Бақылау: кроссворд шешу

1. Сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне жауап беретін, өзіндік реттеуші жүйе қалай аталады? - организм

2. Сыртықы орта тітіркендіргіштеріне, организмнің жауапты реакциясы қалай аталады? – рефлекс

3. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы аталады: - гомеостаз

4. Организмнің жоғарғы жүйке іс-әрекетінің ілімін қалаған: - И.П.Павлов

5. Организмнің тіршілік әрекетінің жиынтығы орыс тілінде қалай аталады? - среда

6. Қысқа уақытқа созылатын, жансыздандырылған жануарлардың мүшелер жұмысын зерттеу үшін, олардың организмін кесіп, жүйкелерін тітіркендірудегі әсерін зерттеу, дәрілік заттарды егу және т.б. жағдайдағы тәжірибе орыс тілінде қалай аталады? - острый

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

О    
Р Г  
Г О  
А М П   О
Н Е А С С
И О В Р Т
З Р С Л Е Р
М Е Т О Д Ы
  Ф А В А Й
Л З  
Е  
К
С

(оқытушыға)

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

№2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

Тақырыбы: Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың параметрлері.

Сағат саны: 4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Құрастырушы:

Доцент Ибраева С.С.

Астана 2014ж

1.Тақырыбы:Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың параметрлері.

2.Мақсаты:Биологиялық құбылыс табиғаты ағзаның сыртқы ортамен өзара байланысы туралы білім, акпараттың таралу үрдісін дүрыс ұғыну үшін қажет.

3.Оқу мақсаты:Қозғыш ұлпалардың биоэлектрлік құбылысының негізгі тегершіктерін ұйымдастыру, классикалық физиологиялық тәжірибелермен таныстыру. Көлбақаның артқы аяқтарынан препарат дайындау үйрету.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қозғыш ұлпалар. Тітіркендіргіштердің жіктелуі.

2.Қозғыш жасушалардың негізгі қасиеттері (тітіркенгіштік, қозғыштық). Қозу.

3.Қозғыштықтың параметрлері: тітіркендіру табалдырығы, (реобаза), пайдалы уақыт, хронаксия, лабильділік, рефрактерлік. Аккомодация

4.Сөл бөлу .Сөл бөлу қызметтері. Сөл бөлетін жасушалардың биоэлектрлік ерекшеліктері. Сөл бөлудің ерекшеліктері (жүйкелік, гуморальдық ).

5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Ритмокардиоэнцефалоскоп аспабында жүрек пен мидағы электрлік потенциалды тіркеу.

2. Жүйке бұлшықеттік препарат және қөлбақаның оқшауланған балғыр бұлшықетінен препарат дайындау.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Тақырып бойынша дәріс

2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663

3 .Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

6 .Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

Қосымша:

1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау:Билет бойынша жазбаша бақылау.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

№2 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы:Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың көрсеткіштері.

№ 1-жұмыс.Жүрек бұлшық еті мен бас миындағы биоэлектрлік құбылысты тіркеу (№ 1- сабаққа арналған әдістемелік нұсқауды қара).

№ 2-жұмыс. Жүйке-бұлшық еттік препаратты және көлбақаның оқшауланған балтыр бұлшық етінен препаратты дайындау (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 149 б.; Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 73-75 б.).

Жұмыс №2 Жүйке- бұлшықет препаратын дайындау және бақаның балтыр бұлшықетінен препарат дайындау

Жүйке-бұлшықет жүйесінің физиологиясын оқу қозғалыс жүйесі мен жүйке жүйесі жайлы маңызды ақпарат алуға мүикіндік береді.Жүйке-бұлшықет физиологиясы (практикалық) тәжірибелік медицинада, жеке дәрігерлік бақылауында, жүйке аурулар клиникасында, ортопедияда және емдік дене шынықтыруда қажет.

Бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқуда жиі жүйке-бұлшықет препараты қолданылады.Оны бақаның артқы аяғынан дайындайды.Классикалық жүйке-бұлшықет препараты болып балтыр бұлшықеті мен (Седалищный нерв) шонданай жүйесі табылады.

Жұмысқа қажетті құралдар: препарат дайындауға қажет құрал-саймандар, бума сүлгі, операция жүргізілетін үстел, Рингер ерітіндісі, бақа

Жұмыс барысы: Бақаны жансыздандырады, содан соң оның артқы құрсағын алып, үлкен құйымшақтың 1 см жоғары проксимальды ұшынан омыртқадан кесіп өтеді.Бақаның артқы аяқтарын ұстап тұрып,қайшвмен теріні, бұлшықетті, ішкі мүшелерін кесіп, құрсақ бөлімінің алдыңғы бөлімін ажыратады.Бақаның артқы табандарынан терісін алып тастайды.Ол үшін 2 дәке сүлгісін алып. Біреуімен омыртқаның қалғанын ұстап тұрады, ал екіншісімен теріні ұстап. Қолдың тез қозғалысы арқылы теріні табанынан ажыратады.Эксперименттерде қолданылатын бақаның артқы аяғының препаратын алады.

Бақаның артқы аяғынан дайындалған препаратты сол қолға қалған омыртқадан ұстайды.Ұстаған кезде құйрық сүйегін (уростиль) жоғары қаратады.Ол үшін қайшымен кесіп өтеді.Көзбен қадағалап препаратты вентральді беткеймен аударады, сегізкөз байламдарының нервтік бағандарын бүлдіріп алмау үшін омыртқаны және мықын өсіндісін 2 бөлікке кесіп, 2 артқы аяқтан препараттар алады.Бұл препаратты Рингер сұйықтығына салса, екіншісін жүйке-бұлшықет препаратын дайындауға жұмсайды.

Балтыр бұлшықетінің препаратын дайындауды өкше тұсынан (ахиллова) бастайды.Сіңірдің астынан ұзына бойы сесамовидный сүйегінің астынан кесіп өтеді.Өкше сіңірінің ұшынан пинцет арқылы ұстап, балтыр бұлшықетін жанына қарай тартып, фациялардан және басқа да оны байланыстыратын тканьдардан ажыратады.

Нервтер препаратын дайындағанда препаратты дорсальды бетімен жоғары қаратады. 2 үлкен саусақпен бел бұлшықетін ажыратып, тереңде орналасқан шонданай жүйкесін жалаңаштандырады.Шыны ілмектер арқылы нервті тізе буындарына дейін бөліп аламыз.Одан кейін омыртқаның бөлігін алып,жамбас сүйегінен бөледі және қайшымен шонданай нервінің барлық бұтағын кеседі.Тізе буынына дейін бөліп алғаннан кейін, ұштарын жоғары және төмен кесіп, жүйке-бұлшықетінен нервті бөледі.

Жұмыс дайындауға ұсыныстар: Жүйке-бұлшықет препаратын салыңдар, бөліктерін көрсетіп, белгілеңдер,ол қандай мақсатта қолданылатынын көрсетіңдер

№ 3 Жұмыс.Схема сызбасы:

Бақылау: кроссворд шешу - student2.ru

Бақылау: кроссворд шешу - student2.ru

Құрбақаның қозғалмауы-бас және арқа миының бұзылуы.

Бақылау: кроссворд шешу - student2.ru

Жүйке-бұлшықеттік препараттың дайындау кезеңдері.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Наши рекомендации