Бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту

1. Кәмелетке толмаган адамды есеңгірететін заттарды пайдалануға не уытқумар-лыққа не спирттік ішімдіктерді бірнеше рет пайдалануга не қаңгыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуга тарту –

2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаган адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет не күш қолданып немесе оны ңолдану қатерін төндіріп жасалган іс-әрекеттер -

Криминологиялық зерттеудің нэтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кэмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға жэне басқа да қоғамға қарсы іс-эрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында эр түрлі жұқпалы аурулар мендей түскен, бұл, эрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.

Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене жэне адамгер-шілік тұрғысынан дұрыс дамып, тэрбиеленуі болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық кэмелетке толмаған адамды есеңгірететін заттарды түгынуға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұгынуға, не қаңғыбастықпен немесе кайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипат-талады.

Заң бойынша есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осын-дай заттарды екі немесе одан көп медициналық емес тңэғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген эрекетгерге ұдайы тарту деп танылады.

Есеңгірететін не уытқұмарлықка жататын заттарды анықтау арнаулы сарапшылық қорытынды бойынша анықталады.

Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт ішімдіктерін (арақ-шарап) ішуге тартуды осы қылмыстың объективтік жағының бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасалған осындай заттар да жатады. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мэрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге жеткізу қылмыстық құқық бұзушылық болып та-былмайды, мұндай эрекет экімшілік құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.

Кэмелетке толмаған адамды бір мекенжайдан екінші бір мекенжайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеу-мен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азьщ-түлік, киім-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс табуға эр түрлі тэсілдермен кэмелетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.

Кэмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-эрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыстық құқық бұзушылық кзд)амына жатады және ол заңда (133-бап) көрсетілген эрекетгердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді. Кінэлі адам кэмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұгынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе кайыршылыкпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезеді жэне осы эрекеттерді істеуді тілейді. ҚылмыстЕіқ құқық бұзушылық субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қьшмыстық кодекстің 13 3-бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кэмелетке толмаған адамды тэрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал осы баптың 3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған эрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп эрекетгі жасау бір-неше рет жасалған эрекеттер деп танылады (ҚК-тің 12-бабы).

Қылмыстық кодекстің 133-бабының 2 жэне 3-тармақгарында көрсетілген ауырла-татын жэне аса ауырлататын белгілердің түсініктері тиісінше Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2 жэне 3-тармақтарында көрсетілген белгілермен бірдей, сондықтан Бұл ұғымдарға арнайы тоқталып жатпаймыз.

Наши рекомендации