Нәрестені антенаталды қорғаудағы әйелдер кеңесінің ролі.
182. Жүктілікті зерттеуде бірінші ультрадыбыстық зерттеу, жүктіліктің келесі мерзімінде жүргізіледі (апталарында):
* 5-7
* 8-10
* + 10-14
* 15-17
* 18-19
183. Жүктіліктің 10-14 аптасында жүргізілетін ультрадыбыстық зерттеудің мақсаты:
* + пренаталды диагностика, жүктілік мерзімін анықтау, көп нәрестелікті анықтау
* нәресте дамуының кідіруін анықтау, кеш манифестациямен туа біткен ақауларды анықтау
* көп сулылыққа, азсулыққа күмәнданғанда амнион сұйықтығын көлемін анықтау
* имплантация орнын анықтау
* нәресте жатуын айқындау
184. Жүктілік кезінде ультрадыбыстық скрининг жүктіліктің келесі мерзімінде жүргізіледі (апталарында):
* 14 -16
* 17-19
* + 18-20
* 25-27
* 28-30
185. Жүктіліктің екінші триместрінде жүргізілетін ультрадыбыстық скринингтің негізгі мақсаты (анықтау):
* амнион сұйықтығының мөлшерін
* нәрестенің болжам салмағын
* + нәресте дамуының ақауын
* плацента жағдайын
* жатыр тонусын
186. Нәресте кіндік бауының қан тамырларының пункциясы аталады:
* хорионбиопсия
* амниоцентез
* + кордоцентез
* венепункция
* фетометрия
187. Нәрестенің антенаталды өлімі - бұл жүктіліктің келесі аптасынан бастап, босану әрекеті басталғанға дейін нәрестенің шетінеуі:
* 12
* 16
* +22
* 28
* 32
188. Перинаталдық өлім – бұл мына кезеңдегі нәресте/жаңа туылған бала өлімі:
* жүктіліктің бірінші триместрінде
* туылғаннан кейін және өмірінің 7 күніне дейін
* + 22 аптасынан және өмірінің 7 күніне дейін
* босанғаннан кейін және өмірінің 28 күніне дейін
* 12 аптасынан және босанғанға дейін
189. Өлі туылу көрсеткіші – бұл мына кезеңдегі өлген нәресте/жаңа туылған балалар саны:
* туылғанна кейін өмірінің 7 күнінде
* жүктіліктің 22 аптасында және өмірінің 7 күнінде
* + жүктіліктің 22 аптасында және босану кезінде
* жүктіліктің 12 аптасында және босану кезінде
* жүктіліктің 28 аптасында және босану кезінде
190. Неонаталды өлім көрсеткіші – бұл босанғаннан кейінгі келесі өмір кезеңінде өлген жаңа туылған балалардың саны:
* 168 минут
* + 168 сағат
* 168 күн
* 168 апта
* 168 ай
191. Ультрадыбыстық зерттеу арқылы жатырлық жүктілікті жүктіліктің келесі мерзімінен бастап анықтауға болады (апта):
* 1
* + 2-3
* 4-5
* 6-7
* 8-9
192. Бірінші триместріндегі пренаталдық биохимиялық скрининг жүктіліктің мына мерзімінде жүргізіледі (апта):
* 5-6
* 8-9
* + 10-14
* 9-10
* 12-13
193. Жүктілікті бақылау кезеңінде, әйелдер кеңесінде биохимиялық генетикалық маркерлер келесі жүкті әйелдерге жүргізіледі:
* + барлығына
* көпбосанғандарға
* қайта босанушыға
* алғаш босанушыға
* анамнезінде нәрестенің туа пайда болған ақауы бар жүктілерге
194. Жүктіліктің екінші триместрінде, ультрадыбыстық скрининг келесіні анықтау үшін жүргізіледі:
* нәресте салмағын
* жүктілік мерзімін
* кіндік бауы патологиясын
* + нәресте дамуының ақауын
* нәрестенің жүрек соғысы жиілігі
195. Нәрестенің жүрек соғысын бағалаудың негізгі әдісі болып табылады:
* электрокардиография
* фонокардиография
* + кардиотокография
* допплерография
* сонография
196. 40 жастағы жүкті әйелде, бірінші ультрадыбыстық зерттеуінде, нәрестенің туа пайда болған даму ақауының эхографиялық көрінісі 11 аптада анықталды. Жүргізілетін іс-әрекет:
* 2 аптадан кейін ультра дбыстық зерттеуді қайталау
* +хорион бүрлерінің биопсиясы
* плацентоцентез
* кордоцентез
* амниоцентез
197. Алғаш жүкті әйел жүктіліктің 33 аптасында нәрестенің әлсіз қимылдауын байқады. Аускультацияда: нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет минутына. Нәрестенің жағдайын бағалауда ең ақпаратты әдіс:
* Нәрестенің тәуліктік қозғалысын есептеу
* Ультрадыбстық зерттеу
* Гормондық зерттеу
* +Кардиотокография
* Допплерография
198. Ана-плацента-нәресте жүйесіндегі гемодинамикалық бұзылыстарды анықтау үшін қолданылады:
* нәресте электрокардиографиясы
* нәресте фонокардиографиясы
* кардиотокография
* + допплерография
* сонография
199. Нәресте дамуының кідіруі диагностикасындағы рутиндік әдіс:
* КТГ
* биофизикалық тесттер
* + гравидограмманы жүргізу
* ультрадыбыстық биометрия
* кіндік бау артериясының допплерометриясы
200. Жүктіліктің мерзіміне сәйкес емес өзгерістер болған кезде нәресте дамуының кідіруінің ассимметриялық түрі анықталады:
* кеуде қуыс айналымы
