Тақырыбы: Бактериологиялық зерттеу тізбегі(схемасы). Қоректік орталарды дайындау.

КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ Ветеринариялық медицина және биотехнология факультеті

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы

КІРКІМБАЕВА Ж.С.,ОРЫНТАЕВ Қ.Б.

МАЛДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫНЫҢ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ

(Оқу құралы)

Алматы 2011

Кіркімбаева Ж.С.,Орынтаев Қ.Б.

МАЛДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫН БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАУ

(Оқу құралы)

«Ветеринариялық медицина» және «Ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша

ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының студенттеріне және магистранттарына арналған

Алматы 2011



ӘОК 619:616.9/3/(075.8)

ББК 28.4я73 К 43

Кіркімбаева Ж.С., Орынтаев Қ.Б.

К 43 Малдың жұқпалы ауруларын бактериологиялық балау.Оқуқұралы

Алматы, 2011

ISBN

Оқу құралында жануарлардың жұқпалы ауру қоздырушыларын морфологиялық, тинкториалдық, өсінділік, биохимиялық, антигендік және патогендік қасиеттері бойынша ажырату әдістемелері берілген. Сонымен қатар, қоздырушының патогендік қасиеттері сезімтал организмінде олар тудыратын патологиялық процестермен кешенді түрде қарастырылған. Студенттерге түсінікті болу үшін жұқпалы аурулардың пайда болуындағықоздырушының ролі, аурудың патогенезі, клиникалық көрінісі, патологиялық-анатомиялық өзгерістері сипатталған және ауруды балау әдістері мен дифференциалды балауы көрсетілген. Бұл оқу құралы студенттер,магистранттар және ветеринариялық мамандар қолдануына арналған.

Пікір бергендер:

ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Н.Ғ.Асанов

ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ә.Әбутәліп

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-әдістемелік Кеңеспен басылымға ұсынылған ( « » 2011 ж., хаттама № ).

К 00(05)-10

ISBN © Кіркімбаева Ж.С., Орынтаев Қ.Б. 2011



МАЗМҰНЫ

1 Кіріспе......................................................................................................................... 5

2 Бактериологиялық зерттеу тізбегі (схемасы). Қоректік орталарды

дайындау................................................................................................................... 7

3 Бактериологиялық зерттеуге патматериал алудың тәртібі және консервілеу тәсілдері. Патологиялық материалдан себінді және

жағынды жасау....................................................................................................... 15

4 Бөліп алған өсінділердің морфологиясын тексеру.

Бактериялардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу.............................. 18

5 Бактериялардың антигендік қасиеттерін тексеру. Агглютинация

реакциясын қою...................................................................................................... 23

6 Бактериалардың зардаптылық қасиеттерін тексеру (биосынама

қою).............................................................................................................................. 27

7 Зертханалық жануардың өлексесін сою және зерттеу тәртібі............ 30

8 Бөлініп алынған өсіндінің морфологиялық, өсінділік,

биохимиялық және антигендік қасиеттеріне қарай бірі-бірінен

ажырату. Антибиотикке сезімталдығын анықтау.................................... 36

9 Топалаңның қоздырушысы және ауруды балау әдістері..................... 30

10 Бруцеллез қоздырушылары және бруцеллезді балау әдістері.......... 49

11 Туберкулез қоздырушылары және туберкулез ауруын балау

әдістері........................................................................................................................ 60

12 Лептоспироз қоздырушылары және лептоспирозды балау әдістері 74

13 Пастереллез қоздырушылары және жануарлар пастереллезін

балау әдістері........................................................................................................... 87

14 Листериоз қоздырушысы және листериозды балау әдістері.............. 98

15 Зілді (қатерлі) ісіктің қоздырушылары және ауруды балау әдістері 109

16 Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері........................ 121

17 Некробактериоз қоздырушысы және ауруды балау әдістері 129

18 Сіреспе қоздырушысы және ауруды балау әдістері............................... 141

19 Ботулизм қоздырушысы және балау әдістері............................................ 149

20 Секіртпе қоздырушылары және балау әдістері........................................ 158

21 Қойдың анаэробтық жұқпалы жыбырлағының қоздырушылары... 162

22 Анаэробтық дизентерия қоздырушысы және балау әдістері.............. 166

23 Шошқа тілмесінің қоздырушысы және балау әдістері........................... 168

24 Стафилококтар және олар тудыратын ауруларды балау әдістері... 183

25 Патогенді стрептококтар..................................................................................... 192

26 Эшерихиоз қоздырушысы және эшерихиоздың бактериологиялық

диагностикасы......................................................................................................... 212

27 Сальмонеллалар және сальмонеллездың бактериологиялық

диагностикасы......................................................................................................... 221

28 Маңқа қоздырушысы және ауруды балау

әдістері........................................................................................................................ 233

29 Қолданған әдебиет тізімі..................................................................................... 240

30 Тест-сұрақтардың дұрыс жауаптары 242



КІРІСПЕ

Адамдар мен жануарлардың инфекциялық аурулары кең таралған, тіршілікке қауіп төндіруші факторлардың бірі болып табылады. Ветеринариялық ғылымдардың негізгі саласының бірі болып отырған микробиология ғылымы өзінің даму кезеңдерінде инфекциялық аурулар және олардың қоздырушыларымен күрес бағытында айтарлықтай табыстарға ие болды. Балау және арнайы алдын алу шараларын үнемі жетілдіріп отыру және оның соңғы жетістіктерін іс жүзінде ұтымды пайдалану өз жемісін бермей қалған жоқ – инфекциялық ауруға және өлім-жітімге ұшырау күрт азайды.

Көптеген инфекциялық аурулар республика территориясында кездеспейді немесе аракідік қана кездеседі. Дегенімен, жалпы індеттік жағдай күрделі күйінде қалып отыр және инфекциялық аурулар халық шаруашылығын әлі де орасан зор шығындарға ұшыратып отыр. Инфекциялық аурулардан келетін шығын жануарларды және олардың өнімдерін жоғалтудан, карантин-шектеу шараларын жариялаудан, осының нәтижесінде жануарлар мен олардың өнімдерінің шаруашылықаралық, экспорттық айналымына тиым салынуынан және ветеринариялық-санитариялық шараларға жұмсалатын шығындардан құралатыны белгілі. Осы мәселелер ауқымында елімізді толыққанды, қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің маңызды ұстанымдарының бірі – біліктілігі жоғары мамандар даярлау болып табылатындығы сөзсіз.

Ветеринариялық дәрігерлерді даярлаудағы маңызды бір кезең – кәсіби білім мен тәжірибені толықтырудағы ауыспалылық,



кешенділік және үздіксіздік шарттарының жүзеге асуы. Ұғымдар мен құбылыстардың бірыңғай түсіндірілуі, зертханалық зерттеулердің жүргізілуі барысындағы бірыңғай терминдердің қалыптасуы әртүрлі пәндер арасындағы ауыспалылықты, бірізділікті және логикалық байланыстың болуын қамтамасыз етеді. Инфекциялық ауруларды балау – микробиологиялық, клиникалық, індеттік және патанатомиялық т.б. әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жүргізілетін күрделі процесс. Осы аталған әдіс-тәсілдердің біреуі жетімсіз болып қалған жағдайда балаудың дұрыстығына күмән келтіруге болады.

Алайда, қысқа уақытта, әсіресе инфекциялық аурудың таралып кету қаупі төнген жағдайда, ауру себебін анықтап, алдын-алу және күрес шараларын іске асыру қажет болады. Міне, осындай жағдайда аурудың қоздырушысын бөліп алып, түрін анықтау арқылы балау да жеткілікті болып жатады. Осыған байланысты осы оқу құралы инфекциялық ауруларға бактериологиялық балау жүргізу үрдісін меңгеруге және оны іс жүзінде жүзеге асыруға септігін тигізеді. Оқу құралы студенттерге, магистранттарға және ветеринариялық дәрігерлерге ұсынылады.



Тақырыбы: Бактериологиялық зерттеу тізбегі(схемасы). Қоректік орталарды дайындау.

Сабақтың мақсаты: малдың жұқпалы ауруларыныңбактериологиялық зерттеуін жүргізу кестесімен танысу, ауру қоздырушыларын өсіруге арналған қоректік орталады даярлауын үйрену.

Сұрақтар:

1. Бактериологиялық зерттеулерге қандай әдістер кіреді?

2. Жүргізетін бактериологиялық зеттеулердің тізбегі

3. Қоректік орталардың түрлері және дайындау әдістері

4. Микробтардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу тізбегі (схемасы)

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары.

Бактериологиялық зерттеу тізбегімен (схемасымен) танысу. Бактериологиялық лабораторияда жұмыс істеу ережелерімен танысу. Бактериологиялық зерттеу схемасын микробиологиялық журналға салу. Нұсқау бойынша ЕПС және ЕПА даярлау.

Сабаққа қажетті материалдар.

Арар-агар, пептон, дистилденген су, NaCL, ет, бактериалдық ілмек, спиртовка, микроскоп , самырсын майы, колба, таразы, сүзгі қағаз.

Жұқпалы аурулардың бактериологиялық диагностикасы үш кезеңнен тұрады:

1) бактериоскопиялық тексеру;

2) микробтардың (қоздырушылардың) таза культурасын бөліп алу және олардың морфологиялық, өсінділік, биохимиялық, антигендік қасиеттерін зерттеу;

3) зардаптылық қасиеттерін (биосынама) тексеру. Бактериоскопиялық зерттеу жүргізу үшін жағындыны өліксенің

ішкі мүшелерінен және ұлпаларынан немесе микробтардың өсіндісінен, тірі малдың қанынан, іріңнен, көз, мұрын, ауыз қуыстарынан және жыныс мүшелерінен бөлінген соралардан жасайды. Қоздырушының морфологиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу таза өсіндісін бөліп алғаннан кейін жүргізіледі. Микроб өсіндісін бөліп алу қоректік ортаға байланысты.



Тақырыбы: Бактериологиялық зерттеу тізбегі(схемасы). Қоректік орталарды дайындау. - student2.ru

Патологиялық материалдар: майлы жіліктер, жүрек, бауыр, өкпе, көкбауыр, бүйректер, лимфа түйіндері, қан, ірің, сүт және тағы басқалар

Наши рекомендации