Жансыздандыру жӘне жалпы жансыздандырудыҢ жаҚ-бет аймаҒындаҒы ерекшеліктері

Хирургиялық ота кезінде ауыру сезімін жоюға бағытталған шаралардың жинағын жансыздандыру деп атаймыз.

Ауыру сезімін жою жолдарын зерттейтін медицина ғылым саласын анестезиология (гректің «а» — жоқ, aestesis - сезім, logus — сөз, ілім) дейміз. Анестезия терминін 1846 жылы Мортон енгізді. Жалпы жансыздандыруға келесі талаптар қойылады: барынша ауыру сезімін жою, науқасқа қауыпсыз болу, хирургке мол ыңғайлы жағдай тудыру.

Қазіргі кездегі жалпы жансыздандыру жетістігінің арқасында жақ-бет аймағындағы барлық оталарды толық жасауға мүмкіндік болып отыр.

Жансыздандыру жалпы, жергілікті, аралас, болып бөлінеді. Аралас жансыздандыруға жергілікті жансыздандыру мен жалпы жансыздандыру, жергілікті жалпы жансыздандыру мен нейролептаналгезия, жалпы жансыздандыру мен нейролептаналгезияның түрлері кіреді.

ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ

Жалпы жансыздандыру немесе наркоз (грек narcosis - естен айырылып сіресіп қалу) организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің жұмысын терең тежеу: наркозға ауру енгенде біртіндеп есінен айырылып, ауыру сезімі жойылып, бұлшықеттер босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді.

И.П.Павловтың теориясы бойынша наркоз «Орталық жүйке жүйесінің уақытша жұмысының салдануы (паралич)».

Наркотикалық дәрілерді организмге ендіру жолдарына байланысты жалпы жансыздандыру-наркоз тыныс жолдары арқылы және тыныс жолдары арқылы емес болып екіге бөлінеді.

Организмге әртүрлі наркотиктердің буы тыныс жолдары арқылы енгізілсе оны ингаляциялық немесе маскалы наркоз дейді.

Егер бу және газ кеңірдекке түтік арқылы енгізілсе бұндай наркозды эндотрахеалды, интратрахеалды немесе интубациялық наркоз деп атайды.

Бұл атаулардың ішінде тек «эндотрахеалды» деген терминді халықаралық анестезиологтар федерациясы дұрыс деп тапты.

Қазіргі кезде тыныс жолдары арқылы жалпы жансыздандыру беру үшін көптеген наркотиктер қолданылады. Оларға келесі талаптар қойылады: кең терапевтік әсерлі, паринхиматозды мүшелердің жұмысына қатерлі болмау, жалпы жансыздандыруға ену өте жұмсақ және тіндерді тітіркендірмеу, организмнен тез шығу, жарылудан қауыпсыз, арзан болуы тиісті.

Жалпы жансыздандыруға негізінде келесі наркотиктер пайдаланылады: оттекті азот, хлорлы этил, этилді эфир, фторотан. Бұл дәрілердің физико-химиялық және басқа қасиеттері фармакология, клиникалық фармакология, анестезиология және жалпы хирургия пәндерінде кеңінен талқыланады.

Тыныс жолдары арқылы емес жалпы жансыздандыру -Ингаляциясыз наркоз

Организмді ұшпайтын (буланбайтын) наркотиктерді (тыныс жолдары арқылы емес) енгізу арқылы жалпы жансыздандыру әдісін ингаляциясыз наркоз деп атайды. Ол көк тамыр (вена) арқылы және көк тамыр (венасыз)

арқылы емес болып екіге бөлінеді (И.С.Жоров), көк тамыр (венасыз)

арқылы емес жалпы жансыздандыруды организмнің тіндері мен қуыстарына наркотиктерді енгізу арқылы орындауға болады. Мысалы ішу, тік ішекке, бұлшықетке жіберу.

Осы айтылған жалпы жансыздандырудың ішінде көк тамыр-венаға енгізу арқылы жасалатын жалпы жансыздандыру-наркоз көп қолданылады. Ол көпкомпонентті жалпы жансыздандыру-наркоз ішіне кіруімен қатар, жеңіл және қысқа уақыт ішінде жасалатын оталарда дербес түрде пайдаланылады. Бұл жалпы жансыздандыруға-наркозға келесі анестетиктер кіреді: тиопентал, гексенал, виадрил, натрий оксибутераты, сомбровин, кетамин т.б. Анестетиктер қанмен араласып, организм жалпы жансыздандыруға-наркозға тез арада енеді.

Нейролептаналгезия

Нейролептаналгезия деп жансыздандырудың (анестезияның) көк тамырға- венаға ауыру сезімталдығын жоятын (аналгезия) күшті анестетик (фентанил) және адамның айналасындағы болып жатқан жағдайға талғаусыздықпен (нейролепсия) қарататын нейролептик (дроперидол) енгізу арқылы болатын әдісін айтады. Нейролептаналгезияның бірнеше әдістері бар. 1972 жылдан бастап Де Кастро мен Мунделлер (1969 ж.) әдістерінің өзгертілген түрі қолданылып келеді. Бұның негізінде тыныс жұмысын бәсеңдетіп фентанил мөлшерін-дозасын мейлінше азайтып, дроперидол мөлшерін-дозасын көбейту жатады. Фентанилдің аз аналгетикалық әсерін, көк тамырға-венаға 33% спирт енгізу мен жергілікті жансыздандыру әдісін қолдану арқылы толықтырады. Нейролептаналгезия ота болатын түнде байырғы дәрі демеуден-премедикациядан басталады. Оталық үстелде-столда көк тамырға- венаға 0,25% 0,5 мл атропин, 2 мл пипольфен, 10 кг салмаққа 1 мл дроперидол, 2,4% 5 мл эуфилин және 1 кг салмаққа 33% 2 мл спирт енгізіледі. Осымен қатар жергілікті жансыздандыру жасалады. Отаның алдында көк тамырға-венаға 1 кг салмаққа 0,025 мг фентанил көк тамырға- венаға жіберіледі. Ота барысында фентанил қайталанылады, бірақ бірінші енгізгеннен 12—1 5 минуттен кейін.

Жоғарыдағы аталған дәрілерді көк тамыр-вена арқылы жібергеннен 5 минут уақыт өткеннен кейін ауру тынышталып ұйқысұрай бастайды. Бұл кезде, ол айтқанға тез көніп, барлық бұйрықты орындауға әзір болады. Шын көңлімен аузын ашып ауыз қуысын тексертеді, дәрігердің не істеп жатқанын байқап, бірақ оған көңіл аудармайды. Жансыздану қабілеті жақсы болғанымен, жергілікті жансыздандыру әдісін қолданбай отаны жасауға болмайды. Ота кезінде қанның қозғалыс құрамы-гемодинамика көп өзгермейді.

Наши рекомендации