* иық айналымы
* + іш айналымы
* омыртқа
* табан ұзындығы
201. Жүктіліктің мерзіміне сәйкес емес өзгерістер болған кезде нәресте дамуының кідіруінің симметриялық түрі анықталады:
* іш айналым өлшемінің азаюы
* кеуде қуыс өлшемінің азаюы
* барлық өлшемдердің пропорционалды көбеюі
* + барлық өлшемдердің пропорционалды азаюы
* барлық өлшемдердің пропорционалды емес азаюы
202. Гравидограммада, жүктіліктің мерзіміне нәресте салмағының сәйкестігі немесе сәйкес еместігі, келесі түрде көрсетіледі:
* математикалық формуламен
* схемалармен
* суреттермен
* таблицалармен
* + график түрінде
203. Жүктілік мерзімінде гравидограмманы жүргізу келесі өзгерістерді анықтау үшін қажет:
* көпсулықты
* + нәресте салмағының аз болуын
* ірі нәрестені
* көпнәрестелі жүктілікті
* нәрестенің дұрыс орналаспауын
204. Гравидограмма - келесі зерттеу әдісі болып табылады:
* жедел
* +скринингті
* биофизикалық
* қосымша
* инструменталды
205. Антенаталды кардитокография жүргізіледі:
* барлығына рутинді
* + көрсеткіші бойынша
* көпбосанушылыға
* қайтабосанушыға
* жүкті әйелдің қалауы бойынша
206. Жүктіліктің келесі мерзімінен бастап антенатальды кардитокография тек көрсеткіштері бойынша жүргізіледі (апта):
* 22
* 28
* + 32
* 36
* 40
207. Нәресте жағдайын тез бағалау және кардиотокография жүргізуге көрсеткіштердің бірі:
* +нәресте қимылының азаюы
* нәресте қимылының көбеюі
* ірі нәрестеге күмәнданғанда
* бірінші жүктілік
* жамбаспен жатуы
208. Нәрестенің жүрек соғысы жатырдың жиырылуына немесе нәрестенің жатырішілік қимылына жүрек жиырылуының жиілеуімен жауап береді, ол аталады:
* + акцелерация
* децелерация
* базальдыритм
* ерте децелерация
* базалді ритмнің толқуы
209. Акцелерация, децелерация, базальды ритм, базальды ритмнің толқуы – зерттеудің келесі түрінің сипаттамалары:
* УДЗ
* + КТГ
* амниоскопия
* гравидограмма
* допплерография
210. 10 минут ішінде және одан жоғары кезеңде өзгеріссіз сақталатын, КТГ-дағы нәресте жүрек соғысының орташа жиілігі аталады:
* акцелерация
* децелерация
* + базальды ритм
* ерте децелерация
* базальды ритм толқуы
211. Нәрестенің базальды ритмі қалыпты жағдайда бір минуттағы келесі жүрек соғу саны (рет):
* 60-100
* + 110-160
* 120-170
* 130-180
* 140-190
212. Базальды ритмнің толқуы – бұл келесі нәресте жүрек соғысы аралығындағы жиілігіктің кенеттен өзгеруі:
* кезеңді
* эпизодты
* + ұдайы
* кеш
* ерте
213. Кардиотокограммада, ұзақтығы 15 секунд және одан жоғары базальды ритммен салыстырғанда, жүрек ритмі 15 қағысқа және одан жоғарыға жиілеуді атайды:
* + акцелерация
* децелерация
* базалді ритм
* ерте децелерация
* базалды ритм толқуы
214. Кардиотокограммда акцелерацияның болуы, нәрестенің келесі компенсаторлық мүмкіншіліктерін көрсетеді:
* жаман
* +жақсы
* декомпенсация
* субкомпенсация
* қанағаттандандырарлықсыз
215. Кардиотокограммадағы нәресте жүрек соғысы жиілігінің 15 және оданда көп қағысқа, ұзақтығы 15 секунд және оданда жоғары сиреу эпизоды аталады:
* акцелерация
* + децелерация
* базалді ритм
* ерте децелерация
* базалді ритм толқуы
216. Кардиотокограммада децерелацияның келесі түрлерін ажыратады:
* біріншілік, екіншілік
* жедел, жеделдеу, созылмалы
* +ерте, кеш, вариабелді
* монотоннды, төменвариабелді, синусоидалді
* компенсирленген, субкомпенсирленген, декомпенсирленген
217. Кардиотокограммада кеш децелерация көрсетеді:
* ана-плацента-нәресте қан айналу жүйесіндегі қан айналым бұзылысының жоқтығын
* + ана-плацента-нәресте қан айналу жүйесіндегі қан айналым бұзылысын
* босануда нәресте басының қысылуын
* нәрестенің қалыпты жағдайын
* ірі нәресте болуын
218. Кардиотокограммадағы, ұзақтығы 1 минуттан жоғарыға созылған кеш децелерация болуы, келесі болжам белгі болып табылады:
* қанағаттанарлық
* + қанағаттанарлықсыз
* жағымды
* күмәнді
* жалған
219. Синцитиотрофобласт клеткалары, хориондық гонадотропинді, жүктіліктің келесі мерзімінде өндіре бастайды (апта):
* 1
* + 2
* 3
* 4
* 5
220. Резус теріс қанмен жүктілікте, антидененің келесі минимальды титрі амнион сұйықтығын зерттеуге көрсеткіш болып табылады:
* 1:2
* 1:4
* 1:16
* + 1:32
* 1:64
Репродуктивтік денсаулық. Репродуктивтік құқық. Сексуалды құқық. Жанұяны жоспарлау туралы түсінік. Контрацепция. Түсіктің алдын-алу.
