Диагностика. Дифиллоботриоз гиперхромды анемияға негізделеді. Диагноз нәжісте құрт жұмырқаларының табылуымен негізделеді.

Емі. Дегельминтизация фенасал курстық дозасы - 2г. Натрий гидрокарбонат ¼ стакан суға 1-2 г еріту. Дихлосал және трихлосал препараттары. Кеңінен ер папороткигінің эфирді экстракті қолданылады: ересектерге 4,5-5,5 г.

Жұмыр құрттар типі

Жұмыр құрттар типi 5 класқа бөлiнедi: құрсақ кiрпiкшелi құрттар, нематодалар, түктi құрттар класы, коловраткалар, киноринхилар.
Диагностика. Дифиллоботриоз гиперхромды анемияға негізделеді. Диагноз нәжісте құрт жұмырқаларының табылуымен негізделеді. - student2.ru

Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha); киноринхалар (Kіnorhyncha); түкті құрттар (Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы – ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар – адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді.

Диагностика. Дифиллоботриоз гиперхромды анемияға негізделеді. Диагноз нәжісте құрт жұмырқаларының табылуымен негізделеді. - student2.ru

Трихинеллез

(trіchіnellosіs; грек. trіch, trіohos – шаш) – адам мен жануарларда болатын ішек құрты ауруы. Ауыр механизммен, бұлшық еттердің ауыруымен, ісуі және айқын аллергиялық құбылыстармен сипатталатын табиғи ошақты зоонозды ауру  
Диагностика. Дифиллоботриоз гиперхромды анемияға негізделеді. Диагноз нәжісте құрт жұмырқаларының табылуымен негізделеді. - student2.ru

Трихинеллездің қоздырғышы – трихинеллалар, ұзындығы 1 – 3 мм, тірідей туатын жұмыр құрттар. Дернәсілдері таяқшаға ұқсас, ұзындығы 0,1 мм-ден 1 мм-ге дейін ұзарады. Ересек трихинеллалар иесінің ішегінде өмір сүреді, ал дернәсілдері көлденең салалы бұлшық еттерге өтіп, дамиды, шиыршықтанып, спираль тәрізді бұратылып жатады.

Диагностика. Дифиллоботриоз гиперхромды анемияға негізделеді. Диагноз нәжісте құрт жұмырқаларының табылуымен негізделеді. - student2.ru Диагностика. Дифиллоботриоз гиперхромды анемияға негізделеді. Диагноз нәжісте құрт жұмырқаларының табылуымен негізделеді. - student2.ru

Наши рекомендации