ЖДА жағдайындағы акушерия және гинекология

411. Физиологиялық жүктілік барысында ультра дыбысты зерттеуді неше рет өту керек?

1.5 рет

2.2 рет

3.7 рет

4.+4 рет

5.3 рет

412. Әйел оң жақ бүйіріндегі ауырсынуға, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге, әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ 100/70 мм.сн. бағ. бойынша. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаттары көгерген, жыныс жолдарынан қанды бөліністер. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қозғалады, күмбездер томпайған, ауырсынады, жатыр 8 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, оң жақ жатыр қосалқасы жедел ауырсынады. Жүктілікті анықтауға арналған тест оң. Осы әйелге қандай көмек көрсетілуі керек?

1.Антибактериалды ем тағайындау

2.Ультра дыбысты зерттеуді тағайындау

3.+Жедел госпитализация

4.Жоспарлы түрде госпитализациялау

5.Қабынуға қарсы ем тағайындау

413. Қабылдауда 20 жастағы әйел, жыныс жолдарындағы қышуға және жаман иісті бөліністерге шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Айнамен қарағанда: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаты қызарған. Жыныс жолдарынан жасыл түсті, көпіршікті, иісі бар бөліністер. Қынаптық тексеруде: жатыр және оның қосалқылары өзгеріссіз. Дұрыс ем тағайындаңыз:

1.Метронидазол 500 мг 1 таб 3 рет күніне, 10 рет

2.Метронидазол 500 мг 1 таб 2 рет күніне, 10 рет

3.+Метронидазол 250 мг 1 таб 2 рет күніне, 10 рет

4.Метронидазол 1000 мг 1 таб 2 рет күніне, 10 рет

5.Метронидазол 250 мг 2 таб 3 рет күніне, 10 рет

414. Босанудың қай кезеңі ең қауіпті болып табылады? Неге?

1.Бірінші, себебі, ең ұзақ кезең болып табылады

2.Екінші, себебі, жатыр мойнының және қынаптың жыртылуы болуы мүмкін

3.Екінші, себебі, ышқынуды дұрыс реттеу керек

4.+Үшінші, себебі, көп мөлшерлі қан кетумен асқыуы мүмкін

5.Бірінші, себебі, толғақ тәрізді ауырсынумен сипатталады

415. Дәрігердің қабылдауында 25 жасар әйел. Аса шағымдары жоқ. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 140/90 мм.сн.бағ.бойынша, пульс 86 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулер жоқ. ЖЗА: ақуыз 0,099 г/л. Жүкті әйелдің жағдайын бағалаңыз.

1.+Гестоз. Преэклампсия I дәрежелі.

2.Гестоз. Преэклампсия II дәрежелі.

3.Гестоз. Преэклампсия III дәрежелі.

4.Гестоз. Жүктілердің гипертониясы

5.Гестоз. Эклампсия

416. Акушер-гинекологтың негізгі міндеті болып табылады:

1.+ана мен бала ауруларын төмендетіп, өлімді азайту

2.жүктілер мен гинекологиялыќ Науқаста рѓа стационарлыќ көмек көрсету

3.экстрагениталді патологияларды азайту

4.активті және пассивті патронаж көрсету

5.ана жєне перинаталді өлім бойынша ќауіп тобын аныќтау

417. Преэклампсияны/эклампсияны реттеу үшін, ең танылған, эффективті жєне қауіпсіз, таңдаулы емдеу әдісіне жататын терапия болып табылады:

1.+магнезиалді терапия

2.простогландиндермен емдеу

3.B блокаторлармен емдеу

4.допегит 10 мг* тәулігіне 2 рет

5.миотропты әсер беретін вазодилятатор бастапқы дозасы 0,25 мкг/кг/мин

418. Гестациялық гипертензия бұл …:

1.Артериялық қысымның жоғарылауы және протеинуриямен көрінетін көпжүйелі синдром

2.Жүктіліктің бірінші триместрінде кездесетін гипертензия

3.+Жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болатын, АҚ босанғаннан кейін 6 апта ішінде қайта қалыпқа келетін гипертензия

4.Бір рет өлшегенде диастолалық қысымы 110 мм. сын.бағ. асатын немесе тең болатын жағдай

5.Жүктілік пен босануды асқындыратын, бұрын пайда болған гипертензия

419. 26 жастағы науқас әйел, сүт бездері мен балтырының қатаюына және ісінуіне, ішінің кебуіне, тітіркенгіштікке, терлегіштікке шағымданып келді. 3 жылдан бері ауырады. Аталған симптомдар етеккір циклының екінші фазасында пайда болып, кезекті етеккір келіп кеткеннен кейін тоқтайды. Жылдан жылға симптомдардың ауырлығы жоғарылаған жоқ. Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ. Осы жағдайда етеккір алды синдромының қай түрі болуы мүмкін?

1.Цефалгиялық

2.+Ісінулі

3.Жүйке-психикалық

4.Кризді

5.Атипиялық

420. Р., 32 жаста, жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуі себебімен гинекологиялық стационарға жатты. үйге шығу алдында гинекологқа, контрацепция әдістері туралы кеңес беруін өтініп келді. Әйел некеде, 2 баласы бар. Соңғы 3 жылда жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуімен екі рет емделіп шыққан. Осы әйелге контрацепция әдістерінің ішінен қайсысын ұсынуға болады?

1.жатырішілік контрацепцияны

2.таза гестагендерді

3.+комбинирленген ауыздық контрацепцияны

4.спермицидтерді

5.ырғақты әдісті

Наши рекомендации