221. Қазақстан Республикасында әйел және ерлер үшін де некелік жас құрайды:
* 16 жасты
* 17 жасты
* + 18 жасты
* 19 жасты
* 20 жасты
222. Әйелдердің өз келісімімен, жүктілікті медициналық көрсеткіші бойынша жүктіліктің келесі мерзіміне дейін үзіледі (апта):
* 12
* 16
* + 22
* 28
* 32
223. Артифициалық түсік – бұл әйелдің өз қалауымен жүктіліктің келесі мерзіміне дейін, жүктілікті үзу (апта):
* + 12
* 16
* 22
* 28
* 32
224. Артифициалдық түсік – бұл жүктілікті 12 аптаға дейін үзу:
* Медициналық көрсеткіш
* Әлеуметтік көрсеткіш
* + Әйелдің қалауымен
* Күйеуінің қалауымен
* Жұбайлардың өзара келісімімен
225. Қазақстан Республикасында ерікті хирургиялық стерилизация көрсетілген жастан жоғарғы жаста жасалуы мүмкін:
* 20 жаста баласы болмағанда
* 25 жаста 1 бала болғанда
* + 35 жаста 2 бала болғанда
* 30 жаста екі бала болғанда
* 25 жаста балалы болуға ынтасы болмағанда
226. Босану аралығында берілетін минимальды интергенетикалық интервал(жыл):
* 0,5
* 1
* + 2
* 3
* 4
227. Перль индексінің көмегімен контрацепцияның белгілі бір нәтижелілігі келесі көрсеткішпен бағаланады:
* маңыздылығы
* кемшілігі
* сенімділігі
* + нәтижесіздік коэффициенті
* нәтижелі коэффициенті
228. Кеш репродуктивтік жаста контрацепцияға қойылатын негізгі талаптар:
* нәрестеге және лактацияға әсерінің болмауы, сенімділігі
* сенімділігі, жыныс инфекциясыларынан қорғау және қайтымдылығы
* + минималды метаболикалық қауіп, сенімділігі
* тиімді және бағасы қол жетімді
* қолдану қарапайымдылығы, сенімділігі
229. Белсенді репродуктивтік жаста контрацепцияға қойылатын негізгі талаптар:
* минималды метаболикалық қауіп, сенімділігі
* нәрестеге және лактацияға әсерінің болмауы, сенімділігі
* сенімділігі, жыныс инфекциясыларынан қорғау және қайтымсыздығы
* + сенімділігі, жыныс инфекциясыларынан қорғау және қайтымдылығы
* қолдану қарапайымдылығы, қайтымдылығы, қолжетімділігі
230. Жасөспірім қыздарға қолданатын контрацепцияларға қойылатын негізгі талаптар:
* минималды метаболикалық қауіп, сенімділігі
* + сенімділігі, жыныс инфекциясыларынан қорғауы
* қолдану қарапайымдылығы, қайтымдылық
* тиімді және бағасы қол жетімді
* құпиялылық және қайтымдылық
231. Сексуалды белсенді жасөспірімдерге контрацепцияның ыңғайлы әдісі:
* жатырішілік серіппе және қосарланған оральді контрацепция
* + мүшеқап және қосарланған оральді контрацепция
* мүшеқап және жатырішілік серіппе
* мүшеқап және мини-пили
* спермицидтер және мүшеқап
232. Мүшеқапты қолдануға қарсы көрсеткіш:
* жыныс жолдарының қабыну аурулары
* жатыр мойнының фондық аурулары
* ретсіз менструалдық цикл
* қынаптың даму ақаулары
* + латекске аллергия
233. Биллинг әдісі төмендегіге негізделе отырып, фертилдік кезеңді анықтауға көмектеседі:
* + цервикалды өзек шырышының сипатының өзгерісі
* базалды температураның көтерілу уақытына
* күнтізбелік және цервикалды әдістің қосарлануына
* менструалдық циклінің бір жылдық ұзақтығына
* цервикалды және температуралық әдістің қосарлануына
234. Мүшеқап әсерінің механизмі:
* овуляцияны басуға
* жатыр түтігінің перистальтикасын күшейтеді
* сперманы әлсіретеді және бұзады
* эндометрийдің морфологиялық өзгерістері
* + жыныс жолдарына сперманың түсуін болдырмайды
235. Еркектік тосқауылдық контрацепцияларға жатады:
* қақпақша
* диафрагма
* + мүшеқап
* жатыр мойындық қалпақша
* контрацепциялық губка
236. Тосқауылдық контрацепция әдісінің кемшілігі:
* қолжетімділігі
* төмен бағасы
* + контрацепциялық нәтижелілігінің төмендігі
* ағзаға жүйелі әсерінің болмауы
* жыныс инфекцияларынан қорғауынің төмендігі
237. Контрацепцияның күнтізбелік әдісінде, фертилді кезеңнің басталуын анықтау үшін төмендегі ең қысқа менструалдық циклінен алып тастайды:
* 0,8
* 1,8
* 8,0
* + 18
* 28
238. Контрацепцияның күнтізбелік әдісінде, фертилді кезеңнің соңғы күнін анықтау үшін ең ұзақ менструалдық циклінен алып тасталады:
* 0,1
* 1,1
* +11
* 21
* 31
239. Мүшеқап үшін Перль индексі құрайды:
* 0,01-0,03
* 1,15-5,5
* 0,3-25
* + 12,5-20
* 20-50
240. Овуляциядан кейін базалді температураның көтерілуі, келесі гормонның гипертермиялық әсеріне байланысты:
* эстрадиолдың
* пролактиннің
* + прогестеронның
* лютеинизирлеушінің
* фолликулостимулдеушінің
241. Сперматозоидтардың ұрықтануға қабілеттілігі, әйел жыныс жолдарында келесі уақыт аралығында сақталады:
* 5-7 секунд
* 5-7 минут
* 5-7 сағат
* + 5-7 күн
* 5-7 апта
242. Овуляциядан кейін, аналық жасуша ұрықтану қабілетін келесі аралықта сақтайды:
* 24 секунд
* 24 минут
* + 24 сағат
* 24 күн
* 24 апта
243. Жатырішілік серіппені енгізу кезінде көбіне болатын асқыну:
* қабыну
* қан ағу
* серіппенің экспульсиясы
* + жатыр перфорациясы
* жатыр мойын жарақаты
244. Жатырішілік серіппені қолдану кезінде кездесетін асқыну:
* + экспульсия
* қынап жыртылуы
* жатыр перфорациясы
* жатыр мойны жыртылуы
* вазо-вагусты рефлекс (коллапс)
245. Жатырішілік серіппені алғаннан кейінгі кездесетін асқыну:
* вазо-вагусты рефлекс (коллапс)
* + созылмалы эндометрит
* жатыр мойны жарақаты
* жатыр перфорациясы
* экспульсия
246. Жатыр ішілік серіппені енгізуге абсолюттік қарсы көрсеткіш:
* + кіші жамбас ағзаларының қатерлі ісігі
* жыныс жүйесінің даму ақаулары
* жатыр мойны эрозиясы
* инфантилизм
* жатыр миомасы
247. Жатыр ішілік серіппені енгізуге салыстырмалы қарсы көрсеткіш:
* аналық без рагі
* жүктілік
* жедел гепатит
* жедел сальпингит
* + жатыр мойны эрозиясы
248. Жатырішілік серіппенің артықшылығының бірі:
* лактациияны күшейтуі
* жоғары Перль индексі
* жыныс инфекцияларынан қорғауы
* фертилдіктің қалыптасуына кедергісі
* + жүйелі метаболикалық әсерінің болмауы
249. Жатырішілік серіпппенің кемшіліктері:
* төмен Перль индексі
* жыныс қатысымен байланысы
* + көпмөлшердегі етеккір, аурусезімі
* жыныс қатынас алдындағы қынаптық манипуляциялар
* жатыр ішілік серіппені алғаннан кейінгі фертилдіктің тез қалыптасуы
250. Микромөлшердегі гормоналдық контрацепциядағы этинилэстрадиолдың концентрациясы құрайды (мкг/тәу):
* 5-10
* + 15-20
* 25-30
* 35-40.
