Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды.

КТ да (фото)- бронх қабырғаларының қалындауы, кей біреулерінде сұйықтық деңгеі мен шырышты тығындар байқалады.

Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды. - student2.ru

Барынша тән диагноз?

* Өкпе ісінуі

Кпе саркоидозы

Созылмалы бронхит

Фиброздаушы альвеолит

* Диссеминирленген туберкулез

! 17 жасар колледж студенті бас ауыру, дене температурасының 38 градусқа дейін жоғарылауы, әлсіздік, шаршағыштық шағымдарымен келді. Науқас тұрып жатқан жатақханада тұмаумен ауырғыштық тіркелген. Қарап тексергенде: жұтқыншағы гиперемияланған, склералары инъецирленген, мұрынмен дем алу қиындаған. Өкпесінде тынысы қатаң, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 24 рет, ЖСЖ минутына 96 рет.

Берілген жағдайда төмендегі препараттардың қайсысы БАРЫНША тиімді?

* Рибомунил

* Ацикловир

* Ремантадин

* Ганцикловир

*+Осельтамивир

! 36 жасар ер кісіде әлсіздік, бұлшықеттеріндегі ауру сезімі, бас ауыру, түшкіру, мұрынның бітіп қалуы, тоңып дірілдеу, дене температурасының жоғарылауы. Беті гиперемияланған, мұрынмен тыныс алуы қиындаған. Температурасы 38оС, өкпесінде сырылдар жоқ. ТАЖ- 26 рет минутына. Симптомдар бүгін таңертең пайда болған, антигриппин қабылдаған, бірақ жағдайы жақсармаған.

Қай препаратты тағайындау барынша тиімді?

* Арбидол

* Рибавирин

* Ацикловир

* Ремантадин

*+Осельтамивир

! 14 жасар қызды құсу және қою тұтқыр қақырықпен аяқталатын ысқырықты, қысқа дем алумен жүретін құрғақ, үрген тәрізді жөтел эпизодтары мазалайды.

Қай препаратты тағайындау этиологиялық тұрғыдан БАРЫНША лайықты?

* будесонид

* триметоприм

* осельтомивир

* амфотерицин

*+рокситромицин

! 57 жастағы мақта иіретін фабрикада жұмыс істеген әйелді ұзақ уақыттан бері жөтел мен ентігу мазалайды. Суықтағаннан кейін қиын бөлінетін қақырықты жөтелдің күшейгендігін айтады. Қарап тексергенде: науқас тамақтануы жоғарылаған, кеуде торының алдыңғы-артқы өлшемі ұлғайған, ригидтілігі жоғарылаған. Өкпенің барлық аймағында зуылдақ сырылдар естіледі.

Мына препараттардың қайсысын науқасқа тағайындау лайық?

* Бутимират

* Будесонид

* Сальбутамол

* Глауцина гидрохлориді

*+Амброксол гидрохлориді

! 68 жасар науқасты лизиноприл қабылдағаннан кейін басталған құрғақ жөтел мазалайды. Тамақтануы жоғары, ДМИ (ИМТ) 28, өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ, ТАЖ 18 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 170 / 80 мм с.б.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША лайықты?

* Амброксол қосу

* Лизиноприлді тоқтату

* Рокситромицин қосу

* синекод (бутимират) қосу

*+лизиноприлдің орнына лозап тағайындау

! 34 жастағы әйелде бас ауыру, қалтырау, дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылауы, тамағы қышу, құрғақ жөтел пайда болған. Қарап тексергенде: тері және шырышты қабаттардың гиперемиясы, мұрынмен тыныс алуының қиындауы. Науқас препараттың ингаляциялық түрін тағайындауды талап етіп отыр, себебі химиялық күйіктен кейінгі айқын дисфагиядан таблеткадағы препараттарды қабылдау қынға түседі. Төменде келтірілген қай препарат барынша тиімді болмақ?

* Аква Марис Норм Спрей

* Ипратропий бромиді

* Ацетилцистеин

*+Занамивир

* Будесонид

! 40 жастағы ер кісіде тәулік бойына дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылауы, басының ауыруы, жөтел, мұрнының бітіп қалуы, бұлшықеттеріндегі ауру сезімі байқалған. Дәрігер осельтамивир қабылдауды ұсынған.

Асқыну дамудың алдын алу үшін препаратты қай мерзімге тағайындау керек?

* маңызды емес

* алғашқы 12 сағатта

*+алғашқы 28 сағатта

* алғашқы 36 сағатта

* алғашқы 48 сағатта

! Қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданып келген науқасқа өзінің бос сульфгидрильді тобының арқасында шырыштың гликопротеиндерінің дисульфидті байланысын ыдырататын қақырықтың тұтқырлығын төмендететін препарат ұсынылған.Бірақ ұзақ қолданған жағдайда препарат мукоцилиарлы транспортты тежейді.

Төмендегі препараттардың қайсысы туралы БАРЫНША айтылуы мүмкін?

* Кодеин

* Бутамират

* Амброксол

*+Ацетилцистеин

* Глауцина гидрохлориді

! Науқас В., 65 жастағы әйел, дене массасының жоғарылауымен, қозғалыс шектелген өмір салтымен жүреді; қиын бөлінетін қақырықты жөтеліне байланысты қақырықтың тұтқырлығын төмендететін және шырыштың гликопротеиндерін ыдырататын муколитик ұсынылған. Алайда науқас жөтелінің күшейгендігін айтады.

Терапияның тиімділігін БАРЫНША жақсартады:

*+Постуральды дренаж

* Бронхолитиктердің ингаляциясы

* Бронхо-альвеолярлы лаваж

* Глюкокортикостероидты препараттарды тағайындау

* Орталық жөтелге қарсы препараттарды қосу

! Бастауыш сынып мұғалімі қалжырататын құрғақ жөтелге шағымданады. Аталған шағымы өз сыныбының бірнеше оқушысы балалар инфекциялық ауруханасына осындай белгілермен түскеннен кейін пайда болған.Қарап тексергенде: ТАЖ 22 рет минутына, өкпесінде сырылдар жоқ, тынысы бронхиалды.

Науқастың жөтелін купирлеу үшін қайсы препарат БАРЫНША тиімді?

*+бутамират

* амброксол

* занамивир

* ацетицистеин

* карбоцистеин

! 23 жастағы әйелді екі күн бойы тамағының қышуы, азапты жөтел мазалайды. Қарап тексергенде: дене температурасы 36,6 0С, ТАЖ 22 рет минутына, өкпесінде қатаң тыныс, сырылдар жоқ.

Төменде келтірлеген қайсы препарат жөтелді азайтуға БАРЫНША лайықты?

* Термопсол

* Сальбутамол

* Амоксициллин

*+преноксдиазин (либексин)

* Ацетилслицил қышқылы

! Әйел 37 жаста сары-жасыл түсті қақырықпен жөтел, субфебрильді температура мазалайды. Анамнезінде жиі суықтанып ауырады, темекі шегеді. Аускультацияда – өкпеде шашыранда гуілдеген сырылдар.Қақырық анализінде нейтрофилдер басым .

