Балалардың қоректенуінің созылмалы бұзылысы
(Г.И. Зайцева және басқалар, 1977).
Дене салмағының ұзындығының қатынасына байланысты дистрофияның түрі (типі) | Дистрофияның пайда болуы мерзіміне байланысты топтар | Экзогенді | Эндогенді | Ауырлық дәрежесі | Кезеңі | |||
1. Гипотрофия (салмағы және ұзындығының қалыс қалуы) | Пренаталдық постнаталдық | 1. Тамаққа байланысты (алиментарлы) | Дене бітімінің (конс Титу ция-сы ның аномалиясы) | Туа болған зат алмасу бұзылыстары | Эндокрин дің және нейроэндокриндік бұзы лыстары | Даму ақау лары | ||
2. Гипостатура (дене салмағының және ұзындығының және тепе-тең қалыс қалуы) | аралас | 2. Инфек-циялық 3.Уыттық жағым сыз жағ-дайлардың әсері-нен (тұр-мыстық, ережелік, тәрбиелік) пайда болады. | Экссудатив ті ка-таралды диа-тез лим-фатикалық диатезНерв ті-арт-ритикалық диатез Айыршық бездің гиперплазиясы | 1. Амин қышқылдарының: а) фенил- кетону рия б) цисти-нурия в) цисти- ноз г)үйеңкі сиропы ауруы 2. Көмір-сулардың: а)глико-геноз(Гир -ко ау-руы) б) Галак- тоземия және бас-қалар 3. Майлы ксантоматоз | Гипо-териоз Андреноге-ниталды синд-ром Диэн-цефалды (орта-лық ми синд- ромы Гипо-физарлық на-низм | ОЖЖ және басқа жүйелердің ақаулары (жүрек, тамыр, асқазан-ішек жолы, өт жолдарының атрезиясы және басқа-лар) | І ІІ ІІ | Бастапқы Үдемелі Тұрақ тау сауы-ғу (реконвалеценция) |
Диагноз үлгісі: ІІ дәрежелі постаналдық гипотрофия, элиментарлы-инфекциялы себепті, сауығу кезеңі.
Алиментарлы-инфекциялы, постанталдық (жүре біткен) ІІ дәрежелі гипотрофия, сауығу кезеңі.
ГИПОТРОФИЯНЫ ЕМДЕУ
Гипотрофияны емдеу өте қиын мәселе, патогенетикалық және өзіндік көзөарасты қатаң сақтауды талап етеді.
І-дәрежелі гипотрофияны емдеу көп күшті қажет етпейді. Асқазан ішек жолының тамаққа шыдамдылығы (толеранттылығы) қанағаттанарлық болып келеді. Осыған орай балаға мөлшері және сапасы жасына сай тамақ беруге болады. Тек кейбір жағдайларда ғана 2-3 күн тамаққа шыдамдылығын тексеру тәсілін қолдану қажеттілігі туады. Бұндай жағдайда тәуліктік тамақтандыру жиілігін 2 ретке жиілету қажет болады.
І-дәрежелі гипотрофиямен ауыратын науқастарды үйде емдеуге болады. Санитарлы-гигиеналық ережені қалыптастырып. Таза ауада болу, ұыйқтау, белсенді болу кезеңін, қыдыру, массаж, емдік дене тәрбиесін, жуындыру, шомылдыру және басқа шаралардың уақытында істеліп отыруын қатаң қадағалау керек.
І-дәрежелі гипотрофияда тағам мөлшерінің, белоктың, көмірсулардың, калорияның тәуліктік мұқтаждығы физиологиялық көлемді тиісті салмағына алмай, орта салмаққа (тиісті+қазіргі салмағы) немесе шамаланған тиісті салмағына қазіргі салмағы + қазіргі салмағының 20% есептелінеді. Тамақтану жилігі жасына сәйкес болады немесе сиректеу, тек өте қажет болған жағдайда ғана 1-2 ретке жиілетіледі. Тамақтық заттардың жепіспейтін бөлігі тамақтандыру түріне байланысты толықтырады. Жеміс-жидек шырындары, үгінділері және басқа толықтыру тағамдары 1 ай бұрын беріледі.
Тағамда белок жетіспейтін болса, белокқа бай ащы қоспалармен, сүзбе мен, сүттен жасалған белокты энпитпен толықтырады. Көмірсулар жетіспейтін болса, қант сиропымен, шырындармен, қосымша ботқалармен толықтырылады. Май жетіспегенде жаңа қаймақпен, өсімдік майымен толықтырылады, майдың жетіспейтін мөлшерін толықтыру үлкен сақтықпен жүргізілу керек, өйткені функциялары бұзылысқа ұшыраған мүшелер мен ткандерде майды қорыту өте қиын жүреді де, бұзылыстарын ұлғайтып жіберуі мүмкін.
Дәрі – дәрмектерден пепсин қосылған тұз қышқылының 1-2 процентік ерітіндісі (жасанды қоспалармен тамақтандырғанда) фестал 0,01-0,015 г., В6-0,001-0,02 г, В15-0,025-0,05 г. витаминдері, никотин қышқылы (10-20 мг тәулігіне), аскорбин қышқылы (тәулігіне 200-300 мг) сияқты дәрілер азайған мөлшерін толықтыру үшін (ас қорытуды қалпына келтіру үшін) беріледі. Кейде бала іші кеуін мазасызданғанда ішіне жылы басады, аскөк, сәбіз суын береді.
І сатысы – тамаққа шыдамдылығын тексеру кезеңі. Бастапқыда (3-5 күн бойына) ас мөлшерін азайтып, асқазанға демалуға мүмкіншілік береді және азайған ферменттік мүмкіншілігінің аз мөлшерде берілген тамақты қорытуына жағдай жасалады. Содан соң біртіндеп тамақ мөлшерін көбейтіп, тиісті көлеміне жеткізеді.
ІІ сатысы – үдетіп (артық) тамақтандыру кезеңі. Бірден және ерте түсірілген салмақ асқазан-ішек жолының қызметінің тез арада бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін, сондықтан тамақ мөлшерін арттыру өте жайлап біртіндеп жүргізілуі керек.
ІІ дәрежелі гипотрофияда тамақ мөлшері, көмірсулар, белок, калорияға мұқтаждығы шамаланған тиісті салмағына немесе орта салмаққа, ал май қазіргі салмаққа есептелінеді.
ІІІ дәрежелі гипотрофияда барлық мұқтаждықтар қазіргі салмағына есептелінеді. Сонымен қатар, айқын білінетін гипотрофияларда, әсіресе токсикоз айқын білінгенде, бұл диеталық ем, міндетті түрде токсикозға қарсы жүргізілген еммен қатар жүруі керек.
Диеталық емдеу ең бір қиын мәселе – ол организмнің майға мұқтаждығын қанағаттандыру, өйткені гипотрофияда науқастың майға сезімталдығы артады да, оны қорыту қиындайды. Сонымен бірге майдың иммундық құрылыстық, процестерге қатысатындығы, белоктың, минералдық тұздардың, витаминдердің пайдаланылуына әсері бар екені белгілі. Сондықтан майға мұқтаждығын толықтыруға өте сақ бола отырып, мұқтаждықты қазіргі салмағына есептеу керек. Тағы бір көңіл аударатын мәселе – ол май, белок және көмірсулардың бір-біріне қарым-қатынасы. Ол көрсеткіш табиғи тамақтандыруда 1:3:6, аралас және жасанды қоспалармен тамақтандыруда 1:1,5:3,5 болуы керек.
Бастапқы науқастың жағдайына байланысты, асқазанды демалдыру үшін, 5-7 күн бойы тек қана емшек сүтін береді. Емшек сүті жоқ болғанда, айранның сұйытылған (В-айран) немесе майсыздандырылған түрлері қолданылады. Негізінде бейімделген қоспалардың ащы түрлерін қолданған дұрыс. Бұл кезеңде тамақтың мөлшері тиісті көлемінің 1/3 ½ немесе 2/3 бөлігіне тең болуы мүмкін (Г.И. Зайцеваның схемасын қараңыз). Қалған бөлігі сусындармен (күріш қайнатпасы. Рингер ерітіндісі, глюкозаның 5 проценттік ертіндісі сұйық шәй және т.б.) толықтырылады. Ал негізгі тамақтық заттардың жетіспейтіні венаға тиісті ертінділер жіберу арқылы толықтырылады.
Тәулік бойынша тамақтандыру жиілігі науқастың жағдайына байланысты 7-10 ретке дейін созылады. Күніне 10 рет тамақтандырғанда 20-30 мл-ден бастап, біртіндеп күн сайын тамақтандыруға 10 мл-ден қосып, 50 мл-ге жеткізеді. Содан соң тамақтандырудың санынң азайтып, көлемін көбейтеді.
ІІ-ІІІ дәрежелі гипотрофияда артып (үдетіп) тамақтандыру кезеңінде белок, көмірсулар, калория тиісті салмағына, ал май қазіргі салмағына есептелінеді.
Негізгі тағамдық заттардың және калорияның жетіспеушілігі, науқас тамақтың толық көлемін ішіп, оған үйренгеннен кейін толықтырылады. Қосымша тағамдар, жетіспейтін тағамдық заттарды толықтыру үшін берілген тағамдарға толық үйренгеннен кейін беріледі. Жүргізілген диеталық емнің дұрыстығын салмақ қосу қисығының (графигінің) сипаттамасына және нәжісінің жағдайына қарай бағалайды. Кез келген салмақтық қисықтықтарда салмақтың көтерілуі, бір деңгейде тұруы және төмендеуі анықталуы керек. Салмақтың өзгеруі, үзіліссіз өсуі тұну және сіңіру процестерінің тепе-теңдігін көрестіп, ішкен тағамның дұрыс сіңірілетінің білдіреді. Санымен қатар, көтерілуі ұзақтығы сіңірілу энергиясының жетіспеушілігіне байланысты үзіліссіз көтерілу кішкене көтерілумен, тіптен уақытқа салмақ қосуға энергия жинау үшін қажет. Осы құбылыстар нәтижесінде пайда болған саты тәріздес салмақ қисықтықтары тұну және сіңіру процестерінің сәйкестігін және сіңірілу жнергиясының әлсіздену жылдамдығын көрсетеді.
Салмақ қисығының толқын тәрізді түрі организмнің тағамдық заттарды толық бекіткен жинақтау мүмкіншілігін көрсетіп, тұну процесінің бір жақты қоздырылғаның және зорланғаның дәлелдейді. Егер көтерілу элементтері биік, бірақ аз болса, тұну процесінің энергиясының әлсіреуі мен интенсивтенуін (үдеуін) дәлелдейді. Ал көтерілу элементтері төмен болса, тұну процесінің әлсіз екенін көрсетеді. Салмақ қосу қисығының толқын тәрізді түрі диеталық емді қайта қарауды талап етеді.
Одан өрі тамақтандыруды үдетіп, дені сау құрдастарын қуып жеткенше белок, май, көмірсулар физиологиялық мұқтаждықтан артық беріледі.
Гипотрофияның ауыр, әсіресе токсикоз байқалған жағдайларында, дезинтоксикациялау және парентералдық тамақтандыру үшін венаға плазма 10 мл/кг, альбумин 10 мл/кг, липофундин 5-10 мл/кг, гемодез дисоль, ацесоль, реополингюкин 10 мл/кг, глюкозаның 10 % ерітіндісін. Рингер ертіндісін, физиологиялық ертіндіні және т.б. жібереді.
Ацидозға қарсы 1 кг дене салмағына 4-5 мл есебінен 4 проценттік сода ерітіндісі қолданылады.
Зат алмасу процесін, әсіресе жүрек бұлшық еттерінде қалыптастыру үшін 3-5 мг/кг-нан кокарбоксилаза, 1 мл 5 проценттік унитиол, В1 және В6 витаминдері қолданылады. Шеткі тамырлардағы микроциркуляцияны қалыпқа келтіру үшін 1 кг дене салмағына тәулігіне 100-200 бірлік есебінен гепарин қолданылды.
Жүректе тахикардия немесе басқа өзгерістер байқалғанда жүрек гликозидтері – корглюкон 0,06%-0,1-0,2 мл, строфантин 0,05 % 0,15 мл физиологиялық ерітіндіге қосып венаға жіберіледі.
Тамаққа шыдамдылығын тексеру кезінде орнын басу (алмастыру) емі ретінде ферменттер қолданылады. Пепсин қосылған 1-2 проценттік тұз қышқылы (жасанды тамақтандыруда), абомин, мексаза, фестал, мексаформ, дигестал, панзинорм, солизим, панкреатин (0,1*3 рет), метионин (0,1*3 рет), лимокаин (0,1*3 рет) және т.б.
Витаминдік ем: В тобы (тәулігіне В1-10-15 мг, В2-10 мг, В6-10-15 мг, В15-25-50 мг) витаминдері, аскорбин қышқылы күніне 0,1*3 рет, никотин қышқылы 0,1*3 рет, рутин 0,01-0,02*2-3 рет, Е, А витаминдерінің майдағы ерітінділері 2-3 тамшыдан немесе каротин қолдынылады. В12 витаминнің қолдану әр жағдайларға байланысты жеке түрде шешіледі.
Гормондар қолдану: гипотрофияда зат алмасу процесі бұзылған гормондар қолданылады. Гипотрофияның кахексил, инфантилизм, зат алмасуының төмендеуі сияқты клиникалық белгілері гипофиздің жетіспеушілігіне ұқсас болып келеді.
Инсулин-глюкозалық ем қолданылады. 1 бірлік инсулинге 5 г. құрғақ глюкоза қолданылады. 1-2 бірлік инсулин 1-2 мл физиологиялық ертіндімен қосылып, тері астына жіберіледі. Инсулинді егерде 30 мин бұрын және кейін 20-30 мл 10 проценттік глюкоза ертіндісін береді. Глюкозаны венаға да жіберуге болады. Инсулин егуді күнде немесе кұнаратпа 2-3 апта бойына жасайды. Инсулин-глюкозалы ем, әсіресе гипотрофия пневмониямен қосарланғанда жиі қолданылады.
Белок алмасуына әсерін тигізетін тиреоидин (0,003-0,01 г*күніне 3 рет), әсіресе дене ұзындығы қалысқалатын жағдайларда қолданылады. Тиреондинді ІІІ дәрежелі гипотрофияда қолдануға болмайды.
Анаболитикалық гормордар әртүрлі себепті анорексияларда (тәбеті жойылу) қолданылады. Аноболитикалық гормондар азоттың пайда болуын ұлғайтады да, жаңа құралып жатқан ткандердің белогының құрамына кіреді.
Балалар өте арықтағанда, яғни сіңірілу процесі жойылған жағдайда, анаболитикалық гормондарды қолдануға болмайды.
Нерабол, динабол (0,1-0,5 мг/кг есебінен), ретаболил (1 мг/кг есебінен 2-3 аптада 1 рет) метиландростендиол, ниливра (0,1-0,5 мг/кг дене салмағына), префизон (мүйізді ірі қараның гипофизінің алдыңғы бөлігінен алынған) 1 грамнан (3 жасқа дейін) күнара етке егіледі, барлығы 15 рет егіледі.
Қуаттандырғыш, қоздырғыш (стимуляциялаушы) ем: Токсикоз жойылғаннан кейін, тағамдық заттардың сіңірілу белгілері пайда бола бастағын кезде қолданылады. Апилакты (тілінің астына салынады немесе балауыз түрінде қолданылады) іштен туа пайда болған гипотрофияда 2,5 мг-да, 1 айдан асқан балаларға тәулігіне 5 мг-ға дейін береді. Дибазол (0,001 гр ашқарынға), пентоксил (0,015*3 рет), алоэ (0,5-1 мл), ФИБС (0,5-1 мл), шыны тәрізді дене (0,5-1 мл) 10-20 рет қолданылады. Қалпына келу кезінде уқалап, сипалаудың, одан соң массыждың, емдік дене тәрбиесінің, ванналардың (түрлі шөптермен) атқарар маңызы зор.
Гипотрофияның инфекциялы аурулармен, ауыр түрлерінде гамма-глобулин (бұлшық етке), альбуминнің 10 проценттік ерітіндісі, плазма 1 кг дене салмағына 10 мл есебінен венаға жіберіледі. Плазма мен альбуминді күнде немесе күнара, кейде кезектестіріп, барлығы 3-5 рет қолданады.
Соңғы уақытта ІІ-ІІІ дәрежелі гипотрофияны емдеуде В12-витаминінің табиғи коферменттік түрі – кобамамид 0,0002 күніне 3-4 рет қолданылады.
Гипотрофияда инфекциялық аурулар қоссрланған немесе олардың дамуының алдын алу үшін антибиотиктер қолданылады. Бұндай жағдайда бүйрекке, бауырға, есту мүшесіне зақым келтіретін антибиотиктерді қолдануға болмайтының естен шығармау керек.
Белгілеуіне байланысты ем қолдану гипотрофияның клиникалық көрсеткіштеріне байланысты. Анемияны емдеу үшін құрамында темір бар дәрі-дәрмектер (темір лактаты, феррокаль, фероплекс, ферроцерон және т.б.) қолданылады. Рахит және басқа науқастарға емдер тағайындалады.
Гипотрофиямен науқастардың күтімін ұйымдастыру: ІІ-ІІІ дәрежелі гипотрофиямен науқастанған сәбилерді тек қана ауруханада еммдеу керек. Науқас таза, жарық, жақсы желдетіліп тұратын бөлмелерде орналастырылуы керек. Бөлме қызуы 24-250С-тан төмен, 26-270 С-тан жоғары болмауы керек. Баланың жағдайы көтерсе, таза ауада (күнінің жылылығы –50 С-тан төмен болмауы керек) қыдырту керек. Ал егер күн салқын болғанда, баланы дәлізге шығаруға болады. Күзде және қыста далаға шығарғанда ІІ-ІІІ дәрежелі гипотрофиялы науқастың табанынан жылытқыш (грелка) салу керек. Балаларды жиі қолға алып, ойнап, олардың көңіл-күйінің көтеріңкі болуын қадағалау керек. Мүмкіндік болса бұл науқастарды жеке бөлмелерге салып, бактерицидті шамдардың сәулелерін қолданып, тазалап отыру керек.
Гипотрофияның алдын алу шаралары: табиғи тамақтандыруды сақтап қалу, гипогалактияны ерте анықтап, оны емдеу, толықтыру және қосымша тамағдарды мерзімінде емдеп, күн және тамақтандыру ережелерінің сақталуын мұқият қадағалап отыру.
Көрнекті құралдар:кестелер, слайдтар, аурулар.
Әдебиет:
1. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, Білім, 2005.
2. Б.Х. Хабижанов Балалар аурулары. А.; 1987 ж.
3. А.В. Мазурин, А.С. Воронцов. Пропедевтика детских болезней. М.; Медицина 1986 ж.
4. Г.Ә. Шәкімова, С.К. Шабдарова, Е.Т. Дадамбаев. Балалар аурулары пропедевтикасы. Алма-Ата 1997 ж.
5. Охрана, поощрение и поддержка практики грудного вскармливания. Декларация ВОЗ/ЮНИСЕФ, Женева, 1989.
6. Балалар ауруларының практикалық курсы. Қарағанды, 1993.
7. А.Ф. Тур, О.Ф. Тарасовтың редакциясымен шыққан. 1985.
8. Л.С. Переладова. Балалар гипотрофиясы. 1978.
9. М.Я.Студеникин, К.С. Ладодо. Ерте жастағы балаларды тамақтандыру, 1978.
10. Н.Ф.Ватюнина және басқалар. Ерте жастағы балалардағы қоректенудің созылмалы бұзылыстарының алдын алу және емдеу. 1989.
Қорытынды бақылау:
?
Сәбилердің гипотрофиясына тән?
?
Гипотрофияның экзогендік себептері?
?
Гипотрофияның пайда болуындағы бейімделу факторлары?
?
Гипотрофияның дамуындағы эндогендік себептер?
?
I дәрежелі гипортофия кезіндегі салмақ жоғалтуы?
?
II дәрежелі гипортофия кезіндегі салмақ жоғалтуы?
?
I дәрежелі гипотрофияда май шелінің жойылуы?
?
I дәрежелі гипотрофиясы бар баланың тәуліктік тамақ көлемі?
?
II дәрежелі гипотрофиясы бар баланың белок коррекциясын жүргізуге арналған бірінші кезеңде берілетін емдік қосап?
?
II дәрежелі гипотрофиясы бар баланың аралық тамақтану кезеңінде белок коррекциясын жасауға берілетін емдік қоспа?