* 45-50
251. Төмен мөлшердегі гормоналдық контрацепциядағы этинилэстрадиолдың концентрациясы құрайды (мкг/тәу):
* 10-15
* 20-25
* + 30-35
* 40-45
* 50-55
252. Жоғары дозадағы гормоналдық контрацепциядағы этинилэстрадиолдың концентрациясы құрайды (мкг/тәу):
* 20
* 30
* 40
* + 50
* 60
253. Қосарланған оральді контрацепцияны қолдану менструалдық циклінің келесі күнінен басталады:
* +1
* 5
* 14
* 20
* 21
254. Қосарланған оральді контрацепцияның әсерінің негізгі механизімі:
* жатырдың және жатыр түтікшелерінің жиырылуының күшеюі
* сперманың жатыр қуысына түсуіне кедергі жасау
* сперматозоидтардың белсендігін төмендету
* сперматозоидтарды жою
* + овуляцияны тежеу
255. Таза прогестинді контрацепция «Депо-Провердің» бір инъекциясының контрацепциялық әсерінің ұзақтығы құрайды (ай):
* 1
* 2
* + 3
* 4
* 5
256. Тек таза гестогенді шұғыл контрацепциялық препаратттарға жатады:
* Экслютон, Ярина
* + Эскапел, Постинор
* Новинет, Линдинет
* Регулон, Марвелон
* Прогинова, Экслютон
257. Жыныстық қатынастан кейінгі шұғыл контрацепцияның 1 жыл бойы қолдануда ұсынылатын ең аз жиілік (рет):
* +1-2
* 3-4
* 5-6
* 7-8
* 9-10
258. Ұрықтанған аналық жасуша жатыр қуысына келесі уақытта жетеді:
* 12 сағат
* 1 тәулік
* 2 тәулік
* + 3 тәулік
* 4 тәулік
259. Жыныстық қатынастан кейінгі шұғыл контрацепция әдісінің автор бойынша аталуы:
* + Юзпе
* Билинг
* Помероя
* Паркланда
* Огино-Кнаус
260. Жыныс қатынасы кезіндегі байқалатын ауру сезімі аталады:
* либидо
* оргазм
* эякуляция
* + диспареуния
* люмбрикация
261. «Жыныстық құштарлық» терминінің синонимін көрсет:
* коитус
* + либидо
* оргазм
* эякуляция
* люмбрикация
262. Сексуалды қозу кезіндегі қынаптағы ылғалдылық аталады:
* оргазм
* коитус
* либидо
* эякуляция
* + люмбрикация
263. «Ұрық бөліну» терминінің синонимін көрсет:
* коитус
* либидо
* оргазм
* +эякуляция
* люмбрикация
264. Тері асты «Норплант»импланттының максималды ұзақ әсері:
* 1 ай
* 1 жыл
* 3 жыл
* + 5 жыл
* 10 жыл
265. Хирургиялық стерилизацияның жіктелуі:
* + еркектік, әйелдік
* біріншілік, екіншілік
* қайтымды, қайтымсыз
* консервативтік, оперативтік
* гинекологиялық, андрологиялық
266. Экстракорпоралды ұрықтандыруда, эмбрионның көшірілуі жүргізіледі:
* қынапта
* +жатыр қуысында
* жатыр түтікшелерінде
* цервикалды өзекте
* қынап кіреберісінде
267. Жанұяны жоспарлаудың негізгі принципі:
* жаұяда бала тууды шектеу
* интергенетикалық интервалдың қысқаруы
* +қалаусыз жүктіліктің алдын-алу
* контрацепцияның қайтымсыз әдістерін енгізу
* репродуктивтік кезеңдегі сексуалдық тәрбие
268. Тері асты импланттардың түрі:
* ЕВРА
* Мирена
* + норплант
* Нова-ринг
* патентекс
269. Шұғыл контрацепция үшін қолданылатын препараттар:
* ярина, джесс
* новинет, регулон
* + эскапел, постинор
* экслютон, прогинова
* марвелон, мерсилон
270. Босанғаннан кейінгі алғашқы 6 айда тек ана сүтімен баласын емізетін әйелге келесі контрацепция қолайлы:
* +лактациялық аменорея
* жатырішілік контрацепция
* таза прогестинді контрацепция
* ерікті хирургиялық стерилизация
* қосарланған оральді контрацепция
271. Неғұрлым жоғары сенімділікке ие контрацепция:
* тосқауылдық
* күнтізбелік
* биологиялық
* жыныстық қатынасты үзу
* +гормондық контрацепция
272. Неғұрлым төменгі сенімділікке ие контрацепция:
* +спермицидтер
* мүшеқап
* хирургиялық стерилизация
* гормондық контрацепция
* жатырішілікконтрацепция
273. Келесі контрацепция жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардан қорғайды және контрацепциялық әсері нәтижелі:
* +мүшеқап
* биологиялық әдістер
* жыныстық қатынасты үзу
* гормондық контрацепция
* жатырішілік контрацепция
274. Лактация кезінде әйелге келесі контрацепция ұсынылмайды:
* жатырішілік контрацепция
* тосқауылдық әдістер
* таза прогестинді контрацепция
* +қосарланған оральді контрацепция
* лактациялық аменорея
275. Жатыр мойнының патологиялары бар әйелдерге келесі контрацепция қарсы көрсеткіш болып табылады:
* тосқауылдық
* гормондық
* биологиялық
* +жатырішілік
* жыныстық қатынысты үзу
276. Эректилді дисфункция кезінде келесі контрацепция қарсы көрсеткіш болып табылады:
* тосқауылдық
* гормондық
* биологиялық
* жатырішілік
* +жыныстық қатынысты үзу
277. Менструалдық циклы ретсіз әйелдерге келесі контрацепция қарсы көрсеткіш болып табылады:
* тосқауылдық
* гормондық
* +биологиялық
* жатырішілік
* жыныстық қатынысты үзу
278. 20 жастағы әйел, тұрмыста емес, 18 жастан сексуалды белсенді, жыныстық қатынаста айына 1-2 болады, контрацепцияның келесі әдісі тиімді:
* + мүшеқап
* мүшеқап + қосарланған оральді контрацепция
* шүғұл контрацепция
* төменгі мөлшерлі қосарланған оральді контрацепция
* жатырішілік контрацепция
