Бақылау: сканворд шешу
Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.
1. Сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне жауап беретін, өзіндік реттеуші жүйе қалай аталады? - организм
2. Сыртықы орта тітіркендіргіштеріне, организмнің жауапты реакциясы қалай аталады? – рефлекс
3. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы аталады: - гомеостаз
4. Организмнің жоғарғы жүйке іс-әрекетінің ілімін қалаған: - И.П.Павлов
5. Организмнің тіршілік әрекетінің жиынтығы орыс тілінде қалай аталады? - среда
6. Қысқа уақытқа созылатын, жансыздандырылған жануарлардың мүшелер жұмысын зерттеу үшін, олардың организмін кесіп, жүйкелерін тітіркендірудегі әсерін зерттеу, дәрілік заттарды егу және т.б. жағдайдағы тәжірибе орыс тілінде қалай аталады? - острый
Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.
( студенттерге)
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
№3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР
Тақырыбы: Биоэлектрлік құбылыстар. Биопотенциалдардың табиғаты туралы қазіргі кездегі көзқарас.
Сағат саны: 4
Курс: 2
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Құрастырушы:
Астана 2013ж
1.Тақырыбы:Биоэлектрлік құбылыстар. Биопотенциалдардың табиғаты туралы қазіргі кездегі көзқарас.
2.Мақсаты:Биологиялық құбылыстардың табиғатын, ағзаның сыртқы ортамен қатынасын білу ақпаратты өткізу құбылысын түсіну үшін қажет.
3.Оқу мақсаты:Қозғыш тіндерде болатын биоэлектрлік құбылыстардың негізгі механизмдерін қалыптастыру.Классикалық физиологиялық тәжірибелермен таныстыру.Бақаның артқы аяғынан препарат жасауды студенттерге үйрету.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Биоэлектрлік құбылыстар жайындағы ілімнің дамуы. (Гальванидің 1 және 2 тәжірибесі).
2.Мембраналық потенциал, әрекет потенциалы, оларды тіркеу әдістері, пайда болу механизмі.
3.Ұлпаның қозу кезіндегі қозғыштық қасиетінің өзгеруі..
4.Биопотенциалдар пайда болуының теориясы және олардың пайда болуы жайындағы қазіргі кездегі көзқарас. Жасуша тітіркенуі кезіндегі мембраналық және жасушаішілік процестер.
5.Мембрананың иондық каналдары. Биологиялық мембраналар арқылы заттардың активті және пассивті тасымалдануы.
6.Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттері.
7. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру заңдары. (полярлық заң, «бәрі және ештеңе емес» заңы,күш заңы, күш және уақыт заңы, градиент заңы).
5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)
1.Қозғыш тіндердегі биоэлектірлік құбылыстарды көрсетудің биологиялық тәсілі.
2.Сызбанұсқаларды сызу.
6. Әдебиет:
Негізгі:
1.Тақырып бойынша дәріс
2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663
3 .Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.
4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.
5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.
6 .Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.
7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.
Қосымша:
1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.
2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.
3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.
5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.
6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.
7. Бақылау:ситуациялық есептерді шешу
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
№3 сабаққа таратылатын материал
Сабақ тақырыбы:Биоэлектрлік құбылыстар.
№ 1-жұмыс.Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылысты шерудің биологиялық тәсілі (Гальванидің 1- және 2- тәжірибелері мен К. Маттеучидің тәжірибесі). (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 156 б.; Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 80-83 б.).
«Тірі электрліктің» бар екендігін бәсекелессіз дәлелдейтін Гальванидің 1-тәжірибесінің мәні- жүйке-бұлшықет препаратына биметалдық пинцет әсерінен кейін бұлшық еттің жиырылуы бақыланатындығында.
Гальванидің 1-тәжірибесі:
Жумысқа қажетті құралдар: биметалдық пинцет, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, универсалды штатив, марлі салфеткалары, Рингер ерітіндісі, көлбақа.
Жұмыс барысы: Көлбақаның екі артқы аяғынан препарат жасап, оны штативке іліңіз. Сосын бір браншасы мыста, ал екінші браншасы темірден жасалған пинцетті аламыз. Содан кейін мыстан жасалған браншаны жүйкелік өрімге апарады да екнінші браншасын аяқ бұлшықетіне саламыз. Осының нәтижесінде аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз.
Жумысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жобасын салыңыз, бұлшықеттің жиырылу себебі туралы қорытынды жасаңыз.
Гальванидің 2-тәжірибесінде (металсыз жиырылу)
балтыр бұлшықетінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салғанда көлбақаның артқы аяқтарының бұлшық еті жиырылады. Тыныштықтағы бұлшықеттің сыртқы беткейі мен ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы, бұлшықет жарақаттанғанда бақыланады. Жарақаттанған және жарақаттанбаған бөлімдер аралығындағы пайда болған потенциал, «жарақат потенциалы» немесе «демаркациялық потенциал» деп аталады. Бұлшықеттің жарақаттанған электрлі-теріс бөліміне жүйкені салғанда, бұлшықеттің жарақаттанбаған деңгейі мен жүйкеге жанасқан жеріндегі оң зарядты полюсі үлкен роль атқаратын, тізбектің қиылысуы жүреді. Сонымен Гальванидің 2-тәжірибесіндегі жүйкенің қозу себебі, ұлпаға тікелей әсер ететін токтың тітіркендіргіш әрекеті болып табылады.
Жұмыс барысы: Көлбақаның артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын шонданай нервін жақсылап препараттап, ол нервіні омыртқа жанынан кесеміз. Санның төменгі бөлігіндегі бұлшықетті қиып өтіп, әйнек ілгішпен тез арада шонданай нервін алып, тез арада бұлшықеттің үстіне қою керек. Ол жанағы санның жарақаттанған және жарақаттанбаған аймағвн бір уақытта жанау керек.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар:тәжірибенің жобасын сызыңыз, қорытындыда артқы аяқтар бұлшық етіннің жиырылу себебін қорытындылаңыз.
Маттеучи тәжірибесі.
Қаңқа бұлшықеті жүйкенің ток күші әсерімен тітіркенуі (2-реттік тетанус). 1840 ж. Маттеучи, жүйке-бұлшықет препараты бұлшықетінің жиырылуын, келесі препараттың жирылған бұлшықетіне жүйкені салса да, тудыруға болатындығын көрсетті. Бұл тәжірибе, басқа препараттың жүйкесіне арналған тітіркендіргіш ретінде қолдануға болатынын, жиырылған бұлшықеттегі токтар мәні жоғары екендігін куәләндандырады. Осы токтар «Ток әрекеті» деген атау алды.
Жумысқа қажетті құралдар: препараттауға арналған құрал-жабдықтар жинағы, лоток, стимулятор, электрод, әйнектен жасалған ілгіш, тығын пластинкасы, Рингер ерітіндісі және көлбақа.
Жұмыс барысы: Көлбақаны жансыздандырамыз да, екі артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын екі препараттағы шонданай жүйкесін әйнек іггіштің көмегімен тізе буынына дейін препараттайды. Сан сүйегі мен сан бұлшықеттерін түгелдей алып тастап, тек қана сирақ пен табанды қалдырамыз. Бір препарттағы жүйкені омыртқа кесіндісімен қалдырып, ал екіншісінде омыртқа кесіндісін алып тастайды. Екі аяқты да тығын пластикасының үстіне қоямыз. Бір жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін әйнек ілгіштің көмегімен электродқа қояды. Ал ол электродтар стимулятормен байланысты. Бұл препараттың бұлшықетіне ұзына бойы екінші препараттың жүйкесін орналастырады. Бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін ретмикалық тітіркенуге апарып соқтырады. Содан кейін аяқтардың титаникалық жиыруларын бақылайды.
Жұмыстың орындалу кезінде жүйкені препараттағанда өте сақ болу керек! Өйткені жұмыс барысында жүйке кеуіп қалуы мүмкін. Әрине тәжірибеден бұрын бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың бұлшықеттік жазықтығын фильтр қағазы көмегімен кептіру керек.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жүргізілу жобасын сызыңыз, екінші реттік титанның пайда болу себебін қорытындылаңыз.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жүргізілу жобасын сызыңыз, қорытындыда ток әрекетінің туу себебін түсіндіріңіз.