Төменде көрсетілген қандай препаратты тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* Ко-тримаксозол

* Гентамицин сульфаты

* Метронидозол

*+Азитромицин

* Парацетамол

! Әйел 67 жаста семіздіктің 2 дәрежесімен зардап шегеді.Құрғақ жөтел, кешкі астан соң қыжыл мазалайды. ФГДС өңештің сфинктері ашылған,өңештің төменгі бөлігі қызарған

Аталған жағдайда қандай препарат жөтелді азайтады?

*+Омепразол

* Эуфиллин

* Будесонид

* Глауцина гидрохлорид

* Амброксола гидрохлорид

СӨАА

! Науқаста вирусты инфекциядан соң, бір ай бойы қиын бөлінетін қақырықты жөтел,экспираторлыентікпе,тез шаршағыстық мазалайды.Темекі шегеді. Көкірек қуысы ригидтті, өкпесінде шулы және ысқырықты сырылдар естіледі.

Бұл клиника қай патологияға БАРЫНША тән ?

* Саркоидозға

* Пневмонияға

* Пневомомикозға

* Бронхиалды астмаға

*+Созылмалы бронхитке

! Өкпенің созылмалы обструктивті бронитімен зардап шегетін 60 жасар науқаста соңғы кезде өздігінен немесе жүрек гликозидтерін қабылдаудан соң қайтатын жүрекшелік жыпылықтау пароксизмі жиілеген. Пароксизімдердің алдын алу үшін, ұзақ уақытқа антиаритмиялық препараттарды беру туралы сұрақ талқылануда.

Аталған қай препарат осы жағдайда ЕҢ тиімді болар еді?

* пропранолол

*+амиодарон

* дигоксин

* нифедипин

* новокаинамид

! 10 жыл бойы күніне 5 тал темекі шегетін әйелді ентікпе және жөтел мазалайды. Өкпенің шолу рентгенограммасында (тікелей проекциясы) өкпе суретінің деформациясы және интерстициалды компонент салдарынан оның күшеюі байқалады; жайылған пневмосклероз.

Диагнозды нақтылау үшін , өкпе фонының мөлдірлігінің жоғарылауын және қабырғалардың горизонтальді орналасуын ескере отырып , қандай зерттеу әдісі жасау БАРЫНША тиімді?

Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды. - student2.ru

* Паратрахеалды лимфа түйіндерінің биопсиясы

* Компьютерлі зертеу

* Қақырық зерттеуі

* Өкпе сцинтиграфиясы

*+Спирография

! Мына аталған рентгенологиялық симптомдардың қайсысы бронхообструктивті синдромға БАРЫНША тән:

* трахеяның ығысуы

* сызықты көлеңкелердің болуы

* «бұлыңғыр шыны» симптомы

*+өкпе фонының мөлдірлігінің жоғарылауы

* өкпе түбірінің «көбелек» типті жоғарылауы

! СӨОА-на БАРЫНША тән маңызды дифференциалды-диагностикалық көрініс болып табылады:

* экспираторлы диспноэ

* қақырық бөлінуімен жүретін жөтел

* қораптық дыбыспен көрінетін өкпе үні

*+жартылай қайтымсыз бронхиалды обструкция

* дем шыңғаруы ұзарған әлсіреген везикулярное тыныс,құрғақ сырылдар

! 72 жастағы СОӨА ауыратын науқас ентігудің күшеюін, сары жасыл түсті қақырықты жөтелдің күшеюі, дене температурасының 37,6С жоғарылағандығын айтады. Объективті: ТАЖ 30рет минутына, ЖЖЖ 96 рет минутына. Аускультативті өкпеде қатаң тыныс фонында құрғақ ызыңды сырылдар естіледі. Көрсетілген препараттардың қайсысын қолданған тиімді?

* гентамицин

* сальбутамол

* пенициллин, фенотерол

* ацетилцистеин

*+кларитромицин, ипратропиума бромид

! 49 жастағы ер кісіні айқын экспираторлы ентікпе, аз мөлшерде қақырықпен ұстамалы жөтел мазалайды. 20 жыл көлемінде темекі шегеді. Қарау кезінде: кеудесі «бөшке» тәрізді, перкуссияда қораптық дыбыс, аускультацияда әлсіреген везикулалық тыныс, дем шығаруы қысқарған, сирек құрғақ сырылдар естіледі.

Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

*+ипратропиум бромидті

* натрий кромогликатты

* амоксициллин/клавуланаты

* будесонидті

* беклометазонді

! СОӨА емдеу кезіндегі негізгі базисті терапия:

* оксигенотерапия

* антибактериалды терапия

* тыныс жетіспеушілігін коррекциялау

* муколитикалық және мукорегуляторлы терапия

*+бронхолитиктерді жүйелі қолдану

! СОӨА және өкпе гипертензиясымен ауыратын ер адамның стабилді жағдайында өмірлік болжамының жақсаруы мүмкін:

* тұрақты оттегі терапиясы

* бета-блокаторларды ұзақ уақыт қолдану

*+кезеңді трахеобронхиалды санация

* варфаринді жылына 2-3 рет тағайындау

* ұзақ әсерлі нитраттарды қолдану

! 48 жастағы ер адам, 25 жыл көлемінде темекі шегеді, дене температурасының 37,8C жоғарылауына, аз молшерде шырышты іріңді қақырықпен жөтелге, экспираторлы ентігуге шағымданады.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған тиімді?

* спирография, қақырық цитологиясы

* бронхоскопия, биопсия

* бронхоскопия, жалпы қақырық анализі

* рентгенография, жалпы қақырық анализі

*+спирография, қақырықты бактериологиялық себу

! Қарт жастағы ер адам артериалды гипертензиямен, жүрек ритмінің қарынша үстілік экстрасистола типіндегі ритм бұзылысымен, СОБ өршуімен госпитализацияланды.