279. 16 жастағы қыз бала, тұрмыста емес, 15 жастан сексуалды белсенді, жыныстық қатынаста аптасына 1-2 кездейсоқ жұппен болады, контрацепцияның келесі әдісі тиімді:
* мүшеқап
* + мүшеқап+ қосарланған оральді контрацепция
* шүғұл контрацепция
* төменгі мөлшерлі қосарланған оральді контрацепция
* жатырішілік контрацепция
280. 25 жастағы 2 баласы бар, тұрмыстағы әйелге контрацепцияның келесі әдісі тиімді болып табылады:
* қосарланған оральді контрацепция
* шұғыл контрацепция
* тосқауылдық әдіс
* +жатырішілік контрацепция
* ерікті хирургиялық стерилизация
281. 32 жастағы әйел, тұрмыста емес, 25 жастан сексуалды белсенді, жыныстық қатынаста айына 1-2 болады, контрацепцияның келесі әдісі тиімді:
* +мүшеқап
* мүшеқап+ қосарланған оральді контрацепция
* шұғыл контрацепция
* төмен мөлшерлі қосарланған оральді контрацепция
* жатырішілік контрацепция
282. 38 жастағы әйел, тұрмыста, 18 жастан сексуалды белсенді, 1 баласы бар, қант диабетімен диспансерлік есепте тұрады, қантамырлық асқынулармен, контацепцияның келесі әдісі тиімді:
* мүшеқап
* мүшеқап + қосарланған оральді контрацепция
* шұғыл контрацепция
* төмен мөлшерлі қосарланған оральді контрацепция
* +жатырішілік контрацепция
283. 35 жастағы тұрмыстағы әйел, 3 баласы бар, аяқ көктамырларының варикозды кеңеюімен диспансерлік есепте тұрады, келесі контрацепция қарсы көрсеткіш болып табылады:
* тосқауылдық әдіс
* жатырішілік контрацепция
* таза прогестинді контрацепциялар
* ерікті хирургиялық стерилизация
* + қосарланған оральді контрацепция
284. 25 жастағы никотинге тәуелді (күніне 10-15 шылым шегетін) әйелге контрацепция қарсы көрсеткіш болады:
* мүшеқап
* жыныстық қатынасты үзу
* шұғыл контрацепция
* жатырішілік контрацепция
* + қосарланағна оральді контрацепция
285. Психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын науқасқа контрацепцияның келесі түрі тағайындалады:
* тосқауылдық
* химиялық
* гормондық
* симпто-термальды
* +жатырішілік серіппе
286. Әйел 29 жаста, 3 ай бұрын жатырдан тыс жүктілікке байланысты тубэктомия жасалған. Контрацепцияның қолайлы әдісі:
* тосқауылдық
* химиялық
* х ирургиялық
* +гормондық
* жатырішілік серіппе
Жүктілік физиологиясы. Жүктілік кезінде әйел ағзасындағы өзгерістер. Жүктілік диагностикасы. Жүкті әйелді зерттеу әдістері.
287. Адам дамуының эмбриондық кезеңі жүктіліктің келесі аптасында аяқталады:
* +5-6-шы
* 7-8-ші
* 9-10шы
* 11-12шы
* 13-14-ші
288. Адам дамуының феталдық (ұрықтық) кезеңі жүктіліктің келесі аптасында басталады:
* 5-6-шы
* +7-8-ші
* 9-10 шы
* 11-12-шы
* 13-14-ші
289. Ұрық дамуындағы бірінші қауіпті кезең болып табылады:
* плацентация
* ұрықтану
* ұрықтанған аналық жұмыртқа жасушасының тасымалы
* +имплантация алды және имплантация сатысы
* ұрықтың жүйелері мен мүшелерінің дамуы, плацентаның қалыптасуы
290. Ұрық дамуындағы екінші қауіпті кезең болып табылады:
* плацентация
* ұрықтану
* ұрықтанған аналық жұмыртқа жасушасының тасымалы
* имплантация алды сатысы
* +ұрықтың жүйелер мен мүшелердің дамуы, плацентаның қалыптасуы
291. Жүктілікте иммунологиялық тесттер анықтауға негізделеді:
* эстрогенді
* прогестеронды
* плацентарлы лактогенді
* лютеиндеуші гормонды
* + адамды хорионды гонадотропинді
292. Қан сарысуында хорион гонадотропинінің максимальді деңгейі жүктіліктің келесі мерзімдерінде байқалады (апта):
* 5-7
* + 8-10
* 11-13
* 14-16
* 17-19
293. Егер соңғы етеккірінің 1-ші күні 10 қаңтар болған жағдайда, Негель формуласы бойынша босанудың болжамалы күні:
* 3 қазан
* 10 қазан
* +17 қазан
* 24қазан
* 10 қыркүйек
294. Жүкті әйелдің соңғы етеккірінің 1күні - 10 қаңтар айы. 40 апталық жүктіліктің болжамалы босану күні «толық айдың алғашқы аптасын нөлмен» есептегенде:
* 10 қараша
* 3 қазан
* 17 қазан
* + 24 қазан
* 10 қыркүйек
295. Соңғы етеккірдің алғашқы күні бойынша жүктіліктің мерзімі мен болжамалы босану күнін нақты қоюға, келесі зерттеудің нәтижесі дәлелдейді:
* овуляция бойынша
* +жатырды ультрадыбысты зерттеу
* нәрестенің қимылы бойынша
* жатыр түбінің биіктігі
* қынап-құрсаққабырғасы арқылы бимануальды тексеру
296. Босанудың болжама күні мен жүктілік мерзімін анықтайтын еңнақты әдіс болып табылады:
* дәрігерге бірінші рет қаралғандағы жатыр көлемі
* + бірінші триместрде жатырды ультрадыбысты зерттеу
* екінші триместрде жатырды ультрадыбысты зерттеу
* үшінші триместрде жатырды ультрадыбысты зерттеу
* соңғы етеккір күні
297. ҚР клиникалық хаттамасынасәйкес (2013), бірінші ультрадыбыстық зерттеу жүктіліктің келесі мерзімінде жүргізіледі (апта):
* 2-5
* 6-9
* +10-14
* 15-19
* 20-24
298. ҚР клиникалық хаттамасына сәйкес (2013), екінші ультрадыбыстық зерттеу жүктіліктің келесі мерзімінде жүргізіледі (апта):
* 2-5
* 6-9
* 10-14
* + 18-20
* 20-24
299. Егер соңғы етеккір күні мен ультрадыбысты зерттеу қортындысы бойынша, 1-триместрде 5 күн немесе 2- триместрде 10 күн айырмашылық болса, босану күнін анықтауда келесі мәліметтің артықшылығы басым:
* жатыр түбінің биіктігі
* +жатырды ультрадыбысты зерттеу
* овуляция
* нәресте қимылы
* соңғы етеккірдің бірінші күні
300. Жатыр түбінің биіктігі қасағаның жоғары қыры деңгейінде болса, жүктіліктің келесі мерзіміне сәйкес келеді(апта):
* 6
* 8
* 10
* +12
* 14
301. Жүктіліктің 12 аптасында жатыр түбінің биіктік деңгейі:
* кіндік деңгейінде
* семсер тәрізді өсінді деңгейінде
* +қасағаның жоғарғы қыры деңгейінде
* кіндік және қасаға арасындағы қашықтықтың ортасында
* кіндік және семсер тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасында
302. Жатыр түбінің биіктігі кіндік пен қаса арасындағы қашықтық ортасында болса, жүктіліктің келесі мерзіміне сәйкес келеді (апта):
* 12
* +16
* 20
* 24
* 28
303. Жүктіліктің 16 аптасында жатыр түбінің биіктік деңгейі:
* кіндік деңгейінде
* семсер тәрізді өсінді деңгейінде
* +кіндік және қасаға арасындағы қашықтықтың ортасында
* семсер тәрізді өсіндіден 2 көлденен саусақ төмен
* кіндік және семсер тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасында
304. Жүктіліктің 24 аптасында жатыр түбінің биіктік деңгейі:
* +кіндік деңгейінде
* семсер тәрізді өсінді деңгейінде
* кіндік және қасаға арасындағы қашықтықтың ортасында
* семсер тәрізді өсіндіден 2 көлденен саусақ төмен
* кіндік және семсер тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасында
305. Жатыр түбінің биіктігі кіндік деңгейінде болса, жүктіліктің келесі мерзіміне сәйкес келеді (апта):
* 12
* 16
* 20
* +24
* 28
306. Жүктіліктің 28 аптасында жатыр түбінің биіктік деңгейі:
* кіндік деңгейінде
* семсер тәрізді өсінді деңгейінде
* +кіндіктен 2-3 көлденен саусақ жоғары
* кіндік және қасаға арасындағы қашықтықтың ортасында
* кіндік және семсер тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасында
307. Жатыр түбінің биіктігі кіндіктен2-3көлденен саусақ жоғары орналасса, жүктілік мерзімі сәйкес келеді (апта):
* 12
* 16
* 20
* 24
* +28
308. Жүктіліктің 32 аптасында жатыр түбінің биіктік деңгейі:
* кіндік деңгейінде
* семсер тәрізді өсінді деңгейінде
* кіндік және қасаға арасындағы қашықтықтың ортасында
* семсер тәрізді өсіндіден 2 көлденен саусақ төмен
* +кіндік және семсер тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасында
309. Жатыр түбінің биіктігі кіндік және семсер тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасында болса, жүктілік мерзімі сәйкес келеді (апта):
* 20
* 24
* 28
* +32
* 36
310. Жүктіліктің 36 аптасында жатыр түбінің биіктік деңгейі:
* кіндік деңгейінде
* + семсер тәрізді өсінді деңгейінде
* кіндік және қасаға арасындағы қашықтықтың ортасында
* семсер тәрізді өсіндіден 2 көлденен саусақ төмен
* кіндік және семсер тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасында
311. Жатыр түбінің биіктігі семсер тәрізді өсінді деңгейінде болса, жүктіліктің келесі мерзіміне сәйкес келеді (апта):
* 24
* 28
* 32
* + 36
* 40
312. Жүктіліктің 40 аптасында жатыр түбінің биіктік деңгейі:
* кіндік деңгейінде
* семсер тәрізді өсінді деңгейінде
* кіндік және қасаға арасындағы қашықтықтың ортасында
* семсер тәрізді өсіндіден 2 көлденен саусақ төмен
* + кіндік және семсер тәрізді өсіндінің арасындағы қашықтықтың ортасы
313. Акушерлік стетоскоппен ұрықтың жүрек тондарын жүктіліктің келесі мерзімінде тыңдауға болады(апта):
* 16
* +20
* 24
* 28
* 25
314. Жүкті әйелді бимануальды зерттеу кезінде жатырдың бір бұрышыныныңкүмбез тәрізді томпаюы түріндегі асимметриясы аталатын белгі:
* Гентер
* Снегирев
* +Пискачек
* Горвиц–Гегар
* Губарев пен Гаус
315. Жүкті әйелді бимануальды қынап-құрсаққабырғалық зерттеу кезінде анықталатын,жүктіліктің ерте мерзімінде жатырдың асемметриясына алып келеді:
* бір ұрықтық жүктілік
* көпұрықтық жүктілік
* +ұрық жасушасының имплантациясы
* хорион бүрлерінің жатуы
* жатырдан тыс жүктілік
316. Жүктіліктің ерте мерзімінде бимануальды зерттеу кезінде жатырдың консистенциясының, әсіресе мойыншық аймағында айқын жұмсаруы, аталатын белгі:
* Гентер
* Снегирев
* Пискачек
* + Горвиц–Гегар
* Губарев пен Гаус
317. Жүктіліктің ерте мерзімінде бимануальды зерттеу кезінде мойыншықтың жұмсаруы салдарынан жатырдың алға қарай қатты иілуімен, ортаңғы сызық бойынша жатырдың алдыңғы бетінің айдар тәрізді қалыңдауы, аталатын белгі:
* + Гентер
* Снегирев
* Пискачек
* Горвиц – Гегар
* Губарев пен Гаус
318. Жүктіліктің ерте мерзімінде бимануальды зерттеу кезінде механикалық тітіркену салдарынан жүкті жатырдың қатаюы және жиырылуы,аталатын белгі:
* Гентер
* +Снегирев
* Пискачек
* Горвиц – Гегар
* Губарев и Гаус
319. Жүктіліктің ерте мерзімінде бимануальды зерттеу кезінде мойыншықтың аса жұмсаруы салдарынан жатыр мойнының жеңіл қозғалғыштығы, аталатын белгі:
* Гентер
* Снегирев
* Пискачек
* Горвиц – Гегар
* + Губарев пен Гаус
320. Жүктіліктің ерте мерзімінде бимануальды зерттеу кезінде анықталатын жатыр асимметриясы, жүктіліктің келесі мерзімінде болмайды (апта):
* 8
* 10
* +12
* 14
* 16
321. Жүктіліктің 2-ші жартысында және босану кезінде жүргізілетін акушерлік зерттеу әдісдерінің бірі болып табылады:
* жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияға тексеру
* адамның хорионды гонадотропинінанықтау
* дене салмағының индексін анықтау
* жамбас рентгенографиясы
* + іш пальпациясы
322. Жүктіліктің 2-ші жартысында және босану кезінде жүргізілетін акушерлік зерттеу әдісдерінің бірі болып табылады:
* жамбас рентгенографиясы
* дене салмағының индексін анықтау
* + ұрық жүрек соғысын тыңдау
* адамның хорионды гонадотропинінанықтау
* жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияға тексеру
323. Босану кезінде жүргізілетін акушерлік зерттеу әдісдерінің бірі болып табылады:
* амниоскопия
* адамның хорионды гонадотропинінанықтау
* жамбас рентгенографиясы
* жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияға тексеру
* + қынаптық зерттеу
324. Босану кезінде жүргізілетін акушерлік зерттеу әдісдерінің бірі болып табылады:
* амниоскопия
* допплерография
* жамбас рентгенографиясы
* +нәресте кардиотокографиясы
* нәрестенің биофизикалық профилі
325. Сыртқы акушерлік тексеруге (Леопольд-Левицкий) жататын тәсілсаны:
* 1
* 2
* 3
* + 4
* 5
326. Суретте Леопольд тәсілінің келесі әдісі көрсетілген:
* 1
* 2
* 3
* + 4
* 2-3
327. Суретте Леопольд тәсілінің төртінші әдісі көрсетілген, ол нәресте басының келесіге қатынасын анықтайды:
* +Кіші жамбас кіреберіс жазықтығына
* Мықын сүйектеріне
* Отырықшы сүйектеріне
* Симфизге
* Сегізкөзге
328. Суретте Леопольд тәсілінің төртінші әдісі көрсетілген, ол кіші жамбас кіреберіс жазықтықтығының келесіге қатынасын анықтайды:
* +Басына
* Ішіне
* Арқасына
* Жамбасына
* Аяғына
329. Жүкті әйелдердің ішін сыртқы акушерлік тексеруде қолданылатын тәсіл аталады:
* Снегирев
* Пискачек
* Горвиц – Гегар
* Губарев пен Гаус
* +Леопольд-Левицкий
330. Леопольд – Левицкий әдісінің бірінші тәсілінің мақсаты, анықтау болып табылады:
* кіші жамбас кіреберіс жазықтығына нәрестенің жатқан бөлігінің қатынасын
* жатырдың латералды бөліктерінде орналасқан нәресте мүшелерін
* нәрестенің орналасуын,позициясын және түрін
* +жатыр түбінің тұру биіктігін
* нәрестенің жатқан бөлігін
331. Леопольд – Левицкий әдісінің бірінші тәсілінің мақсатының бірі, анықтау болып табылады:
* кіші жамбас кіреберіс жазықтығына нәрестенің жатқан бөлігінің қатынасы
* жатырдың латералды бөліктерінде орналасқан нәресте мүшелері
* +жатыр түбінде жатқан нәресте мүшесі
* нәрестенің орналасуын,позициясын және түрін
* нәресте жатқан бөлігін
332. Леопольд – Левицкий әдісінің екінші тәсілінің мақсаты, анықтау болып табылады:
* кіші жамбас кіреберіс жазықтығына нәрестенің жатқан бөлігінің қатынасы
* жатырдың латералды бөліктерінде орналасқан нәресте мүшесін
* жатыр түбінде жатқан нәресте мүшесін
* +нәрестенің орналасуын,позициясын және түрін
* нәресте жатқан бөлігін
333. Леопольд – Левицкий әдісінің үшінші тәсілінің мақсаты, анықтау болып табылаы:
* кіші жамбас кіреберіс жазықтығына нәрестенің жатқан бөлігінің қатынасы
* жатыр түбінде жатқан нәресте мүшесін
* нәрестенің орналасуын,позициясын және түрін
* +нәресте жатқан бөлігін
* жатырдың латеральды бөліктерінде орналасқан нәресте мүшесін
334. Леопольд – Левицкий әдісінің төртінші тәсілінің мақсаты, анықтау болып табылады:
* +кіші жамбас кіреберіс жазықтығына нәрестенің жатқан бөлігінің қатынасы
* жатырдың латеральды бөліктерінде орналасқан нәресте мүшесін
* жатыр түбінде жатқан нәресте мүшесін
* нәрестенің орналасуын,позициясын және түрін
* нәресте жатқан бөлігін
335. Жүктіліктің келесі белгілерін ажыратады:
* біріншілік, екіншілік
* айқын, шынайы, жалған
* ерте, аралық, кеш
* +күмәнді, күмәнсіз, нақты
* клиникалық, лабораторлық, аспаптық
336. Диагональды конъюгатаның өлшем негізінде есептеуге болады:
* +шынайы конъюгатаны
* сыртқы конъюгатаны
* жамбас қуысының шығаберіс жазықтығының тік өлшемін
* кіші жамбас қуысының тар бөлігінің тік өлшемін
* кіші жамбас қуысының кең бөлігінің тік өлшемін
337. Жүктіліктің күмәнсіз белгілеріне жатады:
* іштің ақ сызығы бойымен тері пигментациясы
* кіші дәреттің жиілеуі
* іш көлемінің ұлғаюы
* + жатырдың үлкеюі
* нәресте қозғалуы
338. Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатады:
* етеккірдің тоқтауы
* +лоқсу, таңертеңгі құсу, тәбетінің өзгеруі
* сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы
* қынаппен жатыр мойынының шырышты қабатының көгеруі
* жатырдың консистенциясы мен пішінінің және көлеменің өзгеруі.
339. Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатады:
* +иіс сезудін өзгеруі
* етеккірдің тоқтауы
* сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы
* қынаппен жатыр мойынының шырышты қабатының көгеруі
* жатырдың консистенциясы мен пішінің және көлеменің өзгеруі.
340. Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатады:
* етеккірдің тоқтауы
* қынаппен жатыр мойынының шырышты қабатының көгеруі
* сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы
* жатырдың консистенциясы мен пішінің және көлеменің өзгеруі.
* +шаршағыштық,ұйқышылдық, ашуланшақтық, көңіл –күйдің тұрақсыздығы
341. Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатады:
* + бетте, іштің ақ сызығы бойымен, емізікшелер аймағында пигментацияның болуы
* жатырдың консистенциясы мен пішінінің және көлеменің өзгеруі.
* сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы
* қынаппен жатыр мойынының шырышты қабатының көгеруі
* етеккірдің тоқтауы
342. Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатады:
* + кіші дәреттің жиілеуі
* етеккірдің тоқтауы
* сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы
* қынаппен жатыр мойынының шырышты қабатының көгеруі
* жатырдың консистенциясы мен пішінінің және көлеменің өзгеруі.
343. Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатады:
* +іш көлемінің ұлғаюы, сүт бездерінің қатаюын сезу
* сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы
* жатырдың консистенциясы мен пішінінің және көлеменің өзгеруі.
* қынаппен жатыр мойынының шырышты қабатының көгеруі
* етеккірдің тоқтауы
344. Жүктіліктің күмәнсіз белгілеріне жатады:
* иіс сезудін өзгеруі
* лоқсу, таңертеңгі құсу, тәбетінің өзгеруі
* бетте, іштің ақ сызығы бойымен, емізікшелер аймағында пигментацияның болуы
* шаршағыштық,ұйқышылдық, ашуланшақтық, көңіл –күйдің тұрақсыздығы
* +репродуктивті жастағы дені сау әйелдің етеккірінің тоқтауы
345. Жүктіліктің күмәнсіз белгілеріне жатады:
* иіс сезудін өзгеруі
* лоқсу, таңертеңгі құсу, тәбетінің өзгеруі
* +сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы
* бетте, іштің ақ сызығы бойымен, емізікшелер аймағында пигментацияның болуы
* шаршағыштық,ұйқышылдық, ашуланшақтық, көңіл –күйдің тұрақсыздығы
346. Жүктіліктің күмәнсіз белгілеріне жатады:
* шаршағыштық, ұйқышылдық, ашуланшақтық, көңіл –күйдің тұрақсыздығы
* бетте, іштің ақ сызығы бойымен, емізікшелер аймағында пигментацияның болуы
* лоқсу, таңертеңгі құсу, тәбетінің өзгеруі
* +жатырдың консистенциясы мен пішінінің және көлеменің өзгеруі
* иіс сезудін өзгеруі
347. Жүктіліктің нақты белгілеріне жатады:
* +нәресте мүшелерін анықтау
* лоқсу, таңертеңгі құсу, тәбетінің өзгеруі
* жатырдың консистенциясы мен пішінінің және көлеменің өзгеруі.
* бетте, іштің ақ сызығы бойымен, емізікшелер аймағында пигментацияның болуы
* шаршағыштық,ұйқышылдық, ашуланшақтық, көңіл –күйдің тұрақсыздығы
348. Жүктіліктің нақты белгілеріне жатады:
* шаршағыштық,ұйқышылдық, ашуланшақтық,көңіл –күйдің тұрақсыздығы
* бетте, іштің ақ сызығы бойымен, емізікшелер аймағында пигментацияның болуы
* жатырдың консистенциясы мен пішінінің және көлеменің өзгеруі.
* лоқсу, таңертеңгі құсу, тәбетінің өзгеруі
* +дәрігермен анықталған нәрестенің қозғалауы
349. Жүктіліктің нақты белгілеріне жатады:
* +нәрестенің жүрек тондарын тыңдау
* лоқсу, таңертеңгі құсу, тәбетінің өзгеруі
* жатырдың консистенциясы мен пішінінің және көлеменің өзгеруі.
* бетте, іштің ақ сызығы бойымен, емізікшелер аймағында пигментацияның болуы
* шаршағыштық,ұйқышылдық, ашуланшақтық, көңіл –күйдің тұрақсыздығы
350. Жүктіліктің келесі белгілері болғанда, жүктілік диагнозы нақты қойылады :
* күмәнсіз бір белгісі
* +нақты бір белгісі
* нақты екі белгісі
* бір күмәнді және екі күмәнсіз белгісі
* бір күмәнді, күмәнсіз және нақты белгілері
351. Жүкті әйелдің субъективті сезімімен және ағзадағы соматикалық өзгерістердің болуымен жүретін жүктілік белгілеріне жатады:
* күмәнді
* нақты
* + күмәнсіз
* шынайы
* жалған
352. Репродуктивті жүйе мүшелерін объективті зерттеу кезінде анықталатын жүктілік белгісіне жатады:
* + күмәнді
* нақты
* күмәнсіз
* шынайы
* жалған
353. Жүктілікті обьективті тексеру кезінде, жатырда ұрықтың анықталуына жататын белгі:
* күмәнді
* +нақты
* күмәнсіз
* шынайы
* жалған
354. Жүктіліктің ерте мерзімінде анықталатын жүктіліктің Горвиц-Гегар белгісі –бұл:
* жатыр асимметриясы
* +жатыр мойны аймағында жұмсаруы
* жатыр консистенциясының жеңіл өзгергіштігі
* жатыр мойыны мен қынаптың шырышты қабатының көгеруі
* жатырдың алдыңғы бетінің айдар тәрізді қалындауы
355. Жүктіліктің ерте мерзімінде анықталатын жүктіліктің Снегирев белгісі-бұл:
* жатыр асимметриясы
* жатыр мойын аймағында жұмсаруы
* + жатыр консистенциясының жеңіл өзгергіштігі
* *жатыр мойыны мен қынаптың шырышты қабатының көгеруі
* жатырдың алдыңғы бетінің айдар тәрізді қалындауы