Бөріқарақат тұқымдасы және өкілдеріне сипаттама

(Вerberіdaceae) – қос жарнақтылар тобына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі жасыл бұталар. Солт. жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында өсетін 14 туысы, 650-дей түрі белгілі. Қазақстанда 3 туысы (бөріқарақат, бұланмүйіз, торсылдақ), 12 түрі бар. Биікт. 5 – 6 м-дей, тамыры тармақталып, кең жайылып өседі. Жапырақтары сопақша қауырсын тәрізді, сабақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, 3 мүшелі. Гүлшоғыры шашақ, масақ тәрізді топталып, кейде жеке-жеке орналасады. Наурыз – маусым айларында гүлдейді. Жемісі бір немесе көп тұқымды қорапша, жидек, кейде жаңғақ тәрізді болады. Бөріқарақат тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрамында алкалоидтар, әсіресе, берберин бар. Олар дәрілік, әсемдік өсімдіктер. Гүлінен ара бал жинайды, тамырынан сары бояу алынады. Бөріқарақат – биіктігі екі жарым метрге дейін жететін, Қазақстанның таулы аймақтарында табиғи түрде кездесетін, жапырағы және жемісі әдемі бұталы өсімдіктің бірі. Мәңгі жасыл өсімдіктер қатарына жататын түрлері де бар. Табиғатта 400-ден аса түрі кездеседі. Мәңгіжасыл түрлері: жасыл жапырақты, қызылқоңыр жапырақты және мол жемісті, ұсақ жапырақты болады. Ал, биіктігіне қарай бөріқарақат он шақты топқа бөлінеді. Олардың арасында биіктігі 30 см болатын және 3 метрден асатын үлкен бұталыларын да кездестіруге болады. Көгалдандыруда бөріқарақатты жапырағының және жемісінің әдемілігі үшін отырғызады. Жапырағы әдемі түрлерін гүлзар, рокарий және жасыл шарбақ ретінде өсіреді. Бұтағын кесіп шар, төртбұрыш, цилиндр пішінінде де өсіруге болады. Бірақ ботаника бағы үшін бөріқарақатты қырқып, пішіндеп өсірудің қажеті жоқ. Еркін өскен бөріқарақаттың бір бұтағының ұзындығы 3 метрге дейін жетеді. Қазақстан жерінде өсетін бөріқарақаттың жапырағы сопақ, ұсақ, қызыл және жасыл түсті болып келеді. Сабағы тікенді. Қазақстанның Алтынемел және Шарын қорықтарында Қызыл кітапқа енген Іле бөріқарақаты өседі. Мамыр, маусым айларында гүлдейді, жаздан күзге дейін жапырақтары әдемі қызыл түске еніп, қыс кезінде қып-қызыл жеміс береді. Жемісінен тосап, кондитерлік тағамдар дайындайды. Ал, жіңішке жапырақты бөріқарақат жұпар иісімен бағаланады.

Бұланмүйіз (Bongardіa) – бөріқарақаттар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Қызылқұмның,Түркістанның, Қаратаудың сазды қырқаларында, сортаң жерлерде, жол, арық бойлары мен тау бөктерлеріндегі егістік жерлерде өсетін 1 түрі – сары Бұланмүйіз (chrysogonum) кездеседі. Оның биіктігі 30 – 50 см. Тамыртүйіндері бұдыр (жуандығы 3,5 см). Ұзынжапырақтары (8 – 15 см) тамыр түбінен басталып, жерге жайылып өседі. Сабағы жапырақсыз. Гүлдері сары, шашақ гүлшоғырына топталған. Наурыз – сәуір айларында гүлдейді, жемісі – дәнек. Қорапшасы жұқа, қабықты. Бұланмүйіздің тамыртүйіні крахмалғабай, ол тағам ретінде пайдаланылады

56 Астралылар тұқымдасының түтікше гүлдерінің құрылысы және формуласы Астралылар тұқымдасы (лат. Asteráceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер (лат. Compósitae) — қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады. түтікшелі гүлділер (күнбағыс, түймедағы, мыңжапырақ, жусан, ермен, гүлкекіре және т. б.

Мыңжапырақ (тысячелистник) себетіндегі түтікшелі гүлі: Т0К(5)А5Ж(2);

Дәрілік түймедағы (ромашка лекарственная) түтіктелі гүлі: Т0К(5)А5Ж(2

Күнбағыстың себетінде де түтікшелі, тілшелі гүлдер бар.: Т0К(0+3) немесе 3А()Ж(). Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі - гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлтежапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшындағы 5 тісшесі болады. Ал жалған, тілшегүлдің жоғарғы ұшында 3 тісшесі ашылып жайылады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі - айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5)А(5)Ж(2)(бақбақ гүлі) Түтiкшегүлдi тұқымдастардың не барлық гүлi түтiкше түрiнде немесе ортаңғы бөлiгi түтiкшелi, ал шеткi гүлдерi жалған тiлшелi не воронка тəрiздес болып келедi, анатомиялық тұрғыдан оларда май немесе шайыр жүретiн жолдар болады, бiрақ сүт шырыны болмайды. Тұқымдастар тармағында 700-ден астам туыс бар. Бұған жататын түрлердiң арасында экономикалық тұрғыдан аса маңыздысы - Европаға 16-ғасырда Мексикадан əкелiнген бiржылдық күнбағыс түрi. Осы туысқа жататын тағы бiр түр Солтүстiк Америкадан шыққан көпжылдық өсiмдiк - жер алмұрты эннулинге бай (15%-ке дейiн) түйнегi үшiн өсiрiледi. Құрамына 400 түр кiретiн, Қазақстанда түрi 200-ге дейiн жететiн жусан туыстасы кеңiнен таралған. Олардың кейбiр түрлерi медицинада қолданылады (ащы жусан, дермене жусан). Арнайы өсiрiлетiн эстрагон дəмдеушi мəдени дақыл ретiнде пайдаланылады. Көптеген жусанның түрлерi қойға, түйеге азық ретiнде пайдаланады. Түймедағы деп 4 туысты атайды: түймедағы, егiнек, кесте жусан, өгiзкөз. Медицинада бiржылдық түймедағының - дəрiлiк жəне жұпар иiстi түймедағының себетгүлдерi пайдаланылады. Сəндiк түймедағы түрлерi арасында қалқаншалы кестежусанды, бояулы өгiзкөздi, егiнектi атауға болады. Сондай-ақ медицинада басқа туыстастар өкiлдерi де кеңiнен қолданылып жүр (мыңжапырақ, шоңайна, өгейшөп, қырмызыгүл, түймешетен жəне т.б.). Нарғызгүл, хризантема, зиягүл туыстарға əсем сəндiк өсiмдiктер жатады. Арамшөптерi де аз емес (сарықалуен, ойраншөп, шоңайна жəне т.б.)..

Наши рекомендации