Төменде көрсетілген қай препарат жағдайын нашарлатуы мүмкін:

* сальбутомол

*+бисопролол

* верапамил

* будесонид

* дигоксин

! 64 жастағы ер адамды көп мөлшерде шырышты іріңді жөтел, ентігу, дене температурасының жоғарылауы мазалайды. Анамнезінде аурудың асқынуы жылына 2 рет болады. Объективті: терісі бозғылт, ерін үшбұрышының цианозы, білезіктері ұстап көргенде суық,тырнақтары сағат әйнегі түрінде, балтыры ісіңкі. Аускультативті әлсіреген везикулярлы тыныс, қысқарған тыныс шығару, шашыранды құрғақ сырылдар. ФТК1- 54%, mMRC бойынша- 20 баллов САТ бойынша- 3 балла

Қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал

* Созылмалы обструктивті емес бронхит

* Бронхиалді демікпе, ауыр ағымды

* ХОБЛ, С класс, GOLD- обструкцияның 4 дәрежесі

*+ХОБЛ, В класс, GOLD- обструкцияның 2 дәрежесі

* Өкпе туберкулезі

! 48 жастағы ер адам аз мөлшердегі физикалық жүктемеге ентігуге, ұстамалы аз мөлшердегі қақырыққа шағымданады. 30 жыл темекі шегеді. Объективті: терісі бозғылт, құрғақ, қолдары жылы,тырнақтары сағат әйнегі түрінде. Перкуторлы қораптық тыныс. Аускультативті әлсіреген везикулярлы тыныс, қысқарған тыныс шығару, сирек құрғақ сырылдар.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал

* Бронхиалді демікпе

* Фиброзирлеуші альвеолит

* СОӨА, бронхитикалық тип

*СОӨА, эмфизематозды тип

* созылмалы обструктивті емес бронхит

! 56 жастағы ер адамды көп мөлшерде шырышты іріңді жөтел, ентігу, дене температурасының жоғарылауы мазалайды. Объективті: терісі бозғылт, ерін үшбұрышының цианозы, білезіктері ұстап көргенде суық,тырнақтары сағат әйнегі түрінде. Кеуде клеткасы тыныс алуда аз қозғалады. Аускультативті әлсіреген везикулярлы тыныс, қысқарған тыныс шығару, шашыранды құрғақ сырылдар.

Қандай емдеу тактикасы тиімді:

* Фуросемид, салметерол, фенотерол

* Преднизолон, ипротропиума бромид, амброксол

*+ Левофлоксацин, ипротропиума бромид, амброксол

* Эуфиллин, мельдоний(милдронат), кромоглициевая кислота

* ипротропиума бромид+ фенотерол (беродуал), гидрохлортиазид, лазолван

! 62 жастағы науқас, СОӨА зардап шегеді, зерттеу кезінде ФТК1=45%. Ипратропиум бромиді тағайындалды.

Көрсетілген препараттардың қайсысын қосқан тиімді?

* эфедрин

*+будесонид

* сальбутомол

* преднизолон

* кромоглиций қышқылы

! Көп жылдар бойы темекі тартқан 67 жастағы ер адамда суық тигеннен кейін дене қызуының жоғарылағаны, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелдің күшейгені, әлсіздік және тершеңдік байқалған. Қарағанда: дене температурасы 37,80С. Өкпенің барлық алаңында жайылған ысқырықты және ызылды сырыл естіледі. Қақырық анализінде - 50% нейтрофилдер және альвеолярлы макрофагтар анықталуда.

Көрсетілген препараттардың қандай комбинациясы БАРЫНША тиімді болып табылады?

* Линкомицин және кодеин

* Гентамицин және бромгексин

*+Амоксициллин және ацетилцистеин

* Ампициллин және преднизолон

* Ванкомицин және ацетилцистеин

! 60 жастағы ер адамның жағдайы бірден нашарлады: жоғары қызба, тез жайылған ентікпе,интоксикация симптомдары,тыныс жетіспеушілігінің үдетуі. Анамнезінде – ӨСОА,

Алкоголды қолданады. Қақырықтан Klebsiella pneumonia анықталды.

Кандай терапиялық схема БАРЫНША мақсатты:

*+Цефтриаксон+амикацин

* Клиндамицин + амикацин

* Ципрофлоксацин+вольтарен

* Норфлоксацин+азитромицин

* Тетрациклин + римфапицин

! 49 жастағы ер адамның шағымдары физикалық күштеме кезінде пайда болатын ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен ұстама тәрізді жөтел. 20 жыл шамасындай темекі тартқан. Объективті: терісі құрғақ,аздаған «сұр» цианоз, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді ,кеуде қуысы эмфизематозды. R – грамма: өкпе мөлдірлігі төмендеген,өкпе суреті қосылған. ФТК1= 65%.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША тиімді?

*+Ипратропиум бромид

* Кромогликат натрий

* Будесонид

* Спирамицин

* Будесонид

! 65 жастағы ер адамда суық тигеннен кейін дене қызуы 38 ْ С, шырышты-іріңді қақырықпен жөтел,ентігу,әлсіздік,тершеңдік анықталды. Анамнезінде 20 жылдан астам ӨСОА анықталды. Рентгенологияда:Оң жақта төменгі бөлікте өкпе тінінің инфильтрациясы.

Төмендегі препараттардың кайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* Гентамицин

* Линкамицин

* Тетрациклин

* Преднизолон

*+Кларитромицин

! Дәрігердің қабылдауына 60 жастағы ер адам мынадай диагнозбен қаралды: ӨСОА,орташа ауырлық дәрежесі, ремиссия сатысы.

Кандай топ препараттарын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*+М-холинолитиктер

* Метилксантиндер

* Антибиотиктер

* β2 - агонисттер

* Муколитиктер

! Ер адам 57 жаста көлемді шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, дене қызуының 38,3 ْ С жоғарылауына шағымданып қаралды. Анамнезінде – жиі ЖРВИ . Об-ті: терісі бозғылт,мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, экспираторлы ентігу,кеуде қуысы тыныс алуда аз қозғалмалы, шеткері ісінулер. Өкпеде – әлсіреген везикулярлы тыныс, жайылған құрғақ сырыл.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША тиімді?

*+Левофлоксацин, ипратропия бромид, аброксол

* Преднизолон, ипратропия бромид, аброксол

* Фуросемид, сальметерол, беротек

* Эуфиллин т/і, милдронат, кромоглиций қышқылы

* ипратропия бромид+фенотерол, гипотиазид, лазолван

! 48 жастағы ер кісінің шағымдары: аралас түрдегі ентігу, таңғы уақытта болатын тұтқыр іріңді қақырықты жөтел.

Төменде көрсетілген анамнездің қайсысы дәрігерге ӨСОА диагнозын қоюға мүмкіндік береді.

*+30 жыл темекі шегу

* Рецидивті плеврит

* Туысқандарында ӨСОА кездесу жиілігінің жоғарылауы

* ЖРВИ-мен ауырғанда ауру симптомдарының өршуі

* Ұзақ уақыт көшеде жүргенде аурудың симптомдарының өршуі

! 55 жастағы ер кісінің шағымы: аз физикалық жүктемеден соң пайда болатын экспираторлы ентігу, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел. 15 жыл темекі шегеді. Өкпесінде - әлсіреген везикулярлы тыныс, құрғақ сырылдар.

Бронх демікпесімен дифференциальды диагностиканы өткізгенде қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

*+Спирометрия

* Бронхоскопия

* Пикфлуометрия

* Өкпенің сцинтиграфиясы

* Өкпенің компьютерлік томографиясы

! Науқастың шағымдары: орташа физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, жүрек қағу, тез шаршағыштық. Қарағанда: кеуденің алды-артқы өлшемі кеңейген, перкуссияда қорап дыбыс.

Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды. - student2.ru

Көрсетілген гистологиялық сурет қандай ауруға БАРЫНША сәйкес келеді?:

* Идиопатикалық фиброзды альвеолитке

*+Өкпенің созылмалы обструктивті ауруға

* Бронх демікпесінің интерметтирлеуші түріне

* Бронхоэктаз ауруына

* Саркоидозға

! Көрсетілген кандай препарат селективті b2- адреномиметик тобына жатады?

* Преднизолон

* Адреналин

* Эуфиллин

* ипратропия бромид

*+фенотерол

! Комбинирленген препарат Беродуал құрамына кіреді:

* беротек + кромоглиций қышқылы

* орципреналин + фенотерол

* будесонид + ипратропия бромид

* изопреналин + будесонид

*+фенотерол+ ипратропиум бромид

САРКОИДОЗ АЛЬВЕОЛИТ

! 60 жастағы әйел құрғақ жөтелге, үдемелі ентігуге, тынысты терең алғанда кеудесінде ауыру сезімінің пайда болуына шағымданады. Жағдайының нашарлануы екі ай бойы мазалайды. Анамнезінде артериальды гипертония, соған байланысты конкор, амиодарон, фозикард, кардиомагнил және предуктал қабылдайды.

Тексергенде рентгенограммасында интерстициальды өзгерістер пайда болған, спирографияда рестриктивті бұзылыстар анықталды.

Бұл өзгерістерді қандай препарат дамыту мүмкін?

* конкор

* фозикард

* предуктал

*+амиодарон

* кардиомагнил

! 45 жастағы ер адам қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, үдеуші ентігуге шағымданады. Өткізілген спирометрия нәтижелері: форсирленген тыныс шығару көлемі (ФТК1) қалыптыдан 80 % аз; Тиффно индексі қалыптыдан 70% аз. Сальбутамол сынамасыннан кейін айтарлықтай өзгерістер жоқ

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

*+Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

* Созылмалы іріңді бронхит

* Бронхоэктаздық ауру

* Бронх демікпесі

* Өкпе эмфиземасы

! Өкпенің компьтерлі томографияда «шыны тәрізді» екі жақты фиброз және екі жақты өзгерістер қай ауруға БАРЫНША тән болып келеді:

*+фиброзирлеуші альвеолит

* екі жақтық пневмония

* милиарлы туберкулез

* өкпе амилоидозы

* өкпе саркоидозы

! Төменде көрсетілген рентгенологиялық симптомдардың қайсысы саркоидозға БАРЫНША тән:

* трахеяның ығысуы

* сызықтық көлеңкелердің болуы

* «шыны тәрізді дене» симптомы

* өкпе фонының мөлдірлігінің жоғарылауы

*+өкпе түбірінің «көбелек» типі бойынша ұлғаюы

! 38 жастағы әйел ентігуге, құрғақ жөтелге, терлегіштікке, әлсіздікке, дене температурасының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИмен ауырған. қарап тексергенде мойын, қолтықасты, шап лимфа түйіндері 1,5см дейін ұлғайған, ауырмайды. кеуде қуысы терісінде – түйінді эритема. Рентгенограммада бронхопульмоналды және медиастинальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Қанда: ЭТЖ-35мм/сағ, АЛТ-128бірл/л, АСТ-78бірл/л.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін?

*+саркоидоз

* өкпе амилоидозы

* ауруханадан тыс пневмония

* фиброзирлеуші альвеолит

* оң жақ өкпенің ошақтық туберкулезі

! 52 жасар әйел 3-4 ай бойы мазалаған құрғақ жөтелге, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, түнгі тершеңдікке, әлсіздікке, 38,5° С қызбаға шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі ылғалды, полилимфаденит. Рентгенологиялық зерттеуде бронхопульмоналды және медиастинальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Бауыр қабырға доғасынан 2см шығып тұрады. ЭТЖ-43мм/сағ. АЛТ,АСТ жоғарылаған. Өкпенің трансбронхиалды биопсиясында некрозсыз эпителиоидты-жасушалы гранулемалар анықталды.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША тиімді?

* муколитиктер

*+преднизолон

* антибиотиктер

* антипиретиктер

* туберкулостатиктер

! Муковисцидозбен ауыратын науқасқа тұрақты қолдану үшін қандай препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді:

*+креон

* фестал

* урсосан

* лактулоза

* хилак форте

! Идиопатиялық фиброздауші альвеолиттің диагностикасында қандай зерттеу әдісін қолданған БАРЫНША тиімді?

* фибробронхоскопия

* өкпе рентгенографиясы

* көкірекаралық томографиясы

*+өкпенің ашық биопсиясы

* өкпенің галлий67сцинтиграфиясы

!37 жасар әйел салмағын жоғалтуға, субфебрильді температураға, тез шаршағыштыққа, жөтелге, ентігуге, буындардағы ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде увеит және түйінді эритема типі бойынша бүкіл денесінде түйіндер анықталды. Рентгенологиялық зерттеуде билатералды қақпалық аденопатия анықталды.

Төменде көқрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

*+саркоидоз

* кокцидиомикоз

* Капошисаркомасы

* Ходжкина ауруы

* біріншілік туберкулез

! Біртіндеп үдеуші ентігу, өкпедегі екі жақтық өзгерістер, сыртқы тыныстың рестриктивті түрдегі бұзылыстар, рентгенограммада диссеминирленген торлы зақымдалудың болуы, компьютерлік томографияда «шыны тәрізді» өзгерістер қай патологияға БАРЫНША тән?

* Пневмокониозға

* Өкпе саркоидозына

*+Идиопатиялық альвеолитке

* Интерстициалды пневмонияға

* Өкпенің милиарлы туберкулезге

! Әйел 50 жаста, құрғақ жөтелге, ентігуге, кеуде тұсындағы ауру сезіміне, субфибрильді температураға шағымданады.3 айда 5 кг арықтаған.Антибактериальды терапия нәтиже бермеді.

Об-ті: тізесінде түйінді эритема, өкпесінде қатқыл тыныс.Қанда:лейкоциттер - 9 х 109/л, ЭТЖ - 45 мм/ч, СРБ +++. Квейма сынамасы оң . КТ-графия: түбірі кеңиген, екі жақ өкпеде симметриялы анық емес контурлы көптеген ошақтық көлеңкелер, фиброз, көкірек лимфа түйіндері, түбірі ұлғайған кальцинозсыз. Какой из перечисленных диагнозов НАИБОЛЕЕ вероятен?

* Пневмокониоз

* Идиопатиялық альвеолит

* Токсикалық экзогенді альвеолит

* Өкпенің нфильтративті туберкулез

*+Өкпе және лимфа түйіндерінің саркоидозы

! Әйел 28 жаста кенеттен пайда болатын әлсіздікке, тершеңдікке, құрғақ жөтелге, жүрген кезде пайда болатын ентігуге, тізе табан буындарының ауру сезіміне, дене температурасының бірнеше күн бойы жоғарлауына шағымданады. Полиметаллургиялық қойнауда бухгалтер болып жұмыс жасайды. Объективті: тізе және иық аймағында түйінді эритема. Рентгенологиялық : өкпе түбірінің лимфа түйіндерінің ұлғаюы есебінен кеңеюі.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

* Созылмалы бронхит

* Лимфогранулематоз

* Пневмокониоз

* Туберкулез

*+Саркоидоз

! Науқас К 54 жаста аз ғана физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігуге, құрқақ жөтелге, әлсіздікке шағымданады.Ентігк 1 жыл бойы мазалайды.Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, диффузды цианоз. Перкуссияда – өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда осы аймақтарда әлсіреген везикулярлы тыныс, сықыр естіледі, «целлофан үйкелісі» тәрізді. Компьютерлық томограммада екі жақтық базальдық бөліктерде «шыны әйнек» тәрізді өзгеріс байқалады.

Төмендегі көрсетілген фармакотерапияның қайсысы тиімді?

* Муколитиктер

* Цитостатиктер

* Антибиотиктер

* Бронхолитиктер

*+Глюкокортикоидтар

! Әйел 43 жаста жоғары шаршағыштыққа, құрқақ жөтелге, ентігуге, терең тыныс алудың мүмкін болмауына, арықтауға шағымданады..Қарап тексергенде: аздаған цианоз, саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді. Өкпеде екі жақ төменгі бөліктерінде перкуторлы дыбыстың қысқары,аускультативті- тахипноэ,тыныс алудың және тыныс шығарудың қысқаруы, жауырын аралық аймақта тыныс алу шыңында сықыр естіледі.Туберкулез анықталмаған.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

*+Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

* Өкпенің созылмалы обструктивті ауыру

* Созылыңқы екі жақтық пневмония

* Өкпе пневмокониозы

* Өкпе рагы

! Науқас 48 жаста тыныштықа пайда болатын ентігуге, құрғақ ұстама тәрізді жөтелге, жүрек қағуына, әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Өзін 1 жыл көлемінде ауырамын деп есептейді. Рентгенологиялық екі жақтық фиброзды өзгеріс, «шыны әйнек» симптомы. Антибактериальды терапия нәтиже бермедіне – температура жоғарлады,ентігу күшейді, дене салмағының 6 кг төмендеуі Объективті: жағдайы ауыр, ентігу, акроцианоз. ТЖ – 32 мин.,әлсіз тыныс майдакөпіршікті «дірілді» сықыр естіледі. Қанда: лейкоциттер – 13 тыс., ЭТЖ – 44 мм/ч.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

* Өкпенің диссеминирленген туберкулезі

* экзогенді аллергиялық альвеолит

* альвеолярлы протеиноз

*+фиброздашы альвеолит

* Өкпе саркоидозы

! Әйел 49 жаста аз ғана физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігуге құрғақ жөтелге, субфибрилитет,8 кг арықтауы шағымдарымен келіп түсті. Об-ті: диффузды цианоз, өкпенің төменгі бөлігінде әлсіреген везикулярлы тыныс, тыныс аууы және тыныс шығаруы қысқарған. ТЖ 26 мин., тахикардия. R-грамме: өкпе суреті ірі ұяшықты «ұяшықты өкпе» типі бойынша деформацияланған .

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

* Бронхоскопия

*+өкпе биопсиясы

* Компьютерлі томография

* Иммунологиялық статусты зерттеу

* Ішкі тыныс алу функциясын зерттеу

! Ер адам 41 жаста ентігуге , физикалық жүктеме кезінде «ауа жетпеу » сезіміне,жалпы әлсіздікке, арықтауға, құрғакқ жөтелге шағымданады. 3-4 ай көлемінде ауырады.Емханада: «пневмония», диагнозы қойылған, антибиотиктік терапия нәтиже бермеген. Туберкулез анықталмаған. Об-ті: тері жабындысы аздаған диффузды цианоз. Саусақтары «барабан таяқшасы», тырнақтары – «сағат айна» тәрізді. ТЖ 24 мин.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

* Өкпе рагы

* Өкпе саркоидозы

* ошақтық бронхопневмония

* ӨОСА

*+Идиопатиялық фиброзирующий альвеолит

! Ер адам 30 жаста әлсіздікке дене температурасының 38,6 ºС жоғарлауына шынтақ және фалангааралық буындарының 1 ай көлемінде ауру сезіміне, қызыл дақтардың пайда болуына шағымдарып келді.Status localis: қолдарындағы диаметрі 1-4 см түйінді эритема, басқан кезде ауру сезімді. R-грамме - бронхопульмональдық лимфотүйіндерінің ұлғаюы. ГКС және нимесулидпен терапия оң динамика байқалады.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

* Өкпе саркоидозы, біріншілік- созылмалы форма

* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

*+Өкпе саркоидозы, жедел форма

* Ошақтық бронхопневмония

* Өкпе туберкулезі

! Әйел 37 жаста терілік көріністермен жүйелік ауру байқалады (бетінде және қолдың бүгетін аймақтарында - қоңыр түсті түйіндер); көзде (увеит); буындарда ( шынтақ буынының артриті); өкпелік ( пневмофиброз көріністері, пневмосклероз ошақтары), бүйректік (нефрокальциноз), зәрде – гиперкальциурия.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

*+Саркоидоз

* Склеродермия

* Хортон ауруы

* Вегенера гранулематоз

* Жүйелі қызыл жегі

! Әйел 35 жаста пневмония бойынша – амоксициклин, цефазолин қабылдаған, бірақ жағдайы нашарлаған: әлсіздік үдеген, инспираторлы ентікпе, кеуде аймағындағы ауру сезімі, терең тыныс алған кезде күшейеді.,субфебрилитет сақталған. Өкпенің жалпы сыйымдылығы төмендеген, Тифно индексі қалыпты. Өкпе КТ : альвеола аралық қалқандары бірыңғай емес жұқарған,өкпе суретінің ұяшығын түзеді.

Аталған жағдайда қандай препарат БАРЫНША тиімді?

* Левофлоксацин

*+Преднизолон

* Сальметерол

* Д-пеницилламин

* Диклофенак

! Ер адам 32 жаста шаршағыштыққа дене температурасының 37,8 ºС жоғарлауына, физикалық жүктеме кезінде пайда болатын ентігу, құрғақ жөтел , буындардағы ауру сезімі: шынтақ, тізе. Кәсіби зияны жоқ. Об-ті: өкпенің төменгі шекарасының жоғары тұрғаны перкуторлы анықталады аускультацияда — құрғақ сырылдар. R-грамме: түбірлік лимфа түйіндерінің ұлғаюы , екі жақтық жайылған ортаошақтық қараю байқалады..

Қандай препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Левофлоксацин

*+Преднизолон

* Сальбутомол

* Азатиоприн

* Амброксол

! Ер адам 42 жаста құрғақ жөтел, физикалық жүктеме кезінде пайда болатын ентігу, кейде кеуде аймағындағы шаншып ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен –таулы қазба қойнауы өнеркәсібінің жұмысшысы. Аускультацияда бронхиальды тыныс естіледі, төменгі бөлігінде - әлсіреген, сырылдар жоқ . R – грамме: ұяшықтық және сызықтық өкпе суреті, фиброз ошақтары байқалады.

Қандай ем БАРЫНША тиімді:

* Этиологиялық

* Патогенетикалық

* Профилактикалық

*+Симптоматикалық

* Этиопатогенетикалық

! Әйел 50 жаста әлсіздікке , құрқақ жөтелге, ентігуге, кеуде аймағындағы дем алған кезде күшейетін ауру сезіміне шағымданады . Об-ті: диффузды цианоз, саусақтары «барабан таяқшасы», тырнақтары – «сағат айна» тәрізді.Өкпеде – әлсіреген тыныс , дем алудың және дем шығарудың қысқаруы, жауырын төменгі бұрышында сықыр естіледі. ЖСЖ 120 мин., АҚ160/100 мм.сбб.. R – грамма: өкпе суретінің күшеюі, ірі ұяшықты деформациялануы.

Қандай емдеу тактикасы барынша тиімді ?

*+Преднизолон + циклофосфамид

* Метилпреднизолон + сальметерол

* Цефттриаксон + диклофенак

* Преднизолон + формотерол

* Амоксициллин + амбоксол

! 50 жасар әйел айқын әлсіздік, құрғақ жөтел, ентігу мен терең дем алғанда ауру сезімінің пайда болуына, арықтауға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: әлсіз цианоз, саусақтары барабан тәрізді. Өкпенің төменгі бөліктерінде екі жақта перкуторлы дыбыс әлсіреген, аускультацияда дем алу мен дем шығаруы қысқарған тахипноэ, дем алу шыңында жауырын аралық аймақта крепитация, «писк». R – грамма: төменгі бөліктерінде мөлдірлігі төмендеген және өкпе суреті күшейген (тяжистость).

Төменде аталған препараттардың қайсысын қолданған дұрыс?

*+Преднизолон

* Индометацин

* Купренил

* Цефазолин

* Имипенем

! 43 жасар ер кісіні 38,5°С дейінгі қызба, қалтырау, тершеңдік пен миалгия, аз продуктивті жөтел мазалауда. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде тынысы әлсіреген,базальды аймақтарда крепитация естіледі. R – грамма: Екі жақты инфильтрация. ЖҚА: лейкоцит- 15,5 мың., ЭТЖ - 33 мм/сағ.ФВД тексергенде: рестриктивті тип бойынша тыныс жеткіліксіздік белгілері анықталды. Жүргізілген массивті антибактериальды терапиялық ем нәтижесіз.

Науқасқа қандай ем тағайындаған дұрыс?

* муколитиктер

* бронхолитиктер

* туберкулостатиктер

*+глюкокортикостероидтар

* аминохинолин туындылары

! 38 жастығы әйел қызбаға, айқын әлсіздікке, басы және буындарының ауырғанына, миалгияға, төс артындағы ауыруы сезіміне, сандар терісінде диаметрі 2-3 см қызғылт ауру сезімді түйіндердің пайда болғанына шағымданады. Рентгенограммасында паратрахеальды лимфа түйінднрдің екіжақтық симметриялы массивті ұлғаюі. Қан анализінде эозинофилия, моноцитоз, ЭТЖ, альфа және гамма-глобулиндердің жоғарлауы. Лимфотүйіннің гистологиялық сүретінде казеозды некрозсыз эпителиоидты жасушалар анықталады.

Науқасты емдеу үшін препараттардың қай тобын тағайындаған БАРЫНША жөн?

* противотуберкулезные

* сульфаниламиды

*+кортикостероиды

* антигистаминные

* цитостатики

ПНЕВМОКОНИОЗДАР МЕН МИКОЗДАР

! 52- жасар көмір шахтасының жұмыскері, антракосиликоздың анықталуына байланысты, 16 жыл істеген жұмысынан аластатылды. 3 жылдан кейін науқаста жөтелі күшейіп, әлсіздік, әсіресе түнде тершеңдік, арықтау, субфебрилитет пайда болды. Аускультацияда: қатаң тыныс, екі жақта айқын емес құрғақ және дыбыссыз ылғалды сырылдар естіледі. ЭТЖ- 37 мм/сағ. Антракосиликозға қандай патология қосылуы мүмкін?

* пневмония

*+өкпе туберкулезі

* созылмалы бронхит

* өкпенің орталық рагы

* бронхоэктазды ауру

! 43 жасар әйелде 4 ай бұрын субфебрильді қызба, аз продкутивті жөтел, баяу үдемелі ентігу, әлсіздік пайда болды. Обьективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, Өкпеде тынысы әлсіреген, базальды аймақтарында крепитация. Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген. Қан анализінде: лейкоцит 10,5 мың, ЭТЖ-23 мм\сағ. Пенициллинмен жүргізілген антибактериальды терапия науқастың жағдайын нашарлатып, ентігудің күшеюіне әкелді. ФВД зерттеуде: рестриктивті тип бойынша тыныс жеткіліксіздік белгілері анықталды.

Аталғандардың қайсысы этиологиялық фактор болуы мүмкін?

* вирусты

*+саңырауқұлақты

* токсикалық

* паразитарлы

* бактериальды

! Антракосиликозбен ауыратын 45- жасар шахтер, жөтелге, ентігудің күшеюіне, физикалық жүктемеге тұрақтылығының төмендеуіне, әлсіздік, тершеңдік, қызбаның пайда болуына, дене салмағын жоғалтуына (2айда 4 кг) шағымданады. Өкпенің төменгі бөлігінде екі жақта қатаң тыныс фонында құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. ЭТЖ- 23 мм/сағ.

Науқас жағдайының нашарлауы себебін анықтау үшін аталған зерттеудің қайсысы барынша ақпаратты?

* бронхоскопия

*+туберкулинді сынама

* компьютерлі томография

* компьютерлі спирография

* микрофлора сезімталдығынақақырықты себу

!Пневмокониозбен ауыратын тыныс жеткіліксіздігі бар науқасқа кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендету үшін аталғандардың қайсысын барынша тағайындаған дұрыс:

*+изокет

* лазолван

* дигоксин

* варфарин

* верошпирон

!Гайморитке байланысты антибактериальды ем қабылдаған ер кісі, жөтелдің пайда болуына, үдемелі ентігуге шағымданады. Қан анализінде: лейкоцит – 13 мың., ЭТЖ – 35 мм/сағ. Бронхоскопияда: бронх пен трахеяда ақ түсті массивті жабындымен, шырышты қабатының ісінуі, гиперемиясы анықталды. Бронхтың жуынды суында Candida саңырауқұлағы анықталды.

Ем жоспарына қандай препаратты барынша тағайындаған дұрыс?

* вобэнзим

* будесонид

* амоксиклав

* актинолизат

*+амфотерицин В

! Жүдеген және ұзақ уақыт ауыратын ер кісі, ұзақ уақыт антибактерильды ем, стероидты гормондар, сәулелі терапия қабылдағаннан кейін, клиника абсцедирующий пневмония диагнозын қояды, кейін процесс генерализацияланып, сепсис дамиды, ішкі ағзалар өзгереді. Өкпеде жіңішке қабырғалы қуыстар анықталып, тез іріңдеген. Молочница дамиды.

Аталған препараттардың қайсысын барынша тағайындаған дұрыс?

* Мелоксикам

*+Флуконазол

* Триметоприм

* Циклофосфамид

* Ципрофлоксацин

! 45 жасар ер кісіні қинайтын құрғақ жөтел, физикалық жүктеме кезінде ентігудің пайда болуы, кеудеде ауру сезімі мазалайды. Шамамен 15 жыл шахтер боп жұмыс жасайды. Сыртқы тыныс қызметін зерттеуде: ӨТС мен өкпе вентиляция көлемі төмендеген. Рентгенограммада: интерстициальды фиброз белгілері.

Қандай ауру барынша болуы мүмкін?

* Өкпе саркоидозы, біріншілік-созылмалы формасы

* Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит

* Созылмалы обструктивті бронхит

*+Пневмокониоз (карбокониоз)

* Өкпе эмфиземасы

! 45 жасар ер кісі, алюминий заводында 10 жылдан бері жұмыс жасайды. Өндірістік апаттан кейін дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауына, қалтырау, тершеңдік, миалгия, аз продуктивті жөтелге шағымданады. Обьективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тыныштық қалпында ентігу. Өкпенің төменгі бөліктерінде екі жақта көптеген ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген, екі жақты инфильтрация анықталды. Қан анализінде: лейкоциты-16 мың, ЭТЖ-28 мм\сағ. ФВД зерттеуде: рестриктивті тип бойынша тыныс жеткіліксіздік белгідері анықталды.

Аталған патологияда қандай этиологиялық фактор барынша роль ойнайды?

* вирусты

* саңырауқұлақты

*+токсикалық

* паразитарлы

* бактериальды

! Пневмокониоз асқынуын алдын алуда қандай топ препараттарын тағайындаған барынша мақсатты?

* диуретик

*+муколитик

* b-блокатор

* антибиотик

* ұзақ әсерлі нитраттар

! 58 жастағы ер кісі 18 жыл бойы отқа төзімді асбестті блоктармен жұмыс жасайды, темекі шегеді. Әлсіздік, бас ауру, құрғақ жөтел, кеудедегі ауру сезім мазалайды. Қақырықта «железистые» денешектер анықталды.

Рентгенограммада (А) және компьютерлік томографияда (В) плевраның кальцинозы анықталды.

Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды. - student2.ru

Науқаста қандай ауру дамыды?

*+Асбестоз

* Саркоидоз

* Туберкулез

* Гистиоцитоз

* Плевраның мезотелиомасы

! Ер кісі 56 жаста, ұзақ уақыт асбес-цемент заводында жұмыс жасаған, үдемелі ентігу, салмақ жоғалту, продуктивті емес жөтел мазалайды. Қарап тексергенде тері түсі сұр түстес, дауыс дірілінің және өкпенің төменгі бөлігінде екі жақты перкуторлы дыбыстың әлсізденуі. Плевраның пункциясында ине қиындықпен өтеді.

Науқаста БАРЫНША қандай ауру дамыды?

Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды. - student2.ru

*+Асбестоз

* Антракоз

* Муллитоз

* Плевраның мезотелиомасы

* Цементті пневмокониоз

! 20 жыл бойы асбест шығаратын орында жұмыс жасаған ер кісіде үдемелі ентігу, салмақ жоғалту. Соңғы 4 айда плевра қуысынан үш рет пункция жасалып, сұйықтық алынған. Сұйықтықтың көлемі динамикада үнемі жоғарылап отырған (700 – 1000- 1400 мл).

Плевра суйықтығының құрамнында жасушалардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

* Нейтрофилдер

* Эозинофилдер

* Лимфоциттер

*+Мезотелиальды жасушалар

* Жалпақ эпителий жасушалары

! Кремнеземмен 8 жыл бойы істеп келе жатқан құмқуюшы жұмысшының рентгенограммасында профилактикалық тексеріс кезде өкпе түбірлерінің қалыңдағаны және кеңейгені, өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінде көп түйінді түзіліс анықталды.

(суретте көрсетілген )

Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды. - student2.ru

Қандай патология БАРЫНША болуы мүмкүн?

* Шаңды бронхит

* Антракоз

* Баггассоз

* Асбестоз

*+Силикоз

! Таулы шахтаның бұрғылаушы (бурильшик) жөтелге, аз мөлшерде қақырыққа, ентігуге, шаршағыштыққа, дене салмағын жоғалтуға шағымданады. Рентгенограммада: үлкен түйінді конгломеранттар, буллезды эмфиземаның-ошақтық жарықтануы.

Қандай диагноз науқаста болуы мүмкүн?

* Баритоз

*+Силикоз

* Багассоз

* Асбестоз

* Биссиноз

! Ер кісі 10 жыл бойы диоксид кремнимен жұмыс жасаған. Рентгенограммада өзгерістер анықталған, сұрап тексерген кезде шағымы жоқ. Өкпеде перкуторлы дыбыс мозаикалы, сырыл жоқ ТАЖ 18 минутына. Диагнозды нақтылау үшін өкпеден гисталогиялық зерттеуге жоспарлап жатыр.

Профпатологияға қайсысы тән?

*+Жасушалық-фиброзды бөліктердің түзілісі

* Интерстициальды тіннің зақымдануы

* Көптеген кисталардың түзілісі

* Экссудативті қабыну

* Казеозды ыдырау

! Мақтаман жұмыс жасайтынәйелді дүйсенбі күннен бастап ентігу, құрғақ жөтел, кеуде тұсында ауырлық сезім мазалайды. Цехта жасайтын басқажұмысшыларды да осы симптомдар мазалайды. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкүн?

* Багассоз

*+Биссиноз

* Шаңды бронхит

* Кәсіптік бронх демікпесі

* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

! Әйел адам қырнаушы болып жұмыс жасайды. Бірнеше жыл бойы құрғақ жөтел мен ентігу мазалайды. Кеуде торы резистентті, перкуторлы дыбыс корап тәріздес. Тыныс алуы бронхиальды. Рентгенограммада: өкпе түбірінің тығыздануы, төменгі бөлікте өкпе суретінің күшейуі. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкүн?

* Биссиноз

* Асбестоз

* Муковисцидоз

* Бронхиальды астма

*+Созылмалы шаңды бронхит

! 2-ші топ мүгедегі, 50 жастағы әйел, құмқұйышы болып жумыс істеген. Туберкулезге қарсы диспансерде 5 жыл бойы диспансерлік бақылауда тұрады. Шағымдары: ентігу, субфебрильды қызба, қақырықты жөтел, қан түкіру. Ауыруы толқын тәрізді ағымды, өкпе-жүрек жетіспеушілігінің үдеуімен өтуде. Анамнездің негізінде қандай ауыру тұралы ойлауға болады.

* хронический диссеминированный туберкулез легких

*фиброзно-кавернозный туберкулез легких

* посттуберкулезный пневмосклероз

* цирротический туберкулез легких

*+силикотуберкулез

! 48 жастағы науқас, аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге, жөтелге шағымданады. 8 жыл бойы жылусақтаушы заттармен (әйнекті және шлакты мақта, асбест, цемент) жұмыс жасаған. Қарап тексергенде: ерін цианозы, асцит. Рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі және деформациясы. Көптеген майдадақты қараюлар, төмеңгі аймақта мөлдірліктің төмендеуі. ӨТС (ЖЕЛ)-100мл. (қалыптының 33%). Қақырықты қайта тексеру кезінде «асбесті» денешіктер табылған.

Науқаста қандай асқыну пайда болған:

* силикоз

*+асбестоз

* биссиноз

* шаң тозаңды бронхит

* профессионалды бронхиалды демікпе

! 2 апталық антибактериалды ем алған науқаста дене температурасының жоғарылауы, жөтел сақталады. Өкпесінде төмеңгі аймақтарда әлсіріген тыныс, сырыл жоқ. Қанның бір реттік себіндісінде Candida spp. Анықталған.

Қандай патология БАРЫНША болуы мүмкін

* Фавус

*+Кандидемия

* Кандидомикоз

* Жеделдиссеминирленген кандидоз

* Созылмалы диссеминирленген кандидоз

! Науқаста антибактерилады емнен соң жағдайының нашарлауы: айқын әлсіздік, дене темпаратурасының 38 градусқа дейін жоғарылауы, жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділердің бөлінуі байқалған. Рентгенограммада екі өкпеде де бұлт тәрізді инфильтраттар, жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөлінеді.

Төмендегі қай препаратты таңдау ықтимал болады:

*+Флуконазол

* Кетоконазол

* Итраконазол

* Амфотерицин

* Липосомалды амфотерицин

! Полихимиотерапия қабылдайтын науқаста сегментоядролық нейтрофилдердің саны 0, 45 x 109/л. Созылмалы бронхиттің өршуі салдарынан цефалоспоринмен 7 күнді терапия курсын қабылдады.

Дәл осы жағдайда кандидоздың алдын алу үшің қай препарат БАРЫНША тиімді?

*+Флуконазол

* Кетоконазол

* Итраконазол

* Амфотерицин

* Липосомальды амфотерицин

! 58 жастағы ер адам қоңыр түсті түйіршікті қақырықты ұстама тәрізді жөтелге,дем шығарғандағы ентігуге шағымданады. Жөтел эпизоды 6 ай бойы жалығасып келеді.Жұмыссыз,көпқабатты үйлердің жертөлесінде түнейді, ішімдік ішеді. Жалпы жағдайы қалыпты, ТАЖ - 24 рет минутына,өкпеде әлсіреген тыныс, ысқырықты сырыл естіледі. Қақырықты зерттеу барысында Aspergillus fumigatus анықталды. Рентгенографияда өкпеде инфильтративті көлеңкелер.

Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды. - student2.ru

Науқасты емдеу барысында қай препарат мақсатты болып табылады.

* Нистатин

* Флуканозол

* Амфотерицин

*+Интраконозол

* Вориконозол

! Тұрақты тұрғылықты мекен жайы жоқ ер адамда қалтырау, фебрильді дене қызымы, қанаралас жасыл түсті қақырықты жөтел мазалайды. Анамнезінде – абсцедирлеуші пневмония. Компьютерлі томографияда – қуыс қабырғасының қалыңдауы, секвестр тәрізді көлеңке, жан жағын орақ тәрізді жарықпен қоршалған–«орақ» симптомы.

Науқасты дем шығаруы қиындаумен ентікпе, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел мазалайды. - student2.ru

Диагнозды верификациялағанда мақсатты түрде жүргізілетін әдіс:

* Браш-биопсия

* Қысқышты биопсия

* Атипиялық жасушаларға бронхиальды жуу

*+Қоректік ортада себуге бронхиальды жуу

* Өкпенің трансбронхиальды биопсиясы

! Гематологиялық ауру бойынша цитостатиктер қабылдайтын гематологиялық науқаста антибактериальды терапия жүргізілген. Динамикада жағдайы нашарлаған: әлсіздік өршіген, көп мөлшерде қақырықты жөтел, бауыр мен көкбауыры ұлғайған. Бауыры мен көкбауырында микроабсцесстер анықталды. Өкпе рентгенограммасында жұқа қабырғалы қуыстар анықталған. Қынаптан ірімшік тәрізді бөлінділер пайда болды.

Науқастың жағдайының нашарлауына БАРЫНША қандай себеп алып келді?

* вирустар

* кандидалар

* эхинококк

* аспергиллер

* микоплазма

! Қандай пневмомикозға компьютерлі томограммада шар тәріздес түзіліс, «орақ» симптомы және «шылдырмақ» (погремушка) симптомдары тән?

*+аспиргиллез

* бластомикоз

* актиномикоз

* кандидомикоз

* кокцидиоидты микоз

ВИЗУАЛЬНАЯ ДИАГНОСТИКА

! Ер адам 63 жаста, соңғы 3 айда пайда болған азғындататын жөтел, ентігуге шағымданады. Қарап тексерген кезде оң жақ кеуде бөлігінің экскурциясы шектелген, аускультативті- әлсіз тыныс. Рентгенограммада: оң жақта сегменттік қараю және өкпенің кішіреюі байқалады.

Қандай диагноз болуы мүмкүн:

* Инфильтративті өкпе туберкулезі

*+Бронх ішілік ісік

* Өкпе ішілік аденома

* Крупозды пневмония

* Өкпе саркоидозы

! Әйел адам 35 жаста. Шағымданады жөтелге, ентігуге, соңғы 2 айдағы әлсіздікке. Рентгенограммада: сегменттік қараю, оң жақтағы өкпе көлемінің кішіреюі.

Төменде аталғандардың ішінде диагноз қоюда қандай зерттеу өткізу қажет?

* Нақты рентгенографиюя

*+Сызықтық томография

* Рентгеноскопия

* Латерография

* Зонография

Наши рекомендации