЗ қарқынды өндірісі бастау алды. Бұл кезеңді «фармакологиялық революцияның» бастама кезеңі деп те атайды. Оған ықпал еткен жалпы ғылыми-техникалық өрлеу, атап айтқанда биология, физиология, биохимия, микробиология, химия және т.б. ғылымдардың жетістіктері.
1930 жылдары сульфаниламидтің (стрептоцидтің) бактерияларға қарсы белсенділігі алғаш анықталып, инфекциялық ауруларды химиотерапиямен емдеу эрасы басталды. Сульфаниламидтің соңынан нитрофуран, 4-оксихинолин, хиноксалин, хиналон туындылары өндіріске шықты. 30-шы жылдардың соңында аллергиялық ауруларды тиімді емдеуге қолданылатын, сонымен қоса, психотропты препараттардың алғышарты болып табылатын гистаминге қарсы синтетикалық препараттар өндіріліп шығарыла бастады. 40-шы жылдары антибиотиктер мен цитостатикалық препараттар пайда болып, 50-ші жылдары клиникалық психофармакология, 60-шы жылдары кардиофармакология үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қоса, бронхообструктивті ауруларды емдеу мүмкіндіктері кеңеюде, атап айтқанда β-адреномиметиктерді қолдану.
Жалпы алғанда, жаңа ДЗ өндіріп, оларды тәжірибеде қолдану үздіксіз жүруде, бірақ бұл салада қол жеткізген жетістіктер кездейсоқ емес, бұл ғылыми-техникалық даму жетістіктерін қолдана отырып, арнайы бағытталған ізденістердің нәтижесі. Жаңа ДЗ шығару химиялық синтез, биотехнология, генді-инженерлік технология салаларындағы жетістіктерге байланысты мүмкін болды. Мысалы үшін, биотехнологиялық жолмен күрделі эндогенді қосылыстар және олардың аналогтары болып табылатын моноклональды антиденелер, колонияықпалдаушы факторлар, күрделі полипептидті қосылыстар алынса, гендік инженерия жолымен интерферондар, соматотропин, адам инсулині алынады.
Жалпы айтқанда, дәрігерге XX-ғасырдың XXI-ғасырға қалдырған фармакологиялық мұрасын ұтымды қолдану оңайға соқпайды.
Препаратты дәрігер ұтымды тағайындау үшін, қазіргі талаптарға сай фармакотерапияның жалпы принциптерін (стратегиясы мен тактикасын) жетік біліп, әрбір жағдайдағы нақты медициналық міндеттерді анықтай білу қажет. Белгілі бір науқасқа ДЗ тағайындау үшін, дәрігер, сол ДЗ жағымды және жағымсыз әсерлерін, оның әсері ұқсас басқа ДЗ артықшылықтарын, оның басқа ДЗ өзара әсерлесуін, қолдану тәртібін білуі қажет. Дәрігер-маманға бұл сұрақтарды шешуге клиникалық фармакологияның мәліметтері көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда әрбір дәрігер-маман белгілі бір дәрежеде клиникалық фармаколог болғаны дұрыс. Аса көрнекті, орыс терапевті Б.Е.Вотчал медицинаның бұл саласын «науқастың жанындағы дәрігердің фармакологиялық ойлау жүйесі» деп айтып кеткен екен.
Фармакотерапияның нәтижесі көп жағдайда дәрігердің «фармакологиялық ойлау жүйесіне», эрудициясына, жинақтаған жеке тәжірибесіне байланысты.
Қазіргі таңдағы клиникалық фармакология ұтымды фармакотерапияны жүргізу үшін дәрігер ДЗ туралы мәліметтермен қоса, науқастың жеке ерекшеліктерімен оның сол препаратқа жеке реакциясын ескеруі қажет деп үйретеді.
Студенттерге клиникалық фармакология негіздерін үйретудің мақсаты 1960 жылы Б.Е.Вотчал айтқандай «науқастың жанында дәрігердің фармакологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру» болып табылады.
КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТТАРЫ
Клиникалық фармакология дәрілік заттардың адам ағзасына және науқас адам ағзасына әсер етуін зерттейді және клиникалық жағдайда фармакологиялық препараттардың әсер етуін зерттейтін әдістер мен қағидаларын қалыптастырады.
Клиникалық фармакология медицина мен биологияның басқа салаларымен өте тығыз байланысты. Көптеген аурулардың этиологиясы мен патогенезінің белгілі болуы, сол аурудың еміне қажетті препаратты тауып қана қоймай, оны ұтымды қолдану жолдарын іздеп табумен айналысады. Аналитикалық химияның жетістіктері мен жаңа, жоғары сезімтал технологияның дамуы ағзадағы тіндер мен биологиялық сұйықтарда дәрілік заттардың өте аз мөлшердегі концентрациясын анықтап, олардың биотрансформациясы мен ағзадан шығарылуын зерттеуге мүмкіндік берді.
Әр елде клиникалық фармакологияның ғылым ретінде алатын орыны бірдей емес. Кейбір елдерде ол жеке пән ретінде қарастырылады, ал денсаулық сақтау мекемелерінде арнайы дайындалған клиникалық фармакологтар қызмет етеді. Ал, кейбір елдерде клиникалық фармакология жеке ғылым ретінде қарастырылмайды. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі таңда, әрбір дәрігер мамандығына қарамастан клиникалық фармакология негіздерін жақсы білу қажет.
Клиникалық фармакологияның негізгі міндеттері:
1. жаңа фармакологиялық заттарға клиникалық зерттеу жүргізу;
2. ескі препараттарды клиникалық зерттеу және қайта бағалау;
3. дәрілік заттарды тиімді және қауіпсіз қолдану әдістерін құрастыру;
4. ақпараттық қызметті ұйымдастыру және әр түрлі мамандарға фармакотерапия жөнінде кеңес беру;
5. студенттер мен дәрігерлерді оқыту.
Тәжірибеде клиникалық фармаколог келесі сұрақтарды шешумен айналысады:
· белгілі бір науқасты емдеу үшін дәрілік заттарды таңдайды;
· белгілі бір науқастың физиологиялық жағдайы, қосалқы аурулары, жасы мен жыныс ерекшеліктеріне сай дәрілік заттың түрі мен мөлшерлеу тәртібін анықтайды;
· дәрілік затты енгізу жолын таңдайды;
· дәрілік заттың әсерін бақылайды;
· дәрілік заттардың жанама әсерлері мен басқа дәрілік заттармен өзара әсерлесу салдарынан болатын жағымсыз реакцияларды алдын-алу және дамыған жағдайда оларды жою.