Жаңа туған және емшек жасындағы балаларға тазарту клизмасын жасау

Мақсаты:тоқ ішекті тазарту

Көрсетілімдері:іш қату; улану; емдік клизма өткізу және жел шығару түтікшесін енгізу алдында; операциялар, эндоскопиялық зерттеулер (ректоскопия, колонофиброскопия) алдында; асқазан, ішек, бүйрек рентгенографиясына дайындық барысында.

Қарсы көрсетілімдері:тоқ ішектің қабынуы және жаралары, ішектен қан кету, перитонит, аппендицит, тік ішек ісігі, қан айналымының жіті жетіспеушілігі.

Әзірлеңіз:резеңке қолғап және алжапқыш, клеенка, жөргектер, ұштығы бар резеңке баллон (№ 1-6), бөлме температурасындағы (20-22°С) су құйылған ыдыс, вазелин майы, лоток, горшок, мақта домалақшалары, залалсыздындырылған май құйылған ыдыс, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, ҚЖЖК;

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

3. Жөргектеу үстеліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеңіз.

4. Резеңке баллонға керекті мөлшерде бөлме температурасындағы су жинап алыңыз:

- жаңа туған балаға – 25-30 мл

- емшек жасындағы балаға – 50-150 мл

- 1-3 жастағы балаға – 150-250 мл

5. Баллонның ұштығына вазелин майын үстінен құйып жағыңыз.

6. 6 айға дейінгі баланы екі аяғын жоғары көтеріп шалқасынан, 6 айдан асқан баланы аяқтарын бүгіп сол қырынан жатқызыңыз.

7. Сол қолыңыздың 1-2-ші саусақтарымен баланың құйрықтарының арасын ашыңыз.

8. Резеңке баллончикті оң қолыңызға ұштығын жоғары қаратып ұстап, бірінші саусақпен қысып ауасын шығарыңыз.

9. Баллонды босатпай ұстаған күйінде, ұштығын кіндікке, сонан кейін құйымшаққа қарай бағыттап тік ішекке енгізіңіз.

10. Баллонды жәйлап қысып, суын жіберіңіз және баллонның қысылған күйінде ұштықты тік ішектен шығарып алыңыз.

11. 2-3 минут сол қолыңызбен баланың құйрығын қысып тұрыңыз.

12. Баланы шалқасынан жатқызып, шат аралығын жөргекпен жауып, нәжіс бөлінгенше немесе баланың дәретке отырғысы келгенше күте тұрыңыз.

13. Балан ішін босатқаннан кейін шат аралығын жуып, құрғатып, залалсыздындырылған маймен майлаңыз.

14. Баллончикті зарасыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

15. Қолданылған мақта домалақшаларын, алжапқышты және қолғапты шешіп ҚЖЖК-не салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, қүрғатыңыз

Жел шығаратын түтікшені қою

Мақсаты:ішекте жиналған желді шығару

Көрсетілімдері:метеоризм

Қарсы көрсетілімдері:асқазаннан, ішектен қан кету, тік ішектің қабынуы, тік ішек жарасы.

Әзірлеңіз:резеңке қолғап, алжапқыш, клеенка, жөргектер, залалсыздандырылған жел шығаратын түтікше, вазелин майы, шпатель, су құйылған лоток, мақта домалақшалары, дәке салфеткалар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

3. Жөргектеу үстөліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеңіз.

4. Жел шығару түтікшесінің енгізу ұзындығын белгілеңіз:

- 1 жасқа дейінгі балада – 5-8 см

- 1-3 жастағы балаға – 8-10 см

- 3-7 жастағы балаға – 10-15 см

- 7 жастан асқан балаға – 20 см

5. Жел шығару түтікшесінің ұшына вазелин майын үстінен құйып жағыңыз.

6. 6 айға дейінгі баланы екі аяғын жоғары көтеріп шалқасынан, 6 айдан асқан баланы аяқтарын бүгіп сол қырынан жатқызыңыз.

7. Сол қолыңыздың 1-2-ші саусақтарымен баланың құйрықтарының арасын ашыңыз.

8. Оң қолыңызбен жел шығаратын түтікшенің шеткі ұшын қысып ұстап, кіндікке, сонан кейін құйымшаққа қарай бағыттап айналмалы қозғалыспен белгіленген жерге дейін тік ішекке енгізіңіз.

9. Жел шығаратын түтікшенің екінші ұшын, желдің шыққанын байқау, үшін су құйылған лотокқа салыңыз.

10. Сонан кейін жел шығаратын түтікшенің ұшын жөргекке орап, баланың үстін жөргекпен жауып қойыңыз.

11. Уақытты белгілеңіз - жел шығаратын түтікшені 30-60 минутқа қалдыруға болады.

12. Жел шығаратын түтікшені салфетка арқылы тік ішектен шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз.

13. Баланы бір қырынан жатқызып, анустың айналасын вазелин майына батырылған тампонмен сүртіп, киіндіріңіз.

14. Алжапқышты және қолғапты шешіп ҚЖЖК-не салыңыз, қолыңызды жуып, қүрғатыңыз

Ескерту: Жел шығаратын түтікшені енгізердін 20-30 минут бұрын балаға тазарту клизмасын

жасаңыз

БЦЖ вакцинасын егу

Мақсаты: профилактикалық (туберкулездің алдын алу)

Көрсетілімдері: жаңа туған бала (вакцинация), Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 6-7 жастағы балалар (ревакцинация);

Қарсы көрсетілімдер: салмағы 2000гр төмен шала туылған балалар

Әзірлеңіз:залалсыздандырылған: мақта домалақшалары, салфеткалар, пинцет, резеңке қолғап; БЦЖ вакцинасы және еріткіші бар ампулалар, мензурка (ішіне ампулаларды салу үшін), 2 мл-лік және туберкулин шприці, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, 70° спирт, ҚЖЖК;

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.

3. БЦЖ вакцинасы және еріткіші бар ампулаларды алып, мойындарын спирттелген мақта домалақшаларымен сүртіңіз.

4. Залалсыздандырылған салфеткамен жауып, ампулаларды ашыңыз.

5. Пайдаланған мақта домалақшаларын және салфеткаларды зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз.

6. Ампулаларды мензуркаға қойыңыз.

7. 2 мл-лік шприцті ережелерді сақтай отырып жинастырыңыз, оның ішіне еріткішті жинап алыңыз.

8. Жиналған еріткішті еппен ампуланың қабырғасымен жылжытып, ішінде БЦЖ вакцинасы бар ампулаға құйыңыз.

9. Вакцинасы бар ампуланың бетін залалсыздандырылған салфеткамен жауып еппен араластырыңыз.

10. Шприцті зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа тастаңыз.

11. Туберкулин шприцін ашып, ережелерді сақтай отырып жинастырып, оның ішіне дайын вакцинаның 0,2 мл жинап алыңыз,қақпағын жабыңыз.

12. Ішінде ерітілген БЦЖ вакцинасы бар ампуланың бетін залалсыздандырылған салфеткамен жауып қайтадан мензуркаға қойыңыз.

13. Шприцте 0,1 мл вакцина қалғандай етіп, қақпағын ашпай ауасын шығарыңыз.

14. Дайындалған шприцті залалсыздандыру столына қойыңыз.

15. Баланың сол иығының ортаңғы 1/3 бөлігін спирттелген мақта домалақшасымен сүртіңіз, домалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа тастаңыз.

16. Сол қолдың 1-2 саусақтарымен инъекция өткізілетін жердің терісін керіп созыңыз.

17. Туберкулин шприці инесінің қиғашын жоғары қаратып, теріге 10-15° ұстап, вакцинаны тері ішіне «лимон қабықшасы» пайда болғандай етіп енгізіңіз.

18. Инені спирттелген мақтасыз шығарып алыңыз.

19. Туберкулин шприцін зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа тастаңыз.

20. Қолғапты шешіп ҚЖЖК-не салыңыз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

21. Өткізілген вакцинация туралы мәліметтерді (егілген күні, вакцинаның аты, енгізу жолы, дозасы, препараттың сериясы) профилактикалық егулер журналына, баланың даму тарихына, профилактикалық егулер картасына енгізіңіз.Балаланы 3 күн бақылаңыз. Вакцинадан кейінгі асқынулар болса, дереу дәрігерге хабарлаңыз.

Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі

Наши